Файл: йымдастырылан оу іс рекетіні технологиялы картасы Кні 13. 04. 2016 Білім беру саласы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 99
Скачиваний: 1
-Бірақ,балалар Ербол мен Аяжанға тек білімді достар керек екен.Сондықтан,олар сендердің білімдеріңді сынап,түрлі тапсырмалар береді.Егер тапсырмаларын өте жақсы орындасаңдар Ербол мен Аяжан сендерді міндетті түрде саяхатқа алып шығады.Олардың кез-келген тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма?-Ендеше,Аяжанның тапсырмасы «Көңілді жемістер»ойыныарқылы беріліп тұр.Ойынның шарты:- Қалаған жемістерінді таңдайсыңдар және сол жемістегі тапсырманы дұрыс орындау керек.1.Алма: Сауат ашу оқу қызметінде біз нені үйренеміз?2.Банан: Дыбыс дегеніміз не?3.Апельсин: Дыбыс нешеге бөлінеді?4.Алмұрт: Дауысты дыбыс қалай айтылады?5.Құлпынай: Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?6.Жүзім: Әріп дегеніміз не?7. Лимон: Ң дыбысы қандай дыбыс?-Келесі,Ерболдың тапсырмасы «Сөз ойла,тез ойла» ойыны арқылы беріліп тұр.Ойынның шарты:-Тақтада көрсетілген әріптердің біреуін таңдап,қандай дыбыс екенін айтамыз және сол дыбыстан басталатын сөзді буынға бөлеміз.Мысалы: А -дауысты дыбыс. Алма: ал-ма 2 буынТ –дауыссыз дыбыс. Тас 1 буын-Жарайсыңдар,балалар.Сендер Ербол мен Аяжанның 2 тапсырмасынан да мүдірмей өттіңдер.-Олай болса,Ербол мен Аяжанға еріп саяхатымызды бастаймыз.(Бейнеролик көрсетіледі)-Саяхаттарың сәтті өтсін балалар.(Үнтаспадан өзеннің сылдырап аққан даусы естіледі)-Балалар,естіп тұрсыңдар ма? Мынау ненің дауысы?-Дұрыс айтасыңдар бұл өзен ағысының дауысы.Балалар,өзен дегенде бірінші қай дыбысты естіп тұрсыңдар?-Өте дұрыс.Өзен дегенде бірінші Ө дыбысы естіледі.Ендеше,біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ө дыбысы және әрпі»-Қане, Ө дыбысын 3 рет қайталайықшы.Ө-ө-ө-Балалар,тақтаға қарайықшы.Ө әріпі туралы бізге «Сиқырлы кітап» не айтады екен.-Балалар,бейнероликтен нелерді көрдіңдер?-Дұрыс айтасыңдар.Ө әрпінен басталатын бірнеше сөздерді білдік.Енді Ө әрпінің қандай дыбыс екенін анықтайық.Қолымызды иігіміздің астына қойып Ө деп айтайықшы-Иігіміз қолымызға тиді ма?-Ендеше,Ө қандай дыбыс?-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ө- дауысты дыбыс және қызыл текшемен белгіленеді.Айтылғанда ауа кедергіге ұшырамай еркін шығады.Ө дыбысы сөздің басында және ортасында келеді.Мысалы: Өөө-зен, көөөз.-Ал енді балалар Ө әрпінің жазылуымен танысу үшін тақтаға мұқият назар аударайық.
-Ал,балалар Ө әрпі қалай жазылады екен?Дәптермен жұмыс:-Алдымен әріпті ауада жазу-Балалардың дәптерге жазуы-Балалар саяхат сендерге ұнап жатыр ма?-Біз қай жерге келдік екен, балалар.Қане,Ербол мен Аяжаннан сұрайықшы.-Біз өзеннің де жағасына келіп жетіппіз.Балалар өзеннің жанына барғанда абай болындар.Заттарың түсіп кетпесін.-Ой,ой балалар мен жаңа ғана ескерткенімше болмады.Кішкентай достарың Аия өзенге өзінің затын түсіріп алған секілді.-Балалар,достарың білезікті оңайлықпен ала алмайтын секілді.Мүмкін біз көмектесерміз а?-Біз өзеннің кез келген бір тапсырмасын орындасақ,ол біздің жақсы,білімді балалар екенімізді біліп,мүмкін білезігімізді қайтарып берер.Өзеннің тапсырмасы «Дыбыстық талдау жаса»-Көл,таға,өрік,қала,өткел,ауа-Жарайсыңдар,балалар.Сендер бұл кедергіден де өтіп,достарыңды қуанттыңдар.-Бәріміз ұзақ жол жүрдік.Шаршаған да болармыз.Қәне,сәл ғана бойымызды сергітіп алайық.-Балалар бізді тағы бір тамаша тапсырма күтіп тұр екн.Орындауға дайынбыз ба?«Ұшқыр ойлы»тапсырмасы.Шарты:-Тақтада берілген суреттердің атын атап.Сол сөзге сөйлем құрау керек.-Көзілдірік,көз,көлік т.бСөйлемнің сызбасын сызу. -Иә,дайынбыз-Иә,дайынбызӘр оқушы қалаған жемістерін таңдап,сұрақтарға жауап береді.Балалар тапсырманы орындайдыБалалар экраннан Ербол мен Аяжан туралы бейнеролик тамашалайды.-Өзеннің дауысы-Ө дыбысын-Ө-ө-өТақтадан Ө әріпі туралы бейнеролик көредіӨрмекші,өзен,өгіз,өткел,Өсімдік,өрнек,өрнек.-Өөө-Я-Дауысты дыбысТақтадан әріптің жазылуын тамашалайды.Балалар видеодан көріп,түсінгендерін айтадыБалалар «Балапан» дәптеріндегі Ө ө әрпін толтырады.-ИәВидеоролик кореді-Жарайды.Видеоролик көреді-Иә,бірақ қалай көмектесеміз?-Жарайды апайБалалар алдарына берілген көк және қызыл текшелерді пайдаланып сөздерге дыбыстық талдау жасайды.Видеороликтегі сергіту сәтін қайталап билейді.-ИәәәәБалалар сөйлем құрайды.Рефлексивті-түзетушілікІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту:
«Кім жылдам?» ойны арқылы өрік ағашының көктеуіне көмек береміз,яғни балалар өріктің суретін салып бұтаққа жабыстырады.
Ө әрпіне байланысты:
Өрімдей, өнген өренбіз,
Өркендеп өссін өлкеміз.
Өмірім - өзен.
Өнерім - өрнек,
Өкінбейміз өсеміз!өлеңі жаттатылады.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы Ө дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.
Балалар Ербол мен Аяжанға рахмет айтып қоштасады.
Балаларға саяхаттан естелік суреттер таратылады.
-Балалар өріктің суретін салып бұтаққа жабыстырады.
Өлеңді жаттайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Видеоролик тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ө дыбысымен таныстыру, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Қандай түсініктерді игерді: Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балаларды Ө дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.