Файл: Дрістерді ысаша мазмны. 1таырып. Жоары мектеп педагогикасыны пні. Жоары мектеп педагогикасыны теориялы негізі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәрістердің қысқаша мазмұны.
1-тақырып . Жоғары мектеп педагогикасының пәні . Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі .
Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғарғы мектеп- білім берудің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруымен дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады.
Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.
Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.
Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.
2-тақырып . Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.
Педагогикалық процесті тұтастық ретінде тек жүйелі амалының ұстанымымен ғана қарастыруға болады. Жүйе – реттелген элементтерінің жиынтығы, функциялануының жалпы мақсатының біріктірумен кейбір тұтас атаулар (П. К. Анохин, В. Н. Садовский).
Педагогикалық жүйе мен компоненттер, тұлға дамуы үшін білім алатын және тұтас білім беретін процестерде қызмет ететін көптеген өзара байланыстың құрылымдық копоненттері ретінде түсіндіріледі. Білім беру процесінде жүйенің құрлымдық компоненті – білім беру мақсаты, педагог, тәрбиеленуші, білім беру мазмұны, білім беру тәсілі болып табылады. Берілген жүйе үлкен күрделі жағдайдын шексіз әртүрлілігінен көрінетін, мақсаттылық пен байланыс ретінде сипатталады.Білім беру процесі – бұл бір жағдайдан басқаға алмасушы білім беру мақсатынан оның білім беру процесінде педагогикалық әрекеттестіктің жәрдеміндегі қозғалысы. Жеке даралық тұлғалық аспектіде білім беру процесс ретінде, адамның білім беру мекемесінде, не өз бетімен білім алу арқылы білім, білік пен дағды, танымдық және тәжірибелік әрекеттестігі тәжірибесін, өте пайдалы бағытта болу мен қарым-қатынасты меңгеру болып табылады.
3-тақырып. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі.
Педагогикалық процесс дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастырайық (1-сурет). Педагогикалық процесс дегенеміз – барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған.
Педагогикалық теория педагогикалық үрдісті динамикалық жүйе ретінде елестетуді үйрене отырып, прогрессивті қадам жасады. Құрамдас компоненттерді нақты айырудан бөлек, елестету көптеген байланыстарды және олардың компоненттерінің арасындағы қатынастарды талдауға мүмкіндік береді; ал бұл педагогикалық процесті басқару тәжірибесінде басты болып табылады.
Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер – толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұлш жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б. жағдайлар жатады.
Құрылым дегеніміз - жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе құрылымын қабылданған критерийлар бойынша бөлінген элементтер (компоненттер), сонымен қатар олардың арасындағы байланыстар жатады. Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа динамикалық жүйелердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едәуір бөлігі бар органикалық бірлікте жатыр. Объект – сол субъект. Үрдіс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог және оқушының өзара әрекеттесуіне байланысты.Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау критерийлерін бекіту керек. Мұндай критерия ретінде процестің едәуір көрсеткіші немесе жеткен нәтижелердің шамалары бола алады. Оның жүйені зерттеу мақсаттарына жауап бере алатындағы маңызды.
4-тақырып. Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы.
Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік .
Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл "адам-адам" қатынастарыжелісіндежүргізілетінтәрбие, яғнитікелейадамаралықбайланыстарменосымақсатқаарнайыұйымдастырылғанқоғамдықмекемелер (қайырымдылыққорлары, ұйымдары, қоғамдарбірлестіктерт.б.) тарапынанболатыністер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.
-
Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады: -
мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету; -
тәрбиеленушінің әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының -
белсенді қабылдауы мен меңгеруі. -
Тәрбиеленушінің белсенділігі педагогқа және өзіне-өзі тікелей, жанама түріндегі әсер етуден пайда болады. -
Білім беру тек процесс ретінде ғана емес, тұлғаның әр түрлі білім деңгейінде байқалатын процесс нәтижесі ретінде де түсіндіріледі.
Тұлғаның білімділігі – тұлғаның жүйеленген білімі мен оны практикалық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көрсететін сипаттама. Алайда, барлық белгілер мен қабілеттер білімділігін таныта бермейді. Егер білім беруді адамға «бейнең беру нәтижесі ретінде қарастырсақ, онда ол жалпыадамзаттық мәдениет білімінен бастау алған болар еді. Ал, мәдениетті адам білім беру процесінде тек өзінің адамгершілік бейнесінің қалыптасуы тұрғысында байқалады. Бұл – білім берудің тәрбиелік функциясы. Білім негізінде табиғат пен қоғамның дамуы туралы заңы, материалдық өңдеу сферасы және тұлғаның рухани мәдениетті белгілі бір көзқарас, өнім, дүниетаным және адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Демек, білім беру мен тәрбиелеу тығыз байланысты.Диагностика – іс-әрекеттіңқұрамдыбөлігіретіндеқарастырылады.
5- тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.
Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді:
-
тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде; -
қабілеттілік; -
өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық; -
кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.
Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі.
Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады:
-
Дидактикалық қабілеттілік; -
Академиялық қабілеттілік; -
Перцептивті қабілеттілік; -
Сөз сөйлеу қабілеттілік; -
Ұйымдастырушылық қабілеттілік; -
Авторитарлық қабілеттілік ; -
Коммуникативті қабілеттілік; -
Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес.
Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. болып табылады.
Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас оқушының жеке басына деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеру іс-әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің бұл қасиеттерін көріп оған еріксіз електей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды, гуманизм тұрғысынан тәжірибе жинақтайды.
6-такырып. Педагогикалық қарым-қатынас.
Кәсіби – педагогикалық қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефликсивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ бұл көбінесе ескеріле бермейді. Сол себепті педагогикалы қырым – қатынастың технолгиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттерді орындалу сатысы төмендегідей болуы мүмкін.:
-
- қарым – қатынас жағдайына беймделу; -
сырттағы адамдарды өзіне қарату; -
нысанның жан дүниесін жаулап алу; -
сөздік қарым – қатынасты іске асыру; -
эмоционалды және мазмұнды байланысты іске асыру;
Педагогикалық қарым – қатынас келесі бөліктерді қамтиды және педагогикалық үрдіске сәйкес бір қарқындылыққа ие болады:
-
мерекелік шараға немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қарым – қатынасты қалыпқа келтіру; -
қарым – қатынастың үзбей ұйымдастырылуын қамтамассыз етіп; -
педагогикалық үрдісте қарым – қатынасты басқару;
Коммуникативтік міндеттер педагогикалық міндеттер болып табылады, яғни коммуниативтік міндет педагогкалық орындау барысында педагогикалық көзараситарға әсер ете отырып, оның коммуникативтік қабілетін жүзеге асуына мүмкіндік жасайды. Кейбір педагогтар коммуникативтік міндетті педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде есепке алмайды. Жалпы айтқанда коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады.Сонымекн бірге коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді: студенттерге хабарды жеткізу және белгілі бір әрекетке ұмтылу.
7-такырып. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі
Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру,араласуң дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындаєы жолдар, құралдарң деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды. «Қарым-қатынасң ұғымы – ғалымдар коммуникация ұғымы екеуі бір мағынаны білдірмей ме деп зерделеді. Оны шешуге екі түрлі амал тұрғысынан келді:
1-ші амал – мәніне қарай екі ұғымды теңестіру. Л.С.Выготский, В.Н.Курбатов, А.А.Леонтьев т.б. көптеген энциклопедиялық сөздіктерде «коммуникацияң ұғымы – хабарлау жолы, қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Белгілі украиндық маман Ю.Д.Пирлюктің пікірінше, этимологиялық және семантикалық тұрғыдан алғанда бұл екі ұғым тең. Бастапқы мағынасына қарай «қоғамдағы ақпараттық алмасуң дегенді білдіреді. Шетелдік ғалымдар Т.Парсонс және К.Черри де осы пікірді құптайды. Т.Парасонстың пікірінше, коммуникавцияны адамдар арасындаєы қарым-қатынас, өзара әрекет деп түсінуге болады. К.Чериидің пікірінше коммуникация сан алуынан байланыс жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді.
2- амал – «коммуникация және «қарым-қатынасң ұғымдарын бөліп қарастыру. Белгілі философ С.Каган коммуникация мен қарым-қатынастың басты екі қатынасына қарай айырмашылықтары бар дейі. Біріншіден, қарым-қатынас практикалық та, материалдық, рухани, ақпараттық және практикалық-рухани сипатқа ие, коммуникация тек ақпараттық үрдіс – белгілі бір ақпаратты тасымалдайтын дейді. Екіншіден, өзара әрекет жүйесіне түсетін байланыстардың сипаты мен ерекшеленеді. Коммуникация субъекті-объектілік байланыс, субъект қандайда бір ақпаратты береді (білім, идея, іскерлік хабарлама, мәлімет, нұсқау және т.б), ал объект ақпаратты пассивті алушы (қабылдаушы) ретінде болады.
Қазіргі таңда оқытушының коммуникативтік икемділігін , бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғары оқу орындарына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер жастардың қарым – қытанс барыныдағы икемділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысынды да , өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысының мол болуы қажет.