Файл: Дрістерді ысаша мазмны. 1таырып. Жоары мектеп педагогикасыны пні. Жоары мектеп педагогикасыны теориялы негізі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


8-Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар

Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады.Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор.

Арнайы оқытушылыққасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады.

Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады.

Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады.

9 Тақырып. Педагогтың зерттеушілік іс-әрекеті оның шығармашылығын дамытуының негізі ретінде

Ғылыми зерттеу типологиясы

Обьективті педагогикалық шындықты тану, түсіндіру үшін педагогикалық зерттеулер жүргізіледі. Педагогикалық зерттеу ол оқытудың тәрбиелеу мен мамандандырудың заңдылық туралы және олардың құрлымы мен механизмдері, мазмұны, принціпі және технологиялары туралы жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекеттің процесі мен нәтежесі.

Педагогикалық зерттеудің теориялық және тәжіребелік сипаты болуы мүмкін. Бағыты бойынша педагогикалық зерттеулер : әдістемелік; түпкілікті; қолданбалы; тәжірибелі- құрастырушылық болып қарастырылады

Негізгі зерттеулердің нәтежесі болып педагогикалық теоретикалық және практикалық жетістіктеріне қорытынды келтіретін немесе болжамдық негізде педагогикалық жүйелердің даму үлгілерін ұсынатын қорытынды тұжырымдамалар болып табылады.

Қолданбалы зерттеу - бұл педагогикалық процестің жеке жақтарын терең зеріттеуге, көпқырлы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар.

Жоспарлы білім теоретикалық жағдайларды ескеретін нақты ғылыми - практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған.


Педагогикалық зерттеуді жүргізгенде келесі принціптерді басшылыққа алу керек.

Педагогикалық құбылыстың келісілгенділігінен және обьективтілігінен шығу олар ішкі обьективті заңдардың қарама - қайшылықтардың, себеп - салдары байланыстардың әрекет ету күші мен тіршілік етіп, дамиды.

  • Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде тұтас амалды қамтамасыз ету.

  • Құбылысты оның дамуында зерттеу

  • Құбылысты басқа құбылыстармен байланыста зерттеу

Зерттеу амалын таңдауда кез келген ғылыми мәселелерді шешу үшін өзаратолықтыратын амалдардың біреуі емес жиынтығы пайдаланылатындығынан шығу керек .

Педагогикалық зерттеудің әдістері

Педагогикалықлық зерттеудің әдістері – ол заңдық байланыстарды, қатынастарды, тәуелділікті бекіту және ғылыми теория құру мақсатымен ғылыми ақпарат алу тәсілі. Педагогикалық зерттеуді жүргізуде теориялық әдістер қолданылады: талдау, синтез, салыстыру, индукция, дидукция, абстракциялау, қорыту , нақтылау, үлгілеу; эмпирикалық әдістерге: сауал – сұрақ жүргізу, интерьвю алу, рейтенг; әлеуметтік- психологиялық әдістерге: социометрия, тестілеу, тренинг; математикалық амалдар: сап түзеу, межелеу, корреляция (өзара байланыс, арақатынас) және педагогикалық эксперимент.

  • Кейбір теориялық әдістерге тоқталсақ:

  • Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру.

  • Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу.

  • Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады.

  • Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру.

  • Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.

  • Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.

  • Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу.

  • Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше.

  • Зерттеудің эмперикалық әдістеріне жатады: мәліметтерді жинау амалы,бақылау, әңгімелесу сауал – сұрақ жүргізу тестілеу, бақылау мен өлшеу амалы ( межелеу, тесттер ); мәліметтерді өңдеу ( математикалық. Статистикалық, графикалық кестелік); бағалауамалы (өзін өзі бағалау, рейтинг, педагогикалық консилиум ); зерттеу нәтежелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы эксперимент, көлемді енгізу)

  • Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу.




10 дәріс Кәсіби оқыту процессінің мәні.

1. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категориялары.

Дидактика –педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика” еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша , дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұраққа жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда , неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқу әдістемесі деп аталады. Дидактика әрі теориялық , әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен змңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін , ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың ққолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын ( тәрбие, педагогтік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар : білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік .

  • Оқыту –оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

  • Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтижесі болатын білім , білік, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

2. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері.

Оқыту процесі – білімді , біліктілік пен даағдынф меңгертеді ,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы . Оқу барысында оқушының сана-сезімі , адамгершілік қасиеттері , эстетикалық талғамы , тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.


Оқытудың психологиялық, пелагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту мақсатты – процесс. Оқытудың басты мақсаты , әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап , ұдайы өсіп жаңарады. Оқыту – таным процесі . Танымның ерекшеліктері оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушыны дүние танудабұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу , ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту- даму негізі.

Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.

Білім алушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым – қатынас жасау іс - әрекеті .Сөйтіп ,оқыту процесі – оқытушының студентпен үнемі рухани қарым - қатынаста , ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді .Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс – қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару , ұйымдастыра білуі (іс- әрекетін білуі, бағалауы , өзін өзі басқаруы ) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде студент логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қортынды : оқыту – білім алушылардың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты.

Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі , жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.

11 Тақырып. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің әдіснамалық негіздері.

Теориялық тұжырымдар жиынтығы, әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құралы ретінде


Жалпы алғанда теориялық тұжырымдар жиынтығы, әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құрал ретінде. XVІІІ ғасыр соңында – XІX ғасыр басында білім беру мазмұның негізгі теориялар қалыптаса бастады. Олар материалдықтеория және білім беру мазмұның формальды атағын алады.

Білім беру мазмұнының материалдық теорияның жақтаушыларбілімнің негізгі мақсаты оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру,- деп айтады. Көптеген атақты педагогтар ( Я. А. Коменский, Г. Спенсер т.б.) материалдардықтеорияны жақтаған. Қазіргі кезде осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз.

Білім мазмұнының формалды теорияларын жақтаушыларыоқутудың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу, ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттілігіне мән беру керек деген.

Олар білімнің қайнар көзі ақыл болып табылады дейді. Сондай-ақ адамның ойлау қабілетін дамыту керек деп көрсетеді. Бұл теорияны Д. Локк, И.Г Пестолоций, И. Гербарт т.б. жақтайды.Формальды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты субъективтікмәнін жетебағалаған. К.Д.Ушинскийдің ойынша, мектеп адамның интеллектуалдық күшін дамыту, білімдендіру және оны қолдануды ұсынады. К.Д. Ушинский дидактикалық материалды және дидактикалық формальды әдістерін біріктіре қарастыру идеясын ұсынған.

XІX ғ –XX ғ білім беру мазмұның қалыптасуыныңдидактиканың прагматизм теориясы материалдық және формальдық білім беру мазмұның теориясына қанағаттанбаған жауап ретінде көрініс берді. АҚШ–та атақты педагогы Д. Дьюи негізін салған болды. Европада неміс педагогы Г.Кершенштейнер аналогиялық көзқарасты айтады.

Бұл теорияны жақтаушылары білім мазмұнының қайнар көзі тек бөлек сабақпен бітпейді, жалпы және жекебалалар әрекетімен, - деп ойлады. Негізгі оқушылардан практикалық әрекет және өз бетімен тапсырманы шешуін талап етеді. Әр түрлі оқу ойындарын формасы, практикалық білімдер, өзіндік жеке жұмыстар балалардың оқу әрекетін жоғарлатады.Америкалық мектепте дидактикалық прагматика теориясы білім моделі мен әдісіне әсер еткен.

Педагогикадағы білім берудің мазмұны

Педагогикада білім беру мазмұны - жеке тұлға қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырған және де жүйелі түрде білім алуы және ақыл-ойы мен сезімін дамыту.

Білімді адам дегеніміз - ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдері меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, балошақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады.

Я.А.Коменский оқытуды технологияландыруды жақтады. Ол оқытуды «механикалық ң болуын жақтады, оқытудың қанағаттандыратын нәтижелеріне әкелетін жол іздеуге тырысты. Я.Л. Коменский «Дидактикалық машинаға: 1. нақты қалыптасқан мақсат; 2. мақсатқа жету үшін нақты бейімделген амал; 3. нақты ережелер, амалдармен қалай қолдануды түсіндіретін нақты ережелер табу керекң деп жазды. Коменский дәуіренен бері педагогикада оқытуды жақсы қалыптасқан механизм ретінде жасауға көп мүмкіндіктер болды. Соңында оқытуды технологияландыру туралы ойлар толықтырылып, нақтыландырылды. Оқыту технологиясына жаппай енуді зерттеушілер 60- жылдардың басына жатқызылады. Шетелдің педагогикалық технологияны барынша танымал авторларына ДЖ. Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Г.Геис т.б. жатады. Оқыту технологиясының жолдары Ресейлік авторлардың П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызин, Ю.А.Бабанский, М.В.Кларин т.б. ғылми еңбектерде көрсетілген.