Файл: Дрістерді ысаша мазмны. 1таырып. Жоары мектеп педагогикасыны пні. Жоары мектеп педагогикасыны теориялы негізі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде.

Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі.

Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Ол жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, физикалық салаларындағы өзгерістерді, оның байытылуын және жетілдірілуін ұйғарады.

Қандай әдістемелік идеяларда тәрбиелеу жұмысының бағдарламасын мақсатты түрде құруға болады? Тәрбиелеу үрдісінің өнімділігін арттыратын жалпы концептіуалдық қағидалар, бағдар бар. Жоғары мектеп оқытушылары үш категорияларға бөлінеді. Біреулері студенттермен тәрбиелеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажеттігін мойындамайды. Басқалары ол тәрбиелеу қызметімен сәйкес оқыту үрдісі кезінде жүзеге асу керек деп айтса, үшіншілері жоғары мектеп жағдайында мұндай жұмыстың қажеттігі мол, өйткені оқыту үрдісі тәрбиелеудің көптеген міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді. Студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелеу жұмысы оқыту үрдісімен байланысқан өзіндік категория ретінде қабылдану керек. Тәрбиелеу және оқытудың мақсаты ортақ – болашақ мұғалім-профессионалдың жеке тұлғасын қалыптастыру. Алайда тәрбиелеу оқыту үрдісін жалғастырмайды, оны қосымша сабақтарға тіреуге болмайды. Тәрбиелеу адамның қалыптасуын әсер етеді. Сонымен қатар ол бір уақытта қоымша міндетті орындайды – болашақ мұғалімдерді біртіндеп мектепте тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға дайындайды.

Өзіндік категория ретінде қабылданатын жоғары мектептегі тәрбиелеу жұмысы өзіндік мақсатпен басқарылады – болашақ мұғалімнің жеке тұлғасының индивидуалддығына жүгіне отырып, жан-жақты дамуы. Бұл мақсат тек бөлшектеп қана оқыту үрдісінде жүзеге асады, өйткені оқытудың өзіндік мақсаты бар, ол оқу жоспарлары және бағдарламары шігенде ғана болады. Ал аудиториядан тыс студенттерді тәрбиелеу жұмысы бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Олардың жүзеге асуы студенттердің жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әрекет етеді.

Студенттерді тәрбиелеу тұтас ұйымдастырылған үрдіс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге негізделеді.

Тәрбие заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.


Жоғары мектептің тәрбие бағыттары

Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында білім беру процесінде барлық тәрбие түрлері практикада іске асырылады, әсіресе кәсіби білім беретін университеттерден нақты тәжірибесін көруге болады. Оқу жоспарында пән блоктары негізгінде тәрбие түрлері мамандық бойынша берілген:

  • Адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, патриоттық, имандылық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок)

  • Ақыл–ой, экологиялықтәрбие (табиғиғылыми блок)

  • Еңбектәрбиесі, тәжірибекезінде, аудиторияда, соныменқатарөзіндікжұмысорындағанкезінде.

  • Тәрбиеәдісінжіктегенкездеүшүлкентопқабөлугеболады:

  • студенттердіңдүниегекөзқарасыжәнеқұндылықбағдарынтұжырымдауәдістері;

  • мотивацияныынталандыруәдістері;

  • жекеадамныңшығармашылықикемділігініңдамуыжәнеоныңсапасынарттыруәдістері.

Эдвайзер және оның қызметі

Эдвайзер қызметін бұғанға дейін куратор атқарған. «Кураторң (curator) сөзі – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Куратор университетте студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білімнің бүкіл даму тарихымен бірге болды. Онымен бірге куратордың міндеттері, дәрежесі, біліктілік мазмұны, студенттермен қарым-қатынасының сипаты өзгеріп отырды.

Кеңестік жоғары мектепте куратор 50-жылдары пайда болды. Ол студенттермен жұмыста администрацияның көмекшісі түрінде қарастырыла бастады және бірінші курстан бастап бесінші курсқа дейін әрбір академиялық топқа тағайындалды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында жоғары білім беру жүйесінің дамуына байланысты жоғары оқу орындары куратордың студенттік өмірдегі ролін қайта қарастыру қадамын жасады. Кейбір жоғары оқу орындары куратордың көмегінен бас тартса, басқалары кураторды бірінші, екінші, үшінші курстарға қалдырды да , ал жоғары курстарға , студентке қажет болған жағдайда көмек сұрай алатын, бір оқытушы-консультантты бекітті. Үшіншілері біртіндеп бастапқы кураторлық жүйеге қайтып оралды.



Кураторларды берілетін курста жұмыс істейтін оқытушылардың ішінен сәйкес кафедралар тағайындайды, сонан кейін оны декан бекітеді. Кураторлар тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасарының көмегімен, қолдауымен жұмыс істейді. Жұмыс процессінде куратор академиялық топтың белсенді мүшесіне, студенттерге, олардың инициативаларына жүгінеді. Ол авторитарлық әдісті сирек қолдануы керек, тек басқа амал қалмаған жағдайда.

Жарты жылдық жұмыс жоспарын жасамас бұрын куратор студенттерді, олардың қабілеті мен қызығушылығын, сұранысын, семья жағдайын, материалдық жағдайын анықтап алады. Содан кейін , топтың белсенді мүшесімен бірге жұмыс жоспарын жазады. Оны топтың жалпы жиналысында қарастырғаннан кейін, ол документ дәрежесіне жетеді. Жоспарды жасағанда нақты орнын, бар мүмкіндіктерін ескеріп жасайды. Берілген жұмыс бәріне түсінікті, әрі қызықты болуы керек. Әрбір студент жұмыстың нақты бір бөлігін алуы және оған жауапкершілікпен қарауы керек. Жоспардың орындалу қадамдарын периодты түрде талдап отыру , көзделген мақсатқа жеткізеді.

Дәріс /лат.lectio - оқу/ теориялық сипаттағы оқу материалын мұғалімнің жүйелі, бірізділікпен, монологиялық баяндауы. Көбінесе жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында қолданылады. Дәрістік әдістің технологиясы мынадай: оқушыларға жоспарды хабарлау, конспектілеудің ерекшеліктерін көрсету, басты қорытындыны және жалпылауды, интонациялық бөлу және қайталау, риторикалық сұрақтар, иллюстративтік материалды көрсету, ішінара талқылау, сұрақтарға жауап беру, әдебиеттерге қысқаша шолу.