ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 43
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Динамика нені зерттейді?
Динамика – материалдық денелердің қозғалысын оларға әсер ететін күштермен бірге зерттейтін теориялық механиканың бөлімі.
2. Динамика заңдарының анықтамаларын беріңіз.
Ньютонның бірінші заңы (инерция заңы). Егер материалдық нүктеге сырттан ешбір күш әсер етпесе немесе әсер ететін күштер жүйесі нөлге парапар болса, онда нүкте тыныштық күйде немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады. Нүктенің күштің әсерінсіз қозғалуы екпінмен (инерциямен) қозғалу деп аталады. Ньютонның екінші заңы (динамиканың негізгі заңы). Материалдық нүктенің үдеуі оған әсер ететін күшке тура пропорционал әрі бағыты күшпен бағыттас. Нүктенің массасы пропорционалдық коэффициент болады.
Бұл заң математикалық түрде келесі векторлық өрнекпен жазылады:
Үдеу мен күш модульдері арасындағы тәуелділік мынандай: F ma .
Ньютонның үшінші заңы (әсер және қарсы әсердің теңдігі туралы заң).
Екі материалдық нүкте бір-біріне модульдері тең әрі осы нүктелерді қосатын түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен әсер етеді.
3. Қандай теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады?
Бұл заң математикалық түрде келесі векторлық өрнекпен жазылады:
Үдеу мен күш модульдері арасындағы тәуелділік мынандай: F=ma .
F=ma .
теңдеуі динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады.
4. Қандай санақ жүйесін инерциалдық санақ жүйесі деп атайды?
Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйелері инерциалдық санақ жүйелері деп аталады.
5. Еркін материалдық нүкте үшін динамиканың екі негізгі мәселесінің
анықтамасын беріңіз.
Динамиканың бірінші негізгі мәселесі. Нүктенің массасын және қозғалыс заңын біле отырып, оған әсер ететін күштерді анықтау.Динамиканың екінші негізгі мәселесі. Нүктенің массасын және оған әсер ететін күштерді біле отырып, оның қозғалыс заңын анықтау.Екі мәселе де Ньютонның екінші заңы немесе динамиканың негізгі (3.1.3) теңдеуінің көмегімен шешіледі.
6. Еркін емес материалдық нүкте үшін динамиканың екі негізгі
мәселесінің анықтамасын беріңіз.
Динамиканың бірінші негізгі мәселесі. Нүктенің массасын, қозғалыс заңын және оған әсер ететін актив күштерді білеотырып, реакция күштерін анықтау.Динамиканың екінші негізгі мәселесі. Нүктенің массасын және оған әсер ететін актив күштерді біле отырып, оның қозғалыс заңын және реакция күштерін анықтау.
7. Шекті уақыт аралығындағы айнымалы, тұрақты күш импульстері.
шекті уақыт аралығындағы күш импульсі, элементар импульстен нөлден t1-ге дейінгі аралықта алынған анықталған интегралға тең
8. Күш импульсі нені сипаттайды?
Белгілі уақыт аралығында күштің денеге әсерін сипаттау үшін күш импульсі туралы ұғым енгізіледі.
9. Нүктенің қозғалыс мөлшері және оның өзгеруі туралы теореманың
дифференциалдық және шекті түрлері; сақталу заңы.
материалдық нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теореманың дифференциалдық түрі болады: нүктенің қозғалыс мөлшерінен уақыт бойынша алынған туынды оған әсер ететін барлық күштердің геометриялық қосындысына тең.
нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теореманың интералдық (шекті) түрін береді: шекті уақыт аралығындағы нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі, осы уақыт аралығында нүктеге әсер ететін барлық күштердің импульстерінің геометриялық қосындысына тең.
10.Қозғалыс мөлшерінің моменті дегеніміз не?
нүктенің центрге қатысты қозғалыс мөлшерінің моменті деп төмендегі өрнекпен анықталатын векторлық шаманы айтады: k= mO (mV)=r *mV
11.Нүктенің центрге және өске қатысты қозғалыс мөлшері моментінің
өзгеруі туралы теоремалар; сақталу заңы.
нүктенің центрге қатысты қозғалыс мөлшері моментінің өзгеруі туралы теореманы дәлелдедік: нүктенің қозғалмайтын кез келген центрге қатысты қозғалыс мөлшері моментінен уақыт бойынша алынған туынды, нүктеге әсер ететін күштің осы центрге қатысты моментіне тең.