ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Сөз сөйлем, дыбыс, әріп.
Сөз дыбыстардан құралады.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз, әріптерді көреміз, жазамыз.
Сөйлем сөздерден құралады.
Сөйлемдегі сөзедер бір-бірінен бөлек жазылады.
Аяқталған ойды білдіреді.
Мысалы: Бидай жайқалып тұр.
Мереке құтты болсын!
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлемнің соңына нүкте қойылады (.,?.!) қойылады.
2. Дауысты дыбыс әріптер:
а,ә,е,о,ү,ұ,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э,ө
Дауыссыз дыбыстар әріптер:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у),
3. Алфавит.
Қазақ алфавитінде 42 әріп және екі таңба бар.
Алфавитте әріп аты аталып, орын реті белгіленеді.
4. Жуан дауыстылыр: а, о, ы, ұ.
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү.
Жұп дауыстылар: а - ә, о – ө, ы – і, ү – ұ.
5.Буын
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады:
мысалы: ат, а –та, ба –ла- лар.
6. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады:
Қозы, лақ, т.б
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: өзен, күрек, т.б
7. й, ң, у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады: қа-йық, та –уық, жа –ңа.
8.Тасымал.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң жарты сызықша (дефис) қойылады. Мысалы:қар- лы –ғаш, қарлы- ғаш т.б
9.Тасымалдауға болмайтын сөздер: от, сүт,қант, о –рақ, ө –зен.
10. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады: Дала, домбыра.
11.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, дауыссыз дыбыстар да жіңішке болып айтылады: өзен, темір.
12. Зат есім.
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар койылады.
13. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.
Кісінің аты –жөні, жер –су аттары, үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Серік, Айгүл, Астана, Шардара, Мойнақ.
14. Етістік.
Заттардың қимылын іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: өсті, ойнады, сайрады. т.б
15. Сын есім.
Заттың түрін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Оларға Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: тәтті, жақсы, биік, арзан, т.б
16. Сан есім.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: бес, алтыншы, жеті, т.б
17. Сөйлем. Хабарлы сөйлем.
Сөйлемдегі сөздер бір –бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.
Сөйлемнің үш түрі бар:
Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем.
18. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді Хабарлы сөйлем деп айтамыз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.
Мысалы: Оқушылар мектепке келді.
19. Сұраулы сөйлем.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Мысалы: Сен сабақтан қалдың ба?
20. Лепті Сөйлем.
Адамның көңіл-күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады.
Мысалы: Алақай, әкем шаңғы әкелді!
Мына гүлдің иісін –ай!
21. Тілмен сөйлесу.
Тіл арқылы адамдар бір-біріне хабар береді, білмегенін сұрайды, кеңеседі.
22. Сөйлеу
Сөйлеу
Ауызекі Жазбаша
сөйлеу сөйлеу
Ауызекі сөйлеу өте ертеде пайда боды.
Олар – біз дыбыстап айтатын немесе құлағымызбен еститін сөйлемдер.
Сөйлеу қызыметін ауыз атқаратыны белгілі.
Сондықтан сөйлеудің бұл түрін «ауызекі сөйлеу» деп атайды.
Сөйлеуге тіл, тіс, ерін қатысты.
23. Жазбаша сөйлеу
Жазылып берілетін хабарды айтамыз.
Жазу үшін әріпті немесе басқада таңбаларды пайдаланады.
Ертеде тасқа сурет салып білдіретін болған.
Қазір жазуды жол белгілерінен байқауға болады.
24. У дыбысының дауысты болуы.
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген У дыбысы дауысты болады.
Мысалы: Сурет, жазу.
25. Дауыссыз У.
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген У дыбысы
дауыссыз болады.
Мысалы: Әуе, уақыт, Зәуре, ауылдас, т.б.
26. У әріпінің жазылуы.
Ы, І, әріптеріне аяқталған сөздерге У әрпі қосылса,
Ы, І, әріптері түсіп қалады.
Мысалы: оқы-оқу, тоқы - тоқу, т.б.
27. И әрпінің жазылуы.
И дыбысының алдында Ы, І естілгенімен, олар жазылмайды.
28. Сый, Тый, және бұлардан тараған сөздерде тек ый жазылады.
Мысалы : Сыйлық, тыйым, сыйды, т.б.
29. Я әріпінің жазылуы.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен жазуда олардың орнына Я әріпі жазылады.
Мысалы: Мая, таяқ, Жансая, қоян, т.б.
30. Ю әріпінің жазылуы.
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен жазуда олардың орнына ю әріпі жазылады.
Мысалы: аю, көркею, еңкею.
Сөздегі и әріпінен соң у жазылмайды, ю жазылады.
Мысалы: Кию, қию, жию.
31. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді:
Үнді: л,м,н,ң,р,й,(у).
Ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Қатаң: қ,к,п,с,т,ф,х,ц,ч,щ,ш.
32.Дауыссыз б мен п.
Сөз соңынды б естілгенімен, п әрпі жазылады.
Мысалы: кітап, доп, қап.
П дыбысынан аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады.
Мысалы: кітап- кітабы, доп- добы.
33. Дауыссыз к мен ғ
Ғ әріпі сөздің соңында жазылмайды.
Қ –ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ- ға айналады.
Мысалы: қабақ – қабағы, атақ – атағы.
34. Дауыссыз к мен г
Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г –ге айналады.
Мысалы: елек – елегі, бүйрек –бүйрегі.
35. дауыссыз л мен р
Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен олар жазылмайды.
Мысалы: лақ, рет, рас, лай, т.б
36. Дауыссыз н мен ң
Ң әріпі сөз басында келмейді. Ң әріпін н әріпімен шатастырып ала береді. Мысалы: үңгір, жауынгер, шаңғы
37.Мәтін
Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
Мәтінге ат қоюуға болады.
Мәтін түрлері:
-
Әңгімелеу (не істеді?) -
Сипаттау (қандай?)
3 . Пайымдау (неліктен? )
38. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз.
Мысалы: көк, күріш, т.б.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.
Мысалы: көкшіл, күріштің.
39. Жұрнақ пен жалғау.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Мысалы: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Мысалы: жұмыс -жұмыста, ойын - ойынға.
40. Түбірге жұрнақ та жалғау да жалғана береді.
Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады.
Мысалы: күріш-ші-ге, жыр-шы-лар.
41. Туынды сөз.
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: Ерулік, татулық, ақылды.
42. Түбірлес сөздер.
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп аталады.
Мысалы: ойын, ойыншық, ойна.
Су, сусын, сулық, сушы, т.б.
43. Қосымша жалғағанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Мысалы: доп-добы, халық- халқы, сеп-сеуіп.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Мысалы: жұмысшы-да.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
Мысалы: Суретш-ші-лер.
44. Э дыбысы – дауысты дыбыс: Эфир
45. В дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді.
Мысалы: вокзал, автобус, паравоз.
46. Ф дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс.
Ол сөздің барлық буынында келе береді.
Мысалы: фабрика, телефон, телеграф.
47. Ч, Щ дыбыстары – қатаң дауыссыз дыбыстар.
48. Ц дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс.
49. Х, Һ дыбыстары – қатаң дауыссыз дыбыстар.
50. Сөйлем мүшелері.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағаналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Кім? Немен? Не істеді? Мысалы: Айдын бормен жазды.
51. Бастауыш. (Тұрлаулы мүше)
Кім? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Мысалы: Сәуле тоқыды.
52. Баяндауыш. (Тұрлаулы мүше)
Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға қойылады. Мысалы: Сара жазды.
53. Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін (-) қойылады. Мысалы: Әмір- күйші, Алматы –сәулетті қала.
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.
54. Тұрлаусыз мүшелер.
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін, тұрлаусыз мүшелер дейміз.
Оларға: қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.
55. Сөйлем мүшелері маңынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
56. Жалаң және жайылма сөйлем.
Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Әсет оқыды.
Тұралаулы мүшелерден басқа тұралаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Мысалы: Әсет жақсы оқыды.
57. Қаратпа сөз.
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді.
Мысалы: -Ия, балам, оқып жүрсің бе?
58. Сөз таптары: Зат есім. Етістік, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Үстеу, Шылау, Одағай.
59. Зат есім: Негізгі және туынды зат есім.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
Мысалы: Ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Мысалы: Іскер, байлық, кезекші, т.б.
60. Жалқы есім.
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған аттаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есім әр уақытта бас әріппен жазылады.
Мысалы: Сәуле, Асқар, Шымкент, Көксерек.
61. Жалпы есім.
Жалқы есімнен басқа зат есімдер жалпы есім болады. Олар кіші әріппен жазылады.
Мысалы: қазан, гүл, ұста, үстел, т.б.
62. Зат есімнің тәуелденуі.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулары дейміз.
Тәуелдік жалғаулары үш жақта жекеше және көпше түрде айтылады.
Жекеше көпше
Менің дәптерім Біздің дәптеріміз
Сенің дәптерің Сендердің дәптерлерің
Сіздің дәптеріңіз Сіздердің дәптерлеріңіз
Оның дәптері олардың дәптерлері
63. Зат есімнің септелуі.
Сөйлемдегі сөздерді бір –бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп аталады.
Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік Кім? Не? ұста.
Ілік септік Кімнің ? Ненің? ұстаның
Барыс септік Кімге? Неге? ұстаға
Табыс септік Кімді? Нені? ұстаны
Жатыс септік Кімде? Неде? ұстада
Шығыс септік Кімнен? Неден? ұстадан
Көмектес септік Кіммен? Немен? ұстамен
64. Зат есімнің жіктелуі.
Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда оған І, ІІ жақта жіктік жалғанады.
Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше, түрде жалғанады.
Жекеше: Көпше.
І-жақ бишімін бишіміз
ІІ-жақ бишісің бишісіңдер
ІІІ- жақ биші биші
65. Етістік. Негізгі және туынды етістік.
Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз:
Мысалы: оқы, көр, т. б.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті
туынды етістік дейміз.
Мысалы: шегеле, ақылдас, өрнекте, сабында, т. б.
66. Болымды және болымсыз етістік.