ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді.
Болымды етістік: сөйле, сыз, жүр, т.б
Болымсыз етістік: сөйлеме, сызба, жүрме, т.б
67. Дара және күрделі етістік.
Етістіктің дара етістігі бір сөзден тұрады.
Мысалы: келді, оқыды, барды.
Күрделі етістік екі-үш сөзден құралады.
Мысалы: оқып отыр, келе жатыр.
68. Етістіктің жіктелуі.
Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз.
Мен оқыдым Біз оқимыз
Сен оқыдың Сендер оқисыңдар
Ол оқыды Олар оқиды
69. Етістіктің шақтары.
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін (уақтын) білдіреді. Соған орай етістіктің үш шағы болады.
Осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ: Ойлап отырмын.
Өткен шақ: Ауылға келді.
Келер шақ: Ол көмектеседі.
70.Сын есім. Негізгі және туынды сын есім.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Мысалы: Әдемі, таза.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім туынды сын есім дейміз.
Мысалы: өнерлі, күшті,ақылды,үлгілі, сөйлегіш т.б.
71. Қарсы мәндес сын есім.
Мағаналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.
Мысалы: қалың-жұқа, ақ-қара, биік-аласа, жуан-жіңішке т.б.
72. Дара және күрделі сын есім.
Дара сын есім бір сөздер тұрады. Мысалы: көк, сұйық, т.б.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады:
Мысалы: ақ сары, қара ала, қара сұр, т.б.
Күрделі сын есінің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.
73. Сан есім. Есептік және реттік сан есім.
Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім дейміз.
Мысалы: Екі, үш, жеті т.б.
Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім дейміз.
74. Дара және күрделі сан есім.
Дара сан есім бір сөзден болады.
Мысалы: елу, жүз, мың, екі, т.б.
Күрделі сан есім екі немесе оданда көп сөзден болады.
Мысалы: елу тоғыз, жетпіс жеті, жиырма бес, он екі, т.б.
75. Буын үндестігі.
Сөздегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Оның себебі қосымшалар түбір сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады.
Мысалы: карандаш – тар - ды. Сіңлі –лер - ім.
76. Дыбыс үндестігі.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды
Мысалы: ертеңгіні, үлкендерден, қайықтарға, т.б.
77. Сөз тіркесі.
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.
Мысалы: жасыл жайлау, көк аспан.
78. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Мысалы: Сабақ басталды. Қар жауды.
Екі немесе одан да көп сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалға: Мен сыртқа шықсам, Айнұр күтіп тұр екен.
Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің арасына үтір, қос нүкте қойылады.
79.Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сөйлем мүшесі дара сөзден де күрделі сөзден де жасала береді. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі дейміз. Мысалы: Шығыстан жел соқты.
Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің күрделі мүшесі дейміз.
Мысалы: Шығыстан жел соға бастады.
80. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады.
Мысалы: Дүкеннен нан, шай,май, кәмпит әкелді.
81. Қыстырма сөз.
Өздері сөйлем мүшесі болмайтын,бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады. Ондай сөздерді қыстырма сөздер дейді.
Мысалы: Әйтеуір кешікпесеңдер болды.
Қыстырма сөздер бір сөзден де бірнеше сөзден де жасала береді.
Мысалы: бәсе,сірә, әуелі,т.б.
Амал қанша, өкінішке орай т.б.
Ұмытып барады екен, неге екенін кім білсін.т.б
82.Күрделі сөздер.
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз. Мысалы: Сарыарқа, бозторғай, ауыл-аймақ, темір жол, көлбақа, Нүргүл, т.б
83.Біріккен сөздер.
Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөздерді біріккен сөз деп атайды.
Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мысалы: көкқұтан, итмұрын, Алатау, Айдос.
84.Қос сөздер. Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора-қора, бүгін-ертең, әке- шеше, ар-ұят.т.б.
85. Қысқартылған сөздер.
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады: АҚШ, КХР, педкеңес, кг, см, т.б. бұларды қысқарған сөздер дейді.
86. Есімдік
Зат есім , сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз.
Есімдіктер: мен, сен, біз, ол, өзі, сол, кім, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы,т.б
87. Жіктеу есімдігі.
Мен, біз, сіз, ол сөздерді жіктеу есімдіктері деп аталады. Олар жіктеледі, септеледі.
88. жіктеу есімдігінің септелуі.
А. Ол біз мен
І. Оның біздің менің
Б. Оған бізге маған
Т. Оны бізді мені
Ж. Онда бізде менде
Ш. Одан бізден менен
К. Онымен бізбен менімен т.б
89. Үстеу
Іс – әрекеттің мезгілін,мекенін, сын-қимылын білдіретін
сөз табын үстеу дейміз.
Үстеулер Қашан? Қайда? Қалай? деген сұрақтарға жауап береді
Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келеді.
Қашан?Сұрағына мезгіл үстеулер жауап береді.
Мысал: Қазір барамын,ертең келеді.
Қайда? Сұрағына мекен үстеулер жауап береді.
Мысалы: жоғары,ілгері,артта,алға,т.б.
Қалай? Сұрағына сын-қимыл үстеулер жауап береді.
Мысалы: тез оқиды, ақырын сөйлейді, әрең ашты,лезде, кенет, жылдам,т.б.
90. Шылау
Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз. Шылаулар: мен (бен,пен,және да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе) дейін, шейін, қана,қой, ғой, үшін, туралы, ақ.
91. Шылау тұлғалас қосымшалар.
Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады. Су жоқ –су да жоқ. Сапар мен Сәрсен сөйлесті – Сапар Сәрсенмен сөйлесті.
92. Одағай.
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл- күйін білдіретін сөзді одағай дейміз.
Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды: бәрекелді, бұл бала жырды жақсы оқиды екен.
Одағайлар: алақай, бәсе, пай –пай, шіркін, оһо, пәлі, әттең, мәссаған, айналайын –ай т.б.
Түркістан облысы
Келес ауданы
Абай ауылы
Көмекші құрал бастауыш сынып бағдарламасына
сәйкес жазылған. Құрал мектеп оқушыларына арналады.
1 – 4 сыныптарының қазақ тілі оқулығында кездесетін
ереже, емлемелері жинақталды.
Бұл құралды қазақ тілі сабақтарында
жаңа материалмен танысу, өткен материалды
еске түсіру, оқушы біліміндегі кемшіліктерді жойып,
өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
мақсатында пайдалануға болады.
Шығармашылық жұмыс
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________