Файл: Блім 4с эволюциялы даму.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітілді: Г.Иманова

Бөлім:

9.4С Эволюциялық даму

Педагогтің аты-жөні:

Исщанова Молдур Толепбергеновна

Күні:

24.04.2023ж

Сыныбы:

9 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.7 - Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып

білу

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін

айтып бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3. Сыныпты «флешка» әдісі арқылы үш топқа бөлу,амандасу.

1-топ : Палезой

2-топ : Мезозой

3-топ: Кайнозой

Амандасу түрі: Жапония

Мақсаты: Оқушылар бір-бірімен амандасады, ойлау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-бірімен түрлі амандасу арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

2мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


1. Жүйеленеім «эволюция

көрінісі» деген пікірмен

келісесіңдер ме?

2. Қалай ойлайсыңдар,

қандай ағзалар Жерде ерте

пайда болуы керек:

прокариоттар немесе

эукариоттар;

көпжасушалылар немесе

біржасушалылар; жоғарғы

сатыдағы өсімдіктер немесе

төмеңгі сатыдағы

өсімдіктер?
Осы тапсырманы орындау

арқылы оқушылардың

айтылым дағдысы

қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.



№1-тапсырма:

«Постер» әдісі.

Мәтінді үш бөлікке бөліп, әр топқа бір-бір бөліктен беріледі. Әр топ өзіне тиесілі бөлікті белгілі бір уақыт ішінде оқып, кестені толтырады.




Дескриптор:

Жалпы - 1 балл.

-тапсырмаға түсініктеме береді

-бір-бірін зейін салып тыңдайды.

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

4мин




№2-тапсырма: «Тарсия» әдісі

Оқушылар қиылған бөлшектердегі сұрақтарды сәйкестендіріп, пирамида құрайды.

1)Аталық жыныс безінде ? мл.сперма түзіледі.(3-5)

2)Ұрықтың дамуы жүзеге асады(жатырда)

3)Сперматозоид ұрықтандыру қабілеті сақталады(24-28сағ)

4)Екі қосылған гаметадан түзіледі(зигота)

5)Ұрықтану сәтінен бастап(жүктілік басталады)

6)Эмбрионалды кезеңді құрайды(2-3 айлық кезең)

7)Жүктілік созылады(270-280 тәулік)

8)Жүктіліктің алғашқы белгісі(Менструациялық циклдің тоқтауы)

9)Плацента бөледі(Прогестерон гормонын


Дескриптор: Жалпы – 2 балл. -өз пікірлерін айтады; - тапсырманы дұрыстығын салыстырады

Қиылған қағаз бөлшектері.

5мин



№3-тапсырма:

Көңілді смайликтер

Смайликтерді таңдап,сұрақтарға жауап беру.


1)Ұрықтанған жұмыртқа жасушасының сыртынтағы қабықша қызметі? (Басқа сперматозоидтердің енуінен қорғайды)

2) Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтер лейкоциттердің әсерінен қайда жойылады? (Жатыр түтігінде немесе жатырда)

3) Зигота бөлшектенгеннен кейін жатыр түтігі арқылы қай мүшеге түседі? (жатырға)

4) Бөлшектенуден кейін түзілген бластула сыртқы қабаты жасушаларының бір бөлігі нені түзеді және қандай қызмет атқарады? (Түкшелер түзеді, қоректену )

5) Плацента түзілгенге дейін ұрық не арқылы қоректенеді? (Түкшелер )

6) Адам ұрығының аяқ-қолы дамуын, саусақтарын ажыруға болатын шамамен қай уақыт? (6 апта)

7) Ана ұлпасынан нешінші аптада плацента түзіледі? (12 апта)

8) Плацентаның сыртқы бөлігіндегі бүрлердің қызметі? (Қоректік заттар, оттек енеді, көмірқышқыл газы сыртқашығарылады)

9) Плацентаны нәрестемен байланыстыратын қанша қан жүйесі бар? (3)

Дескриптор:

Әр жауап берген оқушыға жалпы - 1 балл.

Жалпы-балл

-тапсырманы жүйелейді

-сұрақтарға жауап береді

ДК экраны.

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

5мин




№4-тапсырма:

«Алып іздер» әдісі

Әр топтан топ басшылары ортаға шығып, көзін жұмып тұру арқылы бір ізді (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) басады. Таңдаған із бойынша тапсырманы орындайды.

Сұрақ белгісі- өткен сабақ бойынша сұрақ құрастырады.

Нүкте-қойылған сұраққа жауап береді.

Леп белгісі- өткен сабақтан есінде қалған нақты мәлімет.

Дескриптор:

Жалпы - 1 балл.

-тапсырманы жүйелейді

-сұрақтарға жауап береді

Дайын қиылған суреттер.

4мин

№5-тапсырма

Сәйкестендір

Экрандағы сұрақтар мен жауаптарды бір-біріне сәйкестендіру.


3-топ:1) Ана мен баласының бір-біріне бірігіп кеткен жасушаларынан түзілетін бірден бір ерекше мүше (плацента)

2)Плацентаны нәрестемен байланыстыратын үш қан тамыры (Кіндік венасы)

3)Плацента бөледі (Прогестерон гормоны)

4)6 аптада адам ұрығында адамға тән сипаттар пайда болатын кезде ұрықты қалай атайды? (шарана)

5)Сперматозоид пен жұмыртқажасушасының қосылуы (Ұрықтану)

6)Ұрықтану сәтінен бастап дамиды (Жүктілік)

7)2-3 айлық мерзім (эмбриональді кезең)

8)3 айдан бастап тіғанға дейінгі келесі айлар кезеңі

( шараналық кезең)

9)Қосылған екі гамедан түзіледі (зигота)


Дескриптор:

Әр жауап берген оқушыға жалпы - 1 балл.

-тапсырманы жүйелейді

-сұрақтарға жауап береді




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

3 мин.

«Тик ток» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

жaңa тaқырыпты мeңгeрyдe топтарды қошеметтеу арқылы бaғaлay жүрeдi.
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





1-тапсырма

1-топ. Аталық жыныс бездерінде орташа 3-5 мл сперма түзіледі, онда шамамен 300 млн сперматозоид болады.Тек бір сперматозоид бір жұмыртқа жасушасымен қосылады да қалғандары жойылады.Бұл процес ұрықтану деп аталады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы сыртынан басқа сперматозоидтың енуінен қорғайтын қабықшамен жабылады. Ұрықтану жатыр түтігінде жүзеге асады. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтер лейкоциттер әсерінен жатыр түтігінде немесе жатырда жойылады.Сперматозоидтердің ұрықтандыру қабілеті 24-28 сағ. Бойы сақталады.Қосылған екі гаметадан ( жыныс жасушаларынан) зигота түзіледі. Ол бөлшектеніп, жатыр түтігі арқылы жатырға түседі.Бұл жерде ұрық түзіледі де, ана жатырында тіршілік етуіне қамтамасыз ететін қосымша элементтер дамиды.Ұрықтану сәтінен бастап жүктілік басталады.
2-топ. Ұрық дамудын 1 сатысы. Адам зиготасы басқа ағзалар зиготасы сияқты бөлінеді. Бөлшектенуден кейін түзілген бластула сыртқы қабаты жасушаларының бір бөлігі түкшелер түзіп, қоректенуді жүзеге асырады. Осы түкшелері арқылы ұрық толыққанды қызмет ететін плацента түзілгенге дейін қоректенеді. Ол жүктіліктің шамамен 12 аптасының соңына қарай жүреді. Шамамен 6 аптада адам ұрығында адамға тән сипаттар пайда болады.
3-топ. Шарананың қалыптасуы және дамуы, плацентаның рөлі. 2-3 айлық мерзім эмбриональді кезеңді құрайды. 3 айдан бастап туғанға дейінгі келесі айлар шараналық кезең деп аталады. Плацента- ана мен шарана ағзасы арасындағы бйланысты жүзеге асыратын мүше. Шарананың тыныс алуын, қоректенуін және зат алмасуын қамтамасыз етеді. Қоректік затар мен оттек ана қанынан шарана қанына плацентаның сыртқы бетіндегі көптеген бүрлер арқылы енеді. Ана және ұрық арасында тікелей қан ағысы жоқ. Олардың қаны араласпайды.Ана мен болашақ нәрестесі- әртүрлі екі ағза. Плацентаны нәрестемен байланыстыратын үш қантамыры –кіндік венасы, кіндіктің 2 артериясы кіндікбау түзеді. Бала туған кезде кіндікбауы кесіледі. Кіндік өмір бойы қалады. Сонымен қатар плацента прогестерон гормонын бөледі, себебң сары дене ескіреді.