Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 832

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осы тұста Тәуке ханнын баласы үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ халкының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен орданың басында отырған Болат хан жігерсіз жан еді. Мұны қазақтың хандары, ел билеушілері түсінді. Бірақ ашық айтқан жоқ. Егер Болат хан алай-бұлай болып кетіп, Үлкен Орданың билігі өзіме тисе, қазақ хандығын көгертер едім деп жүрген аға хандықтан бірінші үміткер Болат ханның інісі, Орта жүздің ханы Сәмеке /Шахмұхамбет/ болды. Сәмеке ақылсыз адам емес еді. Бірақ оған аға хандық бұйырмады. Үлкен Орданың иелігіне екінші үміткер — Кіші жүздің ханы Әбілхайыр. Кіші жүзден аға хан сайлау дәстүрде болмағанмен, айдынның жайылма суындай қаптап келе жатқан қалмақ әскерлеріне Бұлан өзенінің маңында бірінші рет бас көтертпей соққы беріп тоқтатқан, Аңырақай түбіндегі тамаша жеңістің дем берушісі болған, үш жүз әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын-қабілеті, жеке басының ерлігі мен алты алашқа аты шыққан, оның үстіне тәжірбиесі мол, егде тартқан Әбілхайырдың аға хандықтан үміт етуіне негіз бар еді. Үлкен Орда иелігі оған да бұйырмады. Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Тарихшылардың долбарлауы бойынша мұндай тандау жасалғанына наразы болған Әбілхайыр майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықты өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілхайырдан кейін әскерін алып, Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға карсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақтың Ресеймен бірігуі іске асқанша қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Бұл арада айта кететін жай: Әбілхайыр мен Сәмеке майдан шебінен өздеріне аға хандық тимегендіктен пендешілік жасап, ренжіп кетіп қалды ма, жоқ әлде басқа себеп болды ма? - бұл жөнінде кұжатталып қалған ешбір дерек жоқ. Бұл тарихшылардың долбар болжамы ғана. Әбілхайырдың елге қарай кері бұрылуына Батыстағы қалмақтар мен башқұрттардың Кіші жүз жеріне шабуылын үдетуіне байланысты болуы да мүмкін.

Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі, сол сиякты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнені қауіп туғызып отырды. Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады. Сонымен бірге қазақ қауымының ортақ жауы - жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.


1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатыскан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар баскыншылары оған кұлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақ халкының тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына козі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылайхан зор еңбек сіңірді.

1711 жылы "қан ішер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып қойған аты -Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол түтқыннан қашып елге келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа-тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 жылы Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі.

Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" - деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.

Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған "Абылай" деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.

1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен: "Менің ұлымды елтірген сен бе?" — дегенде, ол: "Сенің баланды өлтіргең мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана", -деп жауап берген.

Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мирасқорларының арасьшда хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатмен Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, т.б. өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.



Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сыдарияның төменгі сағасына қарай бет түзеді. Оған Тәтікара жырау қосылды.

Үшінші, негізгі колды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топқа қазақтың аты шулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ, Жәпек, т. б. кірді. Бұқар жырау науқастанып келе алмағандықтан топқа 17 жасар Көтеш ақын қосылды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінін басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар әскерлерінін, қаруы - мылтық, найза, қылыш болды және түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері найзамен қаруланған болатын.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жанақорғанға бекініп алды. Абылай Жанақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанұзақ сияқты сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында жүрді.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Туркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созак, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жонғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.

Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенінде жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап түбегейлі жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.


1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын. Мұны қытай империясы ұтымды пайдаланып, жоңғар жерін басып алуға кірісті. Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржолата құлады.

1758 жылы Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты. Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай басқарған қазақ жасақтары қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерлерінің басып алу каупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан басқа жаққа көшіруге мәжбүр болды.

Бір айтып кететін жай, Ресей патшалығы өзінің қол астындағы қазақтарға қытайлар шабуыл жасап жатқанда елшілік жолмен наразылық білдіруден басқа көмек көрсетпеді. Ол наразылыққа құлақ асқан Цинь империясы болған жоқ.

Абылай ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Цинь әкімдерімен елшілік қатынас орнату мақсатында Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, ол Цинь империясымен сауда, экономикалық байланыс орнатудың амалын істеді. Ол Ресеймен қарым-қатынасты да ұлғайтты. Абылай хан қазақ жерін, қазақ халқын көршілес күшті елдердің /Ресейдің, жонғарлардың, қытайдың/ қаупінен қорғап қалуға үлкен еңбек сіңірді. Батырлығы, ұйымдастыру шеберлігі, саясатшылығы арқасында қазақ халқының елдігін сақтау үшін көп жұмыс тындырды.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде билер мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болып, Туркістан қаласында жерленді. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.


Тақырыбы: Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.
1. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері

2. Кіші жүздің империя құрамына кіруі

1. Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінін үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) жөне Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.

Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды.

Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымак" жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған "отты қаруы бар көп әскер" жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан "сақтайтынына" уәде берді. Бірақ ол құрғақ уәде болып, аяқсыз қалды.