ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 840
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: XIХ-ХХ ғғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
-
Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі. -
1905-1907 жж. Орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы. -
Столыпин аграрлық реформасы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі.
1. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазакстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенін, өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біртіндеп ыдырай бастады.
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардын өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбур етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.
Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін -жәрмеңкелік сауданы енгізді. Халкы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, катынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі еді, Қазақстандағы түңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл /Петропавл маңында/, Константиновск /Ақмола/, Петровск /Атбасарда/ және 50-ден астам ұсак және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрменкесі, ал кейіннен Шар /Семей облысы/, Қарқара /Жетісу/, Әулиеата /Сырдария облысы/, Ойыл, Темір /Орал облысы/ жәрмеңкелері жұмыс істеді.
Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, кетерме сауда қоймалары көбейді.
Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазакстанда 20-дан астам қалалар мен 400 қазақ-орыс поселкалары пайда болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы мен өсуі Ресейдегі капиталистік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты еді. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын.
XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісің ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, басы артық күші мол.
Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы бола бастады. 1896 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170-күміс-қорғасын, 3 темір т.б. рудниктері жұмыс істеді. Осындай кен қоры Баянауыл және Петропавл уездерінде де (тас көмір, алтын, мырыш, т.б.) пайдалана бастаған болатын. XIX ғасырдың аяғында Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында балық аулау кәсіпшіліктері капиталистік кәсіпорындарға айналды. Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын бірнеше зауыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде, Орал облысы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орындары ашылды.
XIX ғасырдың 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874-1876 жылдары Орынбор темір жолы /Самара-Орынбор/ салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды. 1880-1890 жылдарында Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Ташкентке дейін темір жол салу ісі қолға а лынды.
Сонымен, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жана салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Орыс жұмыскерлері Қазақстан кәсіпорындарындағы басқа ұлттардың өкілдерінің, әсіресе, қазақ жұмысшыларының өздерінің ерік құқықтарын қорғау жолындағы күреске шығуына ықпал жасады. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері 80-90-шы жылдары кеңінен өрістеді.
2. XX ғасырдың басына қарай Қазақстанның жұмысшы табы құрамында сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да елеулі өзгерістер болды. Олардың ірі кәсіпорындарға шоғырлануымен байланысты кен өнеркәсібі мен темір жол транспорты жұмысшылары арасында таптық сана-сезімнін қалыптасуы байқалды.
Жұмысшылардың, әсіресе, жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күнінің қаншаға созылатынын кәсіпорын иелері өз еркімен белгілеп отырды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа дейін созылды. Олардың тұрмыс жағдайына қамқорлық жасалмады. Жалақы Ресейдегі кәсіпорындағыдан екі-үш есе кем төленді. Әйелдер мен балалардың ақысы тіпті аз болды.
1891 жылы шілденің 12-13 күндері Өскемен уезіндегі Владимировск алтын кенінде ереуілге шыққан 140-тан астам қазақ жұмысшылары тұрмыс пен еңбек жағдайларын жақсарту туралы талап қойды. 1898 жылы 5 наурызда Зырянов мыс рудниктеріндегі жұмысшылар жалақыны арттыруды талап етіп, топтасып көшеге шықты. Оларды патша әкімшілігі әскери күшпен басты. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Ресейдегі революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде кеңінен өрістеді. Қазақстанда революциялық идеяның, соның ішінде марксизмнің тарауы Орталық Ресейден көп кейін басталды.
Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының төңкерістік күресімен тығыз байланысты еді.
1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында - Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда, т. б. жерлерде демонстрациялар мен бой көрсетулер "Патша самодержавиясы жойылсын", "Бостан-дық жасасын" деген ұрандармен өтті.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті.
Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері қатысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру жөнінде патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты, ол 1906 ж. 8 шілдеде қуып таратылды. Сол жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Қощығұлов — Ақмола облысынан, X. Нұрекенов — Семей облысынан, Б. Қаратаев — Орал облысынан, А. Бірімжанов — Торғай облысынан, Т. Аллабергенов — Сырдария облысынан, М. Тынышбаев — Жетісу облысынан.
XX ғасырдың басында қазақ жеріндегі отаршылықтың күшеюі ұлт-азаттық қозғалыстын, өрлеуіне әсер етті. Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. 1906 жылы Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақын бағдарламаны мақұлдады. Оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу және тағы басқа да талаптар енгізді. Олар өздерінің дін тұту еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре жүргізу жөнінде мәселелер көтерді.
Бұл кезде, сондай-ақ, демократиялық бұқара халықты жақтаушы бағытындағы топтар құрылды. Олар Мұхамеджан Сералин /1871-1929/ редактор болған "Айқап" жорналының төңірегіне топтасты. Жорнал 1911-1915 жж. шығып тұрды. Оның жұмысына Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, т. б. араласты.
Қазақ еңбекші бұқарасының 1905-1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті. Дегенмен жергілікті өкімет пен қарулы қақтығысқа дейін барған қазақ кедейлерінің жекелеген толқулары
енбекшілердің патша өкіметіне, сондай-ақ жергілікті қанаушыларға қарсы күресте саяси тәрбие мектебіне айналды. Сол мектептің тәжірибесін кейін олар ұлттық және әлеуметтік азаттық алу жолындағы күресте пайдаланды.
3. 1905-1907 жылдардағы төңкеріс жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А. К. Виноградов пен И. Ф. Головановта болды.
Осы кезде төңкерістік ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалады. Реакция жылдарында РСДЖП-ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Төңкерістік қозғалысқа қатысушылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционер-қайраткерлер В. В. Куйбышев, М. В. Фрунзе, К. А. Попов, Ф. А. Березовский және т. б. бар еді.
Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Дала өлкесі облыстарының генерал-губернаторлары жергілікті басқару жүйесінде қатаң шаралар қолданып, ұлт мәдениетіне қарсы жорық ұйымдастырды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен жорналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тыйым салынды.
Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар кулактардан деревняда берік тірек жасауды жөн көрді. Сөйтіп, шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 ж. 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа ясер иелену заңын шығарды. Бұл зан, әсіресе, жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар (кулактар) үшін өте пайдалы болатын.
Столыпиннің аграрлық саясатының құрамды бөлігі -Сібір мен Қазақстанға жаппай қоныс аудару еді. Егер 1893-1905 жылдары аралығында, яғни 12 жылда, Ресейден қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4 074 170 десятина жер алынса, одан кейінгі 7 жылда (1906-1912 жж.) 17 млн. астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлық әдісі қазақ шаруаларын қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 млн. десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 млн-ға жетті. Өлке халқының үштен бірі Ресейдің орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар еді. Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесі бойынша қайшылықтардың шиеленуісіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты.
1910-1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 ж. мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, "Атбасар мыс рудалары" акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты. Бұл ереуілдерге жалақыларын көбейтуге талап еткен 300-дей адам қатысты.
1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа төңкерістік өрлеу басталды. Сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл өлкеге жайылды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913жылғы қыркүйектеТорғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына Қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.
Тақырыбы: Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы
-
Халықтың полиэтникалық құрамы: негізі факторлар, қалыптасу көздері, құрамы. -
Қазақ ауылы. -
Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Жетісуда егіншіліктің дамуы. -
Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясаты.