Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 850

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Торғай облысы Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің ең ірі орталықтарының бірі болды. Мұндағы өлке халқының күресі мейілінше табанды болып, ұйымдасқан сипат алды және ұзаққа созылды. Бұндағы көтеріліске қатысушылар саны 50 мыңға дейін жетті. Көтерілісті Кенесары Қасымұлы серіктерінің бірі Иман батырдың немересі Амангелді Күдербайұлы басқарды. Көтеріліске дейінақ халық мүлдесін қорғаушы және күрескер ретінде Амангелдінің аты ел арасыңда белгілі болатын. Халық жақтаушысы ретінде ол бірнеше рет патша түрмесінде отырып шықты.

1916 жылдың шілде айында көтерілісшілердің Амангелді бастаған алғашқы отряды құрылды. Тамыз айында едәуір күшке айналған көтерілісшілер Сұрша қойнауында Амангелдіні өздерінің қолбасшысы сардары етіп сайлады. Жергілікті ауылдық - болыстық әкімшілік басқаруы жойылып билік көтерілісшілердің қолына көшеді. Орта Жүздегі қыпшақ руының белгілі биі Нияздың немересі Әбдіғаппар Жанбосынов хан болып сай-ланды.

Амангелді армиясы әскерлерінің басқа көтеріліс отрядтарынан ұйымшылдығы мен тәртібі жөнінен едәуір айырмашьшығы бодды. Амангедді өз әскерлерін ондық қа, жүздік ке, мыңдық қа бөлінген ұйымдасқан, тәртіпті құрышымға негіздеді. Басқару ісі Әскери Кеңес арқылы жүргізілді. Кеңес жанындағы ұйым барлық әкімшілік мәселелерін шешіп отырды. Штаб жанындағы сот алқасы дауларды шешті және әртүрлі заңдық мәселелер-мен айналысты. Әрбір мың шаруашылыққа сайланған елбегі сарбаздар мен бейбіт тұрғындар арасындағы дауларды реттеп отырды. Салық пен көтерілісшілер үшін қажетті азық-түлікті арнайы жасақталған жасақшылар жинады.

Қараша айының ортасына қарай Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға дейін жетті. 17 қараша күні көтерілісшілердің Ақтөбе уезіндегі тобы Қарабұтақ селосын қоршайды, ал келесі күні Қожакөл маңында жазалаушы отрядқа шабуы жасайды және елеулі қарсылық көрсете алмаған патша әскерлерін кейін шегіндіреді.

22 қазанда Амангелді бастаған 15 мың сарбаз Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды. Көтерілісті талқандау үшін патша өкіметі генерал Лаврентьев басқарған 9 мың адамдық арнайы экспедициялық корпус жібереді. Жазалаушы әскери корпус қалаға үш жақтан, Қостанайдан, Актөбеден және Шалқар бағытынан шабуылдайды. Торғайға беттеген жолында жазалаушылар отряды бейбіт қазақ ауылдарын шауып тонады
, қарапайым халықты қырғынға ұшыратып жазықсыз адамдарды қанға бояды.

Торғайға келе жатқан әскери корпус туралы хабардар болған Амангелді Торғай қаласын олар келгенше алуға ұмтылды. Бірақ 6 қараша күні қаланы тікелей шабуыл жасау арқылы алу әрекеті жүзеге аспаған Амангелді қаланы қоршауды тоқтатып, Түнқойма почта станциясы маңында Торғайға жақындап келе жатқан патша әскерлеріне шабуыл жасады. Патша әскерлері көтерілісшілердің ауыр соққысына төтеп беріп, бірнеше күннен кейін ғана Торғай қаласына кіре алды.

Подполковник Катоминнің жазалаушы отрядымен ауыр шайқастар жүргізген Амангелді, көтерілісшілердің негізгі күшін сақтап қалу мақсатыңда қараша айының екінші жартысыңда, өз сарбаздарын Торғайдан 150 шақырым жерге әкетіп, Батпақ қара мен Аққұм маңына шоғырландырды. Партизандық күрес тәсіліне кешкен көтерілісшілер шағын отрядтарға бөлініп, кенеттен шабуылдар ұйымдастырып, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Осындай шайқастарда Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батырдың ерлік істері көпке мәлім болды. 22 қараша күні Үлпан станциясы маңыңда көтерілісшілердің 4 мындық отряды жазалаушы әскермен соқтығысады. Әскери қақтығыстар Шошқалы қопа, Күйік қопа, Татыр, Доғал Үрпек маңыңда да болады.

Ерте жауған қар мен ерте түскен суық көтерілісшілердің соғыс қимылдарын қиындатады. Көтерілісшілердің біршама саябырлаған қимылдары 1917 жылы одан әрі жалғасып, Ресейдегі ақпан төңкерісіне ұласты. Акпан төңкерісінен кейін көтерілісшілер саны қайта өседі. 1917 жыддың соңына Қарай Амангедді Торғайды алады.

Торғай облысындағы көтерілісті патша әскерлері толық жеңе алмады, бірақ қазақ ауылдарының көтеріліс кезіндегі әлеуметтік-экономикалық Жағдайы күрт нашарлайды. Жазалаушы отрядтар тонауы мен қырғынына ұшыраған көптеген ауылдар Қытай мен Моңғолияға көшуге мәжбүр болдьі. Осы жылдары Ресей империясындағы қазақтар саны 600 мың адамға қысқарды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халкының көп ғасырлық ұлт-азаттык қозғалысыңда ерекше орын алады. Патша өкіметінің отаршыддық саясатына және империалистік соғысқа қарсы бағытталған кең байтақ өлкенің көп бөлігін қамтыған көтеріліс ұлт-азаттык және бүкіл халықтық сипат адды. Көтеріліс жеңілгеннен кейін патша өкіметінің отаршыл әкімшілігі қазактарды тыл жұмысына шақыруды күштеп жүргізді. 260 мың адамды еріксіз тыл жүмысына айдап әкетсе, 10 мың адамды өлкедегі өнеркәсіптік және әскери жүмыстарды істеуге қалдырды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жеңілуінің басты себептері оның бытыраңқылығы мен ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Ұлттық демократиялық интеллигенция қатарыңда да бірлік болмады. Сонымен бірге, көтерілістің біртүтас басшылығы мен ұйымдық орталығы да жоқ еді. Жеңіліске ұшырағанына қарамастан 1916 жылғы көтерілістің Қазақстан тарихындағы маңызы зор және бұл көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің құрамды бөлігі болып табылады.



Тақырыбы: Ресейдегі Ақпан төңкерісі жіне оның Қазақстанға ықпалы. Саяси партиялардың қалыптасуы мен қызметі.


  1. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің кезінде.

  2. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы


1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Төңкерістік дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, онын ішінде Қазакстанда да сезілді.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрыңғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Төңкерісшіл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрыңғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұткынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Мәселен, Семейде қалалық думанын, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен тұратын қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдық кауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады. Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлады. Өскеменде де осындай атқару комитеті құрылды. Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу қазақ әскерлері мен қазақ-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары - қазақтық комитеттер құрды. Бұлардың басында бұрыңғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттык интеллиғенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды. Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқының көкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интеллигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шығып кетті.


Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-қазақ әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының тандаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрыңғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса, солай қарады.

Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда - П. Кобезев, Ә. Жангельдин, А. Коростелев, Ақтөбеде - В. Ф. Зинченко, Перовскіде - А. В. Черняхов, Оралда - П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте - Н. Морозов, Семейде - П. Салов, Петропавлда - К. Сүтішев т. б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Большевиктік партиянын қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мәнін халыққа ашып берді, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледі, жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістін женісі жолындағы күреске топтастырды.

Ақпан төңкерісі женгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табынын елеулі табысы - кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер.

Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда "Еркін дала", Омбыда "Бірлік", Оралда "Жас қазақ", Троицкіде "Үміт" деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Олар халық
арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған такпақ-өлендер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс-талқылаулар т. б. ұйымдастырды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халкын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халкының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым батыл революциялық бағдарламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Түрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революцияшыл одағы" еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді.

Ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, М.Сералин, Ж.Сейджалин, Б.Қаратаев, С.Торайқыров т.б. «Қазақ» (1913-1918) газетінің және «Айқап» (1911-1915) журналының төңірегіне топтасты.

Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ окығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар "Қазақ" газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болған "Бүкіл қырғыздық" съезде "Алаш" партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихаң Бокейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б, кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 /18-26/ желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы -Алашорда Үкіметі - ұлт Кеңесі құрылды. "Алаш" партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;7)Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы козғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі болды.