Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 855

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардың ішінде 62546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер қатарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктер кірді. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды рөл атқарды. 1925-1926 жылдары шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттын мәнін түсінбеді, бұрыңғысынша "әскери коммунизм" әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің, екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды.
Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.


ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттық-мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.


1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.

Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға болды. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрыңғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық, мемелекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.

1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің Бесінші съезі өтті. Ол "Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрыңдар" деген ұран негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Съезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - қазақ халқы, ал республиканы - Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы Кеңестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы-жұмысшылар 6,1 пайыз, кедейлер - 70,9, орта шаруа - 18,8, қызметшілер — 4 пайызын қамтыды.

1925 жылы ақпанда Қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстан партия ұйымында 30 мыңнан астам партия мүшесі мен партия мүшелігіне кандидаттар есепте тұрды. Бұл кезде бұқара арасындағы саяси ағарту жұмысына көп көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде өлкеде 76 қалалық, клуб, 72 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 болыстық кітапхана жұмыс істеді. Егер республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы "Еңбекші Қазақстан", "Народное хозяйство Казахстана", "Советская степь", "Қызыл Қазақстан" т.б. 13 газет пен 5 журнал шықты.

Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардан қыркүйекке дейін кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі өтті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің саны 100 мыңнан асты.



1925 жылы республиканың коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді. Жастардың көптеген танымал басшылары шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нұрпейсов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәтібеков, А. Шымболатов және т. б. бар еді.

1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің дарынды басшыларының бірі Ғани Мұратбаевтан айырылды. Ол 1902 жылы бұрыңғы Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. Ғани 15 жасынан бастап өзінің, өмірін жастар арасындағы жұмысқа арнады. Зор қаблетті, ғажайып күш-жігері мен енбегі арқасында ол Түркістан республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте істеді. 1921 жылы қыркүйектен бастап Ғ. Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болып істеді.

Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің, 6,6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлықтан құтқаруға бағытталған істер атқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова және тағы басқалары ұйытқы болды.

1928 жылы Қазақстанда жаңадан әкімшілік-территорияларға бөлу іске асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды. Жана аудандардың құрылуы кеңес аппаратының бұқара халыққа жақындасуына, оларды кеңес құрылысына тартуға ықпалын тигізді. 1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының құрылысының бітуімен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының, орталығы Қызыл-Ордадан Алматы қаласына көшірілді.

20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы қиындықтар жана экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты одан әрі терендей түсті. Республикада "әскери коммунизм" саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан жанданды. Халықтың өкіметі жеке адамның, дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатан, сипат алды. Осы кезде -Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде құрт езгерістер енгізілді. 1925 ж. желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында "Ауылды кеңестендіру туралы" шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада "Кіші Қазан" төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.


Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша "қайта құрумен" келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж. әртүрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің, Төрағасы Ж. Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж. қарашада өткен 3-ші өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК/б/П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі "топқа бөлінушілердің" бірі С. Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И. В. Сталинге, В. М. Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Қазақстан өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ деп жеткізді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай"даярланды", 1937жылғы жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді.

20-шы жылдардың соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен және "оңшыл оппортунистермен" күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 жылдың аяғында "буржуазияшыл-ұлтшылдар" деп аталғандардың ішінде бұрыңғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, X. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, К. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың, барлығы дерлік 1937-1938 жж. атылды. Жалпы 1929-1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.


Тақырыбы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты

2. 1932-1933 жылдардағы аштық
1. 1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері пайда болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.

1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.

Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ен әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын ұйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына 0. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Аткару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.