ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 856
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Большевиктермен және олардың қарсыластары ақ гвардияшылармен күресте Алаш Орда үкіметі Қазакстан аумағының көп бөлігіне бақылау жүргізе алмады. Колчактың қазақтарға автономия беруден бас тартуы және большевиктердің халықтардың өзін-езі билеу құқын беру туралы уәдесі 1918-1919 жылдары Алаш Орда үкіметін тығырыққа тіреді. 1918 жылдың көктем-жазында большевиктерге қарсы күштерді қолдаған Алаш Орда өзінің қарулы күштерін құрып, Қызыл Армияға қарсы ашық күреске шықты. Орал казактарымен алаш полктарын қаруландыру және әскери іске үйрету туралы келісім жасалды.
Азамат соғысына, әсіресе атаман Анненков армиясының құрамында шайқасқан Алаш Орданың Шығыс бөлігі белсенді қатысты. Бірақ ақ гвардияшылардың қазақ автономиясын мойындамауы, соғыс мұқтажы үшін мал мен мүлікті зорлықпен тартып алуы және қазақ ауылдарын тонауы Алаш Орда жетекшілерінің олардан кейін бұрылуына себепкер болды. Өз одақтастарының осыңдай әрекеттеріне наразы болған Алаш Орданың Торғайдағы жетекшісі А.Байтұрсынов 1919 жылы наурызда Кеңес өкіметін тану туралы Мәскеумен келіссөз жүргізе бастады. Торғай маңыңда әскери қимылдар жасаған Алаш полктары Қызыл Армия құрамына қосылды.
Қазақстанның басқа аймақтардағы, соның ішінде Батыс Қазақстаңдағы Алаш Орда бөлімдері де осы кезде едәуір уақыт бейтарап бағыт ұстанады, соның нәтижесіңде Колчак әскерлерінің большевиктерге қарсы күші едәуір әлсірейді. 1919 жылы 13 желтоқсанда Қызыл қоғада болған Алаш Орда жетекшілерінің кеңесіңде Кеңес өкіметі жағына шығып, ақ гвардияшыларға қарсы күресу туралы қаулы қабылданады. 27 желтоқсанда Қызыл армия жағында шайқасқан Алаш полкі Елек корпусының штабына шабуыл жасап, 500 адамды тұткынға алады. Осы кезде Ә.Бекейханов Алаш Орданың Шығыс бөлімі де Кеңес өкіметін танитындығы туралы мәлімдейді. Кеңес үкіметін мойындаған барлық саяси қарсыластарға кешірім жасау туралы Кеңес өкіметінің мәлімдемесіне қарамастан Алаш Орда мен Қенес өкіметі арасындағы қарым-қатынас оңай болған жоқ. 1920 жылдың басында Ә.Бекейханов және бір топ Алаш Орда басшылары Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері үшін қамауға алынды. Батыс бөлімнің жетекшілері Ж.Досмұхамедұлы, Х.Досмұхамедұлы, И.Көшкінбайұлы, К.Жалелұлы, Б. Атшыбайұлы және т.б. саяси емірге қатысудан шеттетіліп, Қазақстан аумағынан қуылды. Большевиктердің белсенді әрекеттері нәтижесінде Алаш Орда үкіметі толық жойылып, Қазақсган аумағындағы барлық билік жергілікті революциялық комитеттің қолына берілді.
Тақырыбы: Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы
-
Кеңестердің билікке келуі -
Қазақ кеңестік мемлекеттің құрылуы
Большевиктер билікке келісімен оларға қарсы бағытталған «ақтар қозғалысы» қарулы күрес бастап, Ресейде азамат соғысының оқиғалары орын алды. Кеңес өкіметі жаңа орнығып жатқан кезде көпұлтты Ресейде ыдырау үрдістері басталды, соған байланысты Финляндия, Польша, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия және Литва өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Сонымен қатар, Украинада Орталық Рада, Қазақстанда Алаш-Орда, Түркістанда Қоқан автономиясының үкіметтері құрылды, олар жергілікті халықтардың мүддесін қорғайтын саяси күштер болды.
В.Ленин, И.Сталин және т.б. большевиктердің көсемдері өздері билікке келгеннен кейін «ұлы державалық» пиғылдарын анық көрсете бастады. 1918-1919 жылдары большевиктер басшылығы, Қызыл Армияның күшімен Украинадағы, Қазақстандағы және Түркістандағы ұлттық үкіметтерді талқандап қуғынға ұшыратты, олардың орнына аталған аймақтарда Кеңес өкіметі орнатыла бастады.
Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратае кірді. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком
1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен В.И. Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.
Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.
1920 жылы 1-7 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декреттер жобасын қарады
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы»
қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
Бірақ қазақ елінің кеңес билігі тұсында мемлекеттік еркіндік алу туралы ой-арманы орындалмады. Жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек сөз жүзіндегі ғана құрылым болды. Қазақстанның ішкі өміріне қатысты мәселелердің негізгі түйіні Мәскеуде шешілді. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздік жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Бірақ қуғынға ұшыраған олардың бір бөлігі шетелге кетуге мәжбүр болды.
Орта Азияда республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі Тұрар Рысқұловтың идеясы Орталықтың наразылығын туғызды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ташкентке арнайы құрылған комиссия жіберді. Түрік Республикасы туралы жергілікті партия органдарының шешімдерінің күші жойылды. Түрік Республикасын құру туралы бастаманың Т.Рысқұлов бастаған бас-шылары партиялық және мемлекеттік қызметтен босатылды. Тек 1922 жылы ғана өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындағаннан кейін барып ғана олардың республика басшылығына қайта оралуына рұқсат етілді.
1923 жылы маусым айында Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәжілісінде татар коммунистерінің жетекшісі М.Сұлтанғалиевтің Орта Еділ бойында коммунистік мұсылман мемлекетін кұру әрекеті де қатты сынға алынды. Сұлтанғалиевтің Шығыстағы барлық түріктерді біріктіру жоспарында Орта Азия немесе Тұран Республикасы (Құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан) КСРО кұрамына тең құқылы федерация ретінде кіруі керек болса, Қазақстан жеке одақгас республика болып құрылуы тиіс еді. 1923 жылы Сұлтанғалиев Кеңес өкіметін құлатпақ әрекеті үшін айыпталып тұтқынға алынды, кейіннен атылды. Сонымен бірге, қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын да жазалау әрекеттері басталды. Республика басшылығындағы бұрынғы Алаш партиясынын мүшелері қызметтерінен босатылды, Т.Рысқұлов және тағы басқалар Орталыкқа шақырылды.
Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер өкіметі ұлт-азаттық күресті зорлыкпен басып, тоталитарлык жүйе бір жолата орныққаннан кейін ұлт-азаттық күрес өрісінің тарылуына байланысты, енді ол жаңа саяси жағдайда шетелдік эмиграция күшімен де жүргізіле бастады. Шетелдік эмиграцияның ұлт-азаттық күрестегі ең ірі өкілі Мүстафа Шоқай болды. Азаттық күресінің бұл кезеңі мен жаңа жағдайында Мұстафа Шокай (Париж), Ибраим Жайнақов (Шығыс Түркістан), Райымжан Марсеков (Шығыс Түркістан) сияқты қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен бұрынғы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері тұрды.