Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 851

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Былғары, тері илеу, тоқыма, ұн-жарма, май айыру, тұз, полиграфия, металл өңдеу өнеркәсіптерін қалпына келтіру ілгеріледі. Республикада майдагерлік ұсақ өнеркәсіп, тері тон тігу, пима жасау, жүн түту, қарапайым ауыл шаруашылық құралдары мен үй тұрмысына қажетті заттар жасау, ұста дүкендері мен ұстаханалар көбейді. 1925 жылы Қазақстанда 39 мың жұмысшысы бар 4 мыңнан аса осындай кәсіпорындар мен ұстаханалар істеді.

1925 жылдың аяғына қарай Қазақстанда өнеркәсіп өнімін өндірудің жалпы көлемі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсіп, соғыстан бұрыңғы көлемінің шамамен үштен екісіне жетті. 1921 жылы мұнда істеген 17 пайыздың орнына өнеркәсіп орындарының 60 пайызынан астамы іске қосылды. 1923-1925 жылдар ішінде одақ қарауындағы кәсіпорындарды жұмысшылар саны 8 пайызға, ал өлке өнеркәсібі бойынша 56 пайызға өсті.

Қазақстанда 1925 жьтлға дейін созылған өнеркәсіпті қалпына келтіру негізінен аяқталды. Бұл жылдары Риддерді, Қарсақпайды, басқа да көптеген өнеркәсіп орындарын қалпына келтіру құлаш жайды. Қарағанды көмір алқабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Шымкент қорғасын және Балқаш мыс қорыту зауыттары, Лениногор полиметал комбинаты, т.б. кәсіпорындардың құрылысы басталды.

Бұл кезде мыс өндіру 2223 тоннаға, көмір қазу 58,5 мың, мұнай шығару 269,1 мың тоннаға жетті. Электр станцияларының қуаты екі есеге артты. Көптеген жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қайтадан құрылды. Мемлекет меншігіне көшкен 175 женіл және тамақ өнеркәсіп орындарының 114-і өңдеу зауыттары еді. Семей қаласында тері өңдеу және шұға фабрикасының құрылысы басталды. Іледе ағаш кесіп өңдеу, Орал мен Семейде кірпіш зауыттары іске қосылды.

2.Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрыңғы КСРОның шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды.


Индустрияландыру Қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы, біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, екіншіден, жұмысшылардың өндірістік-техникалық дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қазақстанның өнеркәсіптік деңгейін биіктетуге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды жаңа техникалық негізде қайта құруға, сөйтіп халыктың материалдық жағдайын, әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.

Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілкті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету саясаты іске аспайды, өйткені "артта қалған көшпелі халық" индустрияның дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар және дамудың феодалдық сатысынан социализмге өту мүмкін емес, көшпелі қазақ халқының өз ұлттық ерекшелігі бар, ал индустрияландыру осы "ұлттық ерекшелікті" бұзады деген пайымдаулар да айтылды. Өлкеде өз алдына томаға- тұйық, шаруашылық құру "теориясын" ұсынушылар да кездесті.

Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар республика болашағына аса маңызы бар бұл мәселеде өлкелік партия комитетінің қойған мақсатын қайта қарауды талап етті. Бұлардың арасынан, әсіресе, Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.

Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды. 1927 жылдан басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерзімінен 17 ай бұрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оның құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының, орынбасары Т. Рысқұлов, темір жол инженері М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты. Сол жылдарда республикада түсті металл өндіру қарқыны едәуір күшейді. Риддер полиметалл, Қарсақпай мыс қорыту комбинаттары іске қосылып, жаңа техникамен жарақтанды. Кезінде дүние жүзіндегі өзі тектес өнеркәсіп орындарының ірісі болған Балқаш мыс қорыту зауыты, қуаттылығы жағынан елімізде бірінші орынға шыққан Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі

полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш зауыты салына бастады. Сөйтіп, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда түсті металл кәсіпорындарының негізгі өндіріс қоры 27 есе артып, республика ірі өнеркәсібі негізгі өндіріс қорының, 40 пайызын құрады. Республика көмір өнеркәсібінің, әсіресе, Қарағанды көмір алқабының зор маңызы болды. Республика мұнай өнеркәсібі алғашқы үш бес жылдықта бүкіл елдегі мұнай өнімінің бестен бірін беріп, Одақта үшінші орынға шықты. Сөйтіп түсті металл, мұнай, көмір өнеркәсіп салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгендігін көрсетті. Сонымен қатар химия, энергетика, металл өңдеу сияқты өнеркәсіп салалары да өркендей түсті.

Республикада - кен-химия өнеркәсібінің тұңғышы -Ақтөбе химия комбинаты салынды. Ол кезінде ел шығысындағы жоғарғы сапалы тыңайтқыш өндіретін бірден-бір, ал Одақ бойынша екінші кәсіпорын болды. Шымкент химия-фармацевтік зауыты, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Көптеген электр стансалары жұмыс істеп, соғыс алдында Ертіс өзенінің бойында Өскемен су электр стансасының және Қарағанды жылу электр стансасының құрылысы жүрді.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтерді. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев балық консерві, Алматы жеміс консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Ауыр индустрия кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіру, жаңаларын салу және техникалық жағынан қайта құру, осыған сай қуатты энергетикалық база жасауды талап етті. Осыған байланысты Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балқаш мыс балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Ақтөбе химкомбинатының, Ащысай полиметалл комбинатының жылу электр стансалары салынды. Электр қуатын өндіру республикада 1913 жылмен салыстырғанда 486 есеге өсті.

Соғысқа дейін республикада мыңдаған шақырым жаңа жол салынды. 600-ден астам өнеркәсіп орындары іске қосылды. Негізгі өндіріс қорының 96,4 пайызы, барлық жұмысшы табының 77,5 пайызы осы ірі өнеркәсіп орындарында жұмыс істеді. Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз еседей артса, ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 19,5 есе өсті.

Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялды-аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940 жылдары 4,6 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды.


1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары еді. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылар қозғалысы өріс алды. Индустрияландыру бұрын артта қалған Қазақстан сияқты ұлт аймақтарының тез дамуына, сөз жоқ игі әсерін тигізді.

Қазақстанның индустриялық дамуының жоғарғы қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Бұл көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді.

Алайда, Қазақстанда индустрияландыруды жүргізу, ешбір кемшіліксіз, қайшылықсыз өтті деген қорытынды жасауға болмайды. Ондай өрескел кемшіліктер индустрияландыруды жүргізудің тәсілдеріне тән еді. Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әміршіл-әкімшіл, бұлтартпайтын әдістермен жүргізілді. Асығып-аптығудың нәтижесінде жаңа өндіріс орындарын салу, өнім өндіру жөнінде үстемеленген тапсырмалар беріліп, оларды бұлжытпай орындау талап етілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, олардың қатары үнемі толықтырылып отырды.

Республикада машина жасауды айтпағанда, мұнайды, газды, түсті металдарды өңдейтін, әсіресе, машина жасаудың жетекші салалары-станок, прибор, автомобиль, трактор және ауылшарушылық машиналарын жасайтын кәсіпорындар болмады. Жеңіл өнеркәсіптің бірсыпыра жетекші салаларының нашар дамуы немесе болмауының, салдарынан тұтыну заттарының көпшілігі /киім, аяқ киім, металл т.б./ республикадан тыс жерден тасып әкелінді. Сөйтіп, Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірден-ақ негізі қаланған және одан кейінгі жылдары, оның ішінде соғыстан кейінгі кезеңде де жалғастырылған, бір жақты дамытылуы осы күнге дейін өзінің зардабын тигізіп келеді.

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Олар салық төлеу, заемға жазылу, қолда бар қаржыларын, қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптің дамуына белсене ат салысты. Шаруалар астық, мал шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бұл мәселеде наразылық білдірушілер шықса, олар ұсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мұндай қуғындалғандардың басым көпшілігі ауқатты шарулар еді. 1927-1928 жылы ауқатты кулак шаруашылықтары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашылығы салығының бүкіл сомасының 33 пайызын, ал мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықтың бүкіл сомасының 25 пайызын төледі. Келесі 1928-1929 жылы салық төлеу өткен жылмен салыстырғанда 98,8 пайызға (Егеменді Қазақстан, 1992 ж. 22 желтоқсан) артты. Күштеудің мұндай әдістері ауқатты шаруалардың наразылығын туғызды.


Дегенмен индустрияландырудың елді экономикалық артта қалушылықтан шығаратынына халық сенді. Сондықтан да халық еселенген күш-жігермен еңбек етті. Өндірістегі, еңбектегі белсенділік бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамып, индустрияландыру ісінің табыстарын тасытты деуге болады. Нәтижесінде Қазақстанның отызыншы жылдардағы индустриялық дамуы бірсыпыра ірі табыстарға қол жеткізді. Олардың қатарына ең алдымен оның аграрлы елден индустриялы-аграрлы елге айналуын, қалалардың өсуін және республика халқының құрамында қала халқы үлесінің көбеюін айтқан жөн. Сондай-ақ, жұмысшы табының, әсіресе, оның ұлттық кадрларының қалыптасуын, инженер-техникалық интеллигенцияның жасақтала бастауын, халықтың құрамындағы баска әлеуметтік демократиялық өзгерістерді жатқызуға болады.

Қазақстанның шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның өнімінің үлесі отызыншы жылдар ортасында үстем бола бастады. 1939 жылы 59,9 пайызға жетті, ал ауыл шаруашылығының өнімі 41,1 пайызын қамтыды. Қуатты өнеркәсіптік потенциал жасалып, ол ойдагыдай дамыды. Қалалардың урбанизациялау және ірілену процесі жүрді. Қала халқының жартысына жуығы (47,5 пайыз) елу мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды. Егер 1926 ж. республикада мұндай қала тек Семей ғана болса, 1939 жылы ондай қалалардың саны жетіге жетті, ал Алматыда, Қарағандыда, Семейде - әр қайсысында жүз мыңнан астам адам тұрды. Қазақстан қалаларының халқы, әсіресе, басқа жақтардан көшіп келушілердің есебінен өсіп, 1926-1939 жж. оның саны 1,8 млн. адамға көбейді.

Республикада индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында елде жұмысшы табы қалыптасты. Ол ез құрамына материалдық өндіріс саласының ең алдымен өнеркәсіптің, құрылыстың, транспорт пен байланыстың, ауыл шаруашылық өндірісінің /совхоздар, МТС-тар және т.б./, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету салаларының әртүрлі топтарын қамтыды. 1933 жылы жұмысшы табы халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің құрамында 23 пайызға жетті, ал 1926 жылы ол 10,7 пайыз болатын, сөйтіп жұмысшы табы колхозшы шаруалармен қосқанда қоғамның ірі табына айналды. Жаңа таптың өзегі өнеркәсіп жұмысшылары 115,5 мың адамнан асты.

Қазақстанның индустриялық даму барысында қалыптасқан жұмысшы табының жаңа қоғам құрудағы шешуші рөлі жалпы алғанда оның сол жылдардың мейілінше қиын да күрделі жағдайындағы ерен еңбегінен көрінді. Республика жұмысшы табының қоғамдық саяси және еңбек белсенділігі елдің индустриялық дамуын, өтпелі дәуірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістерін ойдағыдай қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды,