Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 847

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1921-1922 жылдары Қазақстанның едәуір бөлігін қуаңшылық жайлап елде ашаршылық басталды. Қуаңшылық алдында жұт болып малдың көп бөлігі қырылды. Аштықка ұшырағандар саны 2 млн. 300 мың адамға жетті. Ашаршылық әсіресе, өлкенің батыс және оңтүстік-батыс аудандарын көбірек қамтыды. Бүкіл ресеилік Орталық Атқару Комитетінің декретімен Орал, Ақтөбе, Орынбор, Қостанай, Бөкей губерниялары аштыққа ұшыраған аудандар қатарына қосылды. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында да аштық белгілері байқалды. Азық-түлік отрядтары азық-түлік салығының жойылғанына қарамастан Семей және Ақмола губерниялары шаруаларынан азық-түлік салығы ретінде ауыл шаруашылық өнімдерінің артығының 80 пайызына дейінгісін күшпен тартып алды.

Еділ бойынан аштыққа ұшыраған халықтың Батыс Қазақстан арқылы Түркістанға қарай ағылуы да жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Ашыққан аудандарға көмек көрсету едәуір кешігіп жүргізілді және ол барлық аудандар мен ашыққаңдарды түгел қамти алмады. Нәтижесіңде 1921-1922 жылдардағы аштық пен аурудан жүз мыңдаған адам қырылды.

Кеңес өкіметі өзінің бейбіт уақыттағы алғашқы экономикалық және саяси жағдайын осындай трагедиялық цифрлармен бастады. Дегенмен де патша өкіметінің Сібір және Орал казак әскерлеріне берген қазақ жерлерін қазақ шаруаларына қайтару туралы декреті Кеңес өкіметінің жер саясатындағы оңды шешімдерінің бірі еді. 1921 жылы жер реформасы Жетісуда да жүргізілді. 1916 жылғы көтерілісті басып-жаныштау кезінде тартып алынған 400 мың десятина жер байырғы халыққа қайтарылып берілді.

Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде қазақ мемлекеттілігінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі аса маңызды мәселе дұрыс шешімін тапты. 1924 жылы Түркістан АКСР-і таратылып, оның жерлері Өзбек, Түркмен республикалары мен Қазақстанға берілді. Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие ата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі және Қарақалпақ жері Қазақстанға қарады. Көп ұзамай Қарақалпақ жері түгелдей Өзбекстанға қосылды. Орынбор губерниясының бір бөлігі мен Орынбор қаласы Ресейге берідді. Республика астанасы Ақмешітке (Қызылорда) көшірілді. Ұлттык-аумақтық межелеу нәтижесіңде Республиканың жер көлемі 2,7 млн. шаршы километрге жетіп, халық саны 5 млн. 230 мың адамга көбейді.

Тақырыбы: Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы



  1. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы.

  2. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы

  3. Театр өнері

  4. Қазақ бейнелеу өнері мен қолөнерінің шеберлері

Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққ аөріс ашты.Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында - Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов т.б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”,В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.

Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді. 1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі - “Амангелді” картинасын жасап шығарды. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп,толысқанын көрсетті.Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.



Ауыл зергерлерінің сақина, сырға, алқа, белдік, білезік, жүзік сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды. Қазақ ауылында зергерлік әсем бұйымдар жасайтын шеберлер құрметке бөленетін. Көздің жауын алатын мұндай тамаша бұйымдарды кедейлердің сатып алуға халі келмейтін. Халық шеберлері жасаған тамаша бұйымдардың игілігн көретін феодалдық ауқатты топтар. Қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнер туындылары-көрнекті бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де белгілі болды. Тіпті шетелдерге де әйгілі болды.1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің заттары,ұлтық киімдер болған. Қазақ музыка аспаптары Мәскеуде 1872 жылы өткізілген көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.

Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын»,  Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары.

          Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар:  Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз.  Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.

Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі. Кедей шаруа жанұясында туып өскен.

Жастайынан Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс жүлдені иемденеді. Кейіннен Москвада, Германия қалаларында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. А.В.Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.

Әміре Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал ролін ойнады. Кейін М.Әуезовтің «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театрына ауысты.
Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады. Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә.Қашаубаев атымен аталады.

Күләш Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.
1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.
Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.
Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. СССР халық әртісі (1936), СССР Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949). К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.

Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.
XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде–кем. Техникумда А. Жұбанов қазақ музыкасы тарихындағы бірінші ғылыми шаңырақ – халық музыкасын үйрету кабинетін, халық аспаптарын жетілдіруші музыкалық шеберханасын ашады, музыкалық–драмалық театрдың 11 домбрашы–студентінен құралған ансамбльді ұйымдастырады. А. Жұбановтың "Ария", "Романс", "Көктем" сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде “Тәжік биі”, “Қазақ биі” шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын "Қарлығаш", "Ақ көгершін", "Ұмытпа", "Ақ Шолпан" сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады. Оркестрге арналған шығармаларының ішіндегі қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап жазған "Абай" сиютасы өз алдына бір төбе. . А. Жұбановтың композитор ретінде бағындырған биіктерінің бірі – опера жанры. Л. Хамидимен бірігіп жазған "Абай" операсы – қазақ жазба әдебиетінің кемеңгері Абайдың тереңдігімен, асқақтығымен ұштасып жатқан туынды. Абайдың туған халқына деген сүйіспеншілігі опера музыкасында терең, табиғи үндестік тапқан. .

ХХ ғасырдың 1 жартысында Қазақстан мүсін, графика, театр, кино, музыка және т.б. өнердің жетекші салалары дамыды. Өнердің дамуына халық бұқарасы да зор үлес қосып отырды.

1926 жылы 13 қаңтарда – Қызылордада тұңғыш қазақ тетры ашылды. Қазақ театр өнерінің алғашқы режиссері Ж.Шанин. Халық өнерінің қайнар көзінен бастау алған сол дара тұлғалардың бірі –Серәлі Қожамқұлов. Өзінің ұзақ жылғы сахналас дос-әріптестері – Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков секілді мұның да өнерпаздық жолы қазақ ауылындағы ойын-сауықтан басталып, әрі қарай оның сиқырлы құпияларын тану кезеңдерімен ұласады. 1926-1932 жылдардың аралығында С.Қожам­құлов театрда бас режиссерлік, ал Қ.Жандарбеков қатардағы режиссерлік қызметті қоса атқарып келген. Ескі қазақ ауылының әлеуметтік тірлік-тынысын бейнелейтін шағын пьесаларды сахнаға қою С.Қожамқұловқа ешқандай қиындық тудырмаған. С.Қожамқұлов қойған Б.Майлиннің “Шан­шар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Көзіл­дірік”, “Қалпе”, “Талтаңбайдың тәртібі” сияқты сахналық туындылар – қазақ театрының алғаш­қы кезеңдегі табыстары десек, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Бәйбіше – тоқал”, Ө.Оспановтың “Зарлық”, “Сеңсең бөрік”, т.б. пьесалар Серағаңның байлам-шешімдерімен сахнаға шықты. Ал тәжірибелі кәсіби режиссер 1936 жылы қойған “Ревизордың” аса табысты болып, театр тарихынан көрнекті орын алған спектакльдегі Зем­ляника рөлінде С.Қожам­құлов үлкен мектептен өт­кендей болған. Қазақ театрының сахнасына Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясы 1940 жылы қойылды. Сонан бері қарай пьеса төрт-бес мәрте қайта қойылып, талай режиссерлердің қолынан өтті. Солардың барлығының да Қарабай рөлін Қожамқұловқа жүктеуінің өзі ол жасаған сахналық бейненің көркемдік мазмұнына байланысты болса керек. Қазақ театрының шығармашылық ізденісте­рінде тарихи-фольклорлық шығармалардың орны ерекше. М.Әуезовтің “Айман – Шолпан”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың “Майра” пьесалары қосылады.