ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 844
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Қашанда туған елі мен жерін жаудан корғауға дайын түратын қазақ халқы ел басына ауыр күн туғавда үйлерінде тыныш жата алмады. Бөген-бай мен Райымбектің, Қарасай мен Қабанбайдың ұрпақтары қоддарына қару алып Отанын қорғауға аттанды. Бір тудың астына біріккен КСРО империясыңдағы Қазакстан аумағында соғыс кимылдары жүрген жоқ. Бірақ сол кездегі қазақставдықтардың да Отаны болған КСРО, оның құрамын-дағы У краина, Белоруссия, Моддавия жөне Балтық бойы елдерін фашисттік агрессиядан, оның баскыншылық әрекетінен қорғауға қазақстандықтар да зор үлестерін қосты.
1 млн. 200 мың қазақстаңдық Кеңес Армиясының құрамында зұлым жаумен шайкасты. Мындаған қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен-ак өз еріктерімен майданған аттанды. Зорлықшыл кеңестік идеологияның да бүкіл халықты жауға қарсы күреске жұмылдыруда ролі аз болған жоқ. Елде жалпыға бірдей әскери іске окыту кең канат жайды. Бүкіл кеңестік насихат халықты жауға қарсы күреске жұмылдыруға ба-ғытталды.
Жау сокқысын бірінші болып қабылдаған шекара заставаларывда мың-даған қазақстандықтар алғашқы күндерден бастап-ақ асқан ерліктің үлгілерін көрсетті. Шекара маңывдағы Брест қамалын ерлікпен қорғаған 30-дан астам ұлт өкілдерінің арасында Н.Садықов, К.Турдиев, В.Фурсов сияқты қазақстандықтар да бодды. Соғыстың алғашқы айларында ауыр шығындарға ұшыраған кеңес әскерлері аса зор киыншылықтарды жеңе отырып, жауды алғаш рет Мәскеу түбінде жеңіліске үшыратты. Мәскеу түбіңде Алматыдажасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-шыатқыштардивизиясыерлікпеншайқасты. 1941 жылы ІбқазавдаДубо-секово разъезі түбівде Волокаламск тас жолывда 28 панфиловшы жауын-гер жаудың 50 танкісіне төтеп беріп, жауды Мәскеуге жібермеді. Мәскеу түбіңдегі шайқастарда аты аңызға айналған батальон командирі Бауыржан Момышұлының жауынгерлері де асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Күш тең емес шайқастарда қоршауға түсіп қалған жауынгерлерін Б.Момышұлы ерлікпен алып шыға білді. Мәскеу түбіндегі ауыр шайқастарда қазақ ұлда-ры Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, Амангелді Имановтың ұлы Рамазан және т.б. өздерінің ерліктерімен мәлім болды.
Қазақстандық жауынгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Қазақстанда жасақталған 310 және 314 дивизиялар Ленинградты қорғауға және қарсы шабуылға шығу соғыстарына қатысты. Қазақстандық кұрама-лардың үштен бірі Ленинград түбінде шайкасты. Жау дзотын кеудесімен жапқан Сүлтан Баймағамбетов асқан ерлік үлгісін көрсетті. Қаза тапкан-нан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берідді. Ленинград майда-ныңда қазақстандықтар тек қүрғақта ғана шайқасқан жоқ, сонымен қатар олар теңізде де соғысты. Киров әскери крейсерінде олардың саны 150 болды. 1941 жылдың қыркүйегінің ауыр күңдеріңце қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинград қорғаушылары мен оның коршауда қалған тұрғындарына арнап «Ленинградтық еренім» өлеңін жазды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ауыр және ірі шайқастар болған Сталинград түбінде Қазақстаңда жасақталған 5 аткыш, 1 кавалери-ялық дивизия, 1 теңіз атқыш бригадасы, 1 минометтік полк катысты. Ста-линград шайқасының от-жалыны Батыс Қазақстан жерін де шарпыды. 1942 жылы күзде Батыс Қазақстанның Еділ өзенімен шекаралас аймақтарында соғыс жағдайы енгізілді. Орал даласында осы жыддары 30-ға жуық жау үшағы атып түсірілді. Жау басып алған аумақтарда 3,5 мыңнан астам казақ-стандық партизан отрядтарыңда жауға қарсы күресті. Украина мен Бело-руссия ормандарыңда, Молдавия мен Балтық бойы елдерінде ҚҚайсенов, Ә.Шәріпов, Ж.Саин, Ф.Озмитель, Г.Ахмедияров, Ж.Ағаділова және т.б. шайқасты. Халық қаһарманы Қасым Қайсенов партизан отрядын басқар-ды. Жау тылындағы олардың асқан ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі болды.
Шығыс қыздары арасынан Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова жүзден ас-там дұшпанның кәзін жойып, өздері де ерлікпен қаза тапты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып жау ордасы Рейхстаг төбесіне Жеңіс Туын тікті. Үлы Отан соғысы жылдарындағы асқан ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына 97 қазақ және 500-дей қазақстандық ие болды. Ерекше ерлік көрсеткен ұшқыштар Т.Бигельди-нов, И.Павлов, Л.Беда және С. Луганский бұл атақты екі реттен иеленді.
Үлы Отан соғысындағы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. КСРО бұл со-ғыста майдандағы шайқастар мен бомбылаудан, аштыктан және аурудан 27 млн. адамынан айырыдды. 600 мындай қазақстандықмайдан далалары-
нан оралмады. Соғыс қасіретін шекпеген бірде бір отбасы болмады.Соғыс жыядарында Қазақстанға еріксіз миллиондаған халық көшіріліп келді. Немістер, түріктер, шешендер, ингуштар, поляктар, корейлер туған жерлерінен куылып, Қазақстан мен Орта Азия және Сібірге көшірілді. Конақжай қазақ халқы еріксіз көшіп келгендерді шын пейілімен қабыл-дап, қолдан келгенше көмек берді. Олардың көпшілігі қазақ жерінде түпкілікті калып қойды.
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі
2. Тылдағы қазақстандықтардың ерліктері
1. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
1941 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың өтуі жиіледі. Ақмола-Қарталы жол бөлігі іске қосылды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды.
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мүнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрьілыс Өскемен ГЭС-І салынып бітті.
Бұл жылдарда Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Шын мәнінде тағы бір жер асты Қарағандысы пайда болды. Соғыс жылдары Қарағанды көмір алқабында 34 млн. тонна көмір шығарылды, бұл соғысқа дейінгі бассейнде шығарылған көмірден 3 млн. тонна артық деген сөз. Мұнай кәсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мын тонна сапалы мұнай өндірді. 1941 жылғы қаңтардан 1945 жылға қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның электр энергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды. Өнеркәсіптің өсу қарқыны артуы нәтижесінде оның республикадағы халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 1945 жылы 66 пайызға дейін өсті. Темір жолдың ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымнан 8400 шақырымға дейін жетті. Руда мен мұнай өнімдерін тасымалдау 4 есе, көмір мен қара металды тасымалдау екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі Кеңес халкының ауыр күндердегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз- совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңқты қызылшасысы М. С. Демченко Жамбыл облысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.
Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.
Мал шарушылығы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3 млн. басқа жуық өсті. Қазақстанның колхоздары мен совхоздары бұл тұста соғыстан бұрыңғы бес жылмен салыстырғанда астықты - 30,8 млн. пұт, етті - 15,8 млн. пұт, картоп пен жемісті - 14,4 млн. пұт, сүтті - 3194 мың центнер, жүнді - 17,7 мың центнер артық берді. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылығын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жанақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Жауды женуге республиканың оқыған зиялылары да өздерінің үлкен үлесін қосты. Олардың қатары еліміздің батыс аудандарынан уақытша көшіп келіп паналаған ғалым, жазушы, әртіс, ұстаз, дәрігерлермен т. б. толықтырылды.
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик В. Л. Комаров бастаған КСРО ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты.
Ғалымдар, жоғары оқу орыңдарының ұстаздары, мектеп мүғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.
Осындай қиын-қыстау күндерде қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А. Толстой айткандай, Кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның "Ленинградтық өрендерім" атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов "Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын" деп орынды айтты. Н, Тихонов айтқандай, оның "Абдолла" поэмасы қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж. С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі" деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде "Абай" эпопеясының бірінші кітабын жазуы қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Қазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді.
Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн.-нан аса жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Республика еңбекшілерінің өздерінің жеке қаражаттарына "Қазақстан комсомолы", "Түрксибші", "Қарағанды шахтері", "Қазақстан мұнайшысы", "Қазақстан металлургі", "Қазақстан пионері" атты авиаэскадриялар жасақталды. Ол үшін 480 млн. сом қаржы жиналды.
Республика еңбекшілері Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғаушыларға 400 вагон сыйлық жөнелтіп, жаудан тазартылған аудандардан көмегін аяған жоқ. Орел облысын қамқорлыққа алып, оларға 200 вагоннан аса жабдық, ауыл шаруашылығы машиналарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар және 100 мың бас мал жөнелтті. Осындай көмек Украина мен Белоруссияға, Солтүстік Кавказға және Ленинград, Курск, Калинин облыстарына көрсетілді.
Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің, бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.