ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 843
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шыңдыққа жүгінетін болсақ, тұткынға түскеңдердің көпшілігі жау қолына жаралы болып, шегіне алмағандықтан, ес-түсінен айрылғандықтан немесе оғы таусылғандыктан түсті. Айта білсек, тұтқынға түсу де — әскери маневр. Тұткынға түсу - өмір суруді жалғастырудың соңғы мүмкіндігі. Оның өзі жауға қарсы күресті жалғастыру деген сөз. Тұткынға түсуден кауіптеніп өзін-өзі ату дұрыс түсіне алсақ — кылмыс. Құранда да өзіне-өзі қол жұмсау — қылмыс болып саналады.
Сенімді дерек көздері бойынша кеңее халқының 5,3 млн. адам жау тұткы-нында болған. Сталин қайтыс болып Хрущевтың «жылымық саясаты» кезінде олардың кепшілігі ақталғанымен, оларға мемлекет тарапынан, бұрынғы биліктің оспадарсыз саясаты үшін, оларға керсеткен зорлық-зомбылығы ушін кешірім сұралған жоқ. Бұрынғы КСРО өмір сүруден қал-ғанымен, қазіргі Ресей Федерациясы және басқа да тәуелсіз мемлекеттер басшылары бұрынғы билікті айыптап, жазықсыз жапа шеккендерден кешірім сұраса, олардың мәртебесі жоғарыламаса, кішірейе қоймайды.
Соғыстың алғашқы күңдері мен айларынан кейінгі алғашкы сәтсіз-діктерден кейін, үлкен шығындарға үшырағандарына қарамай кеңес комаңдованиесі ес жиып, неміс әскерлерінің шабуылына қарсылық күшейе бастады. Фашистердің алға жылжуы қиындап, жау әскерлерінің шығыны да көбейе түсті. Қорғаныстың және қарсы шабуылга шығудын оперативтік жоспарлары жасалып, олардың көпшілігі ©з нәтижелерін беріп те жатты. Адам шығыны мен жау басып алған аумактарда калған өнеркәсіптік шы-ғыңдардың көптігіне карамай кеңестік экономика әскерді кару-жарақпен, оқ-дәрімен, көлікпен, киім-кешекпен дер кезінде қамтамасыз етуге қол жеткізді. Еліміздің шығыс аудандарына, оның ішінде Қазақстанға көшірілген өндіріс орыңдары тез арада іске қосылып өнімдер бере баста-ды. Соғыс жылдарыңда Қазақстанға жау басып алған аудандардың 220-дан астам зауыттары мен фабрикалары көшіріліп әкелінсе, 460-дан астам жаңа өңдіріс орындары іске қосыдды. Қазақстан еддегі барлық қорғасынның 85%, мыстың 35%, түсті метаддың 79% берді.
КСРО-ға төнген қауіптің бүкіл әлем үшін орасан зор зардаптарының бар екеңдігін түсінген АКШ пен Ұлыбритания Кеңес Одағына көмек беру туралы шешім кабылдады. 1941 жылы 29 қыркүйек - 1 қазаңда болған Мәскеу конференциясыңда жасалған үш жақты келісім бойынша АҚШ пен Ұлыбритания Кеңес Одағына қару-жарақ пен азық-тулік беріп көмек-тесуге міндеттеме алды. АҚПІ ленд-лиз бойынша Кеңес Одағына өсімсіз 1 млрд. доллар қарыз берді. Одақтастар соғыс жыддары КСРО-ға 13 мың танк, 22 мың ұшақ, 427 мың жүк машинасын берді. Осылайша фашистік Германияға қарсы одақтың негізі қалаңды. 1942 жылы 7 желтоқсанда жа-пондар АҚШ-тың Гавай аралдарыңдағы (Оаху аралы) ең ірі әскери-теңіз базаларының бірі Перл-Харборға кенеттен шабуыл жасап, американдық-тардың әскери-теңіз флотына едәуір шығын келтірді. АҚШ-тың бұл шы-
ғыны 1898 жылғы испан-американ соғысы мен бірінші дүниежүзілік соғыс жыддарындағы әскери-теңіз флотыңдағы шығыңдарын қоса есептегеннен үш есе асып түсті. Осыдан кейін ғана АҚШ, Үлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. Антигитлерлік одақтың құрылуы және ұрыс кимылдарының Тынық мұхит бассейні мен Солтүстік Африкада және ке-ңес-герман майдандарыңда қатар жүруі Жеңіс күнін біршама тездете түсті.
Алты жылға созылған сұрапыл соғыс оған дейін болған соғыстар тари-хында болмаған ірі-ірі шайқастармен әйгілеңді. Атап айтар болсақ, Ста-линград түбіндегі шайқас, Курск шайқасы, Днепрден өту, Ленинград қор-ғанысы, Берлинді алу, Солтүстік Африкадағы Эль-Аламейн шайқасы, одақ-тастардың Нормандиядағы әлемдік соғыс тарихындағы ең ірі десанттык операциясы, теңіз шайқастарынан жоғарыда аталған Перл-Харбордан бас-қа, Ява аралындағы, Королл теңізіңдегі, Гуадоканал аралыңдағы және тағы басқа шайқастарды айтуға болады.
Бұл соғыста әскери колбасшылар да өздерінің ұйымдастырушылық таланттарымен әйгілі болды. Оларға «Әскери қолбасшы дегеніміз — ха-лықтың тағдырын шешетін ұлы тұлға» деп баға берген генерал-фельдмар-шал Гельмут фон Мольтке, оларды соғыс тағдырын шешетін қайраткер-лерге теңеді. Көптеген елдердің әскери қолбасшьшары адамзат тарихын-дағы ең ірі соғыста өз елдерінің ғана емес, екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырын шешкен соғыс операцияларын дайындады және оларды аса дәддікпен жузеге асыра білді. Олардың қатарына И.В. Баграмян, А.М. Ва-силевский, Н.Ф. Ватутин, Ф.И. Говоров, Г.К. Жуков, И.С. Конев, Р.Я. Ма-линовский, К.К. Рокоссовский (Кеңес Одағы), Дж. Коллинз, Д.Макартур, Р.Тернер, Д.Эйзенхауер, О.Брэдли (АҚШ), Б.Монтогомери, У.Теддер, А.Уэйвелл, Б.Фрейзер (Улыбритания), Шарль де Голль (Франция), К.Ман-нергейм (Финляндия) және тағы басқаларды жатқызуға болады.
Әскери таланты мен ақыл-ойын басқыншылық операцияларға жұмса-ған Ф.Бок, Д.Дениц, Э.Майнштейн, В.Модель, Ф.Паулюс, ЭРоммел (Гер-мания), И.Ямомота, Т.Ямасита (Жапония), Дж.Мессе (Италия) және тағы басқаларсыз аталған еддердің жаулап алу соғыстарын көзге елестету қиын. Өйткені, жаулап алу соғыстары да тарих. Олардың аттары да соғыс тари-хында қалды.
Одақтас мемлекеттер басшылары И.В. Сталин, Ф. Рузвельт, У. Чер-чильдің күллі адамзат баласына қауіп төнген сын сағатта өзара келісімге келіп, антигитлерлік одақ құруы және олардың қатысуымен өткен Теге-ран, Ялта, Потсдам конференциялары шешімдерінің екінші дүниежүзілік соғыстың басым бағыттарын айқындай алғанын және ортақ жеңіске жеткізе алғаңдығын бүкіл адамзат баласы мойындайды. Бүкіл Еуропаны жаулап алып, аяғына таптаған, сол елдердің бүкіл экономикалық күш-куатын пай-даланған, бакайшағына дейін каруланған, соңғы әскери техникамен жа-рақтанған, жаулап алу ұрыстарының тәжірибесінен өткен, сан жағынан да, әскери техника жағынан да әлдеқайда басым жауды біз қалай жеңдік? Бұл жеңістің басты себебі өрине, халқымыздың Отанға деген сүйіс-пеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі кеп ұлгты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекеңдеген барлык халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Кеңестер Одағы деп ата-латын Отанын корғады. Бұл соғыста бүкіл халықты бір идеология туының астында біріктіре алған кеңестік насихат та аз рөл атқарған жоқ. Бұл со-ғыста бүкіл елде темірдей тәртіп орнатқан, соғыс жоспарлары мен опера-цияларын жасауда корегендік танытқан, Батыс елдерімен ынтымақтаса білген Бас қолбасшы И.В. Сталин мен кеңестік әскери қолбасшылардың да атқарған релі аз емес. Біз оны да мойындай білуіміз керек. Жер шары-ның алтыдан бір белігін алып жаткан көп ұлтты мемлекетті ел басына қиын-қыстау күн туған аласапыран сәтте бір тудың астында біріктіру әсте де оңайға соққан жоқ. Бұрын Ресейдің отарлық теперішін керген Кавказ, Орта Азия және Прибалтика халықтарының ез елдерінің амандығы үшін бір сәтте ыдырап кетуі де әбден мумкін еді. Тарихта ондай оқиғалар да аз кездеспеген.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына үлкен қасірет әкелді. Бұл соғысқа 1,7 млрд. халқы бар 61 мемлекет (әлем халқының 80 %) катысты. Соғыс қимыддары 40 мемлекеттің жерінде жүріп, 110 млн. адам әскер қата-рына алыңды. 60 млн. адам каза тапты. Әлемдік тарихта «Холокост» деген атпен белгілі болған еврей халқын жою саясаты жүргізілді. Фашистер бар-лығы 6 млн. еврейді қырғынға ұшыратты.
Соғыс жылдарында КСРО-27 млн., Германия - 13,6 млн., Польша -6 млн., Қытай - 5 млн., Жапония - 2,5 млн., Индонезия - 2 млн., Югосла-вия -1,7 млн., Филиппин - 1 млн., Франция - 600 мың, Англия - 375 мың, АҚШ - 275 мың адамынан айрыдды.
АҚШ-тың адам және материалдық шығыны негізінен Жапонияға карсы соғыста болды. Бұл шығындардың қайтарымын АҚШ үкіметі ешқандай ақтауға келмейтін екі атом бомбасымен ғана қайтарды. Бұны Трумэннің Жапониядан кек қайтару саясаты деп қана түсінуге болады.
Бұл Жеңісте қазақстандықтардың да қосқан үлесі зор. 1 млн. 360 мың қазақстаңдық Кеңес Армиясының қатарында ел қорғауға аттанып, зұлым жаумен шайқасты. 600 мың казакстандық майдан далаларынан қайтып орал-мады. Бұның ішінде 550-600 мың қазақтың 350 мыңы майданда қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті. Қарапайым арифметикаға жүгінсек, Кеңес халқының 15%, қазақстандықтардың 11% (майданға аттанған әрбір қазақ-
стандықтың екіден бірі, әрбір қазақтың 70%) қаза болды. Олардың сүйегінің қай жерде шашылып қалғанын немесе қайда жерленгенін туыс-тары да білмейді. «Қаза тапқан соңғы орыс солдаты жерленіп, құрметке ие болғаннан кейін ғана соғыс аяқталды деуге болады» деп А.В.Суворов айт-қандай, әлі күнге дейін соғыста қаза болғандарға лайықты құрмет жасай алмай келеміз. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деп қанша жерден айтканымызбен қаншама боздақтарымыз хабарсыз кетті немесе соңғы құрметке (лайықты жерлеу рәсіміне) ие бола алмады. Қаза тапқандардан ерлік жасағандар ғана құрметтелуде. Ал ерлік жасағысы келген, майданға ез еріктерімен аттанған, бірақ жаумен соғысып, оқ атып үлгірмеген, со-ғысқа кіріскен алғашқы күннен оққа ұшқандар (қаңғыған оқтан, бомбала-удан, снаряд жарылысынан және т.б.) ше?
Қорыта айтқанда, біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Тірілерге құрмет керсетіп, қаза болғандарды риясыз еске аламыз. Үлы Отан соғысы жәнеҮлы Жеңіс. Бұл екі сез бір-бірінен ажырағысыз және бір-бірін то-лықтыра түседі. Үлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор кұрбандықта-рымен келген касіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Бүтіндей әулеттердің түбіне жеткен, ошағын ешірген, ананы жесір, баланы жетім қалдырған бұл алапаттың зардапта-рын жою қашанға дейін созылады? Бір нәрсе ғана ақиқат. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, Жеңісті жақыңдата түскен әрбір күні ұмы-тылмайды. Ойткені, ерлік шежіресі ұрпақка ұлағат, ертеңгі күнге үлгі бо-ларлық сабақ. Қазіргі күнгі әлемдегі ең басты проблема да ортақ үйіміз — Жер шарын соғыс ертінен сақтау, бейбітшілік, аймақтық соғыстарға жол бермеу, терроризмге қарсы күрес және дінаралық, ұлтаралық қақтығыс-тарды боддырмау. Соғыстың барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуы-на кері әсерін тигізіп отырғанын ешқашан да ұмытпауымыз керек.
2. Үлы Отан соғысына біртұтас елдің бір болігі ретінде қатысқан Қазақ-станның соғыс қарсаңында стратегиялық маңызы зор табиғи және адам ресурстары бар еді. 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанның хал-қы 6,2 млн. адам болды. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Яғни, 1 млн. 200 мың адам армия қатарына шақырылды. Сонымен бірге, еңбек армиясы мен арнаулы құрылыс бөлімшелерінде 700 мыңнан астам адам еңбек етті. Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақстанда 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы мен 6 әскери бригада құрылып, майданға ат-тандырылды. Республикада 2 млн. астам адам әскери даярлықтан отгі.
Соғыстың алғашкы айларынан бастап-ақ Қазақстан экономикасы со-ғысқа бейімделіп қайта кұрыла бастады. Немістердің КСРО-ның батыс аудандарын басып алуы ел экономикасында Қазақстан мен Сібірдің маңы-зын арттыра түсіп, жау қолында қалып қоюы мүмкін болған өңдіріс орын-дары соғыстың алғашқы күвдерінен бастап-ақ Сібір мен Қазақстанға және Орта Азияға көшіріле бастады. 1941-1942 жылдары Украинадан, Белорус-сиядан, Мәскеуден, Ленинградтан және басқа аудандардан Қазақстанға 220-дан астам зауытгар мен фабрикалар көшірілді. Тек Украинаның езінен ғана 70 зауыт пен фабрика көшіріп әкелівді. Оларды орналастыру қиынға түсті. Көшіріп әкелінген өвдіріс орындарының кепшілігі өз жұмыстарын асығыс салынған ғимараттар мен үйлерде және бастырмалардың астывда бастады. Олардың көпшілігі өздері тектес кәсіпорывдардың базасына ор-наластырылды. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Ақтөбе, Орал, Қарағавды, Шымкент, Алматы, Петропавл қалаларывда орналастырылды. Оларды орнатастырған кезде соғыс уақытыныңталабы, уақыттың аздығы мен майдан үшін қажетті әнімдерді мүмківдігінше тезірек беру жағы ескерілді.
Соғыс жылдарывда Қазақстан аумағында жаңа өндіріс орындары да салывды. Кошіріліп әкелінген кәсіпорывдарды есептемегевде Қазақстан-да жаңадан іске қосылған өвдіріс орындарының саны 460-тан асты. Қазақ-стан бүкіл елдегі қорғасынның 85%, мыстың 35%, түсті металдың 79% берді. Кен өвдіретін Қоңырат, Ақшатыр, Жезді, Текелі кен-байыту комбинат-тары іске қосылды. Соғыс жыддарывда Қарағавды шахтерлері 34 млн. тон-на көмір шығарды, мұнай өндіру 39% өсті. Элект қуатын өвдіру екі есе есті. 1942-1943 жыддары Мақат-Орск және Ақмола-Магнитогорск темір жол құрылыстары іске қосылды.
Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайларға қарамастан ауыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлестері аз болған жоқ. 1942 жылға қарай ауыл халқының саны 600 мың адамға кеміп кетті. Кадрлар жетіспеді. Май-данға кеткен ер адамдардьщ орнын негізінен әйелдер мен балалар басты. Егіс көлемі 1942 жылы 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. Астық өндірісі, тары және қызылша мен макта өвдіру артты. Мал саны 1943 жылы екі жарым есе әсті. Мал саны женінен Қазақстан соғыс жылдарында Ресейден кейін екінші орынға шықты. Ауыл еңбеккерлері аянбай еңбек етіп еңбектегі ерліктерімен бүкіл елге белгілі болды.
Актөбе облысының тары өсірушісі Шығанақ Берсиев бір гектардан 202 центнер өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының звено жетекшісі Ы. Жақаев бір гектар күріштен 172 центнер өнім алды. Соғыстың терт жылында Қазақстанның ауыл еңбеккерлері 5 млн. 829 мың т. астық, 734 мың т. ет және т.б. азык-түлік өнімдерін берді.
Қазақстан халқы армияны танкілермен және авиациямен жабдыктауда ерекше қамқорлық көрсетті. Соғыс қажеті үшін ақша жинады. Мектеп окушылары өздері жинаған 4 млн. сомнан астам акшаны Қазақстан пионері қорына аударды. Қазақстан студенттері мен жастары жинаған ақшаға он-даған танк колониялары мен ұшақтары және сүңгуір қайықтар жасалды. Соғыс жылдарывда Қазакстан халкы майдан қажеті үшін 480 млн. сом ақша жинады. 2,5 млн-нан астам жиналған жылы киімдер 1600 вагонмен майданға жіберілді. Соғыс жыддарында майданды азык-түлікпен, киім-кешекпен және соғыс шикізатымен қамтамасыз еткен Қазақстан өнеркәсібінің Үлы Жеңіске қосқан үлесі ерекше болды.