Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 848

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ҚАСТЕЕВ Әбілхан (1904—1973) — қазақ кескіндемешісі және акварельшісі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі. Жаркент (қазіргі Алматы облысы) қаласының жанындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Н. Хлудовтың көркем студиясында оқыды. (Н. Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін 1934 - 1937 жылдары Мәскеу қаласында Н. Крупская атындағы көркем студияны жалғастырды. Танымал туындылары: «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері Ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов»портреті. Ғалымбаева Айша Ғарифқызы. 1917/1918 жылдары туылған, қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т.б. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет Белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері .

СИДОРКИН Евгений Матвеевич – 1930 жылы Киров облысы Лебюжье аулында туылған.1957 жылы Ленинградтағы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннанкейін Е.М.Сидоркин Қазақстанға келеді. Негізгі еңбектері: "Ақсақал" (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары "Көңілді алдағыштар" (1959), М. Әуезовтің "Абай жолы" (1960) романына иллюстрациялы сериялар, "Қазақ эпосы" (1962), "Қазақтың ұлттық ойындары" (1964) , "Сәкен Сейфуллинді оқи отырып" (1965) әдебиетіне сериялар және т.б. Сидоркин Е.М. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған.

ИСМАИЛОВА Гульфайрус Мансұрқызы . 1944 жылы (кезінде Врубелмен оқыған) жастарды көркемсуреттің қыр-сырына ғана емес, форма мен түсті шығармашылық және сезімдік тұрғыдан қабылдай білуге үйреткен көркемсурет профессоры А. М. Черкасск көркемсурет училищесінің А класына оқуға түседі. Оның көп шығармаларына тән нәрсе - әшекейлеу. Ұлттық костюмдер, сәндік бас киімдер, сәндік бұйымдар, маталардың жеңілдігі, олардың оюлары, заттардың әртүрлі формалары – Исмаилованың тақырыптық әлемі.. Оның еңбегі V Бүкілодақтық кинофестивальда "Захар Беркут" ( А. П. Довженко атындағы студия), "Рустам и Сухраб" ("Тәжікфильм") эпикалық фильмдерінің қатысуына қарамастан ең үздік еңбек болып табылған. Қазақ киносының тарихында алғаш рет қазақ халқының ұлттық киімдері, тұрмысқа қажетті заттары және жауынгерлік жарақтары бейнеленген осы фильмге арнап 1500-ден астам эскиздер жасады. Оған қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін Қаз ССР-нің Мемлекеттік премиясы берілген болатын.



Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды.Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында да қомақты жетістіктерге қол жеткізді.

ХХ ғасырдың басында қазақ өнерінің қалыптасуы қазақ тарихында елеулі орын алды.Қазақтың музыка,театр,би өнерлері жан-жақты дамыды. Мәдени-ағарту мекемелері мен бұқаралық кітапханалар,клуб мекемелері желісі кеңейе түсті.Қазақ халқы өзінің өнерін бүкіл әлемге паш етті.

Тақырыбы: Фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
1. Екінші дүниежүзілік согыс және Ұлы Отан соғысының басталуы.

2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта қуру

3. Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі
1. 1945 жылы мамырда фашистік Германия талкандалғаннан кейін Жапонияға қарсы күрес кимыл-дары басталып, еқінші дүниежүзілік соғыс осы жылдың 2 кыркүйегінде ғана аяқталып, адамзат баласы сұрапыл соғыстан бір сәтке тыныстаған болатын.

Тарихшылар екінші дүниежүзілік соғыстың басталуын Германияның Польшаға басып кіруінен, 1939 жыддың 1 қыркүйегінен бастайды. 1939 жыддың 30 қарашасында кеңес-фин соғысы басталып, ол 1940 жылдың 12 наурызында аяқталды. Кенес тарихында бұл соғыс туралы көп айтылмайтын, өйткені бұл соғыс КСРО тарапынан әділетсіз соғыс болатын. Кеңес Одағы бұл соғыста өзінен едәуір әлсіз Финляндияны үлкен шығындарға жол бере отырып қана жеңе алды. Бір миллионнан астам кеңес әскерлеріне 300 мың-дай фин әскерлері карсы тұрды және оның 50 мыңы ғана жақсы үйретілген тұрақты әскер болатын. Атақты «Маннергейм бекінісін» алу үшін болған Суомуссалве түбіндегі шайқаста Қызыл Армия 27 мың адамынан айрылса, Финляндияның шығыны 900-дей ғана бодды. Кеңес Одағы соғысты баста-ғандағы мақсатына жеткенімен, оның халықаралық беделіне үлкен нұқсан келді және әскері көп шығынға ұшырады.

Полышаны жаулап алудан кейінгі алты ай тыныштықтан кейін Германия 1940 жылы көктемде Солтүстік және Солтүстік-Батыс Еуропа елдерін жаулап алуға кірісті. 9 сәуірде Германия Дания мен Норвегияның бейта-раптылығын бұзып, олардың жеріне басып кірді. Дания жеңілгендігін бірден мойындады. Немістер Данияны жаулап алуда 2 адамынан ғана ай-рыдды, 10 адамы жаралаңды. Норвегия үшін болған шайқаста Германия-ның әскери-теңіз күштері едәуір шығынға ұшырағанымен көп ұзамай Нор-вегия ұкіметі де жеңілгендігін мойындады.


1940 жылы 10 мамырда гитлерлік Германия Батысқа жорығын бастады. Бельгия, Люксембург және Нидерландыны тез жаулап алған неміс әскерлері, бір аптаға жетпей Франция жеріне кірді. 18 мамырда неміс әскерлері Сомма езеніне қарай француз шебін бұзып өтіп Кале маңында тұрған 350 мындықағылшын-француз әскерлерініңту сыртынан шықты. 22 мамырда Гудерианның танк құрамасы ағылшын-француз әскерлерінің кейін шегінер бірден-бір мүмкіңдігі Кале портына жақындады. Бірақ Гит-лер жорықты тоқтату туралы ешкім күтпеген бұйрық берді. Гитлердің осы қателігі ғана 350 мындық ағылшын-француз әскерлерін аман алып қалды. Қоршаудағы ағылшын-француз әскерлері теңіз арқылы Англияға кетіп үлгерді.

5 маусымда немістердің Францияның ішкері аймақгарына шабуылы басталып, ол 22 маусымда Франция үкіметінің жеңілгендігі туралы бітімге Қол қоюымен аяқталды. Франция үшін масқара бітім шарты 1918 жылы Германияның жеңілгендігі туралы бітімге қол қойылған мұражайдан ал-дырылған маршал Фоштың вагонында жасадды. Осылайша Германия өзінің бақталасы Францияға деген өшпенділігін дәлелдеді. 1941 жылғы көктемдегі Балкан соғыс науканы нәтижесіңде Югославия мен Греция жаулап алын-ды. Одан бұрынырак Венгрия, Румыния және Словакия Германия, Италия және Жапонияның дүние жүзін белісу туралы Үштік келісіміне қосылған болатын. 1941 жылдың көктемінде Еуропада бейтараптығын сақтаған үш мемлекет қана, Швейцария, Швеция жөне Ирландия қадды.

Еуропа елдерінің барлық күш-қуатын, экономикалық әлеуетін пайдаланған Германия КСРО-ға қарсы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Бүл жоспар бойынша Кеңес Одағын 8-10 апта аралығында талқандау жос-парланды. Гитлерлік комаңдованиенің КСРО-ға қарсы шабуыл жасау жос-пары және оның дәл мерзімі Сталинге мәлім болғанымен, ол қаңцай да бір жанжал және арандатушылық туып кетпеу мақсатында шекара маңын-дағы әскерлерге соғысқа дайындық туралы бүйрык бермеді. Керісінше, шекара маңындағы әскерлерге немістердің араңдатуына түсіп қалмауға, қарсы оқ атпауға бұйрық берілді. Кару-жарақтар мен оқ-дәрілер қойма-ларда сақталды. 1939 жылы 23 тамызда КСРО мен Германия арасындағы бір-біріне шабуыл жасаспау және өзара ықпал жасау аймағы туралы келісімге деген сенімділік басым болды. Бүл туралы соғыс қарсаңыңда шекара әскерінде қызмет еткен соғыс ардагері М.М. Марков былай деп еске алады: «Соғыстан екі апта бұрын комсомол белмесіңде «Германия — Кеңес Одағының сенімді досы» деген такырыпта лекция оқылды. Лекция-дан кейін танкілер консервацияға қойылды, қару-жарақтар қоймаға тап-сырылды. Екі аптадан кейін аспанда ұшақтар көрінді. Біз өзіміздің әскерлердің жаттығуы басталған екен деп ойлап, оған мән бермедік. Олар екпіндете келіп, қоймаларға бомбалар тастай бастады. «Бұл оқу-жаттығу бомбалары» (цементтен жасалған) деген айқай естідді. Бірақ үлкен жары-лыстар болып, қоймалар өртене бастады. Үшақтар екінші қайтара оралып, басқа да әскери объектілерді бомбылай бастады. Осыдан кейін ғана біз соғыстың басталғанын түсіндік».


Мәскеудегі герман елшілігі де бір сағаттан кейін ғана сыртқы істер халык комиссары М.В. Молотовқа Германияньщ КСРО-ға соғыс жариялағаны туралы нотаны тапсырды. Осыдан кейін ғана әскерлерге накты бұйрықтар беріле бастады. Бұл кезде көп жерлерде байланыстар үзіліп қалған бола-тын. Жаудың күші мен оның шабуыл жасау бағыттары туралы мәліметтер болмаса да кеңес әскерлеріне жаудың шабуылын тойтарып, қарсы шабу-ылға шығуға бұйрық та берідді. Бірақ бәрі де кеш болатын. Алғашқы күңдер-ден бастап-ақ кеңес әскерлері ауыр шығыңдарға ұшырады. Белосток пен Минск түбінде кеңес әскерлерінің үлкен екі тобы қоршауға түсіп қалды.

Ңеміс командованиесінің мәліметтері бойынша бүл екі топтан 300 мың тұтқын, 3 мың танкі, 2 мың зеңбірек қолға түскен. Кеңес әскерлерінің қоршауға алынуы бұнымен аяқгалған жоқ. Герман қарулы күштері шта-бының мәліметтері бойынша Умань ауданы маңында 100 мың адам, 300 танкі, 800 зеңбірек, Смоленск бағытындағы шайқаста 350 мың адам, 3 мың танкі, 3 мың зеңбірек, Гомель, Бобруйск маңыңда 80 мың адам, 140 танкі, 700 зеңбірек, Киев маңында 600 мың адам, 4 мың зеңбірек, 800 танкі, Брянск пен Вязьма маңыңдағы шайкастарда 663 мың әскер, 1242 танкі және 5412 зеңбірек жау қолына түскен.

Соғыстың алғашкы күңдерінде кеңес әскері тәулігіне 24 мыңдай ада-мынан айрылып отырды. Шайқастың алғашқы алты ай ішіңцегі шығыны 3 миллион 138 мыңға жетті. Бұңдай үлкен шығындар туралы кеңестік тарих-та бұрын айтылмады. Бұл шығындардың себебін әскери мамандар соғыс-тың тұтқиыддан басталуынан, немістердің Еуропа елдерін жаулап алу тәжірибесінің болуынан, жаудың әскери күш-куатының басымдылығы-нан, Қызыл Армия қолбасшылығының қателіктерінен және кеңес әскерлеріңде қару-жарақтың жетіспеуінен түсіндіреді. Кеңес әскерлері сонымен бірге қорғана отырып, қарсы шабуылға шығуға үйретілген бола-тын. Әскери естеліктер мен мемуарларда қоршау тактикасы мен одан бұзып шығу туралы үйретілмегендігі, ол туралы ешқандай түсініктің болмаған-дығы жайлы айтылады.

Дегенмен де, қоршауға түскен кеңес әскерлерінің бір бөлігі қиян-кескі шайқастардан кейін қоршауды бұзып өтіп, ез бөлімдеріне қосыдцы немесе партизан отрядтарын кұрды. Ал тұтқынға түскендердің қандай күйге түскенін соғысты көрмеген біздерге айтып жеткізу киын. Еуропа еддерінің әскери тұтқындарымен салыстырғанда біздің тұтқындардың көрген қияметін ешкімнің басына бермесін. Басқа мемлекеттердің тұтқындары Женева, Гаага конвенцияларының шешімдеріне сәйкес, Халықаралық Қызыл Крест арқылы азын-аулақ болса да өз елдерінен киім-кешек, азық-түлік және тағы да басқадай заттар алып тұрды. Ал Сталин болса кеңес тұтқыңдарын «Оганын сатқан опасыздар» деп айыптап каңдай да бір көмек беруден бас тартты. Соғыс аяқгалғаннан кейін одақтастар тұтқында бол-ған өз отандастарын жаңа киіммен қамтамасыз етіп, алғашқы медицина-лық көмек беру, сауықтыру шараларын жүргізіп барып, жайлы ұшақтар-мен, купелі вагондармен еддеріне қайтарды, әскери шендерін жоғарылат-ты, тұткында болған жылдары үшін етемақы төледі. Ал тұтқында болған кеңес әскерлерін вагондарға топырлата отырғызып, елге келгеннен кейін бірнеше мәрте тексеруден өткізді, опасыздар ретінде жазаға ұшырады, тұтқында болған деген атаумен кемсітушілік көрді.