ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 825
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4. Шекара әскерлері басшылығының кеңесі мемлекеттер басшылары кеңесінің Достастыққа мүше-мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғау және шекаралардағы түрақты жағдайды қамтамасыз ету сұрақтарын реттейтін орган болып табылады (ТМД жарғысының 31 бабы). 1995 жылдың 26 мамырында мемлекеттер басшыларының Кеңесі "Достастық қүрамына кірмейтін мемлекеттермен шекаралас ТМД мүше мемлекеттерінің шекараларын қорғау Концепциясы" туралы шешім қабылдады. Концепцияға сай ТМД шекараларындағы саясатты үйлестіру және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекара ынтымақтастығын арттыру жонінде үсыныстар болды.
5. Экономикалық сот.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты формалды түрде алғанда 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған "ТМД мүше-мемлекеттерінің шаруашылық үйымдары арасындағы есеп айырысуды жақсарту шараларын қамтамасыз ету туралы" Келісіміне сай қүрылған болатын.
|Экономикалық сот, мүше-мемлекеттер арасындағы экономикалық дауларды қараудан басқа, Достастық органдарының экономикалық бағыттағы келісімдері мен шешімдеріне түсінік береді.
6. Адам құқықтары жөніндегі комиссия.
Адам қүқықтары жөніндегі комиссия - Достастықтың консультативті органы болып табылады. Достастық мүше-мемлекеттерінің адам қүқықтары жөнінде алған міңцеттемелерінің орындалуын қадағалайды. Комиссияның орналасқан жері - Минск қаласы. 1995 жылдың 26 мамырда ТМД-ға мүше-мемлекеттер "Адам қүқықтары мен негізгі бостандықтары туралы ТМД конвенциясын" қабылдады. Бүл ковенцияға Достастықтың жеті мемлекеті қол қойды. Конвенцияға қол қоймаған мемлекеттер: Азербайджан, Қазакстан, Түркменстан, Өзбекстан жоне Украина.'
7. Достастықтың салалык ынтымақтастық органдары.
Бұл органдардың құрамына ТМД атқару органдарының тиісті басшылары кіреді. Салалық ынтымақтастық органдары өз өкілеттігі аумағында ұсыныстар қабылдайды, ал қажетті жағдайда үкіметтер басшыларының кеңесіне ұсыныстарымен кіреді. Сала аралық ынтымақтастық екі немесе көп тарапты болуы мүмкін.
8. Парламент аралық ынтымақтастық
Парламент аралық Аесамблея Достастық көлемінде парламент аралық консультациялар өткізеді, ынтымақтастықтың сүрақтарын талқылайды, үлттық парламенттер қызметі саласында бірлескен үсыныстарды дайындайды.
Сонымен, Қазақстан БҰҰ-ға кіретін мемлекеттер қатарында қомақты орын алды, экономикалық даму жағынан бүгінгі күні ТМД-ғы мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанның қазіргі кезде басты серігі Ресей мемлекеті болып табылады.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
1. 1995 жылғы Қазақстанның Конституциясы
2. Республиканың мемлекеттік рәміздері
1. Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер республиканың 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алған он бір жыл ішінде екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі - 1993 жылдың қаңтарында болған еді. Бұл Ата Заңның бұрыңғы КСРО Конституциясының көшірмесіне айналған Қазақ КСР Конституциясымен салыстырғанда едәуір айырмашылығы мен өзгешелігі бар. Деғенмен бұл бірінші Ата Заңның елеулі жетіспеушіліғі мен кемшілігі де болды. Оған басты себеп -бұрын еркіндік билігі қолына тимеген, оның дәмін татпаған, оған тиісті әзірлігі болмаған елде Ата Заңды асықпай, терең және жан-жақты байыппен қарап қабылдауға белгілі бір уақыт қажет етеді. Осыған қарамастан Конституциялық заң жүйесін қалыптастыруда, ондаған, жүздеген жылдар бойы тәжірибе жинақтаған өркениетті елдердің өткен жолдарын біздің жас мемлекетімізге аса қысқа уақыт ішінде жүріп өтуге тура келді. Сондықтан егемен елдің бірінші Конституциясын жасауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, бірінші Конституцияны жасау барысында ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік т.б. процестерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктері мен жоспарлары ғылыми тұрғыдан нақты салмақтау әлі мүмкін болмады.
Конституция жобасын жасаушылар көп жағдайда "еркіндік" сөзінен туындаған асқақ сезімнен шыға алмады. Оның үстіне бұған біздің қоғамның тарихында осы уақытқа дейін орын алған коммунистік қиялдар мен қағидалар да өзінің едәуір ықпалын тигізді. Осындай себеп-салдарға байланысты жас тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституциясын қабылдау қажеттілігі уақыттың өзі алға тартты. Оны 1995 жылғы наурыз айындағы өте қауырт оқиғалар да жеделдете түсті. Ол оқиға Республика Жоғарғы Кеңесінің бүкіл құқықсыздығын танудан және бұрыңғы Конституциялық тұжырымдарының біршама күйкіліктерінің көрініс беруінен айрықша байқалды. Сондықтан бұл шым-шытырық жағдайлар елімізде Конституциялық реформалар проблемасын тез арада шешуді күн тәртібіне қойды. Өйткені жаңа нарықтық кезең жалпы мемлекет көлемінде экономикалық реформалардың одан әрі тежелуін, саяси өзгерістер мәселелеріндегі бөгелуді жоюды талап етті. Мұның өзі батыл әрі принципті саяси және заңды бетбұрыс қажеттігін туғызды. Нәтижесінде Қазақстан азаматтарының тікелей еркін білдіру, бүкіл халықтық дауыс беру арқылы 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90 %-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата Заңын жақтап дауыс берді.
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрыңғы Ата Заң төрт бөлім, 21-тарау, 131-баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан да едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98-баптан тұрады. Жаңа Конституцияда еліміздің экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталынып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді.
Жаңа Ата Заң баптарын талдау барысында байқалатыны, ол - құқықтық мемлекет құруда бағдаршам іспеттес. Яғни өзімізге үлгі етіп отырған өркениетті елдер қатарына бір табан жақындай түскеніміздің жарқын куәсі сияқты. Конституцияның кіріспесінде: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", -делінген.
Мұның өзі Қазақстан халқының Ата Заң арқылы болашақта егемен құқығын жүзеге асыратынына ешқандай күмән келтірмейді. Жаңа Конституцияда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің халықаралық беделін жоғарылатудағы тарихи маңызы ерекше атап көрсетілген. Онда біздің егеменді мемлекетіміздің әлем қоғамдастығы алдындағы мәнмағынасы, рухы мен бүкіл болмысы, оның өркениетті даму кезеңінің ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары жан-жақты көрініс тапқан.
Ата Занда сондай-ақ қоғамда қолданылып жүрген жаңа ұғымдар мен атаулардың ғылыми және күнделікті айналымға енгізілгенін байқау қиын емес. Соның арқасында жаңа кезеңдегі нарықтық термин атаулары арнаулы, түбегейлі теориялық және қолданбалы салаға ауысты, қоғам тұрмысының ажырамас бөлігіне айналды. Бұл Конституцияның сөзсіз жаңашылдығы.
Ата Заң бойынша республикамызда демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды. Соған сәйкес Президенттің саяси билігі де қуатты.
Президент Конституциялық негізде Парламентті шақыру немесе тарату және заң шығару бастамашысы құқығына ие. Сонымен бірге Президент Конституция талабына сәйкес Заң шығарушы, атқарушы жөне сот биліктері арасында өзара өкілеттілікті, олардың ара-қатынасын үйлестіреді. Оны Президенттің 1996 жылдың маусым айында Парламент пен Үкімет арасындағы қарым-қатынаста туған дағдарысты ешқандай дау-дамайсыз Ата Зан баптарының талабына сәйкес ойдағыдай шешуі тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.
Конституцияда Президенттік республика жағдайындағы Парламент құзыры айқын белгіленген. Ол халық қамын ойлап, оның мүддесін қорғайтын демократияшыл әрі баршаға түсінікті заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент - Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Ата Заңда екі палаталы парламенттің ерек-шеліктері де егжей-тегжейлі көрсетілген. Жаңа Конституция бойынша депутаттар саны бұрыңғы 177-ден 114 адамға дейін қысқарды. Сондай-ақ Парламент қызметінің тиімділігін арттырып, оның депутаттық корпусының кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған бірқатар нормалары белгіленген.
Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Әсіресе, сот жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа реформа жүргізуге назар аударылған.
Конституцияға сәйкес жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді, соттар мен судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, судьялардың ісіне қол сұғуға болмайды. Нақты істері бойынша олар ешкімге есеп бермейді және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Ата Заңның еркшелігі - ол билік тармақтарының ешкайсысына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқтарды бұзуға жол бермеуінде. Мейлі, ол елдің Президенті немесе қатардағы қызметкер болсын, негізгі конституциялық құқықтарды, соның ішінде адам құқықтары мен бостандығын аяққа басуға жол бермейді. Бұрыңғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні жаңа Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, мемлекеттік, жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.
Қазақстан Конституциясының жаңа бір басты тарихи маңызы ұлт мәселесіне ерекше көңіл бөлуі дер едік. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында ұлтаралық қатынастарда бірқатар түсінбеушілік орын алды. 1992-1993 жылдары әрбір төртінші қазақстандықты ұлтаралық қатынастардың ушығу қатері қатты мазалаған еді. Бүгінгі таңда, кейбір деректерге қарағанда осы мәселелерге байланысты біршама алаңдаушылық білдірген қазақстандықтардың саны 5-6 %-ға дейін төмендеген. Оған, әрине, елімізді мекендеген жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің енді ешқандай этникалық ұлтына қарамастан, барлық мүдделерінің қорғалып отырғандығының нәтижесі. Мұның өзі біздің Ата Занда ерекше атап өтілген.
Сондықтан Қазақстан халықтарының бір тұтастығы, ұлтаралық келісімі, мемлекеттікті одан әрі нығайту, дамыту аясында ерекше маңызды. Түрлі ұлыстардың өкілдері тұрып жатқан ел халкының басын біріктіру, оны күнделікті жүзеге асыру Конституция қағидалары мен баптарында жан-жақты қарастырылған.
Тіл туралы саясат заңды құбылыс. Өйткені тіл ұлттық мүдделердің нәзік тоғысқан қызу нүктесі. Қазір қазақ және орыс тілдерінде 8300-ден аса және одан басқа он жеті ұлт тілінде оқытатын жүздеген мектеп, 12тілде шығатын газеттер мен жорналдар, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле және радио тұрақты қызмет етеді. Тіл саясатын іске асыруда Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірқатар ұлттық мәдени орталық-тарының белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсеткен жөн.
Дегенмен тіл мәселесі, соның ішінде мемлекеттік тілді қолдану, қазақ халқы арасында айырықша алаңдаушылық туғызуда. Мәртебесі мемлекеттік болып бекітілгенімен қазақ тілі осы кезге дейін білім, ғылым, іс жүргізу саласында өзінің лайықты орнын таба алмауы кім-кімді де қынжылтары даусыз. Ал, оның есесіне әлі күнге дейін халық өкілдері жиналған түрлі деңгейдегі бас қосу, ғылыми форумдар, Парламент, Үкімет пен Ассамблея мәжілістері орыс тілінде өтіп келеді. Қазақ тілі бұрыңғысынша тек жергілікті халықтың арасында, онда да тек күнделікті тұрмыста ғана азды-көпті қолданудан аспауда. Сондықтан бұл жағдайды ескере отырып, 1997 жылғы шілдеде қабылданған "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңның" орындалуына бақылау жасау, оны іске асыруда лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, тіл саясатын жүргізу үшін мемлекет қорынан тиісінше қаржы бөлу, бүкіл баспасөз, теле және радио хабарларының тең жартысын қазақ тілінде жүргізу алда тұрған аса маңызды міндет.
Жаңа Конституцияда республиканың азаматтығы туралы талас-тартысқа біржолата нүкте қойылған. Онда бұрыңғы КСРО-ның ыдырауы және егемен мемлекеттердің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру кезіндегі азаматтық мәселе жөніндегі орын алған алуан қиғаштықтар мен қайшылықтар нәтижесінде жинақталған өмірлік тәжірибе де жете ескерілген. Осыған байланысты Қазақстан Конституциясында қос азаматтық болмайтыны заң жүзінде бекітілді. Ата Занда бүгінгі танда іс жүзінде орындалмайтын, азаматтарды қызметпен қамтамасыз ету құқығы қысқартылып, оның орнына "Еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар" - деп көрсетілген. Білім беру, тұргын үй, денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан тегін қаржыландыру өткен кеңес қоғамының қанжығасында кетті. Енді азаматтарға тек мемлекеттік оқу орындарында, орта білім және жоғары оқу орындарында іріктеп сұрыптау арқылы тегін білім алуға кепілдік берілген. Мұның өзі елдің нарықтық экономикалық жолына түсуінің айқын дәлелі іспетті. Ата Занда азаматтардың құқықтары мен оларға қойылатын талаптар жөнінде де жаң-жақты көрсетілген.
Қазақстан жаңа Конституцияны қабылдау арқылы дүниежүзілік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алды. Ата Заң еліміздің көшпелі және одан әрі алға даму кезеңіндегі маңызды тарихи құжат. Сондықтан республиканың әрбір азаматы оның мазмұнын жете біліп, талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті.