Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 820

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстанның мемлекетгік егемендігі жарияланған 1990 жылғы 25 қазанға дейін аталмыш Конституцияға 1980 жылы 27 наурызда (99-бапқа өзгеріс енгізу туралы), 1986 жылы 3 желтоқсанда (129-бапқа өзгеріс енгізу турады), 1989 жылы 22 қыркүйекте халық депутаттары кеңестерінің жүйесі және қызмет принциптері (9-тарау), сайлау жүйесі (10-тарау); Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (12-тарау); сот әділдігі, арбитраж, прокурорлық қадағалау (18-тарау) және 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақ КСР-нің мемлекеттік Егемеңдігі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңға сәйкес тәуелсіз еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданғанға дейін 1978 жылы қабылданған Конституцияға 1990 жылы 20 қарашада, 1991 жылы 15 ақпанда, 1991 жылы 20 маусымда, 1991 жылы 25 маусымда, 1991 жылы 25 тамызда, 1991 жылы 10 желтоқсаңда, 1992 жылы ІЗ қаңтарда, 1992 жылы 18 қаңтарда, 1992 жылы 2 шілдеде мемлекеттік құрылыс пен басқару құрылымен жетілдіру, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын сайлау және т.б. мәселелер бойынша едәуір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша жамап-жасқалған Брежневтік конституция 1993 жылғы 28 қаңтарға дейін ақтонын айналдырып киген қойдай өзгеріске ұшыраған болатын. Яғни, аталған конституцияға 1978 жылдан 1993жылға дейін 15 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бүкіл халықтық референдумда қабылданған қазіргі Қазақстан Конституциясы бұрынғы қабылданған конституциядан кейін екі жыл өтер-өтпестен кейін неге қабалданды және қалай қабылданды деген сұраққа кейбіреулер әлі күнге дейін күмәнмен қарайды. Сондықтан да оған кеңірек тоқталған дұрыс. 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституция күшіне енген күннен бастап-ақ оның кемшіліктері, яғни, қоғамның әлеуметтік-эконо-микалық және саяси үрдістерінің шын ахуалынан алшақ жатқандығын көрсетті, тұрақты да тұрлауы егеменді мемлекет орнатудың қым-қуыт қызметіне құқықтық негіз бола алмайтындығын әуел бастан-ақ байқатты. Заң шығарушы орган болып табылатын Жоғарғы Кеңес те өз міндетін орындай алмады, экономикалық реформаның құкықтық негізін жасауды кешеуілдете берді.

Бірақ бұл жағдайды 1993 жылғы 16 қазанда Алматы қаласының Алатау аудандық кеңесінен бастау алған кеңестердің өзін-өзі тарату туралы бастамалары шешіп бергендей болды. Көп ұзамай-ақ Жоғарғы Кеңес депутаттарының көпшілігі де өз өкілеттіктерін тоқтату туралы мәлімдеді. Осылайша Жоғарғы Кеңес таратылып, 1994 жылы наурызда Парламенттің жаңа құрамы сайланды. Бұрынғыға қарағанда кәсіби деңгейі жоғары жаңа парламентгің тиімді жұмыс істеуіне 1993 жылғы Конституция нормалары кедергі келтірді. 1994 жылдың соңына қарай жаңа Конституция қабылдау туралы әңгімелер айтыла бастады. Көп ұзамай-ақ әділет министрлігінде жаңа Конституцияның бірнеше нұсқасы дайындалды. Жаңа Конституцияны алғашкы кезде Жоғарғы Кеңес сессиясында қабылдау жоспарланды. Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысына сәйкес бір жыл бұрын ғана сайланған Парламент заңсыз деп танылды және өз қызметін тоқтатуға тиіс болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың және Жоғарғы Кеңес торағасы Ә.Кекілбаевтың Конституциялық сот қаулысына енгізген қарсылықтары қабылданбады. Осыған орай 1995 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысынан туындайтын шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Конституциялық нормаға сәйкес заңсыз Жоғарғы Кеңестің қатысуымен кұрылған атқарушы билік үкіметтің өкілеттілігі де конституцияға сәйкес емес деп танылды.


Наурыздағы парламенттік дағдарыс жаңа Конституция қабылдау қажеттігін тағы да күн тәртібіне қойды. 1995 жылы 29 сәуірде Қазақстан халықтары Ассамблеясының «1991 жылы 1 желтоқсаңда бүкіл халык сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Назарбаевтың өкілеттілігі мерзімін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту туралы» ұсынысы бойынша өткізілген референдумда президент өкілеттігін ұзартуды оған қатысушылардың 95,46% жақтап дауыс берді. Елбасы осыдан кейін ғана жаңа Конституцияны қабылдауға батылдау кірісті және көп ұзамай-ақ Конституция жобасын талқылауға ұсыну туралы Жарлыққа қол қойды.

Конституция жобасының қалай дайындалғаны, қандай қиыншылықтар болғандығы туралы Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысы» кітабында былай деп жазады: «Жобаны талқылау үшін 11 сарапшы тағайындадым. Кейде біз Конституция баптары үстінде 12-14 сағаттан бас көтермей жұмыс жасадық. Іске зор жаупкершілікпен қарау, ешбір беделге бас ұрмау - басты талабымыз болды. Жобаға әбден сын көзімен қарауды, қайта-қайта талқылауды талап еттім. Мен жұмыс барысында қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы сапалық деңгейлерге көтерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен кұжаттар ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым... Әлемдік тәжірибе Конституцияны құққк мамандарының аз ғана тобы жазып шыға алатынын көрсетті. Ал бізді уақыттығыздығы қинады».

Конституция жобасын талқылауға үш миллионнан астам адам қатысқан 33 мың ұжымдық жиналыстар өткізіліп, 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер жасалды. Бүкіл халықтық талқылаудан кейін Конституция жобасының 55 бабына 1100 түзету мен қосымшалар енгізідді.

1995 жылы 30 тамызда референдумға сайлау құқығы бар азаматтардың 90,51 % қатысып, олардың 89% жаңа Конституцияны жақтап дауыс берді. Халық қабылдаған Конституцияны кері қайтарып алуға ешкімнің де құқығы жоқ. «Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз бастамасы мен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылдаған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің карауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады.

Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық рефереңдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әр қайсысының депутаттары жалпы санының бестен төртінің көпшілік даусымен Парламен тосы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі» (ҚР Конституциясы, 91-бап).



Авторы Қазақстан халқы болып табылатын Ата Заңымыздың қабылданғанына көп уақыт болған жоқ. Осы уакыт аралығында Конституция өз мүмкіндігін толығымен пайдалану үстінде, алдағы уакытта да оның пайдалану мүмкіндіктері мен әлеуеті жетерлік. Халықтың басым көпшілігінің президенттік басқару нысанын тандауы да сол кездегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың баяу жүргізілуі мен билік тармақтары арасындағы шіа-құлалықтан туған еді.

Сол жылдары мемлекеттік құрылыс, экономикалык үлгіні тандау, негізгі басымдықтарды бағамдау және оларды тезірек жүргізу мәселелерінде биліктің әр тармағында әр килы пікірлер басым болатын. Қазіргі Конституцияның қалай және не үшін қабылданғандығы туралы Елбасы Н.Назарбаев былай деп түсіндіреді: «Қазакстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы сол уақытта объективті тұрғыда орныққан президенттік басқару нысанын бекемдеп берді. Бұл таңдау кездейсоқ емес. Ол алдынғы тарихымыз бен бүгінгі болмысымыздан, қандай да бір әлеуметтік, эконо-микалық дағдарыстарға немесе биліктің әртүрлі тармақтары арасындағы алауыздыққа байланысты ауытқушылықтарға жол бермейтін қуатты топтасқан билік жүйесінің қажеттілігінен туындады».

2. 5 жылғы Конституцияның қабылдануына байланысты республикада биліктің жаңа жүйесі қалыптасты. Конституцияның 2-ші бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -халық болып табылады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сонымен бірге өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар.

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну және олардың өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, еліміздегі және халықаралық қатынастардағы Қазақстан мемлекеті атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ел Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостаңдықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады. Республика Президенті, сонымен бірге, мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет оргндарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.


Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың сайлау құқығы бар азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған және мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстаңда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайланады.

Президенттік басқару нысанындағы мемлекет басшысының мәртебесі оның елдегі барлық жағдайды өз қолында ұстауына, қандай да бір мәселеден туындаған ахуалды меңгеруіне, осылайша мемлекетік билік органдарының үйлесімді қызмет етуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге қоғамды ойдағыдай және түпкілікті реформалауға мүмкіндік берді. Республика Президентінің халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат кұқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болуы да көп ұлтты және көп дінді, сонымен бірге үдемелі әлеуметтік жіктеліс жүріп жатқан өтпелі кезеңнің қайшылыққа толы уақытында қоғамда азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің сақталуында орасан зор қызмет атқарды.

Президенттік басқару нысаны мемлекетгік биліктің заң шығарушылык, атқарушылық және сот билігі тармақтарының ара жігін ажыратудың конституциялық міңдетін икемді шешіп берді. Бір жағынан билік тармақтарының өзара тығыз ынтымақтастығы қамтамасыз етілсе, екінші жағынан олардың Конституция мен заңдарда белгіленген өзара тежегіш, бірінің өкілеттігіне екіншісінің араласуына жол бермейтін механизмі жасалды.

Билік тармақтары арасындағы билік бөлінісінің осылайша рәсімделуі, олардың бір-біріне қарсы тұруын және билік басындағы жекелеген адамдардың тайталасын болдырмау тетігін шешіп берді. Дәл осындай тайталас тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында керініс тапқан болатын. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін парламенттік немесе үкіметтік дағдарыстардың орын алмағандығы да президенттік басқару нысанының тиімділігін дәлелдей түседі.

Биліктің тұтастай және олардың тармақтары арасындағы тұрақтылығы ғана еліміздегі соңғы он жылдағы реформаларды жүргізудің жоспарлығын, кезеңдерін, кейбір бағыттардың басымдылығын дұрыс шешуге, бастауға және аяқтауға мүмкіндік берді. Биліктің осы нысаны ғана билік пен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тәуелсіздікті нығайту мен экономикалық және саяси реформалар жүргізудің басты құралы бола алды. 1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Республикасы президентгік республика болғаны мен, ол шын мәнінде парламенттік республика болатын. Жоғарғы Кеңес нарықтық экономика талап ететін, күн тәртібіндегі жаңа заңдар қабылдау орнына, қысыр әңгімелерге үйір болып, тәуелсіздікті асығыс шешімдер қабылдау деп ұқты, елдегі және сыртқы факторларды бағамдай алмады, кей жағдайларда эмоцияға беріліп, саяси сайыстың қызуы тым көтеріліп кетегін. Ал, оның неге апарып соқтырары көп ойландыра бермейгін.


Соңғы он жылдағы табыстарымыздың басты тетігі елдегі тұрақтылық пен конституциялық нормалардың мүлтіксіз орындалуынан, экономикалық және саяси реформалардың кезең-кезеңмен жүргізілуінен, басты Мақсаттың айқындалуынан деп айтуға толық сеніміміз бар. Сонымен бірге, біздің конституция демократиялық институттарды асыра пайдалануға жол бермейтінін ескертеді. Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, ұлтаралық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зом-былыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Елдегі және әлемдегі орын алып келген және орын алып отырған саяси жағдайды саралай келгенде президенттік басқару формасының біздің қоғамға не бергендігін айтар болсақ, оның ең бастысы - ел тәуелсіздігінің нығаюы мен экономиканың бүгінгі даму деңгейі және бұл форма елдегі саяси, ұлтаралық, шаралық тұрақтылық пен келісімнің, ел қауіпсіздігінің басты кепілі болғандығын батыл түрде айта аламыз. Ел тәуелсіздігін сақ-тау, орнықтыру, әлемдік қауымдастықтан өз орнымызды дұрыс таба білу, социалистік әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық жүйеге көшу кейбіреулер ойлағандай әсте де оңай болған жоқ. Қазақстанның жері мен байлығына сыртқы күштер қомағайлана көз де тікті. Жүзден астам ұлт мекендеген қазақ жеріне ұлтаралық мәселені шешу де оңай болмады. Аталған мәселелерді ушықтырмай шешуде президенттік басқару нысаны басты роль атқарды.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілік дауысымен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестік қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының төрттен үшінің дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазастанның мемлекеттік құрылысы.