Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 821

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны -дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Егеменді Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары -белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Олар бәйгеге түскен Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 суреттемесін жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. Шеңбер ішіндегі нышан белгі - Елтаңба идеясының басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» - дейді. Бұл киелі ұғым халқымыздың ең ізгі тілегін білдіреді. Елтаңбадағы аймүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап, қияға көтерген қазақтың қара шанырағының бейнесіне қарап тұрғанда бірден еске түсер ой да осы. Еліміздің туына айналған ұлы идея - еркіндік идеясы, жұрт-жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршеңдік идеясы туғызған қасиетті белгі, барша халқымыздың бойтұмарына айналған.

Шеңбер ішіндегі киіз үй шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі - аспан, күмбезіндегі асыл шырақ - күн бейнесін елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисыны табылып керегелердің көрінісі де берілген. Әр бөлшектегі әсем айшықтылған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды, қатар тіршілік кешкен басқа да ұлт өкілдері бар бірлесіп кереге-уықтай кірігіп, күш-жігер жұмсап, аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымызды, тәуелсіз мемле-кетімізді меңзегендей болады. Киіз үй - көшпелілер мәдениетінің ғажайып туындысы. Бүкіл әлем оны сәулет өнерінің теңдесі жоқ үздік үлгісі деп мойындағаны қашан. Ол туралы сонау ықылым замандардан бастап, көне тарих бастауында тұрған әйгілі Геродот, медицинаның атасы Гиппократ тамсана жазған. Киіз үй отбасы тұрағы ретінде ғана пайдаланылмаған. Ол көшпелілер үшін қоғамдық-әлеуметтік мәні бар орын рөлін де атқарған. Аумағы ат шаптырым көп қанатты хан ордалары да болған. Киіз үй –көшпелілер өмірінің ең бір жиынтық образы. Қасиетті қара шаңырақ бейнесі біздің төл мәдениетіміздің, далалық табиғатымыз бен салт-дәстүрлеріміздің өнердегі көрінісі.

Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бір маңызды бөлік - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшандығын, қырмызы қызыл түлкінің қалайда болса жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Көшпелілер ұғымында жылқы-түлік біткеннің төресі. Оның жолға беріктігі мен жүрдектігі, еті мен қымызының қоректігі және шипалық қасиеттері жанға дәру болса, ойынды айтпай көзіңнен ұғатын қасиеті мен талғампаз кірпияздығы /мысалы, жылқы ешқашанда лай суға тұмсығын малмайды/ мінез-құлқындағы тектілік ретінде жоғары бағаланады. Көне түсініктер бойынша, киелі көк пырағы адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Ал басқа түліктердің барлығы адамға қызмет етуге жаратылған, бар тіршілігі жер-анамен ғана байланысты деп есептелінеді. Ат болса -адамның қанаты. Жалына қолың тиісімен-ақ жердің тартылыс заңын жеңіп, қиялыңа қанат бітеді. Жақсы ат мінген-жарым патша. Аты жоқ жарлы өзін елдің қоры сезінеді.


Ел серігіне баланып, ел сүйген пырақтың көркемдік бейнесіндегі қанат пен мүйіз бір қарағанда көзге таңсық көрінгенімен, халықтық таным-түсінігімізге жат емес. Мүйізді айбын-айбат, ақжолтайлық белгісі деп қарау ертеден келе жатқан ұғым. "Қошқар мүйіз" өрнегінің халықтың қолданбалы өнерінде кең таралуының астарында елдікті танытар қажырлылық пен қайраттылықтың нышаны жатса керек. Ал арғымақтардың алтын қанаттары сонымен қатар астықтын алтын масақтарын бейнелеу - бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес.

Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс - бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс. Бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де (731 жыл) қолданылған. Ол аспан денелерін, әсіресе, күн мен айды, одан кейін жұлдыздарды кие тұтатын халқымыздың "бағымыз ашылып жұлдызымыз жарқырай берсін" - деген асыл арманын арқалап тұр. Ал елдің аты — Қазақстан - қазақ елі болып өрілуі көркемдік шешім жағынан да, мағыналық жағынан да айтарлықтай ұтып тұр. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айырықша өрлендіріп, бедерлендіре түскен.

1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында Президент Н. Ә. Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: "Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін"- деген еді. Еліміздің туы - қасиетті көк байрақ. Оның авторы - суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңгір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес. Өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген ғой. Ендеше аспан түстес бояудың айырықша ықыласқа бөленуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын - кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі.

Зеңгір көк түсті кие тұту дәстүрі халқымыздың көне тарихынан белгілі. Ол, әсіресе, Түрік қағанаты құрылған алтыншы ғасырда айқын аңғарылады. Түркі халқының көбінесе көк шатыр тігіп, бектері киімді көк түстен киген. Қағанат жұртының "көк түркілер" атануы "аспан түркілері", "тәңірлік түркілер" деген мағынаны білдірген. Соған орай ата-бабалармыз қасиетті бөрілі байрақ та "Көк асаба" атанған. Тағы бір назар аударарлық жай - Мемлекеттік туымыздың шымқай біртүстілігі. Қоспасы, қосары жоқ ол халқымыздың мәдени-этникалық біртектілігін, мемлекеттік тқтастық идеясын білдіреді.



Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек - сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ, Геральдика заңы бойынша, күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады.

Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран - дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған, алыс армандарға қиялап қанат қағу нышаны. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.

Тел туымызды даралап түрған тағы бір белгІ оның сабына таяу тік тартылған үлттық өрнекті жолақ. Онда "Қошкар мүйіз" деп аталатын қазақы өрнек қойылған. Өрнек халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен ең үлы табыс-тардың бірі. Өрнекте көшпелілердің керкемдік танымы барынша жарқын көрініс тапкан. Бүгінгі күнге дейін келген ою-өрнектер талай үрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінін бірнеше ондаған ғасырларға созылған үздіксіз ізденісініқ жемісі.

Тәуелсіз мемлекетіміздің Әнұраны - асыл қазына. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да содан. Қазақстанның Әнұраны әуенінің авторлары ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди. Олар бірлесіп шығарган әйгілі әуенінен қазақтың дархан мінезі мен ер көңілі сезіліп, айдын көл, асқар тауға жан берген шалқар самалының лебі еседі. Музыка халықтың жан дауысы десек, әсем әуеннен халқымыздың ұлттық мінезі, асыл аңсары тәңірлік тілмен төгіліп жатыр.

Әнұран - әлемдік қауымдастық аясына ұмтылған мемлекетіміздің басқа жұрттармен байланыс жасау кезінде қастерленіп, қасиетті бір ресми белгісі. Осы орайда ел символына айналған музыкалық нышан қазақта жалғыз емес екенінде айтқан жөн. Ресми атап түстелмеген, бірақ халықтың рухы салтанат құрған көпшілік аузына бірден түсер саздар бар. Мысалы, 1986 жылы желтоқсан оқиғалары кезінде елінің еркіндігі мен ар-намысының жоқтаушысы болған жас ұландардың жан дауысына айналған "Менің Қазақстаным" сондай саз. "Елім-ай" да сонысымен қымбат. "Ел айырылған", "Сарыарқа" күйлері де солармен тағдырлас. Бұл да халық көңілінің қалауы. Әрі баршаның бой тұмарына айналар аяулы әуен туғызу басқа жұрттар тәрізді қазақ елінде де бар үрдіс екенін еске салады. Ән мен күй көшпелілердің табиғатпен тілдесу құралы десек те болады. Олардың түсінігінде бүкіл табиғат ән салады. Сайын дала да, саумал көл де, тәкаппар тау шыңдары да. Асау толқын мен ақ селеу, самал жел мен сансыз жұлдыздар да өзінше күй ұқтырады. Айнала толған әуен болса, өз тыныс-тіршілігіңді одан қалай бөліп аласын. Әрине, Әнұран жеке адам тіршілігінен гөрі, бүкіл бір қауымның өмір салтына, мемлекеттік іс-қимылына көбірек қатысты. Ертеде халық ән арқылы ұран шақырып, жиналған ру-ұлыстар мен тайпалар бірлесіп елдің намысын қорғаған. Әнұран тек әуеннен ғана тұрмайтыны белгілі. Оның сөздері де қасиетті. Әнұран сөздерін жазған дүлдүл ақындармыз - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева.


Бойтұмар жырда халкымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, еңселі ертеңіне бағышталған арманы жақсы көрініс тапқан. Сол сияқты рухани қазынамызды танытар халықтық қасиеттер, бейбіт пейіліміз бен досқа ашық құшағымыз туралы толғаныс та орынды шыққан.

Еліміздің рәміздері Қазақстан халқының бірнеше оңдаған ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол жеткендігін паш етеді. Ата Заң принциптеріне сай елімізді мекендейтін барлық халық республикадағы мемлекеттік биліктің жеке қайнар көзі болып табылады.


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялары.


  1. Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі

  2. Қазакстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы мемлекет


1.Конституция - мемлекетгің ең жоғары заңдық күші бар, орталық және жергілікті органдардың құрылымы мен мәртебесін, азаматтар мен мемлекеттің карым-қатынасын айқындайтын Негізгі Заңы. Конституция демократияның ең маңызды институттарының бірі болумен қатар, қазіргі заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі болып табылады. Заңдық құжат ретіндегі Конституцияның орны зор. Мемлекеттің барлық басқа заңдары Конституция қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып кабылданады. Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдар және тағы басқа да құқықтық актілер заңды емес деп танылады. Конституциялық нормалардың қандай да бір бұзылуы заң бұзушылық болып табылады. Еліміз Конституциясының 34-бабында әркімге Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу міңдеттелген.

Конституциялық құқық ғылымында Конституцияны заң жузіндегі Конституция және іс жүзіндегі Конституция деп бөліп қарау айтылса, Конституциялар сонымен бірге, нысанына қарай: сараланған, сараланбаған және аралас Конституциялар, болжамды қолданылу мерзіміне қарай: тұрақты және уақытша Конституциялар, Конституциялық қабылдау тәртібіне қарай: Парламент қабылдаған Конституция, Құрылтай жиналысы қабылдаған Конституция, референдум арқылы қабылданған Конституция, өзгерістер енгізу бөліміне қарай икемді Конституция және қатаң Конституциялар түрлеріне бөлу дәстүрге айналған. Аталғандар бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы сараланған Конституция, тұрақты Конституция, бүкіл халықтық референдумда қабылданған Конституция, қатаң Конституция қатарына жатады.

Казақстанның алғашқы ресми Конституциясы 1926 жылы қабылданған болатын. Бірақ Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен қабылданған Конституцияны Бүкіл одақтык Орталық Атқару комитеті бекітпеді. Автономиялы республикадан одақтас республикаға айналған Қазақ КСР-нің Конституциясы 1937 жылы 26 наурызда Кенестердің бүкіл қазақстандық X съезінде қабылданды. Жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті болып аталған Қазақ КСР-нін бұл Конституциясы 10 тарау, 125-баптан тұрды. Ал 1978 жылғы 20 сәуірде тоғызыншы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған «кемелденген социалистік қоғам» конституциясы 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан құралды.