Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 802

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Үлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жіберіледі. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден білім алып келді. Ал 2003 жылдың басында республикалык арнайы комиссияның шешімімен 25 жас жігіттермен кыздар шет елге оқуға жіберілетін болды.

Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байкалды. Қазакстан Республикасы ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің такырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. X. Марғүлан атындағы Археологиялық институт, ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары үйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан ұлттык академиясының кұрамына енгізілдІ. Ғылыми дәрежелер тағайьшдау және ғылыми атақтар беру, дис-сертациялық жүмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті күрылды.

Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Мұның себебі бірнешеу:

Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді;

Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді;

Ғылым академиясы мен салалық ғылым мекемелері (КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі 6 мұнай және газ өндірісі министрлігінің батыс қазақстандық институты, т.б.) өзара және академиялармен тығыз байланыста жұмыс істей алған жоқ;

Экономикалық дағдарыс салдарынан ғылымды қаржыландыру едәуір қысқартылды;

коммунистік қызметке арналған бағаны ырықтандыру ғылыми мекемелерді ұстап отыру мәселелерін одан сайын қиындата түсті;

90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті;

XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады.


Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:

  1. электроника мен байланыс жүйесі бойынша,

  2. ақпаратты және есепті техника бойынша,

  3. биотехнология,

  4. экология,

  5. жаратылыс ғылымдары бойынша,

  6. минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,

  7. жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.


Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады.

1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты.

1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді.

  • жылы республикада ғылым мен ғылыми-техникалық саланы дамыту туралы заңдар базасын жетілдіруге арналған жұмыстар атқарылды. Осыған орай, «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпарат кеңістігін құру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент жарлығы және Үкімет қаулысы шықты.

  • жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады.


2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған.

Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
1. Республиканың саяси өмірі

2. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет ретнде қалыптасуы ең алдымен, оның саяси жүйесін реформалауды қажет етті, Кеңестік биліктен ажырап, демократиялы, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет орнықтыруға бет алған еліміз үшін оның қоғамдық құрылысындағы аса маңызды жетістіктердің бірі - Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси жүйесінің қалыптасуы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы саяси жүйедегі өзгерістер тәуелсіздікке дейін-ақ басталған еді. Олар ең алдымен, Қазақстан Республикасында президенттік институттың пайда болуы мен Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болатын.

1990 жылы 24 сәуірдегі Қазақ ССР-інің «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда президентгік институттың іргесі қаланды. Аталмыш заңда Президент қызметі Республикада жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық өзгерістердің одан әрі дамытылуын қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты, азаматтардың праволарын, бостандықтары мен қауіпсіздігін нығайту, Қазақ ССР-інің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдарының өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында тағайыңдалатыны айтылған.


1990 жылғы 24 сәуірде Республика Жоғарғы Кеңесінің Қазақстанның тұңғыш Президенті - Н.Назарбаевты сайлаумен байланысты мемлекет тарихында бұрын болмаған рәсім жүзеге асты. Мемлекет басшысы жоғары Қызметке сайланысымен реформаланып отырған Кеңес Одағы шеңберінде Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдарды жүзеге асыруға кірісті және сонымен бірге Қазақстанды мекендеген халықтар арасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тарихи байланыстардың ыдырауына жол бермеу үшін ерлік-жігер мен табандылық танытты. 1990 жылғы 25 қазанда Қазак КСР-інің Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Осы маңызды кұжатты талқылау мен қабылдау іс жүзінде демократияның алғашқы мектебі болды. Декларация кейіннен шын мәнінде Қазақстанның болашақ дамуы моделінің жобасын айқындап берді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіз саяси даму жолын ұстанатындығын дәлелдеп, мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны негізге ала отырып, «Қазакстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдады және мемлекеттің тәуелсіз дамуының алғашқы кезеңдерін оларды нақтылай және дамыта отырып конституциялық тұрғыдан бекітті. Президенттік басқару нысаны алғашқы кезден бастап ақ мемлекет құрылысы, заң шығару және сот билігін реформалау, экономика мен әлеуметтік саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндіқ жасады.

Елде құқықтық реформаны жүзеге асыру, елдің саяси жүйесін жетілдіру мен жаңа заңдар қабылдаудың конституциялық негізі 1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезендегі Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау болды. Осы кезеңде ел Президенті қолға алған батыл саяси қадамдар Ресейде болған билік дағдарысын біздің елде болдырмауға мүмкіндік берді. 1993 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша крсымша өкілеттіктер беру туралы» Қазақстан Республиксының Заңы қабылданды. 1994 жылы 7 наурызда сайланған Қазақстанның тұңғыш кәсібі Парламенті Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының 1995 жылы 10 наурыздағы шешімі мен заңсыз деп танылды.

1995 жылғы 25 наурызда қоғамның бірлігін сақтау мен елдегі саяси және әлеуметтік жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында 1994 жылы Елбасының бастамасымен құрылған қоғамдық орган - Қазакстан Халықтарының Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап мемлекет басшысына өтініш білдірді. Аталған өтінішті қабыл алған Елбасы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.


1995 жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум қорытындысында Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 94,46 пайызы дауыс берді және Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтынының жарқын дәлелі болды.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

1998 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 сәуірдегі республикалық референдуммен белгіленген өкілеттік мерзімін қысқарту және 1999 жылдың 10 қаңтарында жаңадан Президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес, 1999 жылдың 10 қаңтарында тұнғыш рет баламалы Президент сайлауы өткізілді. 79,8% дауыс алған Н.Назарбаев қайта сайланды.

2001 жылдың күзіне қарай үкімет мүшелері және ірі бизнестін бір топ өкілдері «Қазакстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің құрылғандығын жариялады және қазіргі билік пен елдегі жүргізіліп жатқан реформалармен келіспейтіндіктерін білдіреді. Олар алдағы уақытта саяси жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі ретінде Бірақ билік олардың еркін әрекет етуіне мүмкіндік бермеді және ұсыныстарын қарамады.

2003 жылдың күзінде өткен мәслихаттар сайлауы мен 2004 жылдың 19 қыркуйегіңде өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы да еліміздегі саяси реформалар мен демократияландыру үрдісіне халықтың бір бөлігінің көңілі толмайтындығын көрсетті. Парламент Мәжілісі сайлауының әділетсіз өткендігіне наразылық білдірген «Ақ жол» партиясы депутаттық мандаттан бас тартса, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ж.Түяқбай «Отан» партиясының құрамынан шығатындығын мәлімдеді. Сонымен бірге, көп ұзамай «Ақ жол» партиясы да екіге бөлінді. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президент сайлауы қарсаңында демократиялық үштер «Әділетті Қазақстан» қозғалысы төңірегінде топтасып, Президенттікке өздерінің бірегей кандидатын ұсынды.

2004-2005 жылдары Грузия, Украина және Қырғызстанда түрлі-түсті төңкерістер болып өтіп, бұрынғы билік жеңіліске ұшырады. Кейбір саясаттанушылыр кезекті түрлі-түсті революция Қазақстанда болуы мүмкін деген болжамдар айтты. Қазакстандық оппозиция қандай да бір жағдайда болмасын халықты көшеге шығаруға шақырмайтындығын, күш қолдануды қолдамайтындығын, тек сайлаудың әділ етуіне мүмкіндік жасалуын талап ететіндігін мәлімдеді. Дегенмен де билік алдын-ала сақтық шараларын жасады.