ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 803
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А. С. Пушкин мерей тойына орайластырған поэзия мерекелері, Евразия Университетінде "Алпамыс батыр" жырының 1000 жылдық тойына арналған ғылыми-теориялық конференция, ғұлама тарихшы, Орта ғасырдағы ірі мемлекет қайраткері Мұхамед Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой шараларының қоғамдық-саяси тұрғыдан тәрбиелік үлкен маңызы болды. М. X. Дулатидің өлмес мұрасы "Тарихи-и-Рашиди" еңбегі қазақ тілінде жарық көрді. "Ұлытау" қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған "Алтай-Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедициясы сәтті аяқталды.
Қазақстан мәдениетін дамытуда Бұқаралық ақпарат құралдары, Баспа мен полиграфияның алатын орны ерекше зор. Олардың алдында, әсіресе, соңғы жылдары мәдени мұраларды кеңінен насихаттау міндеттері қойылған. 2001-ші жылы республикада 1754 Бұқаралық ақпарат құралдар орындары, соның ішінде, 1167 газет, 451 жорнал, 121 теле және радиокомпаниялар, 15 хабар тарататын компаниялар, бірнеше ондаған баспалар жұмыс істеді. Олардың 80 пайызы мемлекеттен тыс, жекешеленген ұйымдар.
Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары алты томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының" 4 томы, Н. Ә. Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында", "Сындарлы онжылдық" т.б. еңбектері, 10 томдық "Тарихи және мәдени ескерткіштер" жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, "Алаш мұрасы" атты көп томдық серияларын, Әлкей Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды.
Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс істей бастады. Оларды жаңа әдебиеттермен жабдықтап, компьютерлендірудің, осы замаңғы ақпараттық жабдықтармен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қарастырылды. Кітапхана, мұражай, демалыс орталықтары қызметкерлерін қазіргі ғылыми-техникалық және әдістемелік талапқа сай оқыту, мамандығын жетілдіру, ірі мәдени орталықтарға тәжірибе алуға жіберу шаралары белгіленді. 2003 жылы кітапханалар қорындағьг кітаптардың жалпы саны 67,7 миллион данаға, 8,4 миллион газет пен жорналдар, ондағы окушылардың қатары 4 ниллионға жетті. Әсіресе, ауыл кітапханаларыньщ жағдайы біршама түзеліп, кітап сактауға қолайлы жана ғимараттарға көшті.
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001 жылы жарык көрген 198 кітаптьщ 96700 данасын ауыл кітапханаларына тегін таратты. Бұл бастама кейінгі жылдарда да өзінің жалғасын тапты. Мұның өзі мәдениет саласындағы орталықтардьщ бірі болып саналатын кітап-ханалардын санын көбейтіп, олардың жүмыстарын жандандыруда едәуір игі әсерін тигізді. 1992-1995 жылдар аралығында республика бойынша мынға тарта кітапханалар жабылып қалса, соңғы жылдары олардың көпшІлігІ қайтадан қалпына келтірілді. 2003 жылы елімізде 3312 кітапхана, оның 2742-сі ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
Мәдениет салаларынын. дамуында, әсіресе, халық өне-рінің алатын орны, атқаратын рөлі ерекше. Сондықтан соңғы жылдары халық өнерінің кайнар көзі-ауыл мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөлінген. Осының нәтижесінде қазіргі кезде ауыл мәдениетінің үлкен аясы қалыптастырылды. 2003 жылы республикада 7838 көркемөнерпаздар үжымдары жұмыс істейді, олардың жүмысына бірнеше ондаған мыңнан астам адам белсене қатысады. Олардың басым көпшілігі фольклорлық және отбасылық ансамбльдер, хор және драма үжымдары. Хореографиялық және отбасылық ансамбльдер Қазақстанда тұратын халықтардың этникалық мәдениеті дамуының негізі болып табылады. Олар еліміздің көпұлтты мәдениетінің кайта жаңғыруы мен дамуы ісіне өздерінің лайықты үлесін қосып келеді. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, 370 тен астам көркемөнерпаздар ұжымына "халықтык," деген құрметті атақ берілғен.
Алдағы кезенде республика мәдениетін дамыту үшін барлык, мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл елімізде шығармашылық ахуалын, өресі биік өнерге деген қажеттілікті, оны ұлттық тұрғыда өркендету, мәдени бағдарламаны жүзеге асыру, жас дарындарды тәрбиелеп өсіруде өзінің тиісті нәтижелерін беруге тиіс. Осы орайда Президент Н. Ә. Назарбаев "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Жолдауында мәдениетті дамытудың айқын жолдарын "Мәдени-тарихи мұраны сақтау" деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Ондағы басты қағидалар:
Біріншіден, халыктың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы замаңғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау.
Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мұның барлығы Қазақстанның экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, елдің болашағы мәдениетпен астасып жататындығын тағыда қадап көрсетеді. 2003 жылы республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өскен. Соңғы екі жыл ішінде бұл салаға бөлінген қаржы екі есеге дейін көбейді. Бұл қаржы мәдени саланы түгел қамтып, едәуір аяғынан тік тұрып кетуіне әсер етеді. Сондықтан үкіметтің басшы-лығымен мәдениет салалары алдағы уақытта да өзінің дұрыс шешімін тауып, одан әрі дами беретініне зор сенім білдіруге болады.
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның білім мен ғылым жүйесінің дамуы
1. Білім беру ісіндегі өзгерістер
2. Тәуелсіз Қазақстанның ғылымның дамуы
Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрыңғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Сондықтан өтпелі кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпаққа білім беруде плюрализм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсіресе, 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Алайда одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалған.
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оқу жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мыңнан астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеген, мектептерден жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазак, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе, соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған.
Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Интернет — мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделген. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылған.
Еліміз егемендік алған он жылдан астам уақыт ішінде республика жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандагы Ахмет Иассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық, Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып, дайындалып шыққан кадрлар, Тәуелсіз Қазакстанның сыртқы саясатын одан әрі дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім артты. Өйткені олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тілдерді менгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оку орындары калдырылды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-катынасы кеқейді. 1991 жылы жүздеген республика окушылары, студенттері мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, казірде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан "Болашак" бағдарламасы бойынша арнаулы қор кұрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген