Файл: Блім Кеістіктегі тікбрышты координаталар жйесі жне векторлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Векторларды қосу, векторды санға көбейту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.4.7 - векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар бірлесіп, векторларды қосу және азайтумен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді үйренеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылар- мен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру
1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.

2.Амандасадыжәне тілектерін білдіреді.

1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады.

2. Сабаққа дайындалады.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

Сұрақтар:

1.Векторды санға көбейту қалай белгіленеді?

2.Қандай вектор берілген векторға қарама-қарсы вектор деп аталады? Ол қалай белгіленеді?

1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатыментаныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Дескриптор:

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Жалпы- 3 балл.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

1.Оқулықты оқып танысып шығады.

2.Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып есептерді шығару мүшелерімен танысады.

Слайд

ДК экраны




1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

АВСА1В1С1 дұрыс үшбұрышты пирамида келесі векторлардың арасындағы бұрышты табады.

а)АВ және СС1;

ә)АВ және В1С1.





Дескриптор:

1.Векторлардың арасындағы бұрышты табады.

2.Жауабын анықтайды.

Жалпы - 4 балл.

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.




2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

а және b векторлары коллинеар. а+b және a-b векторлары коллинеар бола ма?

Дескриптор:

1.Есеп мазмұнын түсінеді.

2.Коллинеар болатынын немесе болмайтынын табады.

3.Жауабын анықтайды.

Жалпы - 3 балл



ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.