Файл: Реферат ТаырыбыБелгісіз жылдар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 270

Скачиваний: 23

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы білім және ғылым министрлігі

Алматы Технологиялық Университеді



Реферат

Тақырыбы:«Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680

жж.Сайрам соғысы.

Орындаған:Құсайынов.Б.Е.

Қабылдаған: Досекеева.Г.А.

2022-2023 оқу жылдары.

Жоспары

Кіріспе........................................................................................................1

1.Жоңғар шапқыншылығы.......................................................................2

2.Сайрам шайқасы.....................................................................................3

3.Тәуке ханнан кейінгі уақыт...................................................................4

Қорытынды.................................................................................................7

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................8

Кіріспе

Есім хан дүние салған соң Қазақ хандығының тағына оның ұлы Жәңгір хан (1643-1652) ие болды. Жәнгір хан бейлік құрып тұрған кезеңде Қазақ мемлекеті мен Жоңғар хандығы арасында үш ірі соғыс болғаны тарихта мәлім. Оның біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643-1644 жылдары, үшіншісі 1652 жылы болған еді. 1643 жылы жоңғарлар бейбіт жұртты қырып-жойып, Тоқмаққа дейін жетті. Жәнгір қалың әскерін келуін күтпестен, аз ғана жанкешті 600 жасағымен Жоңғарлардың 50мың әскеріне төтеп береді. Салқам Жәнгір көзсіз ерлігі сол заманның соғыс шежіресіне бетбұрыс жасады. Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы келесі жойқын соғыс 1652жылы болады. Ыза мен намыс буып, кек қайтару соғысына мұхият дайындалған Батұр қонтайшы 1652 жылы қазақ еліне тағы басқыншылық соғыс ашты. Екі жүз жылдан астам даңқты тарихы бар ортағасырлық ірі де іргелі мемлекет - Қазақ хандығының 1652 -1680 жылдар аралығын бұлынғыр уақыт болып есептелді. Бұл жылдары Бөлекей сұлтан ұлы Батыр хан отырды деген дерек бар. Қазақ хандығының ілгері ел екендігін, беделін күшейткен Салқам Жәңгір ханның ұлы – Тәуке хан (1680-1715) тарихтағы халық берген есімі – Әз Тәуке, яғни дана Тәуке болатын. Оның мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуы да отыз жылдық бейбіт кезеңмен тұспа-тұс келеді.

Жоңғар шапқыншылығы

Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылықтары бұдан кейін де жалғасады. Екі жақтан болып отырған ұсақ жорықтарды есептемегенде, жазба деректерде жоңғарлар тарапынан 1711-12, 1714 жылдары жаңа соғыстардың болғандығы айтылады. Өкінішке қарай, жазба дерек мәліметтерінің болмауы, бізге ΧVIII ғасырдың алғашқы жылдарында Тәуке ханның жоңғарларға қарсы жүргізген саясаты жөнінде нақты ой-пікір немесе тұжырым айтуға мүмкіндіктер бермейді.


Жоңғарлардың жекеленген өңірлерді ғана тонауға ұшыратқаны болмаса, қазақ елін толық бағындыруға, иеленуге бағытталған жорықтарына Тәуке хан тойтарыс беріп отырады. Тәуке хан тұсында қазақ қоғамында жүргізілген саяси-әкімшілік және құқықтық өзгерістер нәтижесінде қазақ елі өзінің қорғаныстық қабілетін көрсете біледі. Талай-талай қазақ батырлары осы кезде ел үшін, жер үшін жан аямай жоңғарлармен соғысады, тіпті кей кездерде өздері бірігіп, жоңғарлардан кек алу үшін оларға жеңісті жорықтар ұйымдастырады.

Тәуке ханның билігі тұсында қазақ хандығының аштарханилар әулетімен жүргізген саясаты да толық анық емес. Академиялық басылымдарда Тәуке ханның Бұқара ханы Сұбханқұли ханмен 1687-88 жылдары Ташкент мәселесі жөнінде келіссөздер жүргізгендігі жөнінде ғана айтылады.

Ал енді орыс мемлекетімен Тәуке ханның жүргізген саясаты мәселесіне келсек, екі жақты байланыстар сауда және шекаралық істер төңірегінде дамиды. XVII ғасырдың соңында Ресейдің билігіне I Петрдің, Қазақ хандығына Тәуке ханның келуіне байланысты екі ел арасындағы байланыстар жандана бастайды. Ресейдің Шығыс елдерімен жүргізген сауда жолдарының бір тармағы Қазақстан арқылы өткендіктен керуендердің қауіпсіздігіне кепілдік, тауарларға салынатын баж салығының көлемі мен мөлшері және Ресей мен Қазақстан шекарасының маңында тұратын тұрғындар арасындағы әртүрлі дау-дамайлар мен ірілі-ұсақты жанжалдар да елшіліктер арқылы шешіліп отырады. 1683-1693 жылдар аралығында Тәуке хан жоғарыда аталған мәселелер бойынша Ресейге бес елшілік жібереді. Тәуке ханның елшілері Сары мен Келдей, Тұманшы батыр мен Қабай, Құлтыбай Аталықовтар осы кезеңде Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы байланыстарды жүргізуде белсенділік танытады. ΧVII ғасыр соңындағы Тәуке ханның Ресеймен жүргізген қарым-қатынасы тең дәрежелес деңгейде жүргізілгенін байқау қиын емес. Егерде бір себептермен қазақ елшілігі Ресейде ұсталса немесе олардың жұмысына бөгет жасалса, Қазақстан аумағындағы орыс елшілеріне де дәл сондай әрекеттер жасалған. Мысалы, 1693 жылы Тәуке ханның елшілері Сары мен Көлдей орыс еліне аттанып, оларға сауда жасасу туралы шартқа қол қою міндеті тапсырылады. Бірақ та шекаралық кикілжіңдерге байланысты Тәуке ханның елшілері Ресейде тұтқынға алынады. Тәуке хан өзінің орыс патшасына жазған хатында «Адам атадан осы уақытқа дейін ұрылар үшін елші қамауға алу дегенді құлақ естіп, көз көрмеген еді» деп өз ренішін білдіреді. Тәуке ханның табандылығы арқасында қазақ елшілері босатылып, екі жақты мәселе бейбіт шешіледі.



Жалпы алғанда, Тәуке хан көршілес елдермен жүргізген қарым-қатынасында, әсіресе аштарханилық әулетпен және Ресей мемлекетімен арадағы даулы мәселелерді бейбіт түрде шешуге және сол елдермен байланыстарын дамытуға күш салады.

Сайрам соғысы

Сайрам шайқасы – қазақ-жоңғар арасындағы 1684 жылы болған шайқас.Қазақ хандығында қалыптасқан ауыр жағдайды пайдаланып, 1681 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошигт қалың қолменЖетісуға басып кіреді. Шу, Талас арқылыАрысқа жеткен жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңіліске ұшыратып, Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы берілмейді. Жоңғар әскері қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682 – 83 жылдары соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір-біріне алдырмады. Ақыры, 1684 жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар мыңдаған тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам шайқасынан кейін Жетісу өлкесі жоңғарлардың билігіне көшті.

Тәуке ханнан кейінгі уақыт

Тәуке ханның қайтыс болған жылын алғаш рет В.Вельяминов-Зернов шамамен 1718 жыл көрсеткен болатын. Содан бері тарихи әдебиеттер мен арнайы зерттеулердің бәрінде Тәуке ханның өлген жылы деп осы жыл көрсетіліп келеді. Тек соңғы жылдары жарық көрген еңбектерде ғана бұл дата нақтыланып, 1715 жыл деп көрсетілуде. Егерде В.Вельяминов-Зерновтың көрсетуінде 1718 жыл шамамен айтылса, В.Моисеевтің зерттеуіндегі мәліметте 1716 жылы қыркүйек айында Тобыл қаласына қазақ ханы Қайыптың елшісі келгендігі жөнінде айтылады. Автордың бұл мәліметі нақтырақ болғандықтан, біз Тәуке ханның қайтыс болған жылы – 1715 жыл деген пікірді жақтаймыз.

Тәуке хан ұзақ жылдар бойы Қазақ хандығының астанасы болып келе жатқан Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңына жерленеді. Бұған дейін айтып келгеніміздей, бұл кесене маңында оның әкесі Жәңгір хан, атасы Есім хан, сондай-ақ Шығай хан әулетінен тарайтын белгілі тұлғалар: Ондан сұлтан, Жәнібек хан (1628-1643) және тағы басқа белгілі адамдар жерленген болатын.

Тәуке ханның артында қалған ұрпақтары туралы мәліметтер толық және жүйелі емес. А.Левшиннің дерегінде Тәуке ханнан Болат атты ұлы, одан Әбілмәмбет, ал Әбілмәмбеттен Болат хан, Әбілпайыздың тарайтындығын атап өтеді.

С.Жолдасбайұлы құрастырған «Қазақ хандарының ата-тегінің кестесінде» Тәуке ханнан Тұрсын, Мұрат, Болат хан, Сәмеке хан атты ұлдардың таралатындығы көрсетілген. Одан әрі Болат ханнан Әбілмәмбет, ал одан Болат, Әбілпайыз және Байтек атты сұлтандар өсіп-өнеді.


Қазақ елінің XVIII ғасырдағы тарихында Тәуке ханнан тараған Болат, Сәмекелер, ал олардан кейін Әбілпайыз сұлтан өзіндік із қалдарған. Олар жөнінде әңгіме басқа.

Тәуке ханнан соң Қазақ хандығының тарихында бытыраңқылық кезең басталып, оның ақыры XIX ғасырдың 20-жылдарында тарихтың көшінде қалуымен аяқталады. Бытыраңқылық кезең ол Қазақ хандығы тарихындағы арнайы жеке қарастырар жеке дәуір болып саналады.

Қорытынды

Осылайша, Тәуке ханға қатысты жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, төменде мынадай жалпы тұжырымдар жасаймыз.

Бірінші, Тәуке ханның арғы-бергі ата-бабаларының бәрі дерлік XIII-XVII ғасыр аралығында Қазақстан аумағындағы саяси биліктің жоғары сатысында болып, осы ғасырлардағы саяси тарихта терең із қалдырған, қазақ елінің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосқан тарихи тұлғалар болған. Өз кезегінде Тәуке хан да өзі билік құрған жылдары ата-баба жолы мен дәстүріне сай Қазақ мемлекеттілігінің дамуына еңбек сіңіріп, есімі ел есінде сақталып қалған тұлғалардың қатарына жатады.

Екіншіден, Тәуке хан билікке келгеннен кейін қазақ қоғамында ұзаққа созылған дағдарыстарды құқықтық негізде реттеу үшін «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарып, оны қоғамдық өмірде кең қолданысқа енуіне бар күшін салады. Ішкі бірліктің біршама сақталуы оның билік құрған жылдарын салыстырмалы түрде «алтын ғасыр» деген теңеуге алып келеді, халық оны әз-Тәуке деп атап кетеді.

Үшіншіден, оның билік құрған жылдары жоңғарлардың жойқын шабуылдарына төтеп берумен тұста-тұс келеді. Тәуке ханның тұсында ішкі бірлік пен мемлекеттік биліктің сақталуы жоңғар билеушілерінің жорықтарына төтеп беруге мүмкіндік береді. Басқа көрші елдермен бейбіт қатынас орнатуға күш салады.

Жалпы алғанда, Тәуке хан қазақ елінің тарихындағы хандық дәуір деп аталатын тарихи кезеңнің ең соңғы және ең кемеңгер ханы бола білген. Ол қайтыс болғаннан кейін қазақ елінің әр жүзіндегі кіші хандықтардың тарихы басталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди

2. Фазлаллах ибн Рузбехан. Михманнама и-Бухара

3. Марғұлан Ә. Қасым ханның қасқа жолы. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1575 6-том

4. Есмағанбетов К.Л. Елдік белестері // Егемен Қазақстан. – 2015. - 20-24 қаңтар 2015 жыл

5. Жағыпарұлы Ж. Қазақ хандығы // Егемен Қазақстан. – 2015. - 1-8 қаңтар.

6. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының тарихы. - А, 2015.

Смотрите также файлы