Файл: 10б сынып бжб 4 тосан Таырыбы Кездейсо шамалар жне оларды санды сипаттамалары. Оу масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
10-Б сынып БЖБ 4 тоқсан
Тақырыбы: Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары.
Оқу мақсаты:
1)Кездейсоқ шама мен түрлерін ажырата білу
2)Үлестірім заңына берілген есептерді шығару
3)Математикалық күтім,дисперсия орташа квадраттық ауытқу сипаттамаларын қоладынып, есептер шығару.
Орындау уақыты 25 минут
ТАПСЫРМА:
1- нұсқа
1)Келтірілген МЫСАЛДАРдан үздіксіз кездейсоқ шаманы анықта! [2]
1)Бақылау жұмысындағы қателер саны
2)Механикалық роботтың жұмыс жасау уақыты
3)Белгіленген жерге дейінгі қашықтық
4)Доллардың теңгеге бағамы
А)1 В) 2 С) 3 Д) 4
2)Үлестірім заңы төмендегі кестемен берілген кездейсоқ шаманың математикалық күтімі мен дисперсиясын табыңдар: [4]
Х | 2 | 3 | 5 | 7 | 8 |
Р | 0,1 | 0,2 | 0,4 | 0,2 | 0,1 |
3)Х және Ү кездейсоқ шамаларының математикалық күтімдері белгілі: М(Х)=7 , М(Ү)=13 . Төменде берілген кездейсоқ шамалардың математикалық күтімін табыңдар. [3]
А)Z=2X+Y B)Z=3X-Y+4 C) Z=X∙Y
ТАПСЫРМА:
2- нұсқа
1)Келтірілген МЫСАЛДАРдан дискретті кездейсоқ шаманы анықта! [2]
1) Мектептегі 10-сынып оқушыларының бойларының ұзындығы
2) Жауын шашын мөлшері.
3) Мектептегі 10-сынып оқушылар салмағының бүтін килограммға дейінгі жуықталған мәні.
4) Тиынды бірнеше рет лақтырғандағы сан жағының түсу саны
А)1 В) 2 С) 3 Д) 4
2)Үлестірім заңы төмендегі кестемен берілген кездейсоқ шаманың математикалық күтімі мен дисперсиясын табыңдар: [4]
Х | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Р | 0,1 | 0,2 | 0,4 | 0,2 | 0,1 |
3)Х және Ү кездейсоқ шамаларының математикалық күтімдері белгілі: М(Х)=6 , М(Ү)=11 . Төменде берілген кездейсоқ шамалардың математикалық күтімін табыңдар. [3]
А)Z=4X-Y B)Z=X+3Y-4 C) Z=X∙Y
№ | Бағалау критерийлері | Дескриптор Білім алушы | |
1 | Кездейсоқ шаманың түрлерін анықтаңдар | Дұрыс жауабын табады | 1 |
Дұрыс жауабын табады | 1 | ||
2 | Кездейсоқ шаманың математикалық күтімі мен дисперсиясын табыңдар | Математикалық күтімін табады | 1 |
Квадратының математикалық күтімін табады | 1 | ||
Формуласын дұрыс қолданады | 1 | ||
Дисперсиясын табады | 1 | ||
3 | Кездейсоқ шамалардың математикалық күтімін табыңдар. | Математикалық күтімін табады (А) | 1 |
Математикалық күтімін табады (В) | 1 | ||
Математикалық күтімін табады (С) | 1 | ||
| Барлығы | | 9 |