Файл: Амола облысы оралжын ауданы Жантеке ауылыны жалпы орта білім беретін мектеп кмм ылыми жмысты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Одан әрі 1978 жылы философиялық ізденіс Күмісбековті Әл-Фарабиге арналған шығарма («Фараби сазы») жасауға итермеледі. Онда ол Шығыстың ұлы ұстазының өмірі мен мұраты туралы ой қозғайды. Сазгерге Әнуар Әлімжановтың ғалым-философтың жорықтарын баяндайтын әңгімесі музыкалық поэма тудырған. Алғашында күй «шертпе» дәстүрінде домбыраға арналса, Күмісбеков оркестрге лайықтап шығарған. Сонымен қатар , ол шығармада осы екі стильді органикалық түрде үйлестіре отырып, домбырадағы «төкпе» (қылқаламмен ойнау) ойнаудың тағы бір әдісін қолданған. Жырда домбырадан басқа қобыз, виолончель, түймелі баян сияқты аспаптар да қолданылады.

Дегенмен, Кенжебек Күмісбеков аспаптық музыкаға адал болғанымен, жол бойы өзімен бірге жүретін вокалдық шығармаларын ұмытқан жоқ. Сонымен, жазушының жас кезінде жазған алғашқы шығармаларының бірі-Абай Құнанбаевтың шығармасынан алынған «Қалқам-ай» романсы еске түседі. Бұл жерде композиторға музыка арқылы ұлы философ өлеңдерінің терең лирикасын ашып, оны органикалық түрде орындау керек болды. Сазгер «Қалқам-айдан» басқа романстарды : «Сұлу көкше», «Қайдасын сен?»,«Махаббат», эстрадалық ән «Жүрек сыры», «Сүйіктім, жалғыз сен» шығармасын тудырған ...» және басқалар. Ән жанрында Күмісбеков екі стильді ұстанды : дәстүрлі романс және қазақ фольклорлық стилі, айтпақшы , домбыра сазымен ұштаса бермейді.

Шығармашылық жолында Кенжебек Күмісбеков қырықтан астам шығарма жазды, оның ішінде оркестрлік халық музыкасы да, симфониялық, камералық музыкасы да бар. Сонымен қатар ол драмалық спектакльдерге музыка жасады, әндер мен романстар жазды. Яғни Кенжебек Күмісбековтың шығармашылық өмірі кәсіби ізденістерге, музыкалық жаңалықтарға толы болды.

Қазақ нақылында «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген тәрбиелі сөзі бар. Расында да , қазақтың маңдайында жарық жұлдыздай жарқырай біткен тұма талант иесі композитор , күй шежіресіне өзінің өнерін тарту еткен Кенжебек ағамыздың есімі тарихта ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалғаны баршамызға мәлім. Әсіресе , Кенжебек Күмісбековтың ұлт-аспаптар оркестріне арнаған атақты «Валсін» естігенде, күмістей сыңғырлаған саз әуен құлағыңнан кетпей тұрып алады. Классикалық үлгідегі жазылған бұл туынды Батыс Еуропа және Ресей атақты композиторларының «Вальстерімен» пара-пар. «Қалқамай», «Алматы түні», «Махаббаты от дейді», «Тұған жер» романстарында , «Сағынышым тек өзіңсің ғана», «Домбыраға қол соқпа», «Жүрек сыры», «Сағыныш» әндерінде оның ұлттық-әуездік қасиетінің кендігі айқын сезіледі. Жалпы бірақ көптеген романстары мен әуендерін сұлу саз бен ақындық сара сөздің үндескен лебі Сарыарқаның самалындай еседі. «Дала сыры» поэмасында Ахмет Жұбановты еске ала отырып, Кенжебек аға өзінің де сол дала перзентінің тумасы екендігін еріксіз зерделетеді. Халық күйлері негізінде жазған «Шалқыма» поэмасында замандастарының гүлденген өмірін жарқырата шалқытады. Осы шығармалар туындысынан музыканың саздылығы және гармониялық әдемі дыбыс үндестігі басым болса , ал ең бастысы-ұлтымыздың рухы басым.


ІІІ тарау

К.Күмісбековтың қызметі.

Биылғы жылдың 23 ақпанында Қазақстанның көрнекті композиторы, Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, марқұм Кенжебек Күмісбеков 96 жасқа толмақ. Дәл осы күні өмірі мен өнері өнеге ағаны ізбасарлары еске алып, рухына тағзым етпек. 1948 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар өнерінің бүкіл Қазақстандық олимпиадасына қатысқан жас жігіттің орындауындағы халық әндері әділқазылар алқасы құрамындағы асыл ағалар-А.Жұбанов пен Л.Хамидидің жоғары бағасына ие болды. Оған кәсіби музыкалық білім алуға кеңес берген аға буын өкілдерінің кеңесіне құлақ түрген.

К.Күмісбеков 1949 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал бөліміне оқуға түскенімен, (жарты жыл өткен соң денсаулығына байланысты дәрігерлер оған вокалмен айналысуға тыйым салғандықтан , халық аспаптары кафедрасының домбыра класына ауысқан) тағдыр оны қазақтың қос ішекті домбырасымен табыстырады. Мұнда ол ұлт аспаптар факультетінде белгілі домбырашы, КСРО Халық артисі Рүстембек Омаровтың класына дәріс алады. Студент кезінде-ақ шебер орындаушы ретінде бірден көзге ілінген К.Күмісбеков Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінде домбырашы болған екен.

Ал оқуын аяқтаған соң, Кенжебек Әубәкірұлы аталмыш оркестрдің құрамында домбырашы-орындаушы ретінде еңбек ете жүріп, әр аспаптың өзіне ғана тән ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктерін зерттейді. Сондай-ақ , алғаш рет әндер мен күйлерді бейімдеп қана қоймай,орыс және Батыс Еуропа классиктерінің шығармаларын,атап айтқанда , орыс халық әндері : «Ах ты душечка », «Вот мчится тройка удалая» , М.Глинканың «В крови горит огонь желанья», А.Варламовтың «Вдоль по улице метелица метет», П.Чайковский «Червички» операсын Вакулдың әні , И.Брамстың «№ Венгер биі», М.Огинскийдің Полонезі, Дж. Вердидің «Травиата» операсынан жермооның ариясы, Римский-Корсаковтың «Майская ночь» операсына Левконың ариясы тәрізді күрделі туындыларды қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестріне лайықтап, үздік үлгіде өндеп, белгілі жүйеге түсірумен айналысады. Осы кезде алғашқы рет Абай өлеңдеріне романстар жазып , кәсіби музыкадағы жазба дәстүрінің негізін қалаушылардың бірі болған Мұқан Төлебаевтың назарына ілігеді.

Болашақ композитордың табиғи талантын әрі қарай дамытқан консерваторияның профессоры, талабы қатал әрі сұңғыла ұстаз Е.Брусиловский болды. Кенжебек Күмісбеков үшін бұл талапты ұстаздың орны бөлек. Бұған оның естелік ретінде айтқан келесі сөз дәлел: «Біздің композитор болып шығуымызға , ұлттық музыканы дәріптеумізге әсерін тигізген адам , ол – қазақтың кәсіби музыкасыны ң негізін салушы Евгений Григорьевич Брусиловский. Евгений Григорьевич маған ең басты нәрсені – халық музыкасына деген талғамды , оның әсер ету құпиясын тануды сақтап, одан әрі дамытуға үлкен көмек көрсетті, өзімнің жеке шығармашылық шыққан адамның біреуі де тосал болып шыққан жоқ. Бәрі де өнеріміздің қайраткерлері болды. Евгений Григорьевичтің шәкірттеріне оқытатын нәрсесі, қазақтың әнінен, күйінен кетпеу, қазақтың салт-санасын музыкада сақтау, ұлттың өйткені мен бүгінгісін суреттеу». Профессор Е.Брусиловскийдің класын К.Күмісбеков 1965 жылы үздік бітіріп шығады. Консерваторияға оқуға қабылданғанға дейін Кенжебекті вокалдық музыка көп қызықтыратын болса, білім ордасында оқып жүрген жылдары оның аспаптық музыкаға, соның ішінде оркестрлік поэма жанрына деген қызығушылығы арта түсіп, осы жанрда кәсіби композитор ретінде толығымен танылады.



Дарынды дара тума Кенжебек Күмісбековтің қазақтың музыка мәдениетіне , оның ішінде ұлт-аспаптар оркестрінде бұрын-сонды болмаған өзінше бір ерекше ұлттық гармониялық үн, саз, ырғақтың жаңа бір түрін табуға қосқан үлесі зор екенін аңғаруға болады. Атап айтсақ , «Ықылас туралы аңыз» (1964), «Шалқыма» (1969) , «Дала сыры» (1972), «Фараби сазы» (1975), «Ой толқыны» (1976), «Еңбек салтанаты» (1979), «Достық мерекесі» (1984), «Қорқыт туралы аңыз» (1985) және тағы басқа туындыларының құрылымы көркемдік пен сұлулыққа, асқақ симфониялық даму мен қилы-қилы иірімдерге бай. Композитордың тағы бір қырын танытатын дүние оның ондаған драмалық қойылымдарға әсерлі де бейнелі музыка жазуынан байқалады. Солардың ішінен:К.Жетпісбаевтың «Алаяқтар» (1967ж. М.Маңғытаевпен бірлесе жазған), С.Адамбековтың «Біздің ауылдың жұлдыздары» (1968ж. М.Маңғытаевпен бірлесе жазған), М. Хасановтың «Қаралы сұлу» (1969), Қ.Мұқашевтың «Дала дастаны» (1971), Ш.Айтматовтың «Бетпе-беті» (1972) – драмадағы оқиғаның мазмұнын дәл де әсерлі бейнелейтін музыкалық туындылар. Кенжебек Күмісбеков алғашқы еңбек жолын консерваторияның үшінші курсында оқып жүргенде Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінде бастады.

1967-1971 жылдар аралығында композитор Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда музыкалық редактор,мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасының аға редакторы, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның музыкалы-эксперименттік шеберханасында ғылыми кеңесші, ал 1971 жылдан бастап халық аспаптар бөлімінде оқытушысы болып қызмет атқарды. Ол 1977 жылы доцент, 1986 жылы профессор атағына ие болды.Атап айтсақ, Қ.Сайжанов , А.Жайымов, Ж.Бегендік, А.Шоқанбаев және тағы басқалары. К.Күмісбековтің көп ғасырлық дәстурлі халық музыка өнер саласындағы дау тудырмас беделі, қазақ халық аспаптар оркестрінің қыр-сырын жетік білуі, үлкен шығармашылық тәжірибесі, еңбекқорлығы, оның педагогикалық қызметінің жоғары нәтижесің айқындайды.

Ұстаздық еңбек еткен жылдары Кенжебек Күмісбеков ғылыми-әдістемелік жұмыстар да жазды. Оның ішінде студенттік оркестрге өнделген В.Калинниковтың 1 симфониясының 2 бөлімі, П.Чайковскийдың ноктюрны, қазақ халық аспаптар оркестріне арнап өнделген «Времена года» 12 пьесадан тұратын циклымен қатар, композитордың өзіндік түпнұсқалық шығармалары: бас қобызбен оркестрге арналған поэмасы, «Өмір жолы», «Ой толқыны» күйлері жатады.

К.Күмісбеков- композиторлық . педагогикалық қызметтерімен қатар , республикамыздың музыка мәдениетінің даму жолында белсенді атсалысып жүрген жандардың бірі. Әр жылдары ол «Қазақконцерт» пен республикалық грамжазба үйінің репертуалдық алқасының мүшесі, КСРО музқорының қазақ бөлімінің төрағасы. Қазақстан композиторлар одағының басқарма мүшесі болды. Сонымен қатар аудандық және 1980 жылы Алматы қаласының халықтық депутаттар Кеңесінің қалалалық депутаты болып сайланды. Қазақ музыка мәдениетінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Кенжебек Күмісбеков 1977 жылы КСРО Жоғарғы Кеңес грамотасымен марапатталып , 1978 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері , 1984 жылы Халық артисі , 1988 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлының лауреаты атағына ие болды. 1997 жылы Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» концерт залында Кенжебек Күмісбековтың қатысуымен 70 жылдық мерейтойына арналған үлкен кеш өтіп, Ш.Қажығалиевтің басқаруымен қазақ ұлт аспаптар оркестрі орындаған оның шығармалары қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Өкінішке қарай бұл іс-шара композитордың көзі тірісінде тыңдарман қауыммен қауышқан соңғы кеші болды. Кезінде жаңа туындыларымен , жаңа тыныспен жалпақ жұртқа жария етіп, 7 жылдығына жетемін деген жайсаң ағамыз Күмісбековтың алға қойған асыл арманы болған еді....


К.Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі 1977 жылы 7 қазанда ашылып, аудан жұртшылығына айқара құшағын ашқан. 45 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 2018 жылы мәдениет үйіне белгілі композитор К.Күмісбековтың аты берілді. Атап айтар болсақ, «Халықытық» үлгідегі атакққа 5 ансамбль : «Дударай» халық фольклорлық ансамблі, «Құсайыновтар» халық жанұялық ансамблі, «Русская песня» халық ансамблі, «Фламинго» халық би анссамблі,К.Құсайынов атындағы халық театры қол жеткізсе. Сахна киімі де заманауи талапатарға сай . Жаңа музыкалық аппарат , дыбыс ұлғайту құрылғылары мен дыбыс басу студиясы да осы мәдени ошақ ішінен табылады. Әр шығармашылық топқа арналаған қабырға стендтері де мекеме ішінен өз үйлесімін тапқан. Әр шығармашылық топтарға тоқталар болсақ: «Дударай» фольклорлық-халық ансамблі 1980 жылы құрылған. 1986 жылы «Халықтық» атаққа ие болып , композитор – Марат Әлимжановтың жетекшілігімен құрылды. Аудандық , облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, түрлі жүлделі орындарға ие болуда . «Құсайыновтар» жанұялық – халық ансамблі 1987 жылы ұжым болып құрылып, көптеген байқауларда ат салысып, ел арасында танымалдылығын арттыра білді. 2002 жылы ұжымға «Халық» атағы берілді. Қалимұса Құсайынов атындағы халық театры. Қорғалжын өңірі-әрқашан өзінің қайталанбас өнерлі тұлғаларымен ерекшеленген өлке. Қазақ халқына танымал атақты – Есімжан мен Қасымжан Бабақовтар , әнші -Рабиға Есімжанова , дарынды композитор – Кенжебек Күмісбеков т.б қайталанбас тұлғаларды атап өтуге болады. Өнердегі ізін жалғастырушылардың бірі – Қалимұса Құсайынов. Алғаш 1960 жылдары драма ұжымы болып жұмыс атқарса, 1968 жылы «Халық» атағын алды. Қалимұса Құсайынов жетекшілігімен құрылған театр, Оразалин Сапар Мұхаммеджарұлының жетекшілігімен жаңа серпін алды.

Жанұясы туралы мәлімет

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Құмқөл ауылының тумасы Кенжебек Күмісбековке киелі өнер ана сүтімен , әке қанымен бойға дарыған . Өйткені сол өңірде анасы әнді нақышына келтіріп орындайтын әншілігімен танымал болса, әкесі домбыраның құлағында ойнайтын шебер орындаушы екен.

Ал өнер ортасына келуіне қазақ мәдениетінің тарихына енген, табиғатынан тума дарын иесі болған өзінің жақын ағайыны, күйші Ілияс Әубәкіров себепкер болған. Ілияс Әубәкіров -1934 жылы алматы қаласында өткен Бүкілодақтық көркемөнерпаз артистердің слетінде жүлделі екінші орынды иеленген (Дина Нүрпейісованың кейін) белгілі музыкант.

Бірақ Қазақстанның көрнекті композиторы, ҚР Халық артисі , Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , Құрмаңғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры Кенжебек Күмісбековтың соңғы демі сол жылдың 12 шілдесінде үзілді....К.Күмісбеков өнерде ғана емес, өмірде де жолы болған бақытты жан еді. Ақырғы демі үзілгенге дейін , өзінің музасы, шабытың шалқытқан , аяулы сыңары ретінде қадыр тұтқан жан-жары Әсия Жәндәулетқызы мен әкесінің көз қарашығы болған Нұрлыбек пен Ержан есімді балалары және ардақты ағаның аманатын арқалап. Артында композитордың мол қазынасын бағалай білетің занашыр ізбасарлары қалды. Солар біртуар өнер тарланының рухына тағзым етіп, оның баға жетпес, түпнұсқалық шығармаларын келешекке жеткізу мақсатында бірнеше шараларды жүзеге асырды. Аманатты арқалаған бір топ өнер өкілдері 1997 жылдың тамыз айында туған жері Қорғалжында және 12 желтоқсанда Алматы қаласында композитордың 70 жылдығын атап өтті. Сонымен қатар Қорғалжын ауданындағы Рабиға Есімжанова атындағы балалар саз мектебінде профессор атындағы класс ашылып , есімі мәдениет сарайына беріліп және туған жерінде дара тұманың құрметіне естелік ретінде мүсіні қойылды. 2017 жылы М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармония залында сазгер Кенжебек Күмісбековтың 90 жылдығына арналған «Дала сыры» атты кеш ұйымдастырылды. Концерт Абыл Тараұлы атындағы ұлт аспаптары оркестрінің сүйемелдеумен өтті.


Қайтыс болған жылы

Бірақ Қазақстанның көрнекті композиторы, ҚР Халық артисі , Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , Құрмаңғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры Кенжебек Күмісбековтың соңғы демі сол жылдың 12 шілдесінде үзілді....К.Күмісбеков өнерде ғана емес, өмірде де жолы болған бақытты жан еді. Жалпы К.Күмісбеков -ХХ ғасырда қазақ өнерін, халықтын музыкалық мұрасын кәсіби дәрежеге көтерген, оның дамуына үлкен үлес қосқан өнер тарланы.

К.Күмісбековтын атындағы көше аталуы

Кенжебек Күмісбеков көшесі- елорданың оң жағалауында «Сарыарқа» ауданында орналасқан. Кенесары көшесінен басталып, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Абай даңғылы және Сәкен Сейфуллин, Әліби Жангелдин көшелерімен өиылысады. Ұзындығы - 1205,2 метр.



Қорытынды

Ұстаздық еткен жылдарда Кенжебек Күмісбеков 60-тан аса шәкірт тәрбиеледі. Өнерлі жастарға музыканың теориялық, гармониялық сырларын ашуға , нәзіктікті сезінуге, халықтың музыка мұрасын қадірлеп , дамыта білу жолын үйреткен ұстаздың шәкірттері қазіргі таңда Республикамыздың түкпір-түкпірінде мәдениет, өнер саласында , Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптары және «Отырар сазы» фолькорлық -этнографиялық оркестрлерінде облыстық филармонияларда, музыкалық училищелер мен арнаулы музыка мектептерінде жемісті еңбек етіп жүр.

Кенжебектің музыкалық тілі тек қана өз жүрегінен шыққан , бірақ тыңдаушысына түсінікті тіл. Оның әуен-сазы бірде аққу қанатының лебіндей майда болып келсе , кейде шалт мінез , тегеурінді серпін танытып отырады. Соның қай-қайсысында да апырақтап шұғыл бүрылмай әрі еркін,әрі табиғи өрбиді.Жүрегі нәзік , көкірегін әуез-әуен кернеген , жаны сезімтал дарынды сазгер Кенжебек Күмісбековке халқымыздың біртуар ұлы, сазгер Нұрғиса ағамыз: «Мен Кенжебек музыкасына тәнтімін...»-деп лайықты бағасын берген еді. Тек қана Нұрғиса ағамыз емес , барлық қазақ халқы Кенжебек атамыздың музыкасына тәнті болуы тиіс деп ойлаймын. Саз әлемінде халқымыздың өнерін қалықтатқан, сазгер Кенжебек Күмісбековтың туындыларын дамыту, жалғастыру, бүгінгі ұрпақ еншісінде.




Пайдаланған әдебиеттер :


  • Об авторском почерке и наследии композитора. Чингиз Майсеит

  • Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы.

  • Қазақ музыка әдебиетіҚашықтықтан өткізілетін сабақтарМәтіндерМузыка бөліміТоптық сабақтар


  • Кумисбеков, Кенжебек // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005

  • https://www.youtube.com/watch?v=CPn3lnhVFM4