Файл: Бекітемін директорды оу ісі жніндегі орынбасары А. Р. аратаева.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ү29.5-ҮК 4-басылым 2 парақтыңбеті
БЕКІТЕМІН
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
__________ А.Р. Қаратаева
«___»______________2023 ж.
Оқу сабағының жоспары №33-34
Модуль /пән атауы: БМ2.Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану
Топ | | | | |
Сабақтың өтілген күні | | | | |
Сабақтың құрылымы
Уақыты (мин.) | 5 | 10 | 15 | 20 | 25 | 30 | 35 | 40 | 45 | 50 | 55 | 60 | 65 | 70 | 7 5 | 80 | 85 | 9 0 |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
№ элементтің | І | II | ІІІ | ІV | V |
Сабақтың тақырыбы: | ЗТЖ№17. Ашық деректер |
Сабақ барысында қол жеткізілетін оқытудың мақсаттары |
|
Білімгерлерден күтілетін оқыту нәтижесі | 1. «Ашық деректер» не екенін біледі; 2. «Ашық деректер» негізгі жұмыс істеу қағидаларын салыстырады 3. «Ашық деректер» болашағын талқылайды |
Сабақты өткізу түрі: | Зертханалық сабақ |
Сабақтың көрнекілігі ОТҚ. | Компьютер, проектор, интерактивті тақта, оқу бейнеролигі, презентация (слайд). |
Пайдаланылған әдебиеттер: |
https://egov.kz/cms/ru |
Таратпа материалдар: | Оқулықтар, сұлбалар, зертханалық материалдар. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ | | ||
I. Ұйымдастыру бөлімі: | а) Топтың сабаққа қатысуын тексеру. б) Білім алушылардың киім үлгісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру. в) Сабақтың мақсатын, тақырыбын және жоспарын түсіндіру. | | |
II. Өтілген оқу материалын қайталау: |
| | |
III. Жаңа сабақты түсіндіру: | Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үкімет үшін қоғам алдында ашық болуға мүмкіндік беріп отыр. Ашық үкіметті дамыту – ақпарат бостандығы саласының негізгі принциптерінің бірі. Қазақстанда бұл принцип өте белсенді жұмыс жасап отыр деуге болады. Мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігін «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн режимде пайдалануға болады. «Электронды үкімет» порталында мемлекеттік органдардан өтініш беру арқылы қажетті ақпарат алуға болады. Ол «Электронды жүгіну» және «Мемлекеттік орган басшыларының блог-платформалары» сервистері арқылы жүзеге асады. «Электронды жүгіну» сервисін қолдану үшін электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦП) қажет. Сондай-ақ, азамат «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушысы болуы керек. Заңды және жеке тұлғаларға ЭЦҚ алу бойынша нұсқаулықпен сілтеме арқылы таныса аласыз. «Ашық үкімет» порталы халықты мемлекеттік органдар қызметі жайлы ақпаратпен хабардар ету мақсатында жасалған. Транспаренттік және есеп беретін үкіметті қалыптастыру үшін ақпарат қолданушылар мен иеленушілер арасындағы қарым-қатынастың жаңа формасын енгізу де негізгі мақсаттардың бірі. «Ашық үкімет» порталы бес құрамдас бөліктен тұрады: Ашық деректер – ҚР азаматтары үшін еркін қолжетімді электронды ақпараттық ресурстар. Олар машина оқи алатындай жарияланады және қолданушылардың ары қарай пайдалануларына арналған. «Ашық деректер» арнайы сервисінде ашық деректер мен ашық деректер бойынша сілтеме және түсіндірме ақпараттар орталықтандырылған бір жүйеде сақталады. «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы ҚР Заңы мемлекеттік органдар мен өзге ақпарат иеленушілерді азаматтарға ашық ақпарат беруге міндеттеген. Ақпарат пайдаланушылар – ашық ақпаратты жүктеп алуға және өз қалауынша коммерциялық және коммерциялық емес мақсатта қолдануға құқылы жеке және заңды тұлғалар. «Электронды үкімет» порталындағы «Электронды жүгіну» сервисі«Электронды үкімет» порталы арқылы сіз ақпарат алуға сұраным жолдай аласыз және ақпарат ала аласыз. Қажетті ақпарат алу үшін сізге келесі әрекеттерді ретімен жасау керек:
Ал сіз жолдаған электронды сұранымыңызға қалай жауап ала аласыз? Сіздің сұранымыңызға жауап «Электронды үкімет» порталындағы жеке кабинетіңізге жолданады. Сіздің электронды сұранымыңыз мемлекеттік орган қарауына алынған соң, сіздің жеке кабинетіңізге мынандай хаттар келуі тиіс:
3. Мемлекеттік органдар мен аймақ басшыларының блог-платформаларына жүгінуҚажетті ақпаратты алуға сұраныс жолдаудың тағы бір әдісі – мемлекеттік орган басшыларының блог-платформалары. Қазір тек қана мемлекеттік орган басшыларына ғана емес, облыс әкімдеріне де өтініш жіберуге болады. Сонымен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформалары арқылы қалай өтініш жолдауға болады? Қолданушы берілген форманы толтыруы керек. Онда өзі жайлы бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс. Олар:
Ары қарай:
Өтініш жіберу үшін қолданушыға, міндетті түрде, электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦП) қажет. Сондай-ақ, азамат «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушысы болуы шарт. | | |
ӨТІЛГЕН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН БЕКІТУ | |||
IV. Бағалау критерийлері | Студенттерге оқытылған материалды меңгеруін келесі сұрақтар бойынша тексеру:
| ||
Студенттердің жаңа материалды дұрыс түсінгендігі жөнінде бір-біріне сұрақтар қою. | |||
Қорытынды жасау, журналға баға қою |
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ | |
V. Қорытынды | Жаңа сабақты конспект бойынша, сондай-ақ негізгі және қосымша әдебиет бойынша бекіту. |
Құрастырған оқытушы ________________ Г.С.Шаймерденова
Ашық деректер
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үкімет үшін қоғам алдында ашық болуға мүмкіндік беріп отыр. Ашық үкіметті дамыту – ақпарат бостандығы саласының негізгі принциптерінің бірі. Қазақстанда бұл принцип өте белсенді жұмыс жасап отыр деуге болады. Мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігін «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн режимде пайдалануға болады. «Электронды үкімет» порталында мемлекеттік органдардан өтініш беру арқылы қажетті ақпарат алуға болады. Ол «Электронды жүгіну» және «Мемлекеттік орган басшыларының блог-платформалары» сервистері арқылы жүзеге асады.
«Электронды жүгіну» сервисін қолдану үшін электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦП) қажет. Сондай-ақ, азамат «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушысы болуы керек. Заңды және жеке тұлғаларға ЭЦҚ алу бойынша нұсқаулықпен сілтеме арқылы таныса аласыз.
«Ашық үкімет» порталы халықты мемлекеттік органдар қызметі жайлы ақпаратпен хабардар ету мақсатында жасалған. Транспаренттік және есеп беретін үкіметті қалыптастыру үшін ақпарат қолданушылар мен иеленушілер арасындағы қарым-қатынастың жаңа формасын енгізу де негізгі мақсаттардың бірі.
«Ашық үкімет» порталы бес құрамдас бөліктен тұрады:
Ашық деректер – ҚР азаматтары үшін еркін қолжетімді электронды ақпараттық ресурстар. Олар машина оқи алатындай жарияланады және қолданушылардың ары қарай пайдалануларына арналған. «Ашық деректер» арнайы сервисінде ашық деректер мен ашық деректер бойынша сілтеме және түсіндірме ақпараттар орталықтандырылған бір жүйеде сақталады. «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы ҚР Заңы мемлекеттік органдар мен өзге ақпарат иеленушілерді азаматтарға ашық ақпарат беруге міндеттеген. Ақпарат пайдаланушылар – ашық ақпаратты жүктеп алуға және өз қалауынша коммерциялық және коммерциялық емес мақсатта қолдануға құқылы жеке және заңды тұлғалар.
«Электронды үкімет» порталындағы «Электронды жүгіну» сервисі
«Электронды үкімет» порталы арқылы сіз ақпарат алуға сұраным жолдай аласыз және ақпарат ала аласыз. Қажетті ақпарат алу үшін сізге келесі әрекеттерді ретімен жасау керек:
-
Электронды цифрлік қолтаңба алып, сайтқа тіркелу; -
«Электронды жүгіну» онлайн-сервисін таңдау; -
Берілген форманы толтыру; -
Толтырылған формаға электронды цифрлік қолтаңба қою; -
Таңдалған мемлекеттік органға жолдау.
Ал сіз жолдаған электронды сұранымыңызға қалай жауап ала аласыз? Сіздің сұранымыңызға жауап «Электронды үкімет» порталындағы жеке кабинетіңізге жолданады. Сіздің электронды сұранымыңыз мемлекеттік орган қарауына алынған соң, сіздің жеке кабинетіңізге мынандай хаттар келуі тиіс:
-
Хаттың жеткені туралы хабарлама; -
Өтініштің тіркелгені туралы хабарлама. Онда тіркелген күні, мемлекеттік орган берген тіркеу нөмірі немесе өтініштің қабылданбағаны туралы хабарлама (қабылданбаған себебі түсіндірілуі керек); -
Өтініштің атқарушыға жолданғаны туралы хабарлама. Онда орындаушы мен орындау мерзімі көрсетіледі; -
Өтініштің орындалғаны туралы хабарлама. Онда орындаушы, орындау мерзімі және өтінішті қарау нәтижелері көрсетіледі. Немесе өтініш өзге субъектілерге немесе лауазымды тұлғалардың қарауына жолданғаны жайлы ақпарат болады. Толық ақпаратты сілтеме арқылы ала аласыз.
3. Мемлекеттік органдар мен аймақ басшыларының блог-платформаларына жүгіну
Қажетті ақпаратты алуға сұраныс жолдаудың тағы бір әдісі – мемлекеттік орган басшыларының блог-платформалары. Қазір тек қана мемлекеттік орган басшыларына ғана емес, облыс әкімдеріне де өтініш жіберуге болады. Сонымен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформалары арқылы қалай өтініш жолдауға болады?
Қолданушы берілген форманы толтыруы керек. Онда өзі жайлы бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс. Олар:
-
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН, орысша:ИИН); -
Сұрақ авторының есімі; -
Жеке электронды поштасы;
Ары қарай:
-
Тізімнен хат алушыны белгілеу; -
Сұрақтың қандай категорияға жататынын белгілеу; -
Сұрақ мәтінін теру; -
Суретті тіркеу (мысалы, оқиға орнынан фото немесе сканерленген құжат).
Өтініш жіберу үшін қолданушыға, міндетті түрде, электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦП) қажет. Сондай-ақ, азамат «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушысы болуы шарт.
Бақылау сұрақтары:
-
Ашық деректер дегеніміз не? -
«Электронды жүгіну» сервисі қандай жұмыс атқарады? -
« «Ашық үкімет»» сервистерін қолдану -
Ашық деректер компоненттері қандай?