Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Дүниетану 10-сабақ

Бөлім:

Мәдени мұралар

Мұғалімнің аты-жөні

Досбол С.Б

Күні:

22.11.2022

Сынып: 4 «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.3.1 Қазақстанның ХХ–XXI ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру

4.3.4.1 өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты

  • Қазақстанның ХХ–XXI ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіреді;

  • өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру


5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі арқылы жүреді:

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанға дейін қалай аталды?

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?

- Елімізде зауыт, фабрика, теміржолдар қай уақытта салынды?

- Шахта мен кенорындары қашан ашылды?

- Қазақстанда ХХ ғасырда ғылым қалай дамыды деп ойлайсыңдар?

-Олай болса, бүгінгі сабақта Қазақстандағы ғылымның дамуы және ғалым Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелесетін боламыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі.

Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді.

Жаттығу жасайды.
Сұрақтар қояды, жауап береді.


Тақырып ашады.

Топқа бірігеді.


Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.





Жаңа білім

15 мин

2 мин

Бекіту

18 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

А) Сөздік жұмысы.

Ғылым, ғалым, өндіріс.

Ә) Талдау.

-Қалай ойлайсыңдар, Қазақстанда ғылым қандай рөл атқарады?

б) Мәтінмен, картамен жұмыс.

-Мәтіннен оқып, білгендеріңді анықтау мақсатында сұрақтар құрастырып, сыныптастарыңнан жауап алыңдар.

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Ғалым Қ.Сәтбаев аты берілген мекемелерді анықта.
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету.
(Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі:

А) Кластер.

Ғалым Қ.Сәтбаев кластерін құрастырыңдар.

-Сендер тұратын аумақта Қ.Сәтбаев есімі берілген қандай нысандар бар?

Ә) Дереккөзбен жұмыс.

-Өз облысымыздан шыққан ғалымдарды анықтаңдар. Олар ғылымның қай саласында еңбек еткен?

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

Өз облысымыздан шыққан ғалымдар көп пе, әлде аз ба? Неліктен деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды білдіріңдер.

  • Сөздікті жазып алады.



  • Сұрақтарға жауап береді.


Билеп сергиді.
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.

Дескриптор:

  • Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.

  • - Қазақстандағы ғылымның рөлін анықтайды-1 балл.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрап, жауап алады-2балл.

Дескриптор:

- Ғалым Қ.Сәтбаев кластерін құрады-2балл.

Дереккөздерден өзі тұратын аумақтағы Қ.Сәтбаев есімі берілген нысандарды анықтайды-2балл.

Өз облысынан шыққан ғалымдарды анықтайды-2балл.


Дүниетануоқулығы 4-сынып 2019ж,

дәптер



Қорытынды

5 мин

Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.

  • Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.

Кері байланыс жасайды.

Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.

Lcty11-15







Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77785448116 (бұрынғы+77764531215) нөміріне ватсапқа жазыңыз.