Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі Х. Досмхамедов атындаы Атырау университеті ке а Физика, математика жне апаратты технологиялар факультеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 98
Скачиваний: 1
орындаумен байланысты, магистрант қызметі.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп – ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жүйеленген мәліметтерден тұратын, ғылыми-зерттеу үдерісі мен нәтижелерін сипаттайтын құжат.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде магистрант ғылыми - зерттеу тәжірибесінен өтуі қарастырылады.
Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.
Зерттеу тәжірибесінен өтетін жер: жоғары, кәсіби және орта оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесінің бөлімдері; ғылым және білімнің мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері; өндірістік өнеркәсіп; проектілік, технологиялық және конструкторлық ұйымдар және т.с.с.
3. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу тәжірибесі магистранттар үшін 6 аптаға созылады. Тәжірибенің басталуы мен аяқталу мерзімі факультеттік оқу-әдістемелік кеңесте талданып, университет оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі.
Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.
- Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – магистрантты өздігінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге даярлау, магистрлік диссертацияның теориялық бөлімін тәжірибеде негіздеу.
- магистранттардың алдын - ала келісім шартқа отырған базалық мекемеде ғылыми жетекшінің басқаруымен жұмыс жасау;
- ақырғы ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін қойылған міндеттерді дұрыс орындаудың стратегиясын жасай білуі;
-ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
-аталған нәтижелерді өңдеу, талдау және оларды аяқталған ғылыми-зерттеу әзірлемелер (ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі есеп, баяндамалар тезистері, ғылыми мақалалар) түрінде табыс ету.
- білікті жұмысты орындау үшін қажет өнім немесе қызметтер бойынша ғылыми тәжірибелік, анықтамалық және нормативтік-құқықтық мәліметтерді жинауға тиісті.
4. Тәжірибені басқару және бақылау әдістері
Магистрантардың ғылыми-зерттеу тәжірибесіне оқу-әдістемелік басшылықты мамандыққа сай оқу үрдісіне жауапты кафедра оқытушылары ұйымдастырады. Кәсіпорындарда (мекемелерде) магистрантардың тәжірибесін ұйымдастыруға жауапкершілік бөлім меңгерушісіне немесе орынбасарына жүктеледі. Жалпы жетекшілік етушіні тағайындаумен қатар жұмыс орындарында жеке жетекшілер бөлініп берілуге тиіс. Магистранттың ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
-
алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білуі; -
үдерістер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай алуы; -
әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу мәселелерін шешуде интеграциялауы; -
бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы; -
жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
-
ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселерді шешу;
-
бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағды мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету әдістерінде құзыретті болуы тиіс.
есепке ала отырып, 6 аптамен анықталады.
Тәжірибе жұмыстары толық көлемді болмаған жағдайда магистрант магистр диссертациялық жұмысты қорғауға жіберілмейді. Тәжірибеден есеп беруді арнайы себептерсіз орындамаған магистрант университеттен шығарылады.
-
Тәжірибе қорытындысын дайындау тәртібі
-
Мінездеме -
Күнделік -
Толық есеп -
Қолданылған кейбір қосымша құжаттар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы;
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистр деңгейі. Негізгі ережелер» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы); 3. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы). Магистранттың зерттеу тәжірибесі бойынша жұмыс жоспарыҚұрамыс Әсем Әбдісадыққызы| № | Жұмыс тарауларының мазмұны; негізгі қызмет түрлері | Орындалу мерзімі | Орындалуы туралы белгі |
| 1 2 3 4 5 6 | Тәжірибе барысында зерттеу тақырыбының жоспарын жетекшімен бірге құру Диссертация тақырыбына қатысты материалдармен, әдебиеттермен т.б дереккөздермен танысу Жұмыс жоспарына сәйкес теориялық тарау бойынша мәліметтер жинақтау, тақырып бойынша оқу бағдарламасымен танысу Жоспарға сәйкес практикалық тарау бойынша тақырыпқа сәйкес тиімді әдіс- тәсілдер ұсыну Диссертация тақырыбының өзектілігін зерттеу Тәжірибе барысында жинақталған материалдарды қысқаша шолу ретінде диссертация мәліметтерін толықтыру, тәжірибе барысында атқарылған іс – шаралардың есебін жинақтау | 23 қаңтар-26 қаңтар 30 қаңтар – 3 ақпан 6 ақпан –10 ақпан 13 ақпан – 17 ақпан 20 ақпан –24 ақпан 27 ақпан – 3 наурыз | Жетекшімен бірге жоспар құру арқылы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар белгіленеді Жетекшінің көмегі арқылы диссертация тақырыбына байланысты дереккөздермен танысу Диссертация тақырыбына байланысты 9-10 сыныптың оқу бағдарламасымен танысу, талдау Жинақталған мәліметтерге сәйкес жетекшімен ақылдаса отырып тиімді тәсілдерді саралау, оны өзге ұстаздарға ұсыну Диссертация тақырыбының өзектілігін анықтау Тәжірибеден өтуші ретінде өзекті әдіс тәсілдерді үйрену және есеп жинақтау барысында өткізілген іс-шараларға шолу жасау |
Жетекшінің қолы __________________________Магистранттың қолы_______________________БЕКІТЕМІН ___________Кафедра меңгерушісі __________«___» ______ 20__ ж.Магистранттың зерттеу тәжірибесін өтуінің күнтізбелік-тақырыптық графигі
| № | Тақырып атауы | Орындалу уақыты |
| 1 | Тәжірибе барысында зерттеу тақырыбының жоспарын жетекшімен бірге құру | 23 қаңтар-26 қаңтар |
| 2 | Диссертация тақырыбына қатысты мағлұматтармен танысу | 30 қаңтар – 3 ақпан |
| 3 | Жоспарға сәйкес теориялық тарау бойынша мәліметтер жинақтау | 6 ақпан –10 ақпан |
| 4 | Жоспарға сәйкес практикалық тарау бойынша тиімді әдіс- тәсілдер ұсыну | 13 ақпан – 17 ақпан |
| 5 | Диссертация тақырыбының өзектілігін дәлелдеу | 20 ақпан –24 ақпан |
| 6 | Тәжірибе барысында жинақталған материалдарды қысқаша шолу ретінде диссертация мәліметтерін толықтыру | 27 ақпан – 3 наурыз |