Файл: .айсенов атындаы орта мектебі кмм Сулетай жазы лагері бойынша есеп. Маусымны 1нен 11 аралыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ
«Сәулетай жазғы лагері бойынша есеп.
Маусымның 1-нен 11 аралығы
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Сәулетай» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:
- Салауатты өмір салтына баулу;
- Эстетикалық тәрбие;
- Азаматтық - патриоттық және
ұлттық тәрбие;
- Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;
- Спорттық шаралар.
«Сәулетай» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.Маусымның 1-нен 11 аралығына дейін «Сәулетай» атты жазғы мектеп сауықтыру және демалдыру алаңы өтті. Лагерьдің жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін .
1 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Айгөлек» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар
өткізілді. Онда «Қырықаяқ»,«Әр заттың өз орны бар», «Ең әдемі сурет» асфальта
сурет салу сайысы ұйымдастырылды, балалармен бірігіп түрлі массалық флешмоб
билері,мектеп тәрбиешәлерінің ұйымдастыруыменен ертегі кейіпкерлерінің
қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс – шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. «Сиқырлы бояу» суреттер сайысы , Денсаулық күні «Жүйрік болсаң, жеңіп ал» спорттық жарыстар, «Поэзия»күні өлеңдер сайысы жатқа мәнерлеп оқу демалушыларды өте қызықтырды. Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.
«Сәулетай» лагері балалардың жазғы мезгіліндеуақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени- көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында лагерь аймағынан тыс қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті,әсіресе балаларға «Қазына іздеу» ойыны өте қызықты әсер қалдырды.Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар
ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау»,
«Сұр мысық» және т.б. спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.Лагерьдің жабылуына бір күн қалған күні оқушыларды Өскемен қаласындағы театрға «Кішкетай бақаның үлкен оқиғасы» атты қойылымды тамашалауға апарды.
Ланерьдің жабылуына арналғаніс-шараларда ,оқушылар ауысымнан алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп,ризашылықтарын білдірді.
Тәрбиешілер: Ж.Құрманбекова
Б.Құрманбекова