Файл: 1 Геологиялы блім 1 Кен орын туралы жалпы мліметтер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 160
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе
Қаражанбас кен орны Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы территориясындағы Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
Облыстық орталығы Ақтау қаласы болып саналатын жерден 210 км қашықтықта орналасып, қаламен асфальтті жолмен байланыста тұр. 150 км қашықта орналасқан темір жол станцциясы бар ең жақын мекенді қоныс Шетпе ауылы болып саналады. Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігі абсолюттік белгісі минус 19-дан плюс 28 м шектелген жазықтық жер болып келеді. Жергілікті ландшафттың аса танымал белгісі, автотранспорттың өтіп жүруне кедергі жасайтын көптеген сорлардың болуы. Рельеф пішіндері бархан және байырғы жыныстардан тұрады. Аудан климаты күрт континентальлды. Ауа температурасы қыста минус 30°-дан жазда плюс 45°-қа дейін жетеді. Атмосфералық жауын-шашындар күз және қыс мерзімдеріне сай келеді.
Қаражанбас кен орны Бозашы түбегінің солтүстік-батыс аймағында орналасқан. Қаражанбас кен орны Бозашы түбегінің солтүстік-батысында орналасқан. Түбектің ойпат жазығы аккумулятивті теңіз жазықтар типіне жатаы. Түбек Каспий маңы ойпатының бөлігіне кіреді де онымен геоструктуралық палеографиялық қатынас байланысында. Ойпаттың солтүстік бөлігі эол құмдар массиві және сор беткейі бар дефляциялық жағдайларда пайда болған ұсақ арынсыз ойыстары бар толқын тәріздес абразивті-аккумулятивті жазық болып келеді. Оңтүстік бөлігі ірі түйірлі-тізбекті денудациялы-еңісті, жыралармен қатты тілінген жазықтық ретінде көрсетілген. Құм массивтері дөңестерінің салыстырмалы биіктігі 3-6 м болатын кішкене дөңесті рельеф құрады.
1 Геологиялық бөлім
1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер

Кен орын Бозашы түбегінің солтүстік-батысында орналасып, ауданы 7777,48 га алқапты алып жатыр. Бұл адам қоныстарынан қашық орналасқан теңіз деңгейінен 22-27 м төмен орналасқан шөл дала. Жұмысшылардың мекенді қонысы кен орынның игеріліп жатқан орталық аймағынан жобалап 15 км қашықтықта орналасқан. Жұмысшылардың тұратын жерінде тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени комплекстер, қоймалар, жылыту кұрылғылары, т.б. көмекші кұрылыстар. Санитарлы қорғау бақылауы бар зоналар аймағында тұрғылықты мекенді қоныстар, одан басқа да арнайы табиғи қорғау жағдайларын талап ететін түрлі объектілер де кездеспейді. Негізгі өндіріс объектілерінің орналасуы негізінен өндірістің оңтүстік-шығыс бөлігіне келеді. Аудан климаты күрт қоңыржайлы, жауынсыз, өте құрғақ, ыстық, ұзақ жазымен және салқын, қысқа қары аз қысымен.
Шоғырлардың барлығы мұнайлы, тек бір блогында ғана газ-мұнайлы шоғыр орналасқан. Коллекторлар құмтастар мен алевролиттерден құралған, ашық кеуектері 27 – 29%, өткізгіштігі 0,0136 – 0,351 мкм2. қалыңдығы 2 – 126 м сазды жыныстар жаппа қызметін атқарады. Блоктардағы мұнай шоғырларының биіктіктері 3,9 – 75,4 м. Коллекторлардың жалпы Қалыңдығы 1,5 – 26,1 м, тиімді Қалыңдығы 4 – 18,6 м, мұнайға қаныққан Қалыңдығы 2 – 14,6 м. Газ-мұнай шоғырындағы коллекторлардың газға қаныққан Қалыңдығы 2,4 м. Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0,63 – 0,75. Мұнайдың тығыздығы 0,939 – 0,944 г/см3, 1,6 – 2,2% күкірт, 0,7 – 1,4% парафин бар, шайырлығы жоғары. Блоктардағы бастапқы қабаттық қысымдар 3 – 5,75 МПа аралығында, температура 25°С-тан 37°С-қа дейін өзгереді. Мұнайлардың шығымы 1,2 – 76,8 м3/тәулік. Құрамында ванадий мен никель кездеседі. Қабат сулары химиялық құрамы жағынан хлоркальций типті, тығыздығы 1,03 г/см3, минералдары 40 – 76 г/л, бром, бор, йод микроэлементтері мол кездеседі. Кен орны 1980 жылдан игерілуде.
1.1- сурет. Қаражанбас кенорынының шолу картасы
1.2 Литологиялық- стратиграфиялық сипаттамасы
Қаражанбас кен орнында іздеу, барлау және пайдалану ұңғымаларымен полеогенді, неогенді және төрттік шөгінділерімен қимасы ашылды.
Шөгінділер кешенінің шекараларының арасы үлкен үзілістермен және шұғыл бұрыштық келіспеушілікпен сипатталады.
Төменгі триас шөгіндісі көптеген ұңғымалармен толық ашылмаған. Жыныс жасы оленеке ретінде анықталады. Триастың төменгі құмтасты қимасы, шартты түрде индты ярусқа жатады. Кен орынның жинақтауыш бөлігінде триасты жыныстар төменгі бор шөгінділерінің астында шоғырланған.
Бұрғылау кезінде орта юра шөгінділері тек переклинальдарда және қанаттардың жүктелген аймақтарында құрылымның 390 м- ден 500 м-ге дейінгі тереңдігінде кездескен, ал жиналымның үлкен бөлігінде көтерілімдер шайылған. Ашылған шөгінділер байос және батс ярусына жатады және максимальды қалыңдығы 125 м (ұңғыма105).
Төменгі бор жаппай таралған стратиграфиялық бұрыштық келіспеушілікпен төменгі триас және юраның әр түрлі горизонттарының шайылған беттік жағында шоғырланған. Шоғырлану тереңдігі 20 м-ден 480 м-ге дейін құбылып тұрады. Ұңғымалармен ашылған қимада неокомды жасты шөгінділер бар (берриас-валанжин, готерив, баррем) жалпы қалыңдығы 170-190 м және апта шөгінділері (қалыңдығы 75-90 м) және альба (қалыңдығы 140 м-ге дейін барады).
Қаражанбас кен орнында іздеу, зерттеу және пайдалану ұңғымалары көмегімен төменгі триас, орта юра және төменгі мел шөгінділері бар тілімдері алынған.
Шөгінділер комплексі арасындағы шекаралар шөгін жинаудағы үлкен үзілістермен және үлкен бұрыштық келіспеушіліктермен сипатталған.
Төменгі триас шөгінділері көп ұңғымамен толық қалыңдықта алынбаған. Шөгін жастары оленектік деп алынған. Төменгі, триас тілігінің анағұрлым құмды бөлігі, шартты түрде инд ярусына жатқызылды. Кен орынның күмбезді бөлігінде триас шөгінділері тікелей төменгі мел шөгінділері астында орналасқан.
Орта юралық шөгінділер бұрғылау кезінде тек переклинальдарда және 390 м-ден 500 м-ге дейінгі тереңдіктегі структура қанаттарының терең учаскілерінде кездескен, ал күмбез көтерілуінің көп бөлігінде олар дұрыс көрінбеген. Ашылған шөгінділер байос және бат ярустарына жатады. Олардың максималды қалыңдығы 125 м-ге дейін (105 ұңғыма).
Төменгі мел шөгінділері стратиграфиялық және бұрыш келісімсіздіктерімен жергілікті таралады. Олар томенгі триас және юра әр түрлі горизонттарының бұзылған бттерінді жатыр. Жату тереңдігі 20 м-ден 480м-ге дейін орналасқан. Ұңғылар көмегімен алынған тілім құрамында 170-190 м қалыңдықтағы неоком жасының(берриас-валанжин, готерив, баррем) шөгінділері, сонымен қатар апта(қалыңдығы 75-90) және альба(қалыңдығы 140) шөгінділері кездеседі.
Алынған нәтижелердің нақты зерттелуі бойынша 1992-93 ж және кейін алынған тереңдіктегі сынақ мұнайлары барлау және сынақ игеру мерзімі кезінде алынған мұнайға қарағанда газ құрамының азаюы және қанығу қысымының төмендеуі байқалды. Игеру процессіндегі қабаттағы мұнайдың газ құрамының азаю себебі, я қысымның қанығу қысымынан төмен түскендегі қабат мұнайының газсыздануы, я ұңғы өнімдерінің жаппай сулану процессі.(бұл кезде мұнай газының бір бөлігі жолаушы алынып жатқан суда ериді) Бұл екі процесс те Қаражанбас кен орнының учаскілерінде қолданған оның бәрі қарқынды игеріліп жатқан аймақтарда қабат мұнайы күрт өзгерген, және бастапқы мұнай қалпымен мүлдем сәйкес келмейді.
Қазіргі кездегі, әсіресе кен орынның шығыс учаскілеріндегі, жаңа учаскілердегі қарқынды бұрғылаулармен және газсызданумен кен орынның аз бөлігі аумақталғандықтан, I және II объектілеріндегі қабат мұнайының қасиеттері бастапқы жағдайларға да, пайдалану кезіндегі жағдайларға да орнықты.
Қаражанбас кен орнының мұнай қоры бір рет қана бағаланбаған еді. 1977 ж қорды есептеу жүргізілген іздеу-барлау жұмыстарының материалдары бойынша жүргізілген. 1993 және 1997 жылдары қор 1500 ұңғыманы эксплуатациялық бұрғылау нәтижелерінен алынған.
Шығыс бөлігі үшін 1997 ж-мен салыстырғанда 25 жаңа ұңғыма бұрғылау материалдары бойынша геологиялық құрылымын нақтылау нәтижесінде өзгерістер пайда болды. Мұнай қоры қайта есептеліп 01.01.2001 ж жағдайы бойынша жалпы кен орынның қоры өзгерген.
Кен орынның игеріліп жатқан бөлігі бойынша мұнай қоры В категориясы бойынша бағаланады, ал барлау ұңғыларының алып жатқан аймағында С1 және С2 категориялары бойынша бағаланады. Сонымен қатар, Б және В қабаттарында бұрғыланбаған бөлігі үшін структураның переклиналінда, қабаттардың өндірістік өнімділігі бекітілмеген жерде, ГКЗ СССР есептеулерінің варианты сақталған, мұнайдың өндірістік ағындары алынатын аймақтарда С1 категориясы бойынша бағаланады, басқа аудандарда - С2 категориясы бойынша.
Әртүрлі қанығу аймақтары мен жалпы кен орынның бастапқы және қалдық балансты мұнай қоры 1.1 кестеде келтірілген.
-
кесте. Қаражанбас кен орны. Мұнайдың геологиялық қоры
фронт, қабат | Қор категориясы | 2012 ж бағалау бойынша мұнайдың балансты қоры, тыс.т | ||||||||||||
Игеріліп жатқан қабат | Игерілмеген қабат | Барлығы игерген+игерілмеген | ||||||||||||
бастапқы | қалдық 01.01.2011 | бастапқы | бастапқы | Қалдық 01.01.2011 | ||||||||||
А1 | В С1 С2 | 13914 0 0 | 12779 0 0 | 0 43709 4102 | 13914 43709 4102 | 12779 43709 4102 | ||||||||
А2 | С1 | 0 | 0 | 2500 | 2500 | 2500 | ||||||||
Б | В С1 С2 | 12473 0 0 | 11533 0 0 | 0 10987 8690 | 12473 10987 8690 | 11533 10987 8690 | ||||||||
В | В С1 С2 | 10958 0 0 | 10630 0 0 | 0 5845 10819 | 10958 5845 10819 | 10630 5845 10819 | ||||||||
фронт, қабат | Қор категориясы | 2012 ж бағалау бойынша мұнайдың балансты қоры, тыс.т | ||||||||||||
Игеріліп жатқан қабат | Игерілмеген қабат | Барлығы игерген+игерілмеген | ||||||||||||
бастапқы | қалдық 01.01.2011 | бастапқы | бастапқы | Қалдық 01.01.2011 | ||||||||||
І объект бойынша барлығы | В С1 С2 | 37345 0 0 | 34942 0 0 | 0 63041 23611 | 37345 63041 23611 | 34942 63041 23611 |