Файл: 1 Геологиялы блім 1 Кен орын туралы жалпы мліметтер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.1-кесте жалғасы Қаражанбас кен орны. Мұнайдың геологиялық қоры
Г+Гп | В С1 С2 | 70904 0 0 | 5967 0 0 | 0 26251 14342 | 70904 26251 14342 | 59617 26251 14342 |
Д | В С1 | 7195 0 | 6352 0 | 0 552 | 7195 552 | 6352 552 |
І объект бойынша барлығы | В С1 С2 | 78099 0 0 | 65969 0 0 | 0 26803 14342 | 78099 26803 14342 | 65969 26803 14342 |
Ю-I | В* С1 С2 | 4532 0 | 3893 0 | 0 1753 | 4532 35425 1753 | 3893 1753 |
Ю-II | В* С1 С2 | 4465 0 0 | 4376 0 0 | 0 15967 6516 | 4465 15967 6516 | 4376 15967 6516 |
ІІІ объект бойынша барлығы | В С1 С2 | 8997 0 0 | 8269 0 0 | 0 51392 8269 | 8998 51392 8269 | 8269 51392 8269 |
Кен орын бойынша барлығы | В С1 В+С1 С2 В+С1+С2 | 124441 0 124441 0 124441 | 109180 0 109180 0 109180 | 0 141236 141236 46222 187458 | 124441 141236 265677 46222 311899 | 109180 141236 250416 46222 296638 |
1.3 Тектоникасы
Қаражанбас кен орны, тектоникалық тұрғыдан қарағанда Бозашы көтерілімінің күмбезді бөлігінде орналасқан және суб ендік жатыста тұрған антиклинальдық қатпарына жатқызылады. Тұйық изогипса контурындағы құрылым көлемі минус 330м көтерілу амплитудасы 90 м кезінде 23*4.2 км құрайды. Қатпардың оңтүстік қанаты солтүстіктігіне қарағанда жазықтау және қанаттарындағы жыныстардың құлау бұрышы сәйкесінше 2
- 4 құрайды.
Қатпар екі күмбезбен : батыс және шығыс, және түрлі ориентирдегі дизъюнктивті бұзылыс қатарымен: ендіктен меридиандыққа дейін.
1977 жылғы мұнай қорларн есептеу жұмысында көтеру әр түрлі қанығу сипаттамасымен толықтырылған өнімді қабат тілімі бар жеті тектоникалық блокқа бөлінген тектоникалық бұзылулармен көрсетілген. Көп жағдайларда шартты болып саналатын, бұзылулардың негізіне мұнай су жапсарысыныың байланссыздығы болады. 1993 жылы мұнай көтерудің анағұрлым қарапайым түрі қабылданды, ал көршілес ұңғылардағы бір гипсометрлік деңгейдегі аттас қабаттар қанығу сипаттамасының келісімсіздігі, мұнай су жапсарысының еңістігімен тусуіндіріледуі. Бұл екі вариантта да мұнаймен қанығу бағасы бірдей болады деп санағанда, 1997 ж қорлар есебінде ең қарапайым екінші вариант қабылданды.
Қаражанбастағы мұнай көтеруіне қабылданған варианттың құрылымы бойынша, структура тектоникалық жарылыыстармен жеті емес, төрт блокқа бөлінген. I Блок I I, II, III, V блоктарын біріктіреді, 1977 ж. схемасы, блок II IV-қа сәйкес келеді, блок III – VII блогына және блок IV – VI блогына.
Мел комплексінің көтеру құрылыстар блоктарн қарапайымдатумен қатар, юра дәуірінің шөгінділер құрылымына да көзқарас өзгерді, себебі 1977ж әр түрлі шөгінділер комплекстер арасындағы бұрыштық келісімсіздіктер есепке алынбайтын және орта юралық шөгінділер планы төменгі мел шөгінділер планымен сай келді.
Жаңа ұңғылар 5019 және 3175 (шығыс периклиналь) бұрғылау көмегімен алынған коллекторлардың қанығу сипаттамасы туралы ақпараттар, және 120 м жететін өнімді қабат горизонттар тереңдігінің күрт өзгеруі, Қаражанбас кен орнының IV блогын Солтүстік Бозашы кен орнынан бөліп тұрған жарылыс бұзылуының орнын өзгертуге ықпалын тигізді. Одан басқа 5109 скважинасындағы А, Б, В, Г, горизонттарының барлық коллекторлары су қаныққан болып шықты, және тәжірибеде де су алынып шықты. ГИС берген ақпараттар бойынша 3175 ұңғымада өнімді болып А(2,2 м), қабаттың тек үстінгі жағы еді, қалған горизонттар су қаныққан.
Тектоникалық жағынан Қаражанбас кен орны Бұзашы көтерілімнің жинақтауыш бөлігінде орналасқан және суб ауқымды жайылымның антиклинальды қатпарына ұштастырылған. Құрылым мөлшері тұйықталған изогипс контурында минус 330 м және амплитуданың 90 м-ге көтерілген кезде 234,2 км құрайды. Қатпардың оң қанаты солынан қарағанда төмен құлау бұрыштары қанаттарында 2º және 4º.
Қатпар екі күмбезбен күрделенген: батыс және шығыс, жанында әр түрлі дизъюнктивті бұзылымдар ендіктен меридианға дейін.
1977 жылы қорды есептеу кезінде көтерілім өнімді қиманың әр түрлі қанығу сипатты жеті блокқа бөлінгені берілген сумұнайлы байланыстың байланыссыздығы бұзылымдарға әкелген, ол көптеген жағдайда шартты. Болашақта құрылымның переклинальді бөлімдерін бұрғылағаннан кейін үш өлшемді сейсмиканы орындауды жер қойнауын пайдаланушылармен жүргізу 2001-2002 жылдары жоспарланған, ал үзілген бұзылымдардың орналасуы дәлірек жасалады.
Қаражанбас көтерілімнің келісілген нұсқасына сәйкес, құрылым жеті тектоникалық бұзылымдарға емес, төртке бөлінген. I-ші блок I,II, III, V блоктарды біріктіретін сұлба 1977 жыл, II блок IV-ші блокқа сәйкес, III-ші блок VII-ге, IV-блок VI-ға сәйкес.
Бор кешені бойынша блоктық құрылымдар қарапайымдылығынан кейін, юра шөгінділерінің құрылымы туралы көзқарас өзгерді, өйткені 1977 жылы әр түрлі шөгінділер арасында келіспеушіліктер ескерілмеді және құрылымдық жоба орта юра шөгінділермен төменгі борға сәйкес келген.
5019 және 3175 жаңа ұңғымаларды бұрғылаудың берілгендері бойынша алынған коллектордың қанығу сипаты туралы мәліметтер, сонымен қатар өнімді қабаттардың шоғырлану тереңдігінің 120 м-ге дейін шұғыл құлауы, Қаражанбас кен орнының IV блогын солтүстік Бұзашыдан ашыратып тұрған үзілісті бұзылымның орналасу жағдайын өзгертуге мүмкіншілік берді. Құрылымның шығыс переклиналындағы I және IV блоктарды ажыратып тұрған үзілісті бұзылым, 3601, 3607, 3611 ұңғымаларының солтүстігіне қарай жүргізілді. Оның орналасуының өзгеруінің себебі Ю-I және Ю-II қабаттары бойынша қабылданған сумұнай әсерлесуін (ВНК) коллекторлардың қанығу сипатының сәйкестігіне келтіруінің қажеттілігімен туындаған.
1.2 - кесте - Қаражанбас кен орнының геофизикалық сипаттамасы. Г қабаты
Параметрлер | Г қабаты |
Орташа жатыс тереңдігі, м. Кеніш түрі Орта есеппен алынған қабат қалыңдығы, м. Мұнайлылық ауданы , га. Орташа өткізгіштігі, мкм2 Орташа кеуеутілік, % Бастапқы мұнайлылық, % Мұнайдың баланс қорлары, млн.т. Еріген газдың баланс қорлары, млн.м3 қабат қысымы, МПа.: бастапқы ағымдағы Қабат температурасы, 0С | 366 пластовая 6 2677 160,1 28 67 12818 102 4,5 26 |
1.2 - кесте жалғасы
Параметрлер | Г қабаты |
Мұнай сипаттамасы | |
Қабат жағдайларында: тығыздық, кг/м3 тұтқырлық, мПа*с Жер үсті жағдайларында: плотность, кг/м3 тұтқырлық ( t=323,2К),мПа*с Құрамындағы: күкірт, % вес Парафин, % вес | 930 272 941 164,7 1,9 0,7 |
I топ. Қабат қалыңдығы 10м жоғары, бір текті құмтасты, өткізгіштігі жоғары [ (0,5-0,7)10м ] ұңғымалар бұрғылау. Олар қарапайым әдістермен игеріледі, мысалы мұқият жуылғаннан кеиін, қабаттың түпкі бөлігінде дренажды арнаны тазарту үшін поршенді интенсивтілік кезеңі жүргізіледі.Мұндай ұңғымалар әдетті меншікті қабылдау коэффициенті жоғары болады және жоғарғы тұрақты шығынмен жұмыс жасйды,700-1000м/тәул асады.
II топ. Ұңғымалар, сазды қабыршақты, құмтасты қабаттарды ашылады және олардың өткізгіштігі төмен болады.Әдетте кұмтасты қатпарлардың қалыңдығы 6 дан 12 м дейін.Орташа меншікті қабылдау коеффициенті, мұндай ұңғымаларда I топқа қарағанда 2есе аз болады. II топтағы ұңғымалар қиын меңгеріледі және арнайы меңгеру әдісі немесе бүтін кешенді әдіс қолданылады.
III топ . Ұңғымалар, сазды қатпарлы, құмтаспен кезектесіп,аз қалыңдықта және төмен өткізгішті.Меншікті қабылдау коэффициенті 0,1 м/(тәулМПа) төмен.
Мұндай ұңғымаларды меңгеру бірнеше айларға созылады және түп аймағына тиімді әсер қолдануды талап етеді,мысалға қабат аралығын сұйықпен жару, тұз қышқылымен өңдеу және үлкен қысыммен айдау.III топта ұңғыманың бітелуі тез және 2-3 айдан соң қалпына келтіру туындайды.Мұндай ұңғымаларда айдалатын суға талап жоғары болады,судың құрамында темір гидроокисі болмауы тиіс. Немесе диференциялды түрде үлкен болған жағдайда қабаттағы қысым аз болғанда, қабатқа мөлшер-мен су айдалады. Бұл қабат қысымын ұстауға керекті энергия шығынын,қосым-ша айдау ұңғымаларын азайтуға әкеледі.
1.4 Мұнайгаздылығы
Мұнайдың газбен қанығу қысымы – негізгі параметрлердің бірі болып саналады. Көп жағдайларда кен орынның игеру түрін сипаттайды, оның дұрыстығынан ұңғылардың пайдалану қасиеттері де байланысты. Ұңғыманың табу мүмкіндіктері кен орнын игеру сипатын анықтайтын және анықтау дұрыстығына байланысты. I және II игеру объектісі қанығу қысымының үлкен диапазонды өзгерістері осы параметрді орташа алуға мүмкіндік бермейді (1,14,18 МПа и 1,23,9 МПа сәйкесінше). Осы объектілер бойынша қанығу қысымдары газқұрамды мұнаймен кестелі түрде өзара байланыспен анықталған және орташа сәйкестікпен 2,65 ж/е 2,75 МПа құрайды. Қарастырылатын параметрлердің жоғары деңгейдегі корреляциясы (0,92 және 0,89 сәйкесінше) осы ұғымды сенімділікпен қабылдауды қажет етеді. Мұнайдың газбен қанығу қысымы юрлық тынығу жерлерінің батысында орташа 3,2 МПа-ға тең, шығыста – 2,0 МПа.
Қабатты мұнайдың тығыздығы мен жабысқақтығының өзгеру диапазондары үлкен. Корреляциялық байланыстылықты алу үшін барлық зерттеулердің нәтижелері қолданылған. Газ құрамымен тәуелділігін сипаттайтын осы екі параметрдегі корреляцилық теңдеулер I объектінің қабатты мұнайы 8,9 м
3/т газқұрамымен игеруі орташа 919,5 кг/м3 тығыздық пен 240 мПа*с жабысқақтықты құрайды, II объектінің қабатты мұнайы 8,9 м3/т газқұрамымен игеруі орташа 918,5 кг/м3 тығыздық пен 340мПа*с жабысқақтықты құрайды.
1.3-кесте - Қабатты мұнайдың параметрлері
Атауы | Мағынасы | |||
Қабат | ||||
А | Б | Г | Д | |
Мұнай.газ.қысымы МПа | 2,31 | 1,99 | 2,68 | 2,66 |
Көлемді коэффициент | 1,021 | 1,015 | 1,025 | 1,043 |
Мұнай тығыздығы, кг/м3 | 927 | 930 | 919 | 920 |
Қысым коэффициенті | 9,3 | 86 | 5,8 | 50 |
Бірақ қабатты мұнайдың төменгі газдықұрамдылығына байланысты мұнайлы газды барлық терең сынамалардан анықтау қиын болды.
Газданбаған мұнайдың құраушы құрамы қабатты мұнайдың бір дүркін газдануынан алынған сынама бойынша жүргізілді. Жалпы алғанда 7 сынау зерттелді, олар оның ауыр құрамын растайды. Метан мен пентан арасындағы көмірқышқыл құрамы 1% мол.
Бір дүркін газдандыру газының құраушы құрамымен, газданбаған мұнайдың құраушы құрамымен және газқұрамдылыққа қабаттың бастапқы жағдайларында қабатты мұнайды игеру қарастырылған (белсенді игеру бөлшектері).
Қабатты мұнайдың құраушы құрамы төменгі газқұрамдылығымен газданбаған мұнайдың құраушы құрамынан аз ғана ерекшеленеді және 85% мол құрайтын С6+высш қалдықтың жоғарғы құрамымен сипатталады.
Газданбаған мұнай қасиеттері.
Газданған мұнай қасиеттері қабатты мұнай сынамаларын газдау сынауларымен бағаланған. Игеру объектілеріндегі орташа диапазондары мен параметрлері берілген.
Кен орнын игеру уақытында газданған мұнай қасиеттерінің өзгерісі болған жоқ. Қаражанбас кен орнының мұнайы ауыр, жоғарыжабысқақты, азбалауызды, жоғарышайырлы. Жеңіл фракцияда төменгі шығысты ( 300°С – 18÷20% об.), суу үшін төменгі температуралы және күкіртті категориясына ( 15°С төмен) жатады.
Газданған мұнай қасиеттеріне термикалық әдістердің әсер етуін зерттеу мақсатында 2010 ж қарашада қабатқа әсер ететін түрлі термикалық әдістері бар 25 сынамалы жерлерде іріктеу жүргізілді. Қолданылатын технологиға мұнайдың қандай-да бір тәуелді қасиеттері байқалмады. Бұл бүгінге қабатқа әсер етудің бірде бір әдіс қолданбағандықтан болуы мүмкін. Әртүрлі технологиялардың бірінен соң бірі кезектесуі мұнай параметрлерінің кең диапазонда өзгеретіндіктен оларды байланыстыруға мүмкіндік бермейді.