Файл: Мектеп Жетісай ауданыны мамандандырылан Дарын мектепинтернаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп:

Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

Күні:

03.05.2023ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Қарсыбаева Ғ.М

Сынып: 8 «Б»

Пәні: Информатика

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:


Бөлім:

Python тілінде алгоритмдерді программалау




Сабақтың тақырыбы:

Тармақталған алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу

Cабақтың мақсаты :

- Тармақталған алгоритмдердің операторларын біледі және құрылымын ажыратады.

-Бағдарламалаудың модульдік және өңдеудің кіріктірілген ортасында шартты тексеру операторларын программа құруда қолданады.

- Өңдеудің кіріктірілген ортасында тармақталу алгоритмдерінің бағдарлама кодын құрастырады, қателерді талдай алады.

Жоспар:

Сабақтың кезең

Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру сәті :

1. Cәлемдесу

Қайырлы таң, сіздерді көргеніме қуанышытымын, қалайсыздар?

Бүгін сабақта кім жоқ?

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Ұйымдастыру кезінде

«Мадақтау» әдісі арқылы марапаттауға тырысамын.

Ол үшін төмендегідей сөздерді қолданамын: «Жақсы жұмыс!

Жарайсың! »


Жеке жұмыс

Интерактивті тақтасы, компьютер



Өткен білімді еске түсіру.

Білу кезеңі


Білім алушыларға сұрақ:

-Өткен білімді еске түсіреміз.

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм неше түрі бар?

3. Алгоритмді әзірлемес бұрын нені анықтап аламыз?

4. Блок –схеманы қалай қалданамыз?

5. Есептерді шешуде қандай кезеңдерді орындаймыз?

6. Алгоритм құру кезінде тестілеуді жүргізу керекпе?
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Оқу мақсатын таныстыру






Дескриптор:

- Python программалау ортасын еске түсіреді

- Python программалау ортасында файлдармен жұмыс жасау әдістері мен сипаттамасын сәйкестендіреді

Қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағына бағалау

Слайд

Оқулық, жұмыс дәптері, компьютерлер


Ортасы

Түсіну кезеңі



Жаңа сабақ:

Тармақталған алгоритмдерді программалау

Тармақталған алгоритм дегеніміз – командалары белгілі – бір шартқа байланысты орындалатын алгоритм.

Шарт дегеніміз тексеру нәтижесінде «Ия» (ақиқат) немесе «Жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір.

Тармақталған алгоритдерді шартты операторлар деп те атайды.

Шартты оператордың Python бағдарламалау тілінде жазылу құрылымы:

If логикалық өрнек (шарт):

  1. өрнек

  2. өрнек

...
Бұл жерде if – егер деген мағынаны білдіреді.

Егер логикалық өрнек (шарт) ақиқат мәнді қабылдаса, онда өрнек орындалады, ал егер логикалық өрнек жалған мәнді қабылдаса, онда өрнек орындалмайды.

If логикалық өрнек құрылымы – шартты оператордың басы, ал өрнектер орналасқан жолдар шартты оператордың денесі деп аталады. Шартты оператор денесі бір немесе бірнеше өрнектен тұруы немесе бос болуы да мүмкін.
Логикалық өрнектер салыстыру таңбалары арқылы құрылады:


тең

x==y

тең емес

x!=y

үлкен

x>y

кіші

x

үлкен немесе тең

x>=y

кіші несе тең

x<=y


Мысалы: а саны теріс сан болса оны квадраттайтын программа құр.
a=int(input())

if a<0:

print(a**2)









Жаңа сабақты зейін қойып тыңдайды.




Мадақтау:

Жарайсың!



Слайд

Талдау кезеңі



1.Қандай жағдайда тармақталу операторы орындалады?

Шарт қойылып «иә» немесе «жоқ» жауабы болғанда.

2.Шартты оператор қай кезде қолданылады?

Шарт қойылғанда.

3.Шартты оператордың құрылымы қандай?

Шарт орындалаты оператор

4.Логикалық өрнек блогы туралы не білесіздер?

Логикалық өрнек белгілі бір программаны орындауда қолданылатын шарттар.

5.Шартты оператордың орындалмай қалатын кезі болама?

Тармақталу алгоритмінде орындалады әрқашан себебі онда екі жауап болады.

6. Тармақталу және Қайталану алгоритмінің айырмашылығы неде?


Білім алушылар жаңаа тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді оқушы жауап береді .

Дескриптор:

-өздеріне берілген тармақталу алгоритмі тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді.

- Шартты оператор қай кезде қолданылатынын біледі;

-Оператордың құрылымын, әркетті орындау блоктарын ажыратады.

Қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағына бағалау, мадақтау:

Жарайсың!



Қолдану кезеңі

«Мен естіп-ұмыттым, көріп-есте сақтадым, орындап-түсіндім!»- деп Чарльз Беббижж айтпақшы. Бүгінгі тақырыпты практика жүзінде қолданып көру мақсатында Python программалау тілінде берілген есептерді шешуді орындайды.Білім алушылар берілген есепті шығарған оқушы-3 балмен бағаланады.

1 Үшбұрыштың үш қабырғасының мәніне қарай үшбұрыш бола ма, болмай ма анықтайтын программа жаз. «Үшбұрыштың екі қабырғасының қосындысы үшінші қабырғасынан артық болады» қасиетіне сүйенеміз.

print (‘үшбұрыш қабырғаларын енгіз’)

а=float (input(‘a=’))

b= float (input(‘b=’))

c= float (input(‘c=’))

if a+b>c and a+c>b and b+c>a:

print (‘үшбұрыш болады’)

else:

print (‘үшбұрыш болмайды’)

Нәтижесі:

үшбұрыш қабырғаларын енгіз:

а=7

b= 8

c= 9

үшбұрыш болады



2.Берілген a,b-екі санның үлкенін табу программасын жаз

a=int (input(‘a=’))

b= int (input(‘b=’))

max=a

if max
max=b

print (‘max=’,max)

Нәтижесі:

а=18

b=10

max=18



3 Берілген сан x>0 болса оң сан, болмаса теріс сан екенін хабарлайтын программа жаз.

х= int (input(‘х=’))

if х>0:

print (‘оң сан’)

else:

print (‘теріс сан’)

нәтижесі:

х=-4

теріс сан



Жеке жұмыс, берілген есептеулерді Python программалау тілінде орындайды.

Дескриптор:

- Python программалау тілінде берілген есептің шартын құрып 2 санның үлкенін табу программасын жазады, нәтижесін алады;

- Python программалау тілінде берілген есептің шартын құрып үшбұрыштың үш қабырғасының мәніне қарай үшбұрыш бола ма, болмай ма анықтайтын программа жазады, нәтижесін алады;

- Python программалау тілінде берілген есептің шартын құрып оң сан, болмаса теріс сан екенін хабарлайтын программа жазады, нәтижесін алады.
Қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағына бағалау,мадақтау:

Жарайсың!



Python программалау тілі, компьютер, оқулық


Жинақтау кезеңі


1. Алгоритм дегеніміз не?

А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері

Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар

Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым

В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

2.Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет

А) алгоритмдік тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде

Ә) алгоритмдік тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде

Б) блок-схема түрінде, графикалық түрде, программалау тілінде

В) программалау тілінде, математика тілінде, графикалық түрде, блок-схема түрінде

3. Алгоритмнің түрлерін көрсет

А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік

Ә) тармақталу, қайталану, шарттық

Б) сызықтық, тармақталу, циклдік

В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық

4. Қадамдарды тізбектеп орындалу кейбір шартқа байланысты болатын алгоритмді қандай алгоритм деп атаймыз

А тармақталған

Ә) сызықтық

Б) көрсеткіштік

В) циклдік

  1. 5.Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталады:

  1. А) Тіктөртбұрыш

  2. Ә) Эллипс (сопақша шеңбер)

  3. Б) Алтыбұрыш

  4. В) Ромб

6. Python программалау тілінде логикалық өрнектен кейін қандай таңба қойылу керек?

  1. А) «:»

  2. Ә) «;»

  3. Б) «+»

  4. В) «=»

  5. 7.if ағылшын тілінен аударғандай қандай мағынанаы білдіреді?

  6. А) «егер»

  7. Ә) «немесе»

  8. Б) «әйтпесе»

  9. В) «кейін»

  10. 8.If логикалық өрнек құрылымы шартты оператордың ......, ал өрнектер орналасқан жолдар шартты оператордың ......деп аталады.

  11. А) басы, денесі

  12. Ә) басы,аяғы

  13. Б) ортасы, аяғы

  14. В) басы, ортасы

Білім алушылар сілтемеге ұялы байланыс арқылы кіріп quizizz.com бағдарламасында есімдерін жазып 8 сұрақтан тұратын викториналық сұраққа жалдамдықпен жауап береді.

Дескриптор:

- алгоритм ережесін, түрлерін, жазылу түрін біледі;

- Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталатынын, , рython программалау тілінде логикалық өрнектен кейін қандай таңба қойылатынын біледі;

  1. - If логикалық өрнектің қандай мағына беретінін ажыратады.

Қалыптастырушы бағалау парағына алған балдарына қарай бағалау, мадақтау:

Жарайсың!







https://learningapps.org/display?v=pw9pr1k0v23
Тест №1 (learningapps.org)



Сабақтың соңы

1.Білім алушылар бір-бірін бағалауды ұйымдастырады, бағалау парағы бойынша жеңген білім алушыны анықтап марапаттайды.

2. Білім қоржыны

«Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды»

«Мен сабақты жақсы түсіндім»

«Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек»


Жеңген білім алушы топтар бір-бірін бағалайды.

Жеңген оқушыны қол шапалақтау арқылы марапаттайды.

Білім алушылардың бағалау парақтағы белсенділігіне қарай электронды журналға бағалау.




Үй тапсырмасы

Есептің қойылымын анықтау үшін әрбір операторға талдау жасаңдар.

Программаның трассировкасын жүргізіңдер.