Файл: 2.уырша театрыны трлері Ертегіден сиырлы заттар арылы ертегіге ену.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
-
Саусақ театрының балалардың дамуына ықпалы.
2.Қуыршақ театрының түрлері
3.Ертегіден «сиқырлы заттар» арқылы «ертегіге ену»
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Көркем әдебиет бөлімінде балалардың саусақ театры арқылы тілін, ой-өрісін арттыру. Эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.
· Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын жетілдіру.
· Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.
· Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
· Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Кіріспе
Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері –тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығарманың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.
Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде,саусақ театрының алатын орны ерекше.Ежелгі мәдени-етті сақтап қалудың бір жолы,балабақшадағы саусақ театры.
Мысалы: Балабақшаға театр келеді немесе балалар қазір театрға барамыз дегенді естісе, балалар қуыршақ театрын көргенше тағатсыздана күтеді. Қуыршақтардың қолынан келмейтін нәрсе жоқ.. Олар таңғажайыптардың бәрін жасайды,балалардың көңілдерін көтереді, оқытады, тәрбиелейді.
Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптасты- руда, үлкен роль атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататын: балаларға арналған өлең –жырлар, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал мәтелдер, халық ойындары бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейді. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінен қорытындылаған мақал-мәтелдер, өзіне сыр жасырған жұмбақтар, бәріде балалар бақшасында кең қолданыс табады. Бала бақшада аңыз әдебиет үлгілерін, таным, қатынас, шығармашылық, денсаулық, әлеумет салаларында түрлі формаларда қолдануға болады. Балалар бұл іс-әрекет барысында диалогты және монологты сөйлеуге, сөздерді байланыстыруға, кейіпкерлендіруге сезімдерді беруге үйренеді. Материал тексінің мазмұны бала жасына қызығушылығына сай айту керек.
Көп жанрлы әдебиетінен кейіпкерлендіруге ең ыңғайлысы халық ертегілері. Оның көп сырлы сюжеті айқын композициясы, диалогқа құрылуы бәрі-бәрі кейіпкерлердің мінез құлқын толық сынауға мүмкіндік береді. Біздің бақшамызда білім беру стандартының 5 саласы бойынша берілетін ұйымдастырылған іс-әрекетте ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен қолданылады және тәрбиешілер өз тәжірибесінде кейіпкерлендіру немесе театрландыруды, сахналандыру кең түрде қолданады. Соның кең ауқымды бір түрі саусақ қуыршақ театры.
Негізгі бөлім
-
Саусақ театрының балалардың дамуына ықпалы
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап көреді. Театрландырылған ойындар желілі - рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту қажет. Бүлдіршіндер қуыршақ театрын тамашалау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Қойылымды тамашалау барысында алған эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Саусақ қуыршақ театры балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде, саусақ театрының алатын орны ерекше. Ежелгі мәдениетті сақтап қалудың бір жолы, балабақшадағы саусақ театрын дамыту болып табылады.
Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ ;
-Тілін дамытады. Себебі балалардың қолдарының, саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамыуына жауапты бөлігіне әсер етеді.
Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Онымен бір жастағы баланы да ойнатуға болады, саусақ қуыршағымен ойнатудың өзі баланы сөйлеуге итермелемейме?!
-Есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің рөлінде ойнауға тырысады.
-Эмоционалдық дамуына әсер етеді.
Саусақ қуыршағы бөбекті мәдениетке сүйсінуге үйретеді. Кейіпкерлерге еліктеп, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді.
-Кішкентай балалар (2-4 жастағы) үшін ертегі кейіпкерлері,өмірдегі достарындай болып кетеді.
Тәрбиешіге ыңғайлысы көп актердің керегі жоқ ,екі қолдағы он саусақ он актердің жұмысын орындайды.
Саусақ қуыршақтары туралы сөз болса еріксіз сезімге бой алдырасың, өмірге жаңа келген сәбидің де алақанын ең алғаш қысатыны,ананың саусағы емеспе?! Бұл тек шартты рефлекс емес, баланың анасына деген сенімі болса керек.
Қуыршақ театры – бір жастан асқан бөбектердің дамуына қажетті ойыншық .
Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүберекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп,сөйлету арқылы, баланы спектаклге тартуға болады.
Қуыршақ театры бөбекті тыңдай білуіне, қимыл қозғалысын жетілдіруіне,ашылуына септігін тигізеді.
2.Қуыршақ театрының түрлері
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Ол бірнеше топқа жіктеледі. Киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар болып бөлінеді.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды - маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың бойындай болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесьмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында - саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры – Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады олар өздерінің формасын ұстағандай пластмасе, бутылкаларға кигізіп қояды); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншыктар (дымковски ойыншықтар).
Суреттер (картиналар) театры - Декорация мен кейіпкердің -суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Трафарет театры - Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін - оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады.
Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.
3. Ертегіден «сиқырлы заттар» арқылы «ертегіге ену»
Театрландырылған іскерлік арқылы шешілетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін. Балалардың елестетулерін қалыптастыру. Балаларға көздерін жұмғызып, демдерін ішке тартып оны қайта шығару арқылы көздерін ашу. Одан кейін балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы; үстелге (одан жұмыртқа жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақ пісірді ме? т.б.) балалардан сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар.
Ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін. Ондағы кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез-құлықтары бар бейнелерді бөліп алуға және олардың біреуінің орынына өздерін, қоюы туралы айтамын. Өздерін көру үшін айна қолданылады.