Файл: 2.уырша театрыны трлері Ертегіден сиырлы заттар арылы ертегіге ену.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектаклдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф), саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеседі. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді өзім 2-3 рет оқимын. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.
Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ театрының қойылымын көру көмектеседі. Оны өзім көрсетемін немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады.
Мен біртіндеп ойындарды кеңейтемін, драматизация ойынның әр түрлілігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсемін.
Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3. Сұрақ - жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау, сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлендерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отырылды. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы, балалар кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасалады.
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылык қабілеттері оянды, Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері тандап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.
-
Ізеттілік әліппесін қосу (сурет театры) -
Саусақ театры арқылы «Мұнара» -
Таным «Үш аю»
«Мұнара»
Сахналандыру мақсаты: Сәбилердің бос уақыт көңілді, ұйымдасқан түрде өткізу, баланың сөйлеу тілін дамыту, танымдық процесстерді белсендіру, түр мен түсті ажырату, баланың эмоцияналдық дамуына және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Көрнекілік (декорация) саусаққа киілетін қуыршақ қыз, ойыншық пирамида.
Стол үсті – сахнаға қыз шығады.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер менің құрбым Машаны (немесе кез-келген есім) көрмедіңдер ме? Ол қайда кетті екен? Құрбыммен ойнайын деп келген едім, сендер менімен ойнағыларың келе ме? (Жауап күтеді). Ендеше менде мынандай ойыншық бар. Бұл не? – Пирамида. Қандай әдемі, түсі әртүрлі, өзі көп дөңгелектерден тұрады екен. Енді бұны қалай ойнайды? Ең жоғарысындағы түсін кім атай алады? Сары. Дұрыс сары, мен оны алып көрейін. (шығыршықтан суырып алады) Балалар, қараңдар бұның пішіні күнге, бауырсаққа ұқсаған екен, ондай пішінді не дейміз? – Дөңгелек. (Шығармашылықтан шыққан әр дөңгелектің түсі мен көлемін айтып отырады.)
(Барлық дөңгелектерді осылай түсін ажырата отырып пирамиданы бөлшектейді.)
Ал енді бұны жинап көрелік. (Кез-келген ретпен жинағанда бұрыс боп шықты). Балалар менің пирамидам дұрыс болды ма? Дұрыс болмады. Мен жинай алмадым. Сендер жинай аласыңдар ма? Балалар жинауға көмектеседі. Қуыршақ баланы сөйлету үшін түр мен түс, пішін, көлем туралы еске салып отырады. Дұрыс жинаған баланы мадақтайды.
(Қоштасып, анасы іздеп қалатынын ескертіп, балаларға тағы кездесетінін айтып, шығып кетеді)
«Мысық,әтеш және түлкі» «Шұбар тауық»
Мақсаты: Баланың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, пішін, көлем сияқты қасиеттерін заттық ажырату, баланың жаны ашу, кейіпкерге көмектесу сезімін туғызу. Эмоционалдық даму.
Көрнекілік: Сурет театры.
Барысы: Сахнада үй, ата мен әже. (Ертегі барысында декорация өзгереді.) Артқы жоспарда орман. Кейіпкерлер кезегімен шығады. Балалар театрландырылған көріністі тамашалайды.
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Саусақ театры.
Тақырыбы: Күшік, мысық, және тышқанның достығы.
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет
үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің тоқылған бейнесі. Доп.
Ертегі мазмұнын саусақ театры арқылы әңгімелеу.
Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»
Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,
Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.
Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.
Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.
Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».
Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.
Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.
Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Добым менің, добым менің.
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың, зуылдайсың.
Бірақ бізден құтылмайсың.
Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.
«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.
Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)
Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.
(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)
Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?
Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.
Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.
Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.)
Ән: «Әрқашан дос, біргеміз»
Қорытындылау
Қорытынды
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» - деп І. Жансүгіров айтқандай балалық шақтан бойына ана сүтімен орныққан ұлттық мақтаныш сезімдері, сөз өнері сәбилеріміздің өмірін мәңгі шамшырақ болып жағылып, рухан байлығын кеңейтуге жол ашады. Баланың туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін , патриоттық сезімін оятып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу осы біздің міндетіміз. Педагогикалық негізде жан-жақты етіп тәрбиелеген әрбір білімді , аяғын нық басқан азамат қана еліміздің болашағын қалап, іргесін берік етіп ұстайды деп білеміз. Осы жолда, осы бағытта біздің балабақша тәрбиешілері бар күш-жігерін тәжірибесін пайдаланады деп сенеміз.
Театр әр балаға қуаныш, қызықты да ұмытылмас әсер сыйлайды. Ал, балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда қуыршақ театрында қойылымдар ұсыну жолдары өте тиімді. Қазіргі таңда, мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілер тамашалап, әдеби шығармалар кейіпкерлерімен танысуға деген ықыластары арта түскен.
Жалпы, театр балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Бүлдіршіндердің тілін ұштауда, олардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдарда пайдасы зор. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын түйсінеді. Адамгершілік жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Олар барлық ертеңгілік қойылымдарды тамашалағанды жақсы көреді, тез қабылдайды. Сондықтан, бала тәрбиесінде театрдың алатын орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Отбасы және балабақша 2004 ж -
Отбасы және балабақша 2005 ж -
Кукольный театр -
«Ақ сандық көк сандық» Балалар фальклоры. -
Қазақстан мектебі, 2004, №10. -
.Бабенко А. Помочь ребёнку [адаптироваться в детском саду] Дошкольное -
воспитание. - 1990. - №11. - с. 32-34 -
.Балабақшаға арналған ойыншықтар мен құралдар. Алматы, 1988. -
«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы». Алматы, 1989.
10.Балаңыз мектепке дайын ба? Психологиялық тапсырмалар мен ойын,