Файл: йымдастырыла н ісрекет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Жапсыру

Ұсақ элементтерді ересектердің кӛмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы ӛнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру.

Музыка

Ағаш қасықтармен, сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және

металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау.




Айы

Ұйымдастырылға н іс-әрекет


Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

\Ақпан

Дене шынықтыру

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату; заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес), оң және сол қолымен кӛлденең

қойылған нысанаға (2–2,5 метр қашықтықтан), 1,5 метр қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 метр) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне тӛменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен

қағып алу (қатарынан 3–4 рет).

Сөйлеуді дамыту

Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, тӛрге отырғызу, «қонақ кәде», «сыбаға», ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін

үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу

Көркем әдебиет

таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау; ертегі желісін ретімен орындауға үйрету

Қазақ тілі

Шағын ӛлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.

Шығарманы жеткізуде оның мазмұны мен сипатына сәйкес түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, мәнерлеп айтуға баулу.

Математика негіздері

5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, "Нешінші?", "Саны

бойынша қайсысы?" сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту;

Қоршаған ортамен таныстыру

Балаларды адамгершілікке, ӛзара кӛмек беруге, ренжіген балаға жанашырлық танытуға және ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне кӛз жеткізіп себебін анықтауға, әділ болған жағдайда әрекет еткен баланың әрекеттерін қолдауға, бірге, келісіп ойнауға, құрдастарының ӛтініші бойынша ойыншықтарымен бӛлісуге, айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен

ӛткізіп, ӛзінің әділ пікірін білдіруге баулу. Қарапайымдылыққа, мейірімділікке және әділдікке,

ересектерге құрмет кӛрсетуге, кішілерге кӛмектесуге тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу.











Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгеруіне ықпал ету. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктердікеңейту.

Қоғамдық кӛліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру.

Балаларда мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруды жалғастыру; амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу,ересектердің әңгімесіне

араласпау, ӛз ӛтінішін сыпайы түрде білдіру, кӛрсеткенқызметі үшін алғыс айту.

Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен ӛсімдіктерге күтім жасауға (ӛсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.

Ӛз ӛмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электрқұралдарынан сақ болу, ӛз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа кӛтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау ); қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, ӛздігінен от жақпау).

Құрастыру

Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, кӛлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бӛлшектерді ӛзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.

Сурет салу

Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, кӛп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау. Пішінін ескере отырып, ою-ӛрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы ӛнері туралы білімдерін кеңейту.

Мүсіндеу

ертегілер мен қоршаған ӛмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құру;








Жапсыру

Геометриялық пішіндерден, ӛсімдіктерден әзірленген ою-ӛрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Музыка

Әуеннің кӛңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының,

билердің атауларын есте сақтау.




Айы

Ұйымдастырылға н іс-әрекет


Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Наурыз

Дене шынықтыру

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.

Сөйлеуді дамыту

Сӛйлемдегі сӛздерді байланыстыруға, кӛмекші сӛздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және кӛпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және кӛпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).

Көркем әдебиет

театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлерін(саусақ, үстел үсті, кӛлеңкелі және тағы

басқа) меңгерту

Қазақ тілі

Кітаптан ертегілер, кӛркем шығармалар оқып беруде олардың мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, кейіпкердің іс- әрекетіне ӛз ойын білдіруге баулу.

Тыңдалған шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізе білуге, еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан кӛрсете білуге мүмкіндік беру.

Математика негіздері

Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:


  1. ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;




  1. биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;









3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану.

Қоршаған ортамен таныстыру

. Жолда жүру ережелері.

Кӛлік түрлері, жол бӛліктері (тротуар, жолдың жүру бӛлігі мен жаяу жүргіншілер ӛтетін жол

және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес кӛшеден ӛту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші ӛткелі»,

«Қоғамдық кӛлік аялдамасы» жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту.

Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рӛлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.

Ӛз ӛмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын

пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Балалардың ӛз есімін, тегін, жасын, ата- аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау) ӛзін дұрыс ұстауға үйрету.

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.

Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер- тұрман, киіз үйдің

жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Сурет салу

элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру;

қазақ оюларының кейбір элементтерін салу;

Мүсіндеу

ұжымдық жұмыстарды орындау, міндеттемелерді ӛзара бӛлісу

Жапсыру

Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып,

ұлттық ою-ӛрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту

Музыка

Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық

қимылдарды қолдану.