ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Айы | Ұйымдастырылға н іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Сәуір | Дене шынықтыру | Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға тарту. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін салмақты реттеу. Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау. |
Сөйлеуді дамыту | Диалогтік сӛйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. | |
Көркем әдебиет | Балаларды тақпақтар мен ӛлеңдерді түсініп, есте сақтауға, таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге үйрету | |
Қазақ тілі | Сӛздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету. Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сӛздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету, үлгі бойынша жай, жайылма сӛйлемдер құра білуге үйрету. Ӛз ойын жай және жайылма сӛйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру. | |
Математика негіздері | Геометриялық пішіндер: балаларды геометриялық пішіндерді (дӛңгелек, тӛртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелерді (куб,шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру. | |
Қоршаған ортамен таныстыру | Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту. Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел |
| | соқты), соған сәйкес киіну. Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау. Ауа райы мен климаттық жағдайлардың ӛзгеруін бақылау. Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру. Ӛсімдіктер әлемі. Ӛсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту. Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында ӛсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін, ӛсімдік тұтастығының мәнін, олардың ӛсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау. Ӛсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, кӛшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Ӛсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, кӛгӛністер, жидектер (орман, бақша), гүлдер (бӛлме, бақша, шабындық), бұталар және ағаштар (бақша, орман). Бӛлме ӛсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру. |
Құрастыру | Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. | |
Сурет салу | заттардың үлгі бойынша олардың ӛзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бӛліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету; | |
Мүсіндеу | Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мусіндеу | |
Жапсыру | Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің кӛмегімен заттарды қиюға немесе ӛз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту. |
| | Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау. |
Музыка | Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды ӛзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың кӛңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау. |
Айы | Ұйымдастырылға н іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Мамыр | Дене шынықтыру | Мәдени-гигиеналық дағдылар. Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану |
Сөйлеуді дамыту | Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті ӛз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу. | |
Көркем әдебиет | таныс бірнеше шығармаларды атауға, мазмұндауға,сахналауға үйрету | |
Қазақ тілі | Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сӛйлемдермен жауап беруге, ӛзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата білуге және дұрыс жауабын ұсынуға, бір-біріне неге, не үшін деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қоюға, бір-бірімен еркін диалог құруға, еркін талқылауға мүмкіндік беру. Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын кӛркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, ӛз бетінше ретімен қайталап айтуға, ӛзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сӛйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. | |
Математика негіздері | Кеңістікте бағдарлау. Ӛзінің дене бӛліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: ӛзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, ӛзінің дене бӛліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, |
| | қолдар). Уақытты бағдарлау.Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бӛліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру |
Қоршаған ортамен таныстыру | Жануарлар әлемі. Тӛрт түлік және оның тӛлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту. Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән кӛріністерді: күзде – кӛбелектердің, қоңыздардың, кейбір құстардың болмауы, қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, кӛктемде кӛбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың кӛбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан шығаруы, жазда кӛбелектер, қоңыздар, инеліктер, құстардың кӛбеюін салыстыру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау. Жәндіктер туралы (қоңыз, кӛбелек, шыбын, құмырсқа), қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту | |
Құрастыру | Шығармашылық қиялды дамыту, кӛрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды ӛз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау | |
Сурет салу | Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан тӛменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу. | |
Мүсіндеу | Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту | |
Жапсыру | элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып |