Файл: Дріс 13 Биологиядаы цифрлы технологияларды маызы мен жетістіктері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәріс 13
Биологиядағы цифрлық технологиялардың маңызы мен жетістіктері
Елімізде биология ғылымының негізгі салалары – ботаника, зоология, микробиология, вирусология, физиологияның қарқынды дамып жатқандығын, сондай-ақ жаңа заманауи бағыттары – молекулярлық биология, генетика, биотехнология сияқты салалардың өз дәрежесінде орын ала бастағанын атап өту қажет. Сонымен қатар өткен ғасырдың 70-90-жылдары арасында биотехнология саласы қарқынды дами бастады. Ал 90-жылдардың басында Қазақстанның биология ғылымы айтарлықтай жетістіктерге ие болды. Атап айтқанда ғылыми-зерттеу институттары қажетті құрал-жабдықтармен, заманауи өндірістік базалармен жабдықталып, ғылыми инфрақұрылымы дамыған және жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген ғылым саласы болып қалыптасты.
Қазір Білім және ғылым министрлігінің құрамында – 13, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында 22 ғылыми ұйым биологиялық бағытта жұмыс істейді. Алайда, биылғы ғылыми жобаларға өткізілген конкурс нәтижесі бойынша республикалық бюджеттен өз дәрежесінде қаржыландырылмай қалған бірқатар ғылыми-зерттеу институты бар, ал ғылыми институттар үшін бұл қаржының негізгі көзі саналады. Бұдан шығатын қорытынды біреу ғана – институттардың келешегі не болмақ? Одақ кезіндегі ғылыми мекемелерде еңбек еткен ғалымдардың тағдырына кім жауапты? Енді ғылыми жобаларға конкурс үш жылдан кейін ғана болатынын ескерсек, осы күнге дейінгі дайындаған мамандардан айырылып қалуымыз әбден мүмкін.
«Зоология институты» Қазақстанның жан-жануарлар дүниесін зерттейтін ғылыми мекеме. Қазақстан ғылым академиясының құрамында, КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты зоологиялық секторы негізінде 1943 жылы құрылған. Институттың 10 лабораториясында (сүтқоректілер, құстар, палеозоология, су жәндіктерінің экологиясы, жәндіктер, жалпы паразитология, паразитоценология, жануарлар генофонды, омыртқасыздарға биологиялық бақылау жасау, жануарларды білезіктеу) жүздеген ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары:
-
республиканың жануарлар дүниесінің көп түрлілігін сақтаудың теориялық негіздерін жасау; -
хайуанаттар қорын қорғау, оны тиімді пайдалану; -
паразиттер мен олардың иелерінің арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері және экологиялық негіздері; -
жануарлар мен өсімдіктер паразиттерімен күресудің биологиялық жолдары; -
биологиялық және техногенді әсерлердің нәтижесінде зиянды және пайдалы жануарлар тобында болатын реттеуші процестерді экожүйелік тұрғыдан талдау; -
организмге тигізетін радиация әсерінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.
Адам және жануарлар физиологиясы институты». Қазақстан Ғылымдар Академиясының ғылыми-зерт. институттарының бірі. 1945 ж. құрылған.
Оның лимфа және қан айналысы, ас қорыту, лактация (сүттену), нейрогуморальдық реттеу, бейімделу және лимфалық жүйе физиол-сы лабораториялары бар.
Негізгі ғылыми-зерт. жұмыстарының бағыттары: лимфаның құрамы мен қасиетінің өзгеру заңдылығын, түзілуін және оған әсер ететін факторларын, ас қорыту, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері қызметін зерттеу. Құрылғаннан бері институт ғалымдары гисто-физиологиялық зерттеулерін (Н.О.Базанованың басшылығымен), адамның естен танып ауыратын дертін емдеу жолын (А.П.Полосухин); фистулалық әдіс арқылы малдың ас қорыту ерекшелігін білу (ҚАЛАСЫТ.Тәшенов); ірі қара малдың сүттілігін арттыру, бие сауатын «Темп» аппаратын шаруашылыққа пайдалану жолын (Х.Д.Дүйсембин) ұсынды. Сондай-ақ диспепсия, энтерит дертін емдеуге қажетті кермек және таран өсімдіктерінен жасалған тұнба ерітінділерін алу, киікоты өсімдігінен жасалған дәрімен жүрек ауруын емдеу жолын (Ф.Ж.Жұмағалиева); Қазақстанда экол. жағдайдың нашарлауына байланысты қолайсыз факторлардың (қорғасын, улы газ, т.б.) организмге зиянды әсерін және одан қалай сақтану жолдарын, ауыр металдардың қан мен лимфаға, бауыр мен бүйрекке, денедегі зат алмасу, ас қорыту, сүт шығу процестеріне әсерін анықтайтын ғылыми-зерт. жұмыстарын жүргізді.
«Өсімдіктер физиология және биотехнологиясы институты». Институт «Республикада ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру және ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 21.01.1993 ж. № 1090 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.11.1993 ж. № 1140 Қаулысына сәйкес құрылған.
Институт ҚР ҰҒА Ботаника институтының физиология және генетика зертханалары негізінде, өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін, «Өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты» деген атаумен, 1993 жылы құрылды. 2006 жылы мекеменің атауы Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты болып өзгерді. Институттың даму кезеңінде биотехнологиялық бағыттағы 5 жаңа зертхана ұйымдастырылды.
Өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Институтта 7 зертхана жұмыс істейді:
-
генетика және селекция зертханасы -
клеткалық инженерия зертханасы -
гермоплазманы криосақтау зертханасы -
молекулалы биология зертханасы -
молекулалы генетика зертханасы -
селекция және биотехнологиялар зертханасы -
физиология және биохимия зертханасы
«Ботаника және фитоинтродукция институты». 1946 ж. Алматы қаласында құрылған. 1995 жылы Ботаника институты (1945) мен Бас ботаника бағының (1932) жергілікті аймақтарда орналасқан төрт бақпен бірігуі негізінде Ботаника және фитоинтродукция институты ретінде қайта құрылған. Қазіргі заманғы ботаниканың көптеген салаларын (флоратану, өсімдіктер жіктелімі, геоботаника, палеоботаника, қор тану, экология, интродукция), сондай-ақ өсімдік әлемінің екі әлемі – жоғары ағзалы өсімдіктер мен төмен ағзалы өсімдіктерді (саңырауқұлақтар мен балдырлар) зерттейтін ірі ботаника орталығы. Ботаника зерттеулердің кешенді жүргізілуі өсімдіктер әлемін сақтау мен тиімді пайдалану стратегияларын құру мақсатында оның әр түрлі деңгейлерінде (биоценотикалық және флоралық) жүріп жатқан процестер туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
«М.А.Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты». Молекулалық биология және биохимия институты Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1983 жылғы 22 ақпандағы No 83 қаулысымен құрылды. Институт Қазақстанда заңды түрде молекулалық биология, генетикалық және жасушалық инженерия, молекулалық генетика және молекулалық медицина, ғарыштық биология және биотехнология, молекулалық иммунология және иммунобиотехнология, этно- және палеогеномика сияқты ғылыми салалардың негізін салушы болып табылады.
«Генетика және физиолоия институты». Ұйымдасу деңгейі әр түрлі эукариотты организмдер геномын құрылымдық-функционалдық талдау; прокариотты және эукариотты организмдердегі мутация процесінің механизмдері мен заңдылықтарын зерттеу, ко- және антимутагенез мәселелерін зерттеу, табиғи генотоксиканттардың әсері салдарларына талдау жасау; белгілерді генетик. және цитогенетикалық талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және жетілдіру; онтогенездің цитогенетикалық және молекулалық-генетикалық негіздері және оларды реттеу.
Тапсырма: Қазақстандағы биология саласы бойынша ғылыми зерттеу институттарының қазіргі жағдайы мен ғылыми жетістіктері (презентация)