ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат Күні: Сынып: | Мектеп: №29 Мұғалімнің аты-жөні: Сейткалиева М.С Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Қайталау | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.6.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын өмірлік тәжірибесі немесе өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 4.4.2.5 үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: аудио мазмұны бойынша өз ойын өмірлік тәжірибесі мен салыстыра отырып білдіреді. Үстеуді мағынасына қарай ажыратады, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолданады. Үстеулерді түрлеріне қарай жіктейді. Көптеген оқушылар:Берілген сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазады.Сұрақ қойып қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.Үстеудің мағыналық түрлерін тиісті сөздермен сәйкестендіреді.Жұмбақты көшіріп жазып,үстеулерді табады және дәлелдейді. Кейбір оқушылар: Үстеудің мағыналық түрлеріне қатысты берілген сөздерге 3 сөйлем құрайды.(4-жаттығуда) | ||
Бағалау критерийлері | ●Берілген сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазады. ●Сұрақ қойып қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады. ●Үстеудің мағыналық түрлерін тиісті сөздермен сәйкестендіреді. ●Жұмбақты көшіріп жазып,үстеулерді табады және дәлелдейді. ●Үстеудің мағыналық түрлеріне қатысты берілген сөздерге 3 сөйлем құрайды.(4-жаттығуда) | ||
Тілдік мақсаттар | Тілдік дағдылар: Оқылым 1.6 Тыңдаған мәтін бойынша өз ойын білдіру Тілдік нормалардың қолданысы 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау Терминдер:үстеу,мекен ,мезгіл,сын-қимыл. Сөздік қор:алда,бұрынғы, азғана, жаңаша | ||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (1-тапсырмада мәтінмен жұмыс жасау барысында орындалады) | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану(Нұр-Сұлтан қаласы,ондағы ғимараттармен 1-тапсырмада байланыс жасалады.) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта (Жаңа сабақ мақсатын таныстыруда видиоролик көрсетемін) | ||
Бастапқы білім | Нұр-Сұлтан қаласын және ондағы үлкен ғимараттарды біледі. (Дүниетану пәнінен 1-тоқсанда менің отаным-Қазақстан бөлімінде 1-сабағында өткен )(1-тапсырмада ) | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурс | |
Сабақтың басы 8мин Білу және түсіну Сабақтың ортасы 27мин Қолдану Талдау | Амандасу Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?Көңіл- күйлерің қалай? Оқушы: - Сілеметсіз бе, мұғалім! Жақсы, өзіңіздің? Мұғалім: - Рақмет, жақсы! Түгендеу Мұғалім: - Балалар, бүгін кім жоқ? Оқушы: - Барлығы түгел. Мұғалім: -Ал енді, жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастайық! Қызығушылығын ояту. «Мадақтау»әдісі Нұсқаулық:оқушылар сынып ішінде бір-біріне мадақтау немесе комплемент (жағымды пікірін)білдіреді. Жаңа сабақтың мақсатын таныстыру (Видиоролик арқылы) Тыңдалым алды тапсырма Топқа бөлу «Доллор,рубль,теңге»әдісі Нұсқаулық:Мен ортаға жасанды ақшаларды қоямын Оқушылар таңдап алады.Осы әдіспен 3 топқа бөлінеміз. 1-топ Доллор 2-топ Рубль 3-топ Теңге Балалар ,сендер осыған дейін сөз таптарымен танысып келе жатырсындар ,ия?! Ал ,бүгін сіздер үстеу сөз табымен мен танысасыздар. Тыңдалым тапсырмасы Видиоролык 1 мин31сек көрсетіледі. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Ал,балалар ,үстеу дегеніміз не екен? Неше түрі бар екен? Атай аласыңдар ма? Қандай сұрақтарға жауап береді екен? Мұғалім сөзі:балалар ,қараңыздаршы бұл не?(Нұр-Сұлтан қаласы көрсетіледі.) Оқушы:Нұр-Сұлтан қаласы М ұғалім:Жарайсың!Иа,балалар,бұл ҚР астанасы. Нұр-Сұлтан қаласы Мұғалім:Балалар,республиканың астанасы Ақмолаға көшірілгенін білесіңдер ме ? Қай жылы көшірілді екен? Ал ,оны білу үшін оқулыққа назар аударайық! Тыңдалым алды тапсырмасы Барлығымыз оқулықты алдымызға ыңғайлы етіп қоямыз.Мәтінге мұқият құлақ саламыз.Ақпараттарды есте сақтаймыз. Оқулық пен жұмыс Тыңдалым тапсырмасы 1.Мәтінді тыңда . Қазақстан экономикалық кедергілерге қарамай , қиын да күрделі шешім қабылдады . 1997 жылы республиканың астанасы Ақмолаға көшірілді . Бұл шешім басқа елдерді де таңғалдырған еді . Азғана уақыттың ішінде бұрынғы про винциалдық * қала адам танымастай өзгерді . Есілді бой лай Президент сарайы , Парламент ғимараты , « Ханшатыр » , « Бейбітшілік пен келісім сарайы » , « Алау мұзайдыны са райы » , көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар жаңаша бой көтерді . Қазақ хандығының негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандардың , қазақтың үш атақты биі : Төле би , Қазыбек би , Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген . Аспанға атылған ақ барыс мүсіні – жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты бола шағының символындай елестейді . Астанамыз – Нұр - Сұлтан қаласының болашағы әлі алда . Ол – болашақтың қаласы . « Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан » кітабынан ●Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша пікіріңді айт . 1. Мәтін не туралы ? 2. Мәтінді тыңдау барысында көңіліңе қандай сезім ұялады ? 3. Астананы ( қазіргі Нұр - Сұлтан қаласын ) неліктен « бо лашақтың қаласы » дейді ? ●Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді оқы . Мағынасына назар аудар . Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Мұғалім:балалар, мәтін не туралы екен? Оқушы:Қазақстанның астанасы жайлы айтылған. Мұғалім:елордамызда қандай ғмараттар бар екен? Республиканың астанасы қай жылы Ақмолаға көшірілген екен? Оқушы: Президент сарайы , Парламент ғимараты , « Ханшатыр » , « Бейбітшілік пен келісім сарайы » , « Алау мұзайдыны са райы » Мұғалім:қандай ескерткіштер орнатылған ? Оқушы: Қазақ хандығының негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандардың , қазақтың үш атақты биі : Төле би , Қазыбек би , Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген . Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Мұғалім:Жарайсыңдар!(А4 форматтағы қағаз 3 топқа таратылады.) Ал, енді алдарыңыздағы қағазға топ пен бірлесе отырып,тыңдаған аудиожазба бойынша өз ойларыңызды өмірлік тәжірбие мен салыстыра отырып білдіріңіздер. Мұғалім :Балалар,мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудармыз.Қане,Айдос,қарамен жазылған сөздерді оқи ғой. Оқушы: (мәтіннен қарамен жазылған сөздерді тауып оқиды)азғана,жаңаша,бұрынғы,алда. Мұғалім:қане,мағынасына назар аударайықшы ,сұрақ қояйықшы .А3 қағазға жалғастырамыз сөздерді жазып ,бағыттау сызығымен сұрақтарын анықта. Оқушы:қашан? қайда? қалай? Мұғалім: (топтар жұмыстарын сынып алдында дәлелдейді) Жарайсыңдар! Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек»әдісі Нұсқаулық:топтар өзара бірін -бірі жұмыстарының екі сәтті тұсына жұлдыз жабыстырады және бір толықтыру қажет тұсын ұсыныс айтады. Қб: «өзін-өзі бағалау»(топта) Үлгі: Жазылым алды тапсырмасы Етістік дегеніміз не ? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? Жазылым тапсырмасы Дәптерден жұмыс 2. Сөздерді оқы . Былтыр , күндіз , төмен , кенеттен , алда , жорта , жоғары . • Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жаз . Сұрақ қойып , қай сөзбен байланысып тұрғанына назар аудар . Дескриптор ■Сөздерді оқиды ■ Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазады . ■Сұрақ қояды. ■ Қай сөзбен байланысып тұрғанына назар аударады. Жазылымнан кейінгі тапсырма Етістіктерді теркестіріп болсақ,сұрақ қойыңыздаршы. Қай сөзбен байланысып тұрғанына назар аударайық Кері байланыс: «Табыс ағашы» әдісі Нұсқаулық : (ағаштың суреті таратылады) Жасыл-барлығын дұрыс істедім Сары -қиындықтар болды. Қызыл-қателер көп болды. Әрбір оқушы жапырақтармен өз ағашын безендіреді (Оқушылар тапсырма бойынша ұсыныстарын,ойларын табыс ағашына жазып кетсе болады) Қб: Ауа-райы» әдісі Күн-өте жақсы Бұлт-орташа Жаңбыр-талпын Нұсқаулық :мұнда бала көршісімен дәптер алмаса отырып,жұбын бағалайды .Бала досын қай деңгейде деп есептесе,сол деңгедегі ау-райын көршісінің дәптерінің шетінежазады. Бағалау критерийі Көркем жазады Етістікті дұрыс тіркестіреді. Іс - әрекеттің мезгілін , мекенін , сын - қимылын бо білдіретін сөз табын үстеу дейді . Үстеулер қашан ? қайда ? қалай ? деген сұрақтарға жауап береді : Жүрдек пойызбен Елордаға тез келдік . Түнде қала көше лері жап - жарық . Биыл астананы көруге бардым . Айтылым алды тапсырмасы Балалар,үстеудің неше түрі бар? Қандай сұрақтарға жауап береді? Ал,олай болса мына сөздердің үстеудің қай түріне жататынын анықтаңыздаршы. Айтылым тапсырмасы (Ауызша талдап ,сұрақ қоя отырып интербелсенді тақтаға шығып 3 топ ақылдасып бір -бірден сәйкестендіреді. )Қай топ дайын бастай береді. 4. Үстеудің мағыналық түрлерін тиісті сөздерімен сәйкестендір. төменде , жоғарыда , алға, артта , сыртта . тал түсте , күндіз - түні , ертең , бүгін , күні бойы. ақырын , тез , әрең , етпетінен , жаңаша Мезгіл ( қашан ?) Мекен (қайда?) Сын-қимыл (қалай?) ● Үстеудің мағыналық түрлеріне қатысты берілген сөздерге 3 сөйлем құрыңдар. (Өз таңдауларың бойынша, топта) Кері байланыс: «Табыс ағашы» 2-тапсырмаға сәйкес өз ағашын безендіреді. Қб: «Өзін-өзі бағалау»(топта) Сергіту сәті: «Әріптер мен сандар» Нұсқаулық:Мен оқушыларға 10-дейінгі кез келген сан айтамын(немесе әріп айтуға болады)Мен 10-дейін санағанша ,оқушылар атаған санына дейін санап үлгеруі қажет. Жазылым алды тапсырмасы Балалар,сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ғой,ия?!Олай болса мына жұмбақты ешімізден қайталап оқып дәптерімізге қатесіз, таза ,көркем жазып алайық Жазылым тапсырмасы Ал,балалар,жұмбақтың жауабын қай топ бірінші анықтады екен? 5. Жұмбақты көшіріп жаз , шешуін тап . Күндіз білінбейді , Түнде күлімдейді . (Ай) • Үстеулерді тауып , үстеу екенін дәлелде. Жазылымнан кейінгі тапсырма Мұғалім:балалар,осы жұмбақтан үстеу көріп тұрсыздар ма?Мұқият назар аударыңыздар!Топ пен ақылдасып, тапқан үстеулеріңіздің үстеу екенін дәлелдеңіздер. Дәлелдеу үлгісіндегідей етіп топ пен тапқан үстеулерін сұрақ қою арқылы дәлелдейді. Дұрыс жауабы: Жұмбақтың жауабы:ай. Жұмбақтары үстеулер:күндіз,түнде Дәлел:мезгіл үстеу .Себебі,қашан деген сұраққа жауап береді. Кері байланыс: «Табыс ағашы» 5-тапсырма бойынша ағашын безендіреді. Қб: «Өзін-өзі бағалау»(топта) Мұғалім:Балалар, сіздер бүгін үстеу ұғымы мен таныс болдыңыздар. Тақырып қызықты әрі түсінікті болды деген ойдамын. Оқушылар:ИА! Мұғалім:ал,олай болса,тақырыпты түсінгенімізді шығармашылық үзіліс жасап анықтап көрейік. Ал,олай болса,1-себет Доллор тобы ,2-себет Рубль тобы 3-себетТеңге тобы анықтайды Шығармашылық үзіліс 6. Үш себеттің әрбіреуінің ішінде атына сәйкес келмейтін үстеулер кездеседі . Соларды өз себетіне сал . Мезгіл Мекен Қимыл-сын Шапшаң,кеше ,былтыр Қазір,алда,ескіше Қазақша,жоғары-төмен,ақырын Мысалы :1- Доллор тобы тек үш сетьттің арасынан тек мезгіл үстеу себетін толтырады. Дұрыс жауабы: Мезгіл:кеше ,былтыр,қазір Мекен:алда, Сын-қимыл:шапшаң,екіге,қазақша,жоғары-төмен,ақырын Кері байланыс: «Табыс ағашы» Шығармашылық үзіліс бойынша ағашын безендіреді. Қб: «Өзін-өзі бағалау»(топта) Үй тапсырмасы: 3-жаттығу 106-бет Ребусты шеш.Шешуіндегі үстеулерді қатыстырып,сөйлем құра. | |