Файл: Саба аза тілі Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: №44




Күні:17.05.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Хабидолда Б




Сынып: 5 «В»


Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағандар:0




Бөлім атауы:

Саяхат және демалыс




Сабақтың тақырыбы

Қашқария сапары




Сабақтың түрі

Аралас сабақ




Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А54 Негізді ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5.Ж2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру: Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу;




Сабақтың мақсаты

5.Т/А54 Негізді ойды анықтау: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау




Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

  • Негізгі ойды анықтай отырып,тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;




Ойлау деңгейі

Жоғары ой дағдылары




Сабақтың типі

Аралас сабақ




Құндылықтар

Мәңгілік ел жалпыұлттық құндылығы

  • Тіл және мәдениет

Жалпы құндылықтар:

  • Ұлы тұлғалардан үлгі алу;

  • Туған жерге тағзым;

  • Өз елінің, жерінің тарихын білу;




Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, география




Акт қолдану дағдылары

Аудио тыңдату, слайд.





Осыған дейін меңгерілген білім

Шоқан және орыс ғалымдары










Жоспар




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдеу.

Ақ пейілді ниетпен, Мейірімді жүрекпен. Амандасып алайық Бір жадырап қалайық.

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы төрт топқа бөлінеді.

Көк түсті таяқшаны таңдаған оқушылар бірінші «Іле өлкесі»топбына келіп отырады. Қызыл түсті таңдаған оқушылыр екінші «Ыстықкөл жазбалары» тобына келіп отырады. Сары таяқшаны таңдаған оқушылар үшінші топ «Жоңғария очерктері» тобына келіп отырады ал , жасыл таяқшаны таңдаған оқушылар төртінші «Қашқария сапары» топбына келіп отырсын.

Үй тапсырмасы: өткен сабақта сендерге төл сезбен автор сөзіне екі мысалдан жазып келу тапсырылған. (Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы әр топтан бір –екі оқушыға оқытқызам)

Қызығушылықтарын ояту кезеңі. «Топтастыру» әдісі. Оқушылар саяхат дегенде көз алдына елестейтінін айтады. Суретте кім бейнеленген ? Ол туралы білетініңді айт. Оның саяхат тақырыбына қандай қатысы бар деп ойлайсың ? «Болжау» әдісі. Кәне, балалар енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын болжап көрейікші, бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз деп ойлайсыздар?(Балалардың жауаптары тыңдалады) -Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапары жайлы болмақ.





Жаңа сабақ

Сабақтың ортасы

30 минут

20 минут

Сергіту сәті


Шоқанның Қашқарияға сапары ең қауіпті сапарлардың бірі болды. Шоқан осы Қашқария сапарынан қайтқан кезде айықпас құрт ауыруна шалдығады, сөйтіп не бәрі 30 жасында өмірден озады. Кейбір деректерде Шоқанның әкесі Шыңғыс өте бай ауқатты адам болған, бай болғаны соншалық аптасына бір жылқы сойып жеп отыратын болған, ендеше текті әулеттен шыққан Шоқанның құрт ауыруына шалдығуы мүмкін емес дегенде деректер бар.

1-тапсырма. Картадан Қашқария сапарын көрсетемін. Тілдік бағдар. Төл сөз бен төлеу сөз.

Төл сөз –өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзі ешбір өзгеріссіз берілген сөз болса, төлеу сөз-сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөзі.

Тыңдалымалды тапсырма

ЖЖ 2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдап отырғанда тірек сөздер мен сандық-деректік материялдарды жазып ал.

ТЖ .Мәтінмен жұмыс 1-топ Жастық шағы «Тектіден текті туар қайталанбас» Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал - айласы мол Орта жүз ханы болған. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге құштар болған. Шыңғыс сұлтан мен Зейнептің тұңғыштарына мұсылманша Мұхаммед - қанапия есімі беріледі. Анасы баланы Шоқан атаған, осы жалған ат дүйім жұртқа әйгілі болып, шын атқа айналып кетті.

2-топ Омбыда оқуда болған жылдар 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше Шоқанның өмірбаяны Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой - пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой - өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар - ақ, назар аударды." Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г. И. Потанин.

3-топ ғылыми зерттеулері Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ - орыс әскерінің 6 - атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік - Батыс аймағының генерал - губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. 1855ж Гасфорттың Тарбағатай, Жетісуға жасаған сапарына қатысады 1860ж Орденмен марапатталып, әскери шені жоғарылады 1864ж Черняевтың экспедициясына қатысады 1853ж кадет корпусты корнет шенімен бітірді 1856ж Семенов Тянь Шанскиймен танысты 1857ж Орыс географиялық қоғамының мүшесіне өтті Сондай - ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.

4-топ Қазақ тарихында алатын орны. Шоқан Уәлиханов 1858 жылы маусымда, 22 жасында Қашқария сапарына аттанған. Ол үлкен жолға Семей көпесінің керуенімен бірге шыққан. Уәлиханов бұл сапарына басын тақырлап, үстіне шапан киіп, Әлімбай көпес деген лақап атпен шыққан. Шоқан көрген-білгенінің бәрін өз күнделігіне түсіріп отырды. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашғарияға кірерде Қытай күзетшілерінің тексеруінен қауіптенді.1858 жылы қазан айының соңына қарай саудагерлер Қашғарияға келіп жетті. Ғалым 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады . Тыңдалым тапсырмасы. 1-тапсырма. ТЖ . 1-топ «Ашық микрофон» әдісі арқылы тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындайды. 2-топ. «Топтастыру» әдісіне салады. 3-топ. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

4-топ. «Кім жылдам» әдісі арқылы 3тест тапсырмаларын дайындайды.

«Тобықтай түйін» әдісі.

ҚБ мұғалімнің бағалауы

Дескриптор

  1. «Ашық микрофон» әдісі арқылы сұрақ дайындайды.

  2. «Топтастыру» әдісіне саып отындайды құр

  3. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

  4. «Кім жылдам» әдісі 3тест сұрақтарын

Оқушылардың жұмыстарын мұғалім тыңдап, кері байланыс береді (смайлик арқылы бағалау)

«Боулинг» ойын әдісі арқылы сергіту сәтін жасайды. Ойынның шарты: ойынға әр топтан үш оқушыдан шақырылады. Ойынға қатысатын оқушыларды «Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы шақырамыз. Бос құтының ішіе түрлі сұрақтар жазылып салынады, соны оқушылар допты домалату арқылы құлатып ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

1.Сан есім дегеніміз не, мысал келтір?

(Заттың санын,мөлшерін , ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? деген сөздерге жауап беретін сөз табын сан есім дейміз. )

2.Сан есімнің мағыналық түрлерін ата?

( сан есім мағына қарай алты түрге бөлінеді: реттік сан есім, болжалдық сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есім, бөлшектік сан есім.)

3.Реттік сан есім дегеніміз не?

( Реттік сан есім есептік сандарға –ыншы,інші,-ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бірінші, екінші)

3.Жинақтау сан есімнің жасалу жолын айт?

(Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: алтау, біреу)

4.Топтау сан есім деген не?

(-дан, -ден, -тан,-тен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы. алтыдан, бестен )

5. Болжалдық сан есім деген не?

( заттың санын дәл көрсетпей шамамен, мөлшермен айтады. Мысалы: жүз шақты )

6. Бөлшектік сан есімге мысал келтір?

( Заттың бөлшектік санын білдіреді оннан бес)

7.Аспандағы қанша жұлдыздың атын білесің? (Мысалы: Жетіқарақшы, Темірқазық, Шолпан, Үркер)

8.Төл сөз дегеніміз не? (Төл сөз- бөгде адамның сөзін еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі )

9.Шоқан қай өңірдің тумасы?

10.Мақалдың жалғасын аяқта «Таяқ еттен, сөз ........» «Ап-айқын» сөзін тұрақты сөз тіркесімен айтып көр. Мысалы: «Айдан анық», « Тайға таңба басқандай» 11.Мына сөздің синонимдік қатарын айт (Қасқыр-бөрі-көкжал-итқұс-ұлыма) 12. Төлеу сөз дегеніміз не? ( сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз)

Оқулықпен жұмыс: 4-тапсырма.Тыңдалған мәтіндегі Шоқанға қатысты ақпараттарға сүйеніп, саяхатшыға мінездеме бер.






Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Дәптерлеріне шығу парағын толтырады.

Осыған дейін не білдім?

Қандай жаңа білім алдым?

Не білгім келеді?








Үйге тапсырма: «Шоқанның Қашқарияға сапары» тақырыбына шағын ойтолғау жазып келу.






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Тексерген:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

5-бөлім: Бос уақыт және хобби

Мектеп: №

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы

Бос уақытта саяхаттау пайдалы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.Ж4. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

сұрақтарға жауап беріп, пікір білдіре алады.

Көптеген оқушылар:

сипаттама мәтін жаза алады.

Кейбір оқушылар:

мәтіннің стилін ажырата алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым және айтылым бойынша:

  • тыңдалым мәтінін түсінеді;

  • мәтіннің негізгі ойын түсінеді;

  • жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Әдеби тілдік норма бойынша:

  • стиль түрлерін меңгереді;

  • көркем әдебиет стилі туралы мағұлмат алады;




Сабақтың түрі

Жаңа материалды игерту сабағы

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:

1.Өзіндік пікір (идея)

2. Дәлел

3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал

4. Өз пікіріне қарсы пікір

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал

6. Қорытынды

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Ынтымақтастық

(тыңдалым мәтіні мазмұнына сай достықтың мәнін түсінеді)

Жауапкершілік

(жұптық жұмыста жауапкершілік қасиет танытады)

Құрмет

(жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді)


Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану.


АКТ қолдану дағдылары

тыңдалым мәтінін тыңдау арқылы негізгі ойды анықтайды.

Осыған дейін меңгерілген білім


Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Жоспар


Тапсырма

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
3 минут

«Мен туристпін» тренингі.



Оқушылар туристер кейпінде басқалармен тілдік қарым-қатынас құрады, бір-бірімен тілдеседі.

I.Қызығушылықты ояту
3 минут

2 минут


3 минут


3 минут

Қазақстанның қалалары арқылы топқа бөлінеді.

Топ атаулары:

1. «Астана» тобы.

2. «Алматы» тобы.

3. «Талдықорған» тобы.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Астана қаласының көрікті жерлері» туралы видеоролик көрсетеді.
«Ой шақыру» әдісі арқылы сұрақтар қояды:

  • Осы бейнекөріністе не көрдің? Не түсіндің?

  • Астана жайлы тағы не білесің?

  • Биылғы жылы Астанада қандай тариха оқиға болды?

  • Кандай елдерге саяхат жасағыларың келеді?

Картадан көрсетіп беріңдерші.


Оқушылар аймақтардың аттары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бейнебаянды көреді,картадан саяхат жасағысы келетін елдерді көрсетеді.

«Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

  • Ұсынылған суреттер не мақсатпен көрсетілді?

  • Ұсынылған суреттерді байланыстырып не айтуға болады?




Тақтадағы суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

II. Мағынаны тану


5 минут


3 минут

8 минут
4 минут


3 минут

2 минут

  1. Білу. Түсіну.

А) Мәнерлеп оқу. Тыңдалым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Мәтінді тыңда. Мәтіндегі қаратпа, қыстырма сөздердің не мақсатпен қолданылғанын түсіндір.

«Инсерт әдісі»

  1. топ «баяндаушы»

  2. топ «ізденуші»

  3. топ «сұрақ қоюшы»

Тыңдалым. Мәтінді тыңдайды.

  1. Тілдік бағдар. Көркем әдебиет стилі туралы мағұлмат алады.


Көркем әдебиет стилі- көркем шығарманың тілі. Оған ақындардың, жазушылардың өлеңдері мен хикаяттары, әңгімелері жатады. Онда ауыспалы, мағыналы, бейнелі сөздер, эмоционалды сөздер, синонимдер мен антонимдер, омоним, көп мағыналы сөздер молынан ұшырасады.

Ережені оқиды, түсінеді, талдайды.

Ә)Топтық жұмыс.

Оқылым . Оқулықтағы 4 - тапсырманы орындатады.

Мәтінді бөлікке бөліп оқыңдар. Не туралы? Топ ішінде талқылаңдар.



Оқылым. Мәтінді оқиды, негізгі ойды анықтайды.

Б) Айтылым. «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» тақырыбымен сабақтың тақырыбын байланыстырып, өз тобының атына байланысты, қаланың көрікті жерлері мен тарихи орындарына постерге жасайды.




Тақырып бойынша, әр топ постер жасайды.

В) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Алыстағы шетелдік досың Қазақстанға саяхаттағысы келетінін айтты, қайда бару керекітігі жайлы сенен кеңес сұрады, досыңа хат арқылы жауап жаз.



Жазылым. Оқушылар досына хат жазады.

Ш.Бағалау

1 минут

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім оқушыларға «жеке журналын» таратып береді. Оқушылар өзін бағалап болғаннан кейін қорытыды бағаны өзі қояды.



Оқушылар тақырып бойынша өз жетістіктерін бағалап, «жеке журналына» бағасын қояды.

IV.Үйге тапсырма

1 минут

Оқулықтағы 79 бет, 10-тапсырманы орындау.




V.Сабақтың соңы

Ойтаразы

2 минут

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы кері байланыс алынады.

Мен бұрыннан білемін....

Мен бүгін білдім...

Мен келесі сабақта білгім келеді......

Стикерге өз ойларын жазады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)










Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?