Файл: йымды рлап кнтнгі, Ойласам тыяр клкімді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұйқымды ұрлап күн-түнгі,

Ойласам тыяр күлкімді,


Сағыныш деген не еді?

Елеңдеткен біртүрлі...

Сағыныш... Еске түссе кеудеңді жаншып өтер, көмейіңе жас тақалар сезім дәл сол сағыныш. Сағыныш деген не өзі? Не үшін адам сағынады екен? Сағынышымызды қалай бассақ болады? Неліктен біз тек жақсы шақтарымызды сағынамыз? Қызық сауалдарды жіпке тізсек те олардың жауабын табу қиынға соғар. Қиынға соқпаған күннің өзінде де, менің тауып айтар жауабым да жоқ.

Адамдарда әртүрлі сағыныш болады. Ауылға деген сағыныш, бірге ойнап өскен бауырыңа сағыныш, ата-анаға деген сағыныш. Біреу әжесін, біреу атасын сағынады. Ал енді біреу алыстағы сүйгенін сағынады. Сол сүйген жанымен кездесуді, көрісуді аңсап күн-түн демей уақытын санайтындар да бар. Ал менің сағынышым қанша күтсем де, қанша уақыт санасамда қайта оралмайтын, кездесудің мүмкіндігі түспейтін сағыныш. Менің сағынышым - өмірімнің ең тәтті кезі. Менің сағынышым – менің балалық шағым... (Келесі жолдарда бала күндерден үзінді).

Бүгінгі ауа-райы ауылда өте ыстық. Ұлданай екеуіміз көрші үйден қант ала келу үшін жалаң аяқ құмның үстінде жүре бастағанымыз сол еді, қызған құмнің ыстығына шыдамай аяғымыздың ұшымен үйге қарай жүгіре жөнелдік.

  • Мә, әже, құм ыстық екен, аяғымызды баса алмай қалдық.

  • Иә, әже, әшейінде осы азанда құм жұп-жұмсақ, салқын болатын едіғой. Аяғым-аай,- деп екеуміз жарыса әжемізге еркелей мұңымызды шаққанымыз сол еді әжем:

  • Жетпегірлер-ай, енді тәпішкелеріңді кимейсіңдерме, әлде кешегі ойнаған жерлеріңде шешіп қалдырып кетіп па едіңдер?- дегенде ғана тәпішкелеріміз есімізге түсті. Ұлданай екеуміз құрттай аяқтарымызға үйдегі адамдардың үлкен аяқ киімдерін киіп, тәпішкемізді кешегі ойын ойнаған құмдардың арасынан іздеп тауып алдық.

Біз келем дегенше әжем шәйімізді дайындап нан турай кескіленген ақ-сарғыш дастарханға ыстық тапа нан мен май, қант қойыпты. Ұйқымыздан тұрғалы судан басқа нәр тартпаған Ұлданай екеумізге бұл бір үлкен ас болды. Өйткені менің бала кезімде үлкендермен жағаласып шәй ішуге де мұрша болмайтын, онық үстіне сыртта жүрген балалармен ойнауға асығатынбыз. Егер сыртта ойнап жүрмеген бала көрсек сағат, уақыт демей үйіне соғып ас ішіп отырса ауыз тиіп ойынға кете беретінбіз. Осылайша қаланың қызы болып ауылға жазғы демалысқа келген қыздар «қара қыз» болып қайтатын.

Міне, бұл менің балалық шағымның бір бөлшегі. Әлі күнге дейін есімде дәу мамам шашымызды тас қылып өріп тастап, велосипед кәмірін кесіп, резинка қылып тағатын. Оны екі-үш күн өткен соң барып шешетінбіз. Ерте шешейін десең шашың ауырып, жұлынады да қалады.


Қайран балалық шақ десеңші... Ойындарды мынау қыздың ойыны, мынау жігіттікі деп бөлмейтінбіз. Ойын алаңдары да болған емес. Сол бір «ақсүйек», «қызыл жалау», «футбол», «дәрігер», «мамасы папасы» деген ойындар бітпеуші едіғой. Осы ойындарға кіріп кеткен бала тәпішкесін қайтсін енді? Біз ойнап жүргенде бір досымыз өрістен мал күтіп, біреуі жем-суын беріп үлгеріп жүретін. Өрістен қайтқан мал мен жотаның ар жағына батып жатқан алқызыл күннің көрінісі әлі күнге дейін көз алдымда. Уақыт шамға таяған сәтте үйдегілер кешкі ас ішсін деп шақырып ойынның шырқын бұзатыны бар. Сол кезде ойынды тастап үйге кіретін бір ғана себеп - отбасымызбен көретін түріктің «Мың бір түні». Онур мен Шехризаттың оқиғасын көріп болып ойындардың түнгі партиясына жол тартамыз. «Ақсүйек» пен «тығылыспақтың» дәл уақыты - осы кез. Құмның арасынан ақсүйекті ешкім таппаса жаңадан ақсүйек алынады. Солай күні-түні уақытымыз бауырларымызбен, достармызбен ойнаумен өтетін еді ғой. Қазір сол еркеліктің біреуі де қалмады. Еркелейтін әже де, «Шехризат басталды» деп шақырып алар көке де жоқ қазір...

Осылай-осылай жылдар өте «балалық шақ» деген тарау жүрегіңнің түпкірінде сағыныш болып қалады екен. Еске түссе көзімнен жасымды сығып алатын сағынышым осы менің.

«Болашақ» университеті

Мақала

Тақырыбы: «Сағыныш»

Мақала авторы: Арықбай Жансая

Қызылорда, 2021