Файл: Алматы облысы Іле ауданы 11 орта мектебі Бекітемін Мектеп директоры С. Ж. Мукатова 2023ж Бкіл лем сйлейді наты ылым тілінде.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 44

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Сіз қалай ойлайсыз, мен болашақта сыныптағы басқа оқушылардан қалмай жақсы оқып кете аламын ба?» - Мұғалім не деп жауап беру керек.


13. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға  тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?

       1.Жүргізуші:


Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.

2.Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік. 9 «А» сынып оқушысы _______________-

«МИФ бірлестігінің үздік жас маман- 2023» мектепішілік байқауының ережесі
Байқаудың мақсаты:

Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.

Міндеттері:

1.   Мектептің жас мұғалімдерінің шығармашылықтарын, жұмыс   істеу  қабілеттерін анықтау;

2.   Жас мамандардың   кәсіби  мәртебесін  көтеру және қолдау;

3.  Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері  мен нәтиже беретін педагогикалық технололгияларды көрсету;

4.  Жаңа  педагогикалық тәжірибені тарату  және насихаттау.

Байқауға қатысушылар:

2.1.  Байқауға  педагогикалық еңбек өтілі 1 жылды құрайтын мектептің жас мамандары қатысады.

Байқаудың өткізілуі мен тәртібі:

  • ұйымдастыру комитеті және әділқазылар алқасы құрылады.

  • Ұйымдастырушы комитет және әділқазы алқасы қатарында жоғары дәрежелі мамандар мен  кәсіподақ ұйымының  өкілдері, мектеп психологі болады.

Байқаудың мазмұны:

      Байқау барысында білім беру мекемесінде шығармашылықпен айналысатын жас мамандар анықталады. Байқаудың барлық кезеңі   бойынша әділқазылар алқасы қатысушының іс-әрекетін келесі белгілер бойынша бағалайды:


-кәсіби шеберлік және жеке басының сапасы (шығармашылық, суырып салмалық қасиеті, өз бетімен ізденушілік, талапкерлік және т.б.);

- мұғалімдер жұмысының жүйелілігі, оқыту технологиялары, тәрбиелеу және дамыту.

Педагогикалық іс-әрекеттің әсерлігі келесі көрсеткіштермен  бағаланады:

- педагогикалық біліктілігі;

- теориялық білімі

- педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыруы;

- адамгершілік-этикалық қасиеті, педагогикалық мәдениеті және ой-өрісі мен эрудициясы;

- қарым-қатынас өнері, суырып салмалылығы.

Байқаудың кезеңдері:

1. Өзін-өзі таныстыру (3 мин)

2. Пән бойынша сабақтан үзінді (5 мин)

3. Ситуациялық тапсырмаларды орындау (2-3 мин)

4. Өз өнерін көрсету (3-5а мин)

Байқауға қатысушыларды бағалау:

  • Байқаудың  әділқазы алқалары жас мамандардың шығармашылығын,  ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл  идеяларын бағалайды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау.

  • Байқау нәтижесінде әділқазы алқалары жас мамандарды наминациялармен марапаттайды.