Файл: Аталан диагноздарды айсысы барынша сйкес келеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

#1

*! Қабылдау бөліміне 29 жастағы науқас жеткізілді, физикалдық жүктемеден кейін кенеттен қатты бас ауырсынуы, көп ретті құсу болған. Объективті: есі – сопор жағдайында, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары. АҚ – 190\110 мм.сын.бағ. Ликвор түсі қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде. Ликвордың қысымы – 290 мм.сын.бағ.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?

#2

*! Қабылдау бөліміне 35 жастағы әйел адам жеткізілді, кенеттен қатты бас ауруы және көп ретті құсу болған. Объективті: кома жағдайында, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары. АҚ-200\120 мм.сын.бағ. Ликвордың түсі қанға боялған, эритроциттер көп мөлшерде. Ликвордың қысымы 300 мм.сын.бағ.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?

#3

*! Қант диабетімен зардап шегетін 70 жастағы науқаста, оң жақ аяқ-қолдарында бірте-бірте әлсіздік, көзінде екі еселену пайда болған, сол жақ көз алмасының жоғары, ішке, төменгі қимылдары жоғалған. Объективті: сол жақ жоғарғы қабағында птоз, оң жақты сіреспелі гемипарез. Ликвор түсі – түссіз, қысымы – 180 мм.сын.бағ., цитоз – 5 лимфоцит.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?

#4

*! Науқас 65 жаста, таңертеңгісін сол аяғындағы тірегін жоғалтып, құлап қалды. Объективті: науқас қисалаңдаған, ұстау рефлексі анықталады, оң аяғының сіреспелі салдануы. Ликвор түсі – түссіз, қысымы – 160 мм.сын.бағ., цитоз – 3 лимфоцит.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?

#5

*! Науқас 57 жаста, бас ауруына, жүрек айнуына, сол жақ аяқ-қолдарының жансыздануына, жүрудің қиындауына шағымданады. Аурудың басталуынан 7 сағаттан кейін жедел жәрдем бригадасымен стационарға жеткізілді. АҚ – 195\110 мм.сын.бағ. Науқаста оң жақ бетінің жартысында және сол жақ денесінің жартысында беткей сезімталдықтың жоғалуы, гипофония, жұмсақ таңдай қозғалысының шектелуі, оң жақты жұту рефлексінің жоғалуы және шашалып қалу анықталды.


Барынша ықтимал болатын жүргізу тактикасын анықтаңыз?

#6

*! Атеросклерозбен зардап шегетін 66 жастағы әйел адамда, кенеттен оң жақ аяқ-қолдарында әлсіздік пен жансыздану шағымы пайда болып, ауру басталуынан 1 сағаттан соң жедел жәрдем бригадасымен стационарға жеткізілді. Объективті: АҚ – 165\90 мм.сын.бағ. тілдің оң жақты және беттің мимикалық бұлшық еттерінің орталық парезі, жоғары тонусты гемипарез және оң жақты гиперрефлексия.



Барынша ықтимал болатын жүргізу тактикасын анықтаңыз?

#7

*! Науқас А. 62 жаста, сөйлеуінің қиындауы, оң жақ аяқ-қолдарының әлсіздігіне шағымданып стационарға түсті. Жоғарыда аталған шағымдар ұйқыдан тұрған соң таңертеңгісін пайда болған. АҚ – 150\90 мм.сын.бағ. Зерттеу барысында анықталды: оң жақ аяқ-қолдарының күші екі баллға дейін төмендеген, терең рефлекстері жоғары, оң жағында патологиялық рефлекстер және табан клонусы шақырылады.


Барынша ықтимал болатын жүргізу тактикасын анықтаңыз?

#8

*! Қабылдау бөліміне науқас аяқтарындағы әлсіздік және жансыздану сезіміне шағымданып келді. Жедел түрде ауырған, бірнеше сағаттың ішінде симптоматикасы күшейе түскен. Объективті: есі анық, БМЖ: интактті, аяқтарында бұлшық ет күші 3 баллға төмендеумен тонусы жоғарылаған. Сіңір рефлекстері жанданған d>s. Оң жақта Бабинский симптомы. Жамбас мүшелерінің қызметі бұзылған.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйкес келеді?
#9

*! 40 жастағы науқаста кенеттен аяқ-қолдарындағы қозғалыс жоғалған. Объективті: спастикалық тетраплегия. С3 деңгейінде жұлындық – өткізгіштік тип бойынша сезімталдықтың бұзылысы. Зәрдің тоқтауы. Ликворлы ксантохромия. Қысымы 300 мм.сын.бағ.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйксе келеді?

#10

*! 45 жастағы науқас АҚ 180\100 мм.сын.бағ. көтерілуі салдарынан бас ауруы, бас айналу, жүргенде тұрақсыздық пайда болған. Объективті: жан жаққа қарағанда нистагмоид, тілі ортаңғы сызық бойымен, рефлекстері біркелкі жанданған. Ромберг сынамасында тұрақсыз. Координаторлық сынамаларды орындау барысында атаксия. 2 сағаттан соң АҚ 120\80 мм.сын.бағ. төмендегеннен, науқастың жағдайы жақсарған, неврологиялық симптомдар жоғала бастаған.


Аталған диагноздардың қайсысы барынша сәйксе келеді?

#11

*! Қабылдау бөліміне 57 жастағы науқас аяқтарындағы әлсіздік және жансыздану сезіміне шағымданып келді. Жедел түрде ауырған, бірнеше сағаттың ішінде симптоматика күшейе түскен. Объективті: есі анық, БМЖ: интактті, аяқтарында бұлшық ет күші 3 баллға төмендеумен тонусы жоғарылаған. Сіңір рефлекстері жанданған d>s. Оң жақта Бабинский симптомы. Жамбас мүшелерінің қызметі бұзылған. Кіндік деңгейінде өткізгіштік типі бойынша сезімталдықтың бұзылысы.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагностикада барынша негізделген?



#12

*! 52 жастағы науқаста кенеттен аяқ-қолдарындағы қимыл-қозғалыс жоғалған. Объективті: спастикалық тетраплегия. Бұғана сүйегі деңгейінде жұлындық – өткізгіштік типі бойынша сезімталдықтың бұзылысы. Зәрдің тоқтауы. Ликворлы ксантохромия. Қысымы 250 мм.сын.бағ.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагностикада барынша негізделген?

#13

*!38 жастағы науқаста АҚҚ 170/90 мм.с.б.б. көтерілуінен бас ауру, бас айналу, жүрген кездегі теңселу, кейіннен алғаш рет есінен танумен жүретін тонико-клоникалық тырысулар пайда болды. Объективті: менингеальді симптом жоқ, жанына қарағанда нистагмоид, тілі ортаңғы сызықпен, рефлекстері бірқалыпты жанды. Ромберг қалпында тұрақсыз, координарлы сынамаларды орындауда атаксия. 2 сағаттан соң АҚҚ 110/70 түскеннен кейін жағдайы жақсарды. Неврологиялық симптомдары нашарлады. Осы жағдайда қай зерттеу әдісі диагностикаға нақтырақ мәлімет береді?

#14

*!60 жастағы науқаста анықталды: оң аяғының парезі 3 балл, оң аяқ бұлшық етінің тонусы пирамидті тип бойынша жоғарылаған (бүгілген бәкі феномені), сіңір рефлекстері жоғарлаған, d>s, Бабинский симптомы оң жақтан оң. Сол жақта үстірт сезімталдық шап қатпарынан бастап төмендегені байқалады. D7-D8 қылқанды өсіндіні ұрғылау кезінде бірден ауру сезімі байқалады. Осы жағдайда қай зерттеу әдісі диагностикаға тән?

#15

*!29 жастағы науқас жедел түрде ауырып қалды, қатты бас ауру, көп реттік құсу, гипертермия байқалады. Науқастың беті қызарған, мұрын-ерін үшбұрышы бозғылт, көздің тамырлары инъекцияланған, еріннің герпестік бөртпелері, аяқ-қолдағы құрысулар байқалды. Менингеальды синдром анықталады. Жұлын сұйықтығы лайлы сарғыш-жасыл, нейтрофильды плеоцитоз. Қайсы диагноз осыған тән?

#16

*!25 жастағы науқаста көлге шомылғаннан кейін жедел түрде дене қызуының 39-ға дейін көтерілуі, қатты бас ауру, жарықтан қорқу, тәбеттің болмауы, іш өтуі, бөртпелер дамыды. Менингеальды синдром анықталады. Жұлын сұйықтығының қысымы 300мм с.б.-ге дейін көтерілген, лимфоцитарлы плеоцитоз. Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы болжамалы?

#17

*! Пульмонологиялық бөлімшеде бронхоэктаз ауруына байланысты жатқан 67 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлады: жалпы милық симптомдары күрт пайда болып, айқын шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Керниг- Брудзинский симптомдары пайда болды. Жұлын сұйықтығында нейтрофильды плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, СОЭ-ң жоғарылауы. Қайсы диагноз осыған тән?

#18

*!Науқас 23 жаста, ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Науқаста қатты бас ауруы, іш өтуі, көп реттік құсу, гипертермия, беті қызарған. Жұлын сұйықтығы мөлдір, қысымы 270 мм.с.б., лимфоцитарлы плеоцитоз. Отбасы мүшелері мен жұмысындағылар ауырған. Қандай болжама диагноз осыған тән?


#19

*!Ауруханада пневмонияға байланысты жатқан 73 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлады: жалпы милық симптомдары күрт өсті, айқын шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Керниг-Брудзинский симптомдары пайда болды, тонико-клоникалық тырысулар дамыды. Жұлын сұйықтығында нейтрофильды плеоцитоз, қанда лейкоцитоз, СОЭ-ң жоғарылауы. Осы жағдайда қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?

#20

*!Ауруханада инфекциялық эндокардитке байланысты жатқан 80 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлады: жалпы милық симптомдары пайда болып, айқын шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, тонико-клоникалық тырысу ұстамасы, сол жақтық гемипарез байқалды. Осы жағдайда қай зерттеу әдісі диагностикаға нақтырақ?

#21

*!39 жастағы ер адам, жедел ауырып қалды, қатты бас ауру, көп реттік құсу пайда болды, дене қызуы 40С-қа дейін көтерілді, жүрек қағуы байқалды, ентігу, тырысулар, ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Қарап тексеруде: есі- есеңгіреген, жүрек соғуы 114 рет минутына, АҚҚ-95/60 мм с.б.б. Жамбас, бел, табан аймақтарында геморрагиялық бөртпелер, сіңірлік рефлекстері біркелкі жанды. Шүйде бұлшық еті ригидтілігі 5 см, Керниг Брудзинский симптомдары бірден анықталады. Осы жағдайда қай зерттеу әдісі диагностикаға нақтырақ мәлімет береді?

#22

*!40 жастағы науқаста жалпы әлсіздік, құсу, бас ауру байқалады. Объективті: шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, Бехтерев симптомы, жарыққа қарашық реакциясының болмауы. Вассерман реакциясы оң. Жұлын сұйықтығы- лимфоцитарлы плеоцитоз, қысымы-260мм с.б. Қайсы диагноз тән?

#23

*!АИВ-инфицирленген 34 жастағы науқас жедел ауырып, дене қызуы 38,5С-қа дейін көтерілді, бас ауру пайда болды, енжарлық, омыртқадан басталып қабырға аралық пен кіндіктің оң жағына берілетін күйдіріп ауру сезімі. Осы аймақта тері жабындысы қызарған, іріңді-серозды көпіршіктер көрінеді. Көрсетілген диагноздардың қайсы тән?

#24

*!АИВ- инфицирленген 44 жастағы ер адамда басының қысып ауруы, құсу, бас айналу, сол аяқ-қолдағы әлсіздік, тырыспалық есінен тану пайда болды. Неврологиялық қарап тексеруде: аздап тежелген, сұрақтарға жауап береді, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі, сол жағында жеңіл гемипарез бар. Қайсы диагноз нақтырақ?

#25

*! 29 жастағы ер кісіде келесі симптомдар бар: оң Вассерман реакциясы, ұстамалы бас ауруы, көз қозғағыш жүйкесінің зақымдануы, жарыққа қарашықтың реакциясы болмауымен қатар қарашықтың аккомодация мен конвергенцияға реакциясының сақталуы, алғашқы рет жалпыланған тонико-клоникалық құрысу байқалған. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы анықталды.



Аталған зерттеу әдістерінің диагностика үшін қайсысы неғұрлым негізделген?

#26

*! 39 жастағы науқаста келесі симтомадар: бас ауруы, бас айналуы, құлақта шуыл, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалпы интоксикация, Вассерман реакциясы оң. Аталған зерттеу әдістерінің диагностика үшін қайсысы неғұрлым негізделген?

#27

*! Науқас 25 жаста ауруханаға қысып тұрған бас ауруымен, бас айналуы, сол жақ аяғы мен қол әлсіздік симптомдарымен түсті. Қарау кезінде шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалпы интоксикация, Вассерман реакциясы оң. Қанда, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз. Қандай препаратты тағайындау ең қолайлы?

#28

*!37 жастағы науқас. АИТВ жұқтырған, жедел ауырған, дене қызыуы 38,0 дейін көтерілген, жалпы әлсіздік, омыртқадан оң жақтағы кіндік проекциясына кабырға арасынан өтетін ауырсыну, Бұл аймақтағы тері гиперемияланған, серозды-іріңді мазмұны бар везикулалар бар. . Қандай препаратты тағайындау ең қолайлы?

#29

*! 23 жастағы науқас аяқтағы әлсіздікке, бас айналу, жүру кезіндегі тұрақсыздық, жиі зәр шығару. Неврологиялық статус: көлденең нистагм, атаксиялық жүріс, Ромберг қалпында тұрақсыз , құрсақ рефлексі шақырылмайды, қарқынды діріл, тізе рефлекстерінің жоғарлауы, табан клонусы, зәр шығаруға имперавтивті шақырулар. Аталған диагноздардың қайсысы ықтимал?

#30

*! Науқас 35 жаста бас ауруы, көру қабілетінің төмендеуі және анық еместігі, бас айналуы, жүру кезіндегі тұрақсыздық. Бір жыл бұрын көз дәрігерінде ретробулбарды неврит диагнозымен емделген. Неврологиялық статуста: көлденең нистагм, атаксикалық жүріс, Ромберг қалпында тұрақсыз, интенционды діріл. Аталған диагноздардың қайсысы ықтимал?


#31

*! 44 жастағы науқас жедел вирустық инфекциямен ауырып шыққаннан кейін дене кызуы бірден 38,5 градусқа көтеріліп бас ауруы пайда болды, Брудзинский симптомы , шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, үстірт сезімталдық бұзылыстары сол аяқта Д12 деңгейнен бастап, оң аяқта бұлшықет-буын сезімталдығы бұзылысы, табан саусақтарынында, оқшалау және қысым сезімталдығы Д12 денгейнен бастап, оң аяқ орталық салдануы, зәр кідіруі. Ликворды зерттеу кезінде қандай өзгерістер күтіледі?
#32

*! 18 жастағы ЖВИ кейін жалпы ми синдромы