Файл: Билет 1 Жрек гликозидтеріні негізгі рекеттері. Жрек гликозидтерін таайындауа арсы крсеткіштер. олдану тиімділігі мен ауіпсіздігін баалау..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 139

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Билет №1

  1. Жүрек гликозидтерінің негізгі әрекеттері. Жүрек гликозидтерін тағайындауға қарсы көрсеткіштер. Қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.

Механизмі-Натрий,калий-АТФ-аза-ны тежеу,ол жасуша ішінде натрий ионының көбеюіне әкеледі,натрий өз кезегінде кальций иондарымен алмасады.Негізгі эффекттері-1.кардиотоникалық(оң инотропты)-жүрек жиырылысы күшінің және лақтырысының артуы(қысқа болады); 2. Теріс хронотропты ықпалы – жүрек ырғағының баяулауы және диастоланың ұзаруы (кезбе жүйкесінің тонусы күшейеді).3. Теріс дромотропты ықпалы –синоатриальды және атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы.4. Оң батмотропты ықпалы – миокард қозуының жоғарылауы.5. Оң тонотропный ықпалы – миокард тонусының жоғарлауы.6.Оң батмотропты ықпалы-эктопиялық активтілігінің жоғарылауы.
Қарсы көрсеткіштер-абсолютті-гликозидті интоксикация.Салыстырмалы-синус түйінінің әлсіреу синдромы,АВ-блокада 1 и 2 –дәрежесі,жыпылықтаушы аритмия,қарыешалық ритм бұзылысы,синусты брадикардия.ХСН сол қарыншаның систолалық функциясының бұзылысы жоқ кезде тағайындалмайды.

Тиімділігі-стабильді және декомпенсирленген жүрек жеткіліксіздігін деп ажыратамыз.Декомпенсацияда-комплексті подход,негізгі топ проепараттарының дозалау режимін өзгертумен байланысты.Жүрек гликозидінің нәтижесі барлық препараттарды рационалды қолданғанға тәуелді.Ал тұрақты жүрек жеткіліксіздігінде дәрігер қолданылатын ем схемасына гликозид қосқанда ентігу,қашықтықта жүру сынамасы,ЖСЖ динамикасы оның әсерін көрсетеді.

Қауіпсіздігі-гликозидтік интоксикацияның ескерту мен анықтау шаралары болып табылады.Гликозид.интоксикация жағымсыз клинико-инструменталды көріністер жинағы,гликозид қабылдағанда туындайтын.Анықтау іс-әрекеттері:сұрастыру науқастан(симптомдарын анықтауға),пульс и ЖСЖ бақылау,ЭКГ анализі,қандағы калий деңгейі,бүйрек функциясын бақылау(креатинин и мочевина),жүрек гликозидімен жағымсыз әрекеттесуге түсетін басқа препарттарды коррекциялау,қандағы дигоксин деңгейін бақылау.

2. Науқас Р., 67 жаста, 3 жыл бұрын миокард инфарктімен ауырған, 6 айдан кейін полиморфты қарыншалық экстрасистола Амиодарон тағайындалды, әсері оң, ADS=D 125/80 мм рт.ст Рентгенограмманы қосымша тексеру өкпенің интерстициальды зақымдалуына тән өзгерістер анықталды.


1) Өкпедегі өзгерістерді немен байланыстыруға болады?Науқаста Амиодарон қабылдаумен байланысты өкпеде өзгерістер п.б.амиодаронның жанама әсерінің бірі-өкпелік токсикалық және интерстициальды пневмония «амиодарондық өкпе» дамыған. 2) Бұл жағдайда дәрігердің тактикасы қандай болуы мүмкін? Тактика в данном случае это отмена амиодарона, и назначение другого антиаритмического препарата без легочной токсичности. Блокатор кальциевых каналов – верапамил, либо В-блокатор Бисопролол.Амиодарон алып тастау,отмена,бета-адреноблокаторлар қарыншалық аритмияға және аритмиядан летальділік алдын алу үшін тағайындау.

3. Артериялық гипертензияның 2-ші сатысы бар 56 жастағы науқасқа фозиноприлге рецепт жазып беріңіз. Өзара әрекеттесуін, жанама әсерлерін сипаттаңыз. Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі дәрілердің енгізу жолын және дозалары.

Rp.:Tab.Fosinoprili 0.01

Da tales doses N60

Signa.күніне 2 рет 1 таблеткадан,тамаққа

байланыссыз,гипотензивті әсері болмаса

қосымша диуретик тағайындалады.

Курс-1ай.Бақылау-АҚ,ЖСЖ.

D/s-АГ 2 ст. ж-56 жас m-63 кг d=10-20мг Dp=10мг Dт=20 мг

Әрекеттесуі- Гипотензиялық дәрілер, диуретиктер, есірткілік анальгетиктер, жалпы жансыздандыруға арналған заттар фозиноприлдің гипотензиялық әсерін күшейтеді. Эстрогендер өзінің сұйықтықты кідірту қабілетіне орай фозиноприлдің гипотензиялық әсерін әлсіретеді.Препарат сульфонилмочевина туындыларының, инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтеді. Аллопуринолмен, цитостатикалық дәрілермен, иммунодепрессанттармен, прокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда лейкопенияның даму қаупін арттырады.Антацидтер.Антацидтерді (соның ішінде, алюминий немесе магний гидроксиді, семитекон) бір мезгілде қолдану фозиноприлдің сіңуін азайтуы мүмкін. Сондықтан аталған препараттарды антацидтермен бір мезгілде қолданғанда 2 сағаттан кем емес аралықпен қабылдау керек.Литий.АКФ тежегіштерін литий тұздарымен бір мезгілде қолданғанда, қан сарысуындағы литий концентрациясы және литиймен уыттанудың даму қаупі жоғарылауы мүмкін, сондықтан фозиноприл мен литийді бір мезгілде сақтықпен қолданған дұрыс.Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер. Фозиноприлтағайындалғанда индометацин мен басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың (соның ішінде, 3 г-ден аспайтын дозадағы ацетилсалицил қышқылы және циклооксигеназа-2 тежегіштері), әсіресе, ренині төмен артериялық гипертензиямен науқастарда, басқа АКФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін азайтуы мүмкін екенін ескеру керек. 

Диуретиктер.Фозиноприл диуретиктермен бір мезгілде немесе тұз тұтынуды шектейтін қатаң емдәммен үйлестіріп немесе диализбен қолданылғанда, әсіресе, фозиноприлдің бастапқы дозасын қабылдағаннан кейін алғашқы сағатта айқын гипотензиялық реакция дамуы мүмкін.Калий жинақтаушы диуретиктер және құрамында калий бар қоспалар.Калий препараттары, калий жинақтаушы диуретиктер гиперкалиемияның даму қаупін арттырады. Гиперкалиемияның даму қаупінен сақтану үшін, фозиноприлді спиронолактон, амилорид, триамтерен және т.б. сияқты препараттармен бір мезгілде қолдану қажет. 

Жүрек жеткіліксіздігі: Таблетка түрінде беріледі,Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Емдік тиімділігіне қарай дозаны бір апталық аралықпен ең жоғары күніне бір рет 40 мг дозаға дейін арттыруға болады. Қосымша диуретик тағайындауға болады.

Жанама әсерлері-Жиі-бас айналу, бас ауыру,тахикардия, жүрек қағу, артериялық қысымның төмендеуі, аритмиялар,гипотензия, ортостатикалық гипотензия,құрғақ жөтел, ентігу,жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия,стоматит, глоссит,қышыну, ангионевротикалық ісіну, дерматит,кеуденің ауыруы (кардиологиялық сипаттағы емес), әлсіздік,сілтілік фосфатаза, билирубин, лактатдегидрогеназа деңгейінің артуы.Кейде-гемоглобиннің уақытша төмендеуі,тәбеттің төмендеуі, гиперкалиемия, гиперкреатининемия, мочевина концентрациясының ұлғаюы, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, ұйқысыздық, үрейлену, депрессия, сананың шатасуы,, естен тану, дәм сезудің өзгеруі, тремор, ұйқы бұзылыстары,көру бұзылысы,есту мен көрудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы, құлақтың ауыруы, құлақтың шыңылдауы, вестибулярлы аппарат тарапынан бұзылулар,стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, пальпитация, жүрек қызметінің тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы, өткізгіштік бұзылыстары,гипертензия, шок, транзиторлы ишемия,диспноэ, ентігу, ринит, синусит, трахеобронхит,іш қату, іштің ауыруы, ауыздың кеберсуі, іш кебу,запор,гипергидроз, бөртпе,миалгия 


Билет №2
1. β-блокаторлардың басқа топтағы препараттармен әсер ету механизмі және дәрілік әрекеттесуі.

Өзара әрекеттесуі-Бета-адреноблокатор+клонидин-айқын АҚ төмендеуі, брадикардия көрінеді, әсіресе горизонтальды қалыпта болса.Клонидин отмена жасаса АҚ жоғарылауы болады-ол норадреналиннің көп бөлінуінен ж/е айқын тамыр тарылуынан бета-адренорецепторларыдң стимуляциясынан болады.Бета-адреноблок.+верапамил амиодарон,жүрек гликозидтерімен қолданса резкий брадикардияға,АВ-өткізгіштігінің бұзылысымен көрінеді,сондықтан, ЭКГ,ЖСЖ бақылай отырып қолдану.Бета-адреноблок.+нитраттар,ДГПП-мен тағайындау жақсы әсер көрсетеді-біріншісі-миокардтың О2-ге мұқтаждығын азайтады,екіншісі-перифиреялық тамырлардың тонусын төмендетіп,миокардқа жүктеме азайтып,коронарлық қанайналымды жақсартады.
Бета-адреноблокаторлар механизмі-ЖСЖ,АҚ ж/е миокард жиырылғыштығының әсерінен миокардтың оттегіге мұқтаждығын азайтады.коронарлы ж/е коллатеральды қанайналым жақсартады,бета2-адернорецепторлардың блокадасынан норадреналин бөлінуі азаяды,вазодилататорлы заттардың көптеп бөлінуі,жалпы перифериялық қантамыр қарсыластығын төмендетеді.
2. Науқас С., 15 жаста, реанимацияға астма ұстамасына, бет және мойын аймағындағы қышыма шағымдарымен түсті. Оң жақ бетінде ара шаққан ізі бар. Ларингоскопия 1) Диагноз қойыңыз.шағым,көріністеріне қарап-Ангионевротикалық ісіну(Квинке ісінуі)

2) Емдеуді ұсыныңыз.Согласно протоколу РЦРЗ, При значительной выраженности отека, локализации его в верхних дыхательных путях, ЖКТ, гипотонии необходимо введение 0.1% раствора адреналина 0.01 мг\кг подкожно, возможно повторное ведение адреналина через 20 минут.В остром периоде назначается антигистаминное средство – Хлоропирамин 25мг 3-4 раза в стуки в/в ил в/м;Глюкокортикостероиды системного действия: преднизолон от 0,5 до 1 мг/кг/ день перорально вводить в 1-2 разделенных дозах в течение 5-7 дней;
На 4-й день больной остается на поддерживающих дозах пролонгированных антигистаминных препаратов 2 поколения лоратадин, цетиризин - 10 мг внутрь один раз в день; дезлоратадин – 5 мг внутрь один раз в день.

3. 3 дәрежелі артериялық гипертензиямен ауыратын 70 жастағы науқасқа кандесартан рецептін жазып беріңіз. Өзара әрекеттесуін, жанама әсерлерін сипаттаңыз. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде дозалау және қолдану.
Rp.:Tab.Candesartani 0.16

Da tales doses N30

Signa.күніне 1 рет 1 таблеткадан,тамаққа

байланыссыз,сумен ішке қабылдау;

гипотензивті әсерін күшейту мақсатында

басқа антигипертензивті препараттармен

тағайындауға болады-гидрохлортиазид

тағайындалады.

Курс-4 апта.Бақылау-АҚ,ЖСЖ.

D/s-АГ 3ст. ;ж-70 жас; m-65 кг; d=8-32мг, Dp=16мг; Dт=16 мг

Өзара әрекеттесуі- Калий жинақтайтын диуретиктермен, калий препараттарымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен, және қан сарысуында калий деңгейін арттыруы мүмкін басқа да дәрілермен (мысалы, гепарин) бірге қолдану гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін. Қан сарысуында калий деңгейіне ықпал етуге қабілетті дәрілік заттарды Кандесартан-бене препаратымен бірге қолдану қажет болғанда қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
АӨФ тежегіштерін, АРБ II (кандесартан) немесе алискирен қолданылатын РААЖ қосарлы блокадасы кез келген пациентке, әсіресе диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге ұсынылуы мүмкін емес.Қант диабеті немесе бүйрек функциясының орташа/ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде алискиренді АӨФ тежегіштерімен немесе АРБ II (кандесартан) бір мезгілде қолдануға болмайды.Жекелеген жағдайларда АӨФ тежегіштерін және АРБ II (кандесартан) бірге қолдану абсолютті түрде көрсетілсе, маманның қадағалауы және бүйрек функциясына, су-электролиттік теңгерімге, артериялық қысымға міндетті түрде мониторинг жүргізу қажет. АРБ II және ҚҚСД бірге қолданғанда гипертензияға қарсы әсерінің бәсеңдегені білінуі мүмкін.АӨФ тежегіштерін қолданған кездегідей, АРБ II және ҚҚСД бірге қолдану, әсіресе бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін, қан сарысуындағы калий концентрациясының жоғарылауын қоса, бүйрек функциясының бұзылу қаупін арттыруы мүмкін. Осы препараттарды бірге қолданғанда, әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтық танытқан жөн. Пациенттерде сұйықтықтың жоғалуынының орнын толтыру және біріктірілген емді бастаған кезде және осындай ем аясында мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Жанама әсері- жиі – респираторлық инфекциялар;өте сирек – лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз, гиперкалиемия, гипонатриемия., жиі – бас айналу/вертиго, бас ауыру, жөтел.,жүректің айнуы,бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит,ангионевроздық ісіну, бөртпе, есекжем, терінің қышынуы,арқаның ауыруы, артралгия, миалгия,бейім пациенттерде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қоса, бүйрек функциясының бұзылуы.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылуы- Таблетканы шайнамай және қайнаған салқын судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, тамақ ішуге қарамай, тәулігіне бір рет ішке қабылдаған жөн. Кандесартан-бене препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 32 мг мақсаттық дозаға немесе жағымды ең жоғары дозаға жеткізу үшін біртіндеп арттыруды кем дегенде 2 апта аралықпен дозаны екі еселеу жолымен жүзеге асырады. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайына баға беру бүйрек функциясына баға беруді және қан сарысуында калий мен крестинин деңгейін бақылауды қамтуы тиіс.

Билет №3


  1. Несеп айдағыш препараттардың классификациясы. дәрілік өзара әрекеттесу. Қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.