Файл: Реферат таырыбы Етістікті лексикаграмматикалы категориялары Орындаан Даненова Г. Т тексерген Искакова Ш. К.docx
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 105
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ахмет Байтұрсынов атындағы
Қостанай өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
Орындаған: Даненова Г.Т
Тексерген:Искакова Ш.К
Қостанай,2023ж
Мазмұны
1 Кіріспе
2 Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары
3 Қорытынды
Кіріспе
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі. Қазақ тіліндегі етістік формасын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, алдымен екі үлкен топқа бөледі: 1. Негізгі етістіктер.2. Функциялық етістіктер. Бұлар өзінің мынадай қасиеттері арқылы бөлінеді. Біріншіден, қазақ тілінде негізгі етістіктер өздігінен жіктелмейді, яғни оларға жіктік жалғаулары, есім сөздер сияқты, тіке жалғанбайды. Ал функциялық етістік тұлғалары жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылыжаққа бөлініп жіктеледі.
Функциялық етістіктердің екінші ерекшелігі, бұлар басқа сөз таптарының грамматикалық фунциясын атқарады, яғни басқа сөз таптарымен мәндес болып келеді. Соған орай бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы зат есімге бейім болып келеді. (тұйық етістік, -ғы формантты етістік, -с формантты етістік). Екінші топқа жататындары мағынасы, қызметі жағынан сын есімге бейім болады.
(есімше формалар): Үшінші топқа жататын функциялық етістік тұлғалары үстеуге бейім болады да, Қимыл үстеу деп аталады.
Бұған көсемше формалары, шартты рай формасы жатады. Осы функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктің рай, шақ формалары пайда болады.
Сөйтіп, етістік категорияларын мынадай тәртіппен сатылап бөлуге болады. Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары.
Негізгі етістіктер - етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болады. Яғни, етістіктің есімше, көсемше, рай шақ формалары осы негізгі етістіктерге арнайы морфемалар жалғану арқылы жасалады. Функциялық етістіктерді негізгі етістіктерден айырудың басты критерийлері, біріншіден, етістіктің болымсыздық түрін жасайтын –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Функциялық етістіктердің грамматикалық көрсеткіштері - морфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Былайша айтқанда, болымсыздық қосымшалар –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе негізгі етістік-тер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады.
Түс-пе-й негізгі етістік түс-пе болымсыз етістіктің қосымшасы-й көсемшенің жұрнағы.
Қорық-па-са негізгі етістік қорық- па болымсыз етістіктің қосымшасы – са шартты рай.
Айт-па-ған-ды ( негізгі етістік айт-па болымсыз етістіктің қосымшасы – ған есімшенің жұрнағы, – ды табыс септігінің жалғауы(нені)
Кешір-ме-йтін (негізгі етістік кешір – болымсыз етістіктің қосымшасы – йтін есімшенің жұрнағы)
Қазақ тілінде етістіктердің есім сөздерден басты бір айыр-масы- жіктелу конструкциясында. Яғни, есім сөздердің түбіріне жіктік, тәуелдік жалғаулары тікелей жалғанып, жаққа бөлінетін болса, негізгі етістіктерге жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайды.
Екіншіден, егер негізгі етістіктер тікелей жіктелмейтін болса, функциялық етістіктер жіктік және тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы жаққа бөлініп түрленеді.
Қазақ тілінде етістік негіздерінің болымды және болымсыз түрлеріне арнайы форма тудырушы қосымшалар жалғану арқылы етістікке тән әр түрлі грамматикалық формалар пайда болады. Етістіктің мұндай формалары: есімше, көсемше, тұйық етістік, шартты рай формасы, -ғы тұлғалы және ортақ етіс тұлғалы қимыл есімдері.
Осы формалар өздерінің морфологиялық және синтаксистік қызметіне қарай үш түрлі қызмет (функция) атқарады. Бұлардың бір тобы өзінің семантикасы және синтаксистік қызметі жағынан зат есімдерге жақын келеді. Бұл топқа тұйық етістік және -ғы тұл-ғалы, ортақ етіс тұлғалы (-с) қимыл есімдері жатады. Сондықтан бұл үш форма қимыл есімдер деп аталады.Қимыл есімдерден зат есімдерден зат есімдерге айналған сөздер өте көп. Мысалы:оқу, жазу, егеу, бояу, соққы, түрткі, тескі, тепкі, айтыс, соғыс, күрес,
қатынас, сөгіс, көсеу т.б. Мұндай сөздер қазақ лексикасын байы-туда үлкен орын алады. Тұйық етістік пен ортақ етіс туралы қимыл есімі зат есімге тән септік, тәуелдік және көптік форма-ларымен түрленіп, қимылдың есімі түрінде зат есім мағынасында қолданылады да, сөйлемнің бастауышы мен толықтауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ автор –ғы тұлғалы қимыл есім тәуелдік жалғау арқылы үш жақта қолданылады да, кел көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі етістік түрінде жұмсалады, басқа түрде –ғы тұлғалы қимыл есімі тілімізде қолданылмайтындығы туралы пікірін айтады.
Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары.
Етістіктің грамматикалық категориялары лексика-грамматикалық категориялар және таза грамматикалық категориялар деп екіге бөлінеді. Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категориялары жатады. Ал сипат, шақ, рай, модаль категориялары етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.
Салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категорияларының лексика-грамматикалық категория деп танылуына осы категорияларды құрайтын грамматикалық мағыналардың тікелей лексикалық мағынамен байланысып жатуы, немесе осы категориялардың тұлғаларын етістікке қосқанда оның лексикалық мағынасына аз-кем өзгеріс енуі себеп болған. Ал таза граммаатикалық категориялардың мағыналары – лексикалық мағынаға тікелей байланысты емес, сөз табы ретіндегі грамматикалық мағынаның үстіне жамалатын мағыналар.
Етістіктің есімше, көсемше және қимыл есімі мен қимыл иесі тұлғалары жеке-жеке грамаатикалық категорияларды құрамайды, бұлар етістіктің ерекше түрлері деп танылады. Рас, есімше мен көсемше шақ категориясының грамматикалық мағыналарын білдіреді, сол категорияның формалық көрсеткіші деп танылады, бірақжеке өздері грамматикалық категория бола алмайды.
Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының, оның ішінде салттылық-сабақтылық және етіс категорияларының грамматикалық мағыналарын дұрыс ажырату үшін етістіктің зат есімдермен қарым-қатынастарына, дәлірек айтқанда, етістік атайтын шындық өмірдегі қимылдың зат есім атайтын шындық өмірдегі заттармен қарым-қатынастарына үңіліп, сипатын ашып алайық. Етістік қатарына жататын тілдегі сөздер өмірдегі әралуан қимыл-қозғалыстарды, амал-әрекеттерді, қалып-күйлерді атайды. Ал бұл аталған белгілер (қимыл-қозғалыстар, амал-әрекеттер, қалып-күйлер) затқа ғана тән. Зат болмаған жерде, аталған белгілер де болуы мүмкін емес. Ендеше зат пен қимыл, қимыл мен зат бір бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Өмірдегі зат пен қимылдың, немесе қимыл мен заттың байланыстарын үш түрлі қарым-қатынас ыңғайында тануға (көруге) болады.
Біріншіден, зат қимылдың иесі болады, немесе, керісінше айтсақ, қимыл заттың не динамикалық-процестік, не статистикалық-қалыптың белгісі болып табылады. Зат пен қимылдың мұндай қатынасын субъектілік қатынас деп танимыз. Мысалы, Бала оқыды деген сөйлемде бірінші сөз (зат есім) арқылы зат аталған, екінші сөз (етістік) арқылы қимыл-әрекет аталған. Зат пен қимылдың қарым-қатынасына үңілсек, зат қимыл-әрекетті атқарушы, яғни қимылдың субъектісі болып тұр. Ал қимыл заттың предикаттық белгісі болып тұр. Сондықтан қимылды атқарушы затты логикалық субъекті деп атаймыз. Жоғарыдағы логикалық субъектіні атаған зат есім әрі грамматикалық бастауыш қызметінде тұр. Бұлардың орындарын ауыстырып қолданып, синтаксистік қатынастарын өзгерткенмен, олардың арасындағы логика-семантикалық қатынас өзгермейді: Оқитын бала ... Мұнда етістік предикат-белгіден анықтауыш белгіге айналғанмен, зат есім бастауыш (сөйлемдегі баяндауыш арқылы берілетін іс-әрекет, жай-күйдің иесін білдіретін тұрлаулы мүшеден) анықталушы сөзге ауысқан, бірақ зат пен қимылдың араларындағы логика-семантикалық қатынас өзгерген жоқ, бала – өзіне анықтауыш болып тұрған етістіктегі қимылдың иесі, етістік – сол зат жасаған қимыл.
Екіншіден, зат қимылдың объектісі болады. Объекті – субъектінің қимылы тікелей немесе жанама қамтитын, қамтыған зат. Мысалы, Нұржан дәптерді Әсемге берді деген сөйлемдегі қимыл (беру) мен заттардың (Нұржан, дәптер, Әсем) қарым-қатынастарына үңілсек, Нұржан деген зат қимылды жасаушы зат (қимылдың субъектісі) болады да, қалған екі зат (дәптер мен Әсем) беру қимылы қамтиған заттар боалды. Атап айтқанда, дәптер – қимылдың тура объектісі, Әсем – жанама объектісі. Басқаша айтсақ, беру қимылы жасалу барысында дәптер деген затты қозғалысқа түсірді (дәптер Нұржаннан Әсемге өтті), сондай-ақ Әсем деген затқа бағытталды. Зат пен қимыл арасындағы осындай қарым-қатынастарды объектілік қатынас дейміз. Қимылдың объектілері өз ішінен тура объекті (қимыл тікелей қамтитын заттар) және жанама объекті (қимыл жанама қамтитын заттар) болып екіге бөлінеді. Жанама объектілер өз ішінен адресат-объект, адрес-объект, адресант-объект және құрал-объект болып жіктеле алады.
Үшіншіден, зат пен қимыл өзара көлемдік қатынастарда байланысады. Зат пен қимылдың көлемдік қатынасы, негізінен, кеңістік ішінде, атап айтқанда, зат қимылдың кеңістіктегі орны, мекені, бағыты ретінде көрінеді. Қандай қимыл болмасын уақыт пен кеңістіктен тысқары жасалмайды. Яғни, қимыл жасалар болса, белгілі бір уақыт ішінде, шектеулі мерзім аралығында өтеді, сондай-ақ белгілі бір көлемдегі кеңістікті қамтып, жүзеге асады. Заттар қимылдың сол кеңістіктегі орны: адресат-мекені (бағыт-бағдары), нақты мекені, адресант-мекені болып табылады. Мысалы, Омар Алматыдан Семейге келді деген сөйлемдегі Алматы – келу қимылының кеңістіктегі басталу орны, адресант мекені, Семей – сол қимылдың бағыты, кеңістіктегі аяқталар нүктесі, яғни, адресат-мекені. Зат пен қимыл арасындағы қатынасты мекендік қатынас деп атуға болады.
Зат пен қимыл арасындағы субъектілік қатынас, бір жағынан, етістіктің етіс категориясының мағыналарына, екіншіден, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің, бастауыш пен баяндауыштың мағыналық қарым-қатынастарына арқау, негіз болады, объектілік қатынас, бір жағынан, етістіктің салттылық-сабақтылық категориясының мағыналарына, екіншіден, сөйлемнің толықтауыш мүшелерінің мағыналарына арқау, негіз болады. Ал зат пен қимылдың арасындағы мекендік қатынастар тек сөйлем мүшелерінің, оның ішінде, мекен пысықтауыштардың, мағыналарын құрайды.
Салттылық-сабақтылық категориясы. Салттылық-сабақтылық категориясы етістіктің салттылық және сабақтылық мағыналарынан тұрады. Етістіктің салттылық-сабақтылық мағыналары – етістікке арнайы грамматикалық тұлғалар қосылмай-ақ, етістік негізі арқылы берілетін, дәлірек айтқанда, етістіктің лексикалық мағынасынан шығатын мағыналар. Кез келеген етістіктің түбірі немесе негізі не салт мағыналы, не сабақты мағыналы болып келеді. Салттылық-сабақтылық мағыналар грамматикалық мағына қатарына жатады. Мысалы, оқы етістігі арқылы аталтын қимыл – тура объектіні (тікелей қамтитын затты, кітап, газет, жазу, т.б.) қамтып жасалатын қимыл. Қимылдың осы ерекшелігі оның алдымен лексикалық мағынасын қалыптастыратын негізгі бір компонентке (семаға), одан әрі сабақтылық мағынасына (грамматикалық мағынасына) негіз болады. Семантикасында осындай қасиет бар етістіктерді сабақты етістіктер дейміз. Ал кел етістігінде мұндай қасиет жоқ. Кел қимылы тура объектіні қамтымай-ақ жасалатын қимыл, тіпті бұл қимылдың жасалуына тура объекті мүлдем қажет емес. Сондықтан кел етістігінің лексикалық мағыналдарын құрайтын мағыналық компоненттердің ішінде «тура объектіні қамту» семасы жоқ. Кел етістігінің лексикалық мағынасындағы осы ерекшелік оның салттылық мағынасына негіз болады. Сонымен, лексикалық мағынасында «тура объектіні қамту» семасы бар, грамматикалық мағынасы арқылы тура объектіні атайтын сөзді қажет ететін етістіктерді сабақты етістік, лексикалық мағынасында «тура объектіні қамту» семасы жоқ, грамматикалық мағынасы арқылы тура объектіні атайтын сөзді қажет етпейтін етістіктерді салт етістік дейміз. Салт етістіктердің тура объектіні қажет етпеу және сабақты етістіктердің тура объектіні қажет ету мағыналары етістіктің салттылық-сабақтылық категориясының мағыналарын құрайды.
Етістіктердің салттылық-сабақтылық қасиеттерін айқындау үшін олардың семантикасына көңіл бөлуден гөрі тіркесімділік қабілеттеріне назар аудару – кеңінен қолданылып жүрген тәсіл. Сондықтан оқулықтар мен мәселеге қатысты әдебиеттерде «табыс септігіндегі сөзді (кейбірінде – тура толықтауышты) қажет ететін етістікті сабақты етістік дейміз», «табыс септігіндегі сөзді (кейбірінде – тура толықтауышты) қажет етпейтін етістікті салт етістік дейміз», «табыс септігіндегі сөзбен байланыса алатын етістік – сабақты етістік, табыс септігіндегі сөзбен байланыспайтын етістік – салт етістік» үлгісіндегі анықтамалар беріліп жүр. Ендеше сабақты етістіктердің табыс септігіндегі сөзбен тіркесу қабілеті, салт етістіктердің олармен тіркеспеу қасиеті – етістіктердің салттылық-сабақтылық мағыналарынан туындайтын синтаксистік құбылыс.
Сонымен, сабақты етістіктер арқылы аталатын қимылдардың тура объектіні қамтып жасалу қасиеті сол сөздердің лексикалық мағыналарында «тура объектіні қамту» мағыналық компонентінің (семасының) орын алуына негіз болады. Бұл мағыналық компонент өз кезегінде етістіктердің грамматикалық сабақтылық мағынасына негіз болады. Ал сабақтылық мағына, келесі кезекте, осы қатардағы етістіктердің табыс септігіндегі тура толықтауышпен синтаксистік байланыс орнатуына себеп болады. Сөйтіп, тілдің әр түрлі деңгейіндегі (лексикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, синтакситік байланыс) сабақты етістіктерге қатысты ұғымдар бірінен бірі туындайтын, біріне бірі байланысп жатқан құбылыстар болып табылады. Бұл құбылыстардың бәрі зат пен қимылдың арасындағы объектілік қатынастан бастау алып жатады.
Зат пен қимыл арасындағы объектілік қатынастың мазмұны етістіктің етіс категриясының тұлғалары арқылы, дәлірек айтқанда, етістікке етіс тұлғалары жамаған грамматикалық мағыналар арқылы өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда, етіс қосымшалары арқылы салт етістік сабақтыға, сабақты етістіктер салт етістікке айналып кетеді.
Етіс категориясы. Етіс – қимыл мен субъект арасындағы әр алуан қатынастарды білдіретін мағыналардан тұрады және ол мағыналар арнайы грамматикалық формалар (етіс жұрнақтары) арқылы қалыптасады. Етістің қимыл мен субъекті арасындағы қатынастарды білдірумен қатар, қимыл мен объект арасындағы қатынастарды өзгерту қасиеті бар.
Қазақ тілінде етістің төрт түрі бар:
Өздік етіс. Қосымшасы: -н,- ын, -ін. Мысалы: жуын, киін, таран, т.б.;
Өзгелік етіс. Қосымшалары: а) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Мысалы, жүргіз, айтқыз, жеткіз, т.б.;