Файл: Мсіндеуді масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі. Істей біледі: Мүсіндей алады

Тексерді: _______

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 2.10.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Жүзік»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға зергерлік өнер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын бейнелі дұрыс жеткізе білу іскерліктерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүрлерін және үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зергерлік бұйымдар, алқа, білезік, жүзік

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: Зергер, шебер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Жүзік-кольцо.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш: 06-04-«Б» №18

Балалар, жылдың неше мезгілі бар? Аптаның неше күні бар?

Балалар, біздер өткен іс-әрекетімізде нені мүсіндедік? Қане, бәріміз есімізге түсірейік. Нені мүсіндедік? Ал енді бүгін біздер жүзікті мүсіндейік және оны бояумен бояйық. Сонда мүсіндеген жүзігімізді әжемізге сыйлаймыз. Ал, мына жерде зергерлер бұйымы көп екен,сендер нені көріп тұрсыңдар? Бұны кімдер тағады?

Бұл жерді не деп атаймыз?

Дүкендегі заттарды кімдер сатады?

Балалар, сендерге не ұнады?


Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Жылда 4 мезгіл бар.

Аптада 7 күн бар.

Доптың бейнесін.

Алқа, білезік, сырға, сақина өте көп екен.

Әжелер, тәтелер, апалар, тағады

Зергерлік дүкені деп атаймыз. Сатушы сатады. Ал,біздер сатып алушылармыз.

Жүзіктің ұнағанын айтады.

Іздену барлау

Алдымен, сендер қалай жасалу жолдарын түсініп алыңдар, әуелі қамырымызды жақсылап араластырып оны тұзға былғаймыз, сонда тұзға былғанған қамырымыз дайын болады. Енді одан жүзікті мүсіндейік, алақанымызды арасына салып жұмсартып алып, оны ұзынша етіп аламыз. Соны екі саусағымыздың ұшымен екеуін біріктіреміз. Сонда жүзігімізді мүсіндедік. Енді өзіміздің қалаған бояуымызбен бояймыз. Боямас бұрын қылқаламның ұшымен жұқалап бояймыз. Боялған соң қылқаламның ұшын жуып қоямыз, ал қолымызды шүберекпен сүртеміз.

Сергіту сәті:

Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.

Тәрбиешіге қарап жүзікті мүсіндеуге кіріседі.

Оңға-оңға түзеу тұр Солға-солға түзеу тұр, Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Рефлексивті – қорытындылау

Балалар, біздер не жасадық, зергерлер, шеберлер деген кімдер?

Олар не жасайды? Зергерлік бұйымдар сендерге ұнай ма? Ойын : «Сақина» ойынымен аяқтау.

Жүзік жасадық.

Зергелік бұйымдар жасайды.



Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі. Істей біледі: Мүсіндей алады

Тексерді: ______

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 16.10.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Тақырып: «Алтын балық»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру, тіршілік ортасымен таныстыру, алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру.

Дамытушылық: Мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді дамыту.

Тәрбиелік: Саусақ ептілігімен пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Балықтардың суреттері, аквариум.

Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: алтын балық, балдыр, жүзу, аквариум, ұлу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Қостілділік компоненті: Балық – рыба.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш:

Жұмбақ жасыру:

Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не?
- Балалар, дұрыс шештіңдер. Бүгінгі мүсіндеу ерекше болмақ. Өйткені біз жай балық емес, ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз. Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық.
- Балықтың аттарын білесіңдер ме?
- Балықтар қайда тіршілік етеді?


Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.


Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!


Ол- балық.

Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі:
Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс, дем алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі.

Іздену барлау

1.Балықтың денесін жасау үшін тұзды қамырды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын, құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.
Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза, ұқыпты орындауға қадағалау.)
Тосын сый:
6.Осы кезде өзен, су тасқыны естіледі. Су перісінің қызы кіреді.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, мен су перісінің қызымын, суда ғана өмір сүремін. Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды көріп, еңбектеріңе риза болып, аквариум ала келдім, өйткені балық суда ғана тіршілік етеді.
Тәрбиеші: - Рақмет, сізге су перісі!
Біз жай балықты емес, тілегімізді орындайтын балықты мүсіндедік аквариумыңызға рақмет! Сергіту сәті:


Тұп-тұнық мөлдір суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.

Рефлексивті – қорытындылау

Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру.
- Балалар ақ тілектеріңді айтып, балықтарыңды мына аквариумға жібере қойыңдар.
- Жұлдыз, сен қандай тілек айтасың?
Су перісі балалардың жұмыстарына баға береді.
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды




Балалар мүсіндеген балықтарын көрмеге қояды.
- Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін.т.с.с.




Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамытады. Қалыптасқан әдет: Түстерді ажырата біледі. Істей біледі: Мүсіндей алады

Толтырған: Тексерді: _____


ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 13.11.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Үйрек»

Мақсаты: 1. Білімділік: Тұзды қамырмен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету. Қиялдарын дамыту. Үйректі мүсіндей алуға үйрету. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Үйректің суреті, мүсіні. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, үй құсы. Қос тілділік компоненті : Мүсіндеу – лепить, үйрек – утка.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш «Біз бақытты балдырған» 06-04-«Б».№21
Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа, қолында тұзды қамыры бар қуыршақ Еркежан келеді.

Еркежан: Балалар менің қолымдағы не нәрсе? Мұны жеуге бола ма?

Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз.
Балалар қызығушылық танытады.

Балалар, оның тұзды қамыр екенін айтады.

Тұзды қамырды жеуге болмайды.


Іздену - барлау

Тұзды қамырмен не істеуге болады?
Сендер маған мүсін жасауды үйретесіңдер ме?
Тәрбиеші: Еркежан, сен балалардың қасына отыр. Мен сендерді тұзды қамырдың қасиеттерімен таныстырамын.

Тұзды қамырды алақанның ортасына салып есуге, илеуге, үзіп алып, мүсіндер жасауға болады. Ол жұмсақ болады. Тұзды қамырды ауызға салуға болмайды.

Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүрту керек.

Тұзды қамырды таратып береді. Үйректі көрсетіп, мүсіндеулерін сұрайды.

Балалар сендер не жасайсыңдар?
Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1

Тұзды қамырмен мүсіндер жасауға болады.

Жарайды, бізбен бірге отыр, біз саған мүсін жасауды үйретеміз.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Мен, Еркежанға үйрек жасауды үйретемін. Мен, Еркежанға мүсіндеуге көмектесемін. Балалар ермексаздан үйректі жасауға кіріседі.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

Рефлексивті - қорытындылау

Еркежан, балалардан не жасағандарын сұрайды.
Рахмет сендерге балалар, енді мен ермексаздың не үшін керек екенін білетін боламын. Сау болыңдар - деп кетеді.

Балалар өздерінің мүсіндерін Еркежанға беріп, мен, үйрек жасадым.



Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады. Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады. Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған: Тексерді: ______________

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 21.11.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Торғай»

Мақсаты: 1. Білімділік: Тұзды қамырмен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету. Есу, үзу арқылы торғайды мүсіндей алуға үйрету. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Торғайдың суреті. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау. Қос тілділік компоненті : Мүсіндеу – лепить. Торғай-птица.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш 06-04 «Б»№28

Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа, қолында тұзды қамыры бар қуыршақ Еркежан келеді.

Еркежан: Балалар менің қолымдағы не нәрсе? Мұны жеуге бола ма?

Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қолдаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз!
Балалар қызығушылық танытады.

Балалар, оның ермексаз екенін айтады.

Тұзды қамырды жеуге болмайды.

Іздену - барлау

Тұзды қамырмен не істеуге болады?
Сендер маған мүсін жасауды үйретесіңдер ме?
Тәрбиеші: Еркежан, сен балалардың қасына отыр. Мен сендерді тұзды қамырдың қасиеттерімен таныстырамын.

Тұзды қамырды алақанның ортасына салып есуге, илеуге, үзіп алып, мүсіндер жасауға болады. Ол жұмсақ болады. Тұзды қамырды ауызға салуға болмайды.

Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүрту керек.

Ермексазды таратып береді.


  • Балалар, осы тұзды қамырмен біз бүгін торғайды жасап үйренеміз.

  • Сендер торғай туралы қандай тақпақ білесіңдер?


Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1

Тұзды қамырмен мүсіндер жасауға болады.

Жарайды, бізбен бірге отыр, біз саған мүсін жасауды үйретеміз.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Торғай, торғай тоқылдақ. Жерден бидай шоқып алып, Бөтекесі бүлкілдеп, Отыр талда шықылдап.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

Рефлексивті - қорытындылау

Еркежан, балалардан не жасағандарын сұрайды.


Рахмет сендерге балалар, енді мен тұзды қамырдың не үшін керек екенін білетін боламын. Сау болыңдар - деп кетеді.

Балалар өздерінің мүсіндерін Еркежанға беріп, мен, торғай жасадым - деп өз жасаған мүсіндерінің аттарын айтады.


Күтілетін нәтиже : Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады.

Істей біледі: Мүсіндей алады. Толтырған:

Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 11.12.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу «Қозы»

Мақсаты: 1. Білімділік: Үй жануарлары жайлы білімдерін кеңейту. 2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Үй жануарларының суреті. Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау. Қос тілділік компоненті: Қозы-ягненок.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш 06-04 «Б»№28

Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа, қуыршақ Айгерім кіреді.

  • Сәлеметсіңдерме балалар?

  • Сендерді аналарың қалай еркелетеді?




Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қолдаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз!
Балалар қызығушылық танытады.


  • Сәлеметсізбе!

  • Мені, анам құлыным- деп еркелетеді.

  • Мені,ботам –деп еркелетеді.




Іздену - барлау




  • Көрдіңдер ме, балалар! Сендерді аналарың төрт түлік малдың атымен еркелетеді екен.

  • Тағы қандай үй жануарларының атарымен еркелетеді?


«Төлін тап» д.о


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Моп-момақан –өзі, сүп-сүйкімді –көзі, ол кім?


  • Олай болса біз сендермен қозының мүсінін жасайық.


Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1


-Ботам, қозым, лағым, құлыншағым.

Балалар суретке қарап үй жануарларының төлдерін айтады.


  • Балалар, «қозы» екенін айтады.


Балалар тұзды қамырмен мүсінді жасауға кіріседі.


Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

Рефлексивті - қорытындылау

Айгерім, балалардан не жасағандарын сұрайды.

Жұмыс соңында «өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастыру.

Рахмет сендерге балалар, енді мен үй жануарлары туралы, олардың төлдері туралы көп нәрсе білетін болдым. Сау болыңдар - деп кетеді.

Балалар өздерінің мүсіндерін Айгерімге беріп, мен, қозы жасадым - деп өз жасаған мүсіндерінің аттарын айтады.