Файл: Мсіндеуді масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күтілетін нәтижесі:

Білуі немесе хабардар болуы: «Туыстары» жайлы түсініктерін кеңейту. «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсінеді. Тұзды қамырдан бейне жасай алуға үйренеді.

Қалыптасқан әдет: Тыңдай біледі, әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді, өзіне баға бере білуі.

Істей білуі: Тыңдайды, әңгімелейді, бейне жасайды.

Толтырған:

Тексерді: ______________
ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 8.01.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Мен, менің достарым жануарларым» Мақсаты: 1. Білімділік: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы) туралы әңгімелеу. 2. Дамытушылық: Туған өлкенің жануарларын қорғау. Сөздік қорларын молайту. Саусақ маторикаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Жануарларды қамқорлыққа алу сезімдерін тәрбиелеу. Көрнекілік: Жануарлардың суреттері, муляждары.

Құрал-жабдықтар: Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша. Сөздік жұмыс: Мейірімділік. Қостілділік компоненті: Жануарлар –животные.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы


06-04-«Б». №22 «Әдепті сөздер»

Ғажайып сәті:

Тәрбиеші: - балаларға, сиқырлы дорбаны көрсетеді.

Дорбада жануарлардың муляждары жатыр екен.

Балалар, бұл не заттар?



Балалар жартылай шеңберге тұрады.

  • Сен әдептісің.

  • Сен мейірімдісің.

  • Сен қамқорсың.

  • Сен ақкөңілсің.

  • Сен шыншылсың.


Балалар назарларын дорбаға аударады.
Балалар оның жануарлар екенін айтады.

Іздену-барлау


Оқу іс –әрекетін жабайы аңдар туралы суреттерді көрсетуден бастау.

  • Балалар, сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

  • Мынау қандай аңның суреті? Аю туралы кім тақпақ біледі.



  • Неге біз оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?



Тәрбиеші, балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша әңгімелеп береді.

Ақ аю мен қоңыр аюды көрсетеді.

  • Ақ аю немен қоректенеді екен?

  • Қоңыр аю немен қоректенеді?

  • Қыс мезгілі келгенде аюлар не істейді?

Біз жануарлар жайлы көп мәліметтер алдық. Енді әркім өзіне ұнайтын жануардың мүсінін жасасын.

Сергіту сәті: 06-04-«Ә». №4



Аю, қасқыр, түлкі, арыстан.
Бұл, аюдың суреті.

Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық. Аузымызға салайық.

Себебі олар елсіз далада өз беттерімен өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді.

Балалар зейін қойып тыңдайды.


Ақ аю суға сүңгіп, балықтарды ұстап жейді.

Қоңыр аю жеміс-жидектерді теріп жейді.

Қыста аюлар ұйқыға кетеді.

  • Балалар мүсінді жасауға кіріседі.


Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен.

Рефлексивті-қозғаушы

Жануарлар туралы мақал-мәтелдер айтып береді.

Белсене қатысқан балаларды мақтау.

Балалар мақалдарды тыңдап, жаттайды.





Күтілетін нәтижесі:

Білуі немесе хабардар болуы: Жануарлардың қысқы тіршілігі (азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы) туралы хабардар болады. Туған өлкенің жануарларын қорғауға үйренеді.

Қалыптасқан әдет: Тыңдай біледі, әңгімелейді.

Істей білуі: Ойынға қатысады, тыңдайды, әңгімелейді. Толтырған: Тексерді:

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 5.03. 2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Анама арналған гүл»

Мақсаты:

1. Білімділік: Балаларға аналар мерекесі туралы жалпы мағлұмат беру. Біздің еліміздегі аналардың қоғамда алатын орны, мамандығы, ерлік істері туралы әңгімелеп беру. 2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту. 3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Аяулы ана, адал ниет, шын жүрек. Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер. Бейнетаспа.

Құрал-жабдық: Ойыншық жүрекше, тұзды қамыр, бояу,сүлгі. Қостілділік компоненті: Мереке – праздник.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Ш.ш: 06.04 «Тату достар болайық» «Б»№31
Ғажайып сәті: Сазды әуен естіледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін «Анаға сәлем» деген (Сөзі О.Иманалиевтікі, әні Е.Хасанғалиевтікі) тыңдаудан бастау.


Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оң жақтағы көршіге, Сол жақтағы көршіге Күлімсірей қарайық. Көкке қолды созайық, Бір-бірімізден озайық, Құшақтасып әр кезде Тату достар болайық.
Балалар тынышталып әнді тыңдайды.

Іздену-ұйымдастыу-шылық

-Бүгін біз іс-әрекетімізді аналарға арналған әнді тыңдаудан бастаймыз.

- Балалар, зер салып тыңдап отырыңдар.

- Сендер қандай ән тыңдадыңдар?

- Әннің авторы кім екен?

- Әннің сөзін кім жазды?

- Балалар, кім ана туралы өлең, тақпақ біледі?

- Өмірдегі ең жақсы қандай сөз деп ойлайсыңдар?

- Аналар меркесі қай күн?
-Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

- Аналардың еңбегін қалай бағалауға болады?

Сюжетті суретті көрсетіп, аналар мерекесі туралы әңгімелеп беру.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1


Балалар зейін қойып тыңдайды.

«Анаға сәлем» әнін тыңдадық.

Әннің авторы Е.Хасанғалиев атамыз. О.Иманғалиев жазды.

Балалар білетін тақпақтарын айтып береді.

Өмірдегі ең жақсы сөз – ана, мама! Ана-өмірдің гүлі.

Аналар мерекесі- 8-ші наурызда болады.

Үйді тазалаймыз, еден жуамыз, дастарханды әзірлеуге көмектесеміз.

Менің анам-жақсы адым.Ондай адам менде ғана бар. Аналарымызды жақсы көруіміз керек, оны ренжітуге болмайды.

Балалар, зейін қойып тыңдайды.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

Рефлексивті-түзеуші

Балаларға аналарының мерекесіне арнап сыйлық жасауды ұсыну.

Тұзды қамырмен, бояуды таратып береді.

Балалар, бүгін біз қандай мереке туралы әңгімелестік?

Жақсы, аналарыңды құрметтеп, сыйлап жүріңдер.

Балалар ұсынысты қуана қарсы алады.

Қылқаламмен, тұзды қамырды алып мерекелік сыйлық жасауға кіріседі.

Аналар мерекесі туралы.


Күтілетін нәтиже

Білуі немесе хабардар болуы: Балалар аналар мерекесі туралы мағлұмат алады. Біздің еліміздегі аналардың қоғамда алатын орны, мамандығы, ерлік істері туралы хабардар болады.

Қалыптасқан әдет: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алу.

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 5.05.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Гүлді алма ағашы»

Мақсаты:

1. Білімділік: Көктем мезгілі жайлы білім беру. Көктемде қар еріп, алма ағаштары гүлдейтінін айту.

2. Дамытушылық: Тұзды қамырмен бояуды пайдалана білулерін ары қарай дамыту. Саусақ

маторикаларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тапсырманы тыңдап, орындай

біліге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Гүлді алма ағашының суреті. Құрал –жабдықтар: Қылқалам, бояу, сүлгі, тұзды қамыр.

Сөздік жұмысы: Бақылау, жер жаңарып, гүлдер өседі.

Қостілділік компоненті: Ағаш-дерево.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Ш.ш «Біз бақытты балдырған» 06-04-«Б».№21


Ғажайып сәті: Балаларды киіндіріп ойын алаңына шығару. Ойын алаңында көктем мезгілінің ауа-райына, ағаштарға бақылау жасату.

Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз.

Балалар далаға шыққандарына қуанады. Қоянды көріп қызығушылық танытады.

Іздену - барлау


  • Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы далада, ауа-райы қандай екен?

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Біз бүгін гүлді алма ағашының мүсінін жасаймыз.

Қылқаламмен қалай қолдану керектігі жайлы айтады. Қауіпсіздік ережесі жайлы айтып кетеді.

Сергіту сәті: 06-04-«Ә».№1

  • Күн жылынып, ағаштар бүршік атыпты.



Балалар тыңдайды.

Қылқаламды бір-біріне сілтемеулері жайлы айтады.

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

Рефлексивті - қорытындылау


Балалардың жасаған мүсіндерін бір-біріне көрсетіп, мақтау.

Келесі жолы бұдан да әдемі жасауларын айту.


Балалар өз мүсіндерін бір-біріне көрсетіп мақтанады.

Кешке ата-аналарына көрсететіндерін айтады.

Балалар қоянмен ойнап, қуанады.


Күтілетін нәтиже :

Білуі немесе хабардар болуы: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысады. Гүлді алма ағашының мүсінін жасауға үйренеді. Қалыптасқан әдет: Тұзды қамырмен мүсіндей алады. Істей біледі: Қылқаламмен бояй біледі. ұстай біледі. Тапсырманы тыңдап, орындайды.

Толтырған: Тексерді: ______________


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты: 2.04.2014.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Түймедақ»

Мақсаты:

1. Білімділік: Гүлдер туралы, олардың әр түрлілігі туралы білім беру. Әр-түрлі түстерді пайдалана отырып гүлдерді бояу. 2. Дамытушылық: Қылқаламмен бояуды пайдалана білуге үйрету. Саусақ

маторикаларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тапсырманы тыңдап, соңына дейін орындай біліге тәрбиелеу.

Көрнекілік:Гүлдердің суреті. Құрал –жабдықтар: Қылқалам, бояу, сүлгі, тұзды қамыр.

Сөздік жұмысы: түрлі-түсті.

Қостілділік компоненті: гүлдер-цветы. Түймедақ-рамашка

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш «Мен қандаймын!» 06-04-«Б». №29
Ғажайып сәті: Топқа көктем мезгілі келеді. Қолында гүлдері бар.

  • Балалар, мен сендерге гүлдер әкелдім. Бұл гүлдердің қалай аталатынын сендерге айтып берейін.

  • Гүлдердің аттарымен таныстырады.

  • Мына гүл қалай аталады екен?

  • Осы түймедақтың мүсінін жасайық.

Жақсылық көрсең біреуден «Мен қандаймын» - деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?»- деп ойла
Балалар қызығушылық танытады.
Көктем мезгілін мұқият тыңдайды.


  • Түймедақ - деп аталады.




  • Балалар келіседі.

Іздену барлау

Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіреді.
Түймедақтың мүсіндеу жолдарын көрсетеді.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә». №23


Қылқаламды ауызға салуға болмайды.

Бір-біріне қарап сілтемеу керек.

Жұмыс соңында қолымызды сүлгімен сүртеміз.

Балалар гүлдерді бояуға кіріседі.
Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да, Жеткіз жираф мойнына.

Рефлексивті – қорытындылау

-Балалар, біз қандай гүлдермен таныстық?

- Түймедақтың түсі қандай екен?

-Сендер қандай түсті пайдаландыңдар? - Бұл гүлдерді бізге кім әкелді?
Балаларды мақтау. Келесі жолы бұдан да әдемірек салуларын айту.

-Түймедақ, қазтаңдай т.б.
- Ақ екен.
Қызыл, сары, көк, жасыл т.б.

- Балалар, Көктем мезгілінің әкелгенін айтады.

Балалар өз суреттерін бір-біріне көрсетеді.


Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: Гүлдер туралы, олардың әр түрлілігі туралы білім беру. Әр-түрлі түстерді пайдалана отырып гүлдерді бояуға үйрену. Қалыптасқан әдет: Зейін қойып тыңдай біледі. Істей біледі: Сұрақтарға жауап береді.

Толтырған:

Тексерді:
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Уақыты : 25.12.2013.

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)

Тақырыбы: «Шыршаға арналған ойыншықтар»

Мақсаты:

1. Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл

мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістерін ажырата

білуге үйрету. Саусақ маторикаларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге

тәрбиелеу. Зейін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Қыс мезгілінің суреттері. Шырша. Аққала.

Құрал-жабдықтар: тұзды қамыр, сүлгі. тақтайша. Сөздік жұмыс: суық, қарлы, ызғар. Қостілділік компоненті : Қыс-зима.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық– қозғаушы


Ш.ш«Арайлап таң атты!» 06-04-«Б».№17
Қызықтыру сәті:

Қонаққа Ақпан келеді.

Ақпанның балаларға арналған тапсырмалары бар.

Балалар шаттық шеңберін айтады.
Балалар қызығушылық танытады.

Іздену - барлау


-Тәрбиеші: Балаларды жартылай шеңбер бойымен отырғызып қыс мезгілі туралы әңгімелеседі.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Неге олай ойлайсыңдар?
- Қыста қандай мереке болады?
- Мерекеде бізге кім келеді?
Шыршаны немен безендіреді?
Қыстың балалар үш айы бар екен. Олар желтоқсан, қаңтар және ақпан.

Сюжетті суретке қарап әңгіме құрастырту.

Ақпан келеді.

Тәрбиеші: Сен кімсің?

Балалар Аяз ата Ақпаннан бізге хат беріп жіберіпті.

Бұл хатта былай деп жазылыпты.

Балалар сендер сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме?

Олай болса менің тапсырмаларымды орындаңдар.

Орындайық па балалар.

  1. Тапсырма: Жұмбақ жасырыпты.

Тікен-тікен тік пісте. Қысы жазы бір түсте - ол не балалар?

  1. Екінші тапсырмам осы шыршаға арнап әдемі ойыншықтар жасаңдар депті.




Қазір жылдың қыс мезгілі екенін айтады.

Өйткені дала суық, қар жатыр т.б

Қыста жаңа жыл мерекесі болады.

Мерекеге Аяз ата мен ақшақар келеді.

Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.

Менің атым-Ақпан

Келдім суық жақтан.

Тоңып қалмай балалар.

Аязымнан сақтан!

Қуана «иә» деп жауап береді. Біз сыйлық алғанды жақсы көреміз.
Иә, тапсырмаларды орындайық.

«Шырша»

Балалар тұзды қамырдан ойыншық жасауға кіріседі.