Файл: 9 шы сыныпта математикадан жазбаша ткізілетін емтихан жмысын орындау барысындаы ойылатын талаптар Жазба жмысын таза, жйелі, рі сауатты орындау 2.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9 –шы сыныпта математикадан жазбаша өткізілетін емтихан жұмысын орындау барысындағы қойылатын талаптар:
1. Жазба жұмысын таза, жүйелі, әрі сауатты орындау;
2. Есептің мәтінін толық жазу;
3. Сызбаларды есептің шешуіне кірістірмей, өз алдына бөлек сол жаққа
орналастыру;
4. Барлық сызбаларды қаламмен сызу;
5. Есептің қысқаша жазу үлгісін сызбаның оң жағына ретімен жазу;
6. Нені табу керектігін қысқаша жазу үлгісінен кейін көрсету;
7. Символдар мен белгілерді орынды қолдану;
8. Тапсырманың шешу жолдарын тізбектеп те, амалға бөліп те жазуға болады;
9. Теңдеу арқылы шешілсе әр жолға бірінің астына бірі жазылғаны дұрыс;
10.Есептің жауабы жеке жолға бөлек жазылады;
Оқушының жазбаша жұмысының сыртқы бетін толтыру үлгісі.
Негізгі мектеп курсы бойынша
9–шы «А,Б н/е Г» сынып оқушысы
Оқушының фамилиясы, аты, тегі
( толық жазылады)
математикадан
қорытынды аттестаттау жұмысы.
( нұсқасын көрсету)
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША « № 6 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Бекітемін»
ШҚО білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша
Білім бөлімінің
«№6 орта мектебі» КММ директоры
__________Аскарова А.А.
2022-2023 оқу жылында
негізгі мектеп курсы бойынша
математика пәнінен өткізілетін
емтиханның материалдары
9 сынып
Мұғалімі: Ахметкалиева Қ.К.
Материалы
к итоговой аттестации
за курс основной школы
по курсу «Математика»
(с государственным языков обучения)
2022-2023 учебный год
9- класс
Учитель: Ахметкалиева Қ.К.
Математика, физика, информатика және жалпытехникалық пәндер комиссиясы отырысында қаралды
МӘК жетекшісі: Ахметкалиева К. К.
_____________
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША « № 6 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Бекітемін»
ШҚО білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша
Білім бөлімінің
«№6 орта мектебі» КММ директоры
__________Аскарова А.А.
2022-2023 оқу жылында
орта мектеп курсы бойынша
Алгебра және анализ бастамалары
пәнінен өткізілетін
қорытынды аттестаттау
материалдары
11 сынып
Мұғалімі: Ахметкалиева Қ.К.
Материалы
к итоговой аттестации
за курс средней школы
по предмету «Алгебра и начала анализа»
(с государственным языков обучения)
2022-2023 учебный год
11- класс
Учитель: Ахметкалиева Қ.К.
Математика, физика, информатика және жалпытехникалық пәндер комиссиясы отырысында қаралды
МӘК жетекшісі: Ахметкалиева К. К.
_____________
Қорытынды аттестаттау жұмыстарының жазылуына ұсыныстар
Сыртқы беті келесі текспен жазылады:
Орта мектеп курсы бойынша
11 «а» сынып оқушысы Аманжолова Сәуленің
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен
қорытынды аттестаттау жұмысы
Қалған барлық мәліметтер: қала, аудан, мектептің типі, номері, емтиханның өткізілген күні және тағы басқалары түлектердің жұмыстарында қойылған штампта анық оқылуы қажет.
Бірінші беті сыртқы бет ретінде толтырылады, екінші бетінде бірінші жолда нұсқа жазылып көрсетіледі (арабша цифрлармен жазылады: 1,2), содан соң есептің шығарылуы басталады. Жазу барысында қызыл сызықтан 0,5 см, беттің бүгілген жерінен 1,5 см қалдырылып отырылады. Жұмысты орындауға қажет қосымша беттер (черновик) берілуі тиіс. Егер, жұмысты орындау барысында оқушы қосымшы бетті (черновик) қолданса, онда емтихан жұмысымен бірге қосымша беттерді (черновиктерді) де өткізуі тиіс.
Есеп шығару алдында жазбаша жұмыстың барлық тапсырмаларының берілгенін көшіріп жазу міндетті емес. Есептің шарты көшіріліп жазылады (мәтін) және шығарылуы келтіріледі.
Қосымшы бетте (черновик)тапсырмалар кез-келген ретпен орындала береді, жұмыстың таза бетінде емтихан жұмысында қандай ретпен берілсе сәйкесінше сол ретпен жазылып орындалады.
Емтихан жұмысында сөзді қысқартып жазуға болмайды, тек жалпылама қабылданған қысқартулар ғана қолданылады. Әрбір есептің шығарылуынан кейін жауабы жазылады. Есептің шығарылуын жазу барысында оқушының сұраққа сәйкес теориялық білімін, оны есеп шығару барысында қолдану біліктілігін көсететін талқылауды жазып отыру қажет. Сөйлемдерде сөздерді таңбалармен ( «бұдан шығады» сөзінің орнына,«өспелі» сөзінің орнына және т.б.) алмастыруға болмайды. Бергілеулер тек есептің шығарылуының белгілеумен жазылатын жерінде ғана қолданылады. Мәтін есептерді шешу барысында, шартын жазғаннан кейін, түсініктеме келтіру маңызды, тек содан кейін ғана құрылған теңдеу жазылады.
Жазбаша емтихан жұмысын жазып толтыру.
1. Жазба жұмысын анық етіп таза, жүйелі, әрі сауатты орындау қажет.
2. Есептің мәтінін толық жазу қажет.
3. Сызбаларды бөлек сол жаққа орналастыру қажет.
4. Барлық сызбаларды сызғышты қолданып қаламмен сызу қажет.
5. Есептің қысқашашартын (берілгенін)сызбаның оң жағына ретімен жазу қажет.
6. Есептің сұрағын қысқаша шартын жазу үлгісінен кейін жазып көрсету қажет.
7. Символдар мен белгілерді орнымен қолдану қажет.
8. Тапсырманың шешу жолдарын тізбектеп те, амалдап та жазуға болады.
9. Теңдеудің шығарылуы рет-ретімен әр жолға бірінің астына бірі жазылғаны дұрыс.
10.Есептің жауабы шешімінің астына жеке жолға, сол жағынан, жазылады.
Маңызды формулалар, теңдеулер, теңсіздіктерді ерекшелеу үшін бөлек таза жолға жазу қажет.
Бір жолға жазғанда математикалық белгілерді дұрыс орналастыру қажет. Формуланы немесе өрнекті бір жолдан екінші жолға тасымалдауды тек «+», «-», «=» таңбаларының көмегімен орындауға рұхсат етіледі. Тасымалдау кезінде «+», «-», «=» таңбалары келесі жолдың басында қайталанып жазылуы қажет. Бөлшек сызығы мен теңдік белгілерін дұрыс орналастырып жазу қажет. Баяндаудың математикалық қатаң тәртібін қадағалап отыру қажет және математикалық белгілеулерді нақты дәл қолдану керек.