ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 182
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Есептер шығару.
«Электромагниттік индукция заңы»
-
5 мс бойы контурды тесіп өтетін магнит ағыны 9 мВб-ден 4 мВб-ге дейін өзгерді.
-
Көлденең қимасының ауданы 50 см2 болатын катушкада 4 мс бойы магнит индукциясы 0,2-ден 0,3 Тл-ға дейін өзгерген кезде осы контурда 10 В ЭҚК пайда болған болса, катушканың орам саны қандай?
-
Кедергісі R=0,03 Ом болатын орамның ішінде магнит ағыны ΔФ = 12 мВб азайғанда осы орамның көлденең қимасы арқылы қандай q заряд өтеді?
-
Ұзындығы 10 см, қимасының ауданы 1,4 мм2 алюминий сымнан жасалған орамда магнит ағынының өзгеру жылдамдығы 10мВб/с. Индукциялық токтың мәні қандай? Алюминийдің меншікті кедергісі 2,8·10-2 Ом·мм2/м
Есептер шығару
«Ленц ережесі». «Өздік индукция»
-
Катушкадағы ток бағытын анықтаңыз.
Шешуі:
-
Контурдан 10А ток өткенде катушканың индуктивтілігі 0,2 мГн болса, осы контурдан өтетін магнит ағыны қандай?
-
Индуктивтілігі 0,4 Гн болатын орамда 0,02 с ішінде ток күші бірқалыпты 5 А дейін өзгерсе, өздік индукция нәтижесінде пайда болған ЭҚК-і қандай?
-
Индуктивтілігі 0,6 Гн болатын катушкадан өтетін ток күші 20 А тең. Осы катушканың өндіретін магнит өрісінің энергиясы қандай? Егер контурдан өтетін ток күші екі есе азайған болса, энергиясы қалай өзгереді?
-
Егер контурдан 10 А ток өткенде ондағы магнит ағыны 0,5 Вб тең болса, соленоидтың магнит энергиясы қандай болуы қажет?